Барлық биологиялық жүйелер, яғни ағзалар, популяциялар және биоценоздар, өзінің даму кезеңінде мекендеген жерлердің бірнеше факторларына бейімделеді



бет26/50
Дата03.01.2022
өлшемі71.15 Kb.
#450658
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50
Экологиялық мониторинг 2020-2021

2.2. Дәрістер тезистері.

2.2.1.Дәріс тақырыбы. Биоиндикация туралы түсінік.

Дәріс тезистері.

Барлық биологиялық жүйелер, яғни ағзалар, популяциялар және биоценоздар, өзінің даму кезеңінде мекендеген жерлердің бірнеше факторларына бейімделеді. Әр түрлі факторларға әсер ететін ағза генетикалық , филогенетикалық , физиологиялық толеранттық диапазонымен ерекшеленеді. Егер белгілі бір фактор жоғары немесе төмен әсерімен сипатталса, ағза физиологиялық пессиум түрінде болады. Факторлардың әсері өте төмен немесе өте жоғары болса, өмір бұзылады, яғни өлімге әкеледі. Белгілі бір аумақта факторлық әсері оңды болса, ағза үшін физиологиялық оптимум пайда болады. Ағзаның әр түрлі даму кезінде толеранттылыќтың физиологиялық диапазоны бірдей болмайды.

Көптеген факторлар бір – бірімен тығыз байланыста болғанымен, белгілі бір сатыға дейін өзгеруі мүмкін. Бір – бірімен байланысатын факторлар бірдей әсер туғызуы мүмкін, бірақ толық ауыса алмайды. Сондықтан табиғатта толеранттықты физиологиялық диапазондардан басқа экологиялық диапазондар кездеседі. Олар қоршаған ортаның ағзаға әсерін көрсетеді.

Ағзаның физиологиялық толеранттылығы және экологиялық әсері индикаторлық құндылықты анықтайды. Нәтижесінде әрбір биологиялық жүйе (ағза, популяция, биоценоз) қоршаған ортаның белгілі бір уақытта әсерін көрсетеді – табиғи, антропогендік және т.б. Биологиялық жүйе арқылы ағзаның мекен жайының абиотикалық және биотикалық факторларды бағалау тәсілін биоиндикация деп атайды.

Бағалау үшін қолданылатын ағзаның тіршілік әрекеттерінің белгілі бір қоршаған ортаның факторларымен байланысын және корреляциясын биоиндикатор деп атайды.

Негізгі әдебиеттер

1.Смирнов Н.Н. Биологические методы оценки природной среды. М.: Наука.-1978.-278 с.

2. Стадницкий Г.В., Родионов А.И. Экология.- Санкт-Петербург,1996,-24 с.

3. Биоиндикация загрязнений наземных экосистем / Под ред. Шуберта Р. М., 1998.-35 с.

4. Общая токсикология / Под ред.Курляндского Б.А., Филатова В.А. М.,2002.-6080с.

5. Основы промышленной токсикологии / Под ред. Толоконцева Н.А. М., 1976.-304 с.

Қосымша әдебиеттер

1.Ковда В.А. Керженцев А.С. Экологический мониторинг: концепция, принципы организации. В кн.: Региональный экологический мониторинг. М., 1983,- 115 с.

2. Одум Ю. Экология Т.1.- М., 1986.- 328 с.

3. Ақбасова А, Саинова Г. Экология.Алматы, 2003 ж.-290 б.

4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы.- Алматы: Ғылым,1997.-192



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет