Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары



Дата22.06.2016
өлшемі280.95 Kb.

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс*: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы. сот орындаушысына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім.Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс;мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

C-R-1 санатына: жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс;мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

С-R-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

C-R-3 санатына: жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс; мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

C-R-4 санатына: жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс;мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.


"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

109932

148242

С-О-5

83282

112431

С-R-1

142412

192382

С-R-2


139914

172393

С-R-3

96607

129920

С-R-4

73288

99105


І. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ мекенжайы: индекс 160000, Шымкент қаласы, Д.Қонаев даңғылы, 27-үй, анықтама телефоны (87252) 21-24-93, электрондық мекенжай: dgsen_uko_2011@mail.ru, №206 кабинет, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Ауруханаішілік инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Департаменттің басқармаларының ауруханаішілік инфекцияларды қадағалау мәселелері бойынша қызметін үйлестіру және талдау. Емдеу-профилактикалық ұйымдарында санитариялық-гигиеналық, дезинфекциялау-стерильдеу режимдерінің сақталуына, ауруханаішілік аурулармен сырқаттануға мониторингтің жүргізілуіне ағымдағы қадағалауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету(медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, санитария, гигиена,эпидемиология). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, ««Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Персоналды басқару қызметінің бас маманы, С-О-5 санаты, 2 бірлік.

Функционалды міндеттері: Мемлекеттік қызметтен өту рәсімдерін қамтамасыз ету:конкурстық іріктеу, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу, оларды аттестаттау рәсімдерін сақтау, қызмет бабымен жоғарылау, жұмыстан босатылу. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық (юриспруденция,халықаралық құқық),экономика және бизнес (экономика,мемлекеттік және жергілікті басқару,есеп және аудит),денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, медицина, санитария, гигиена, эпидемиология, фармацевтика), білім (қазақ тілі мен әдебиеті, педагогика және психология,құқық және экономика негіздері). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, ««Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Балалар, білім беру және тағам объектілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Балалар және білім беру мекемелерін, мектепке дейінгі, мектеп мекемелерін жобалауға және салуға санитариялық-гигиеналық қадағалау жүргізу, балалар ассортиментінің тауарлары мен заттарын, сондай-ақ оларды дайындауға арналған материалдарды гигиеналық бағалау, оқыту режимі мен бағдарламасын сараптау. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарын құруға және оның орындалуына талдау жүргізуге қатысу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету(медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, санитария, гигиена, эпидемиология, медицина,фармацевтика). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, ««Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Аурухана ішілік инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Емдеу-профилактикалық ұйымдарында ауруханаішілік инфекцияларды бақылаудың ұйымдастырылуын қадағалау бойынша қызметті талдау. Ауруханаішілік инфекциялармен сырқаттанушылыққа мониторинг жасау. Облыстың емдеу-профилактикалық ұйымдарында санитариялық-гигиеналық, дезинфекциялау-стерильдеу және санитариялық-эпидемиологиялық режимдерінің сақталуын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету(медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, санитария, гигиена, эпидемиология, медицина, фармацевтика). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, ««Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды (оның ішінде туберкулезді) эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Карантиндік және аса қауіпті инфекциялар (оның ішінде туберкулез) бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды, мониторингті, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарын жүргізу. Департаменттің аумақтық басқармаларының карантиндік және аса қауіпті инфекциялар (оның ішінде туберкулез) бойынша қызметіне талдау жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету(медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, санитария, гигиена, эпидемиология, фармацевтика),жалпы медицина (емдеу ісі) немесе жаратылыстану ғылымдары (биология), ветеринариялық медицина. Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, ««Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Бәйдібек аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, C-R-4 санаты, 1бірлік.

Функционалды міндеттері: Эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау, профилактикалық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу.Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуына талдау жүргізу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Инфекциялық,паразиттік және аса қауіпті аурулардың мониторингілерін жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина, санитария, гигиена, эпидемиология, медицина, фармацевтика), жаратылыстану ғылымы (биология, химия).

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қазығұрт аудандық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басқарма басшысы, C-R-1 санаты, 1бірлік.

Функционалды міндеттері: Басқарманың жұмысына басшылық ету. Басқарманың тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметін үйлестіру. Бекітілген аумақта тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен қөрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын,сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, мемлекеттік қызмет туралы, тілдер туралы және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және мемлекеттік қызмет мәселелері.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық (юриспруденция,халықаралық құқық),денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету(медициналық-профилактикалық іс,қоғамдық денсаулық сақтау,педиатрия), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару), техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, азық-түлік өнімдерінің технологиясы,стандарттау, сертификаттау және метрология).

8. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қазығұрт аудандық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасыныңТұтынушылардың құқықтарын қорғау және мониторинг бөлімінің басшысы, C-R-3 санаты, 1бірлік.

Функционалды міндеттері: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын және мониторинг жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық (юриспруденция,халықаралық құқық),денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету(медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, санитария, гигиена, эпидемиология), техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, стандарттау, сертификаттау және метрология,өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеуіш техника және бағдарламалық жасақтама), жаратылыстану ғылымдары (химия,биология), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару,әлеуметтану),білім (шетел тілі:екі шетел тілі,қазақ тілі мен әдебиеті).

9. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Сарыағаш аудандық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының Санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы, C-R-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Бөлімнің жұмысына басшылық ету. Бақылаудағы объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындалуын және орындалуын бақылау.Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуының талдауын,бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету(медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, санитария, гигиена, эпидемиология), білім (биология), техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология), құқық (юриспруденция,халықаралық құқық).

10. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Сарыағаш аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасыныңЭпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, C-R-4 санаты, 1бірлік.

Функционалды міндеттері: Эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау,профилактикалық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуына талдау жүргізу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Инфекциялық,паразиттік және аса қауіпті аурулардың мониторингілерін жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету(медициналық-профилактикалық іс,қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина, санитария, гигиена, эпидемиология, медицина, фармацевтика), жаратылыстану ғылымы (биология, химия).

11. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Сарыағаш аудандық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, C-R-4 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне уақытша 2017 жылғы 5-қыркүйекке дейін).

Функционалды міндеттері: Эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау,профилактикалық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу.Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуына талдау жүргізу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Инфекциялық,паразиттік және аса қауіпті аурулардың мониторингілерін жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина, санитария, гигиена, эпидемиология, медицина, фармацевтика), жаратылыстану ғылымы (биология, химия).

12. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Созақ аудандық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, C-R-4 санаты, 1бірлік.

Функционалды міндеттері: Эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау,профилактикалық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу.Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуына талдау жүргізу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Инфекциялық,паразиттік және аса қауіпті аурулардың мониторингілерін жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету(медициналық-профилактикалық іс,қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина, санитария, гигиена, эпидемиология, медицина, фармацевтика), жаратылыстану ғылымы (биология, химия).

13. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Созақ аудандық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасыныңСанитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы, C-R-4 санаты, 1бірлік.

Функционалды міндеттері: Бақылаудағы объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау және орындау. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуының талдауын, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындауға қатысу.Іс қағаздарын және санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету(медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, санитария, гигиена, эпидемиология, фармация, медицина, фармацевтика), техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, стандарттау, сертификаттау және метрология, құрылыс, қоғамдық тамақтандыру технологиясы, тағам өнімдерін өндіру, тағам қауіпсіздігі, өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, метрология, экология, информатика), білім (математика).

14. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Төлеби аудандық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы, C-R-3 санаты, 1бірлік.

Функционалды міндеттері: Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындалуын және оның орындалуын бақылау.Ұйғарымдар мен ісқағаздарының уақытылы орындалуын бақылау.Иммундық профилактика бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау. Эпидемиологиялық мониторингілердің жүргізілуін бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, санитария, гигиена, эпидемиология), жаратылыстану ғылымы (биология).

15. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Шардара аудандық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басқарма басшысы, C-R-1 санаты, 1бірлік.

Функционалды міндеттері: Басқарманың жұмысына басшылық ету. Басқарманың тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметін үйлестіру. Бекітілген аумақта тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен қөрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын,сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, мемлекеттік қызмет туралы, тілдер туралы және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және мемлекеттік қызмет мәселелері.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық (юриспруденция,халықаралық құқық),денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету(медициналық-профилактикалық іс,қоғамдық денсаулық сақтау,педиатрия), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика,есеп және аудит,қаржы,менеджмент,мемлекеттік және жергілікті басқару), техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология,азық-түлік өнімдерінің технологиясы,стандарттау,сертификаттау және метрология).

16. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Кентау қалалық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басқарма басшысының орынбасары, C-R-2 санаты, 1бірлік.

Функционалды міндеттері: Құзіретінің шегінде басқарманың жұмысына басшылық ету. Басқарманың тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметін үйлестіру. Бекітілген аумақта тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен қөрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын,сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, мемлекеттік қызмет туралы, тілдер туралы және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және мемлекеттік қызмет мәселелері.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық (юриспруденция,халықаралық құқық),денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету(медициналық-профилактикалық іс,қоғамдық денсаулық сақтау), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару),техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология,азық-түлік өнімдерінің технологиясы,стандарттау,сертификаттау және метрология).

17. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Кентау қалалық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасыныңЭпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, C-R-4 санаты, 1бірлік.

Функционалды міндеттері: Эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау,профилактикалық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу.Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуына талдау жүргізу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Инфекциялық,паразиттік және аса қауіпті аурулардың мониторингілерін жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина, санитария, гигиена, эпидемиология, медицина, фармацевтика), жаратылыстану ғылымы (биология, химия).

18. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Түркістан қалалық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының Санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы, C-R-4 санаты, 2 бірлік.

Функционалды міндеттері: Бақылаудағы объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау және орындау. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуының талдауын, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындауға қатысу.Іс қағаздарын және санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету(медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, санитария, гигиена, эпидемиология, фармация, медицина, фармацевтика), техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, стандарттау, сертификаттау және метрология, құрылыс, қоғамдық тамақтандыру технологиясы, тағам өнімдерін өндіру, тағам қауіпсіздігі, өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, метрология, экология, информатика), білім (математика).

19. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Шымкент қаласы Абай аудандық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының Санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы, C-R-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Бақылаудағы объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау және орындау. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуының талдауын, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындауға қатысу.Іс қағаздарын және санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету(медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, санитария, гигиена, эпидемиология, фармация, медицина, фармацевтика), техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, стандарттау, сертификаттау және метрология, құрылыс, қоғамдық тамақтандыру технологиясы, тағам өнімдерін өндіру, тағам қауіпсіздігі, өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, метрология, экология, информатика), білім (математика).

20. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басқарма басшысының орынбасары, C-R-2 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Құзіретінің шегінде басқарманың жұмысына басшылық ету. Басқарманың тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметін үйлестіру. Бекітілген аумақта тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен қөрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын,сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, мемлекеттік қызмет туралы, тілдер туралы және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және мемлекеттік қызмет мәселелері.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық (юриспруденция,халықаралық құқық),денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету(медициналық-профилактикалық іс,қоғамдық денсаулық сақтау), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару),техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология,азық-түлік өнімдерінің технологиясы,стандарттау,сертификаттау және метрология).

21. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасыныңСанитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы, C-R-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Бақылаудағы объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау және орындау. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуының талдауын, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындауға қатысу.Іс қағаздарын және санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету(медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, санитария, гигиена, эпидемиология, фармация, медицина, фармацевтика), техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, стандарттау, сертификаттау және метрология, құрылыс, қоғамдық тамақтандыру технологиясы, тағам өнімдерін өндіру, тағам қауіпсіздігі, өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, метрология, экология, информатика), білім (математика).

22. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Шымкент қаласы Еңбекші аудандық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басқарма басшысының орынбасары, C-R-2 санаты, 1бірлік.

Функционалды міндеттері: Құзіретінің шегінде басқарманың жұмысына басшылық ету. Басқарманың тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметін үйлестіру. Бекітілген аумақта тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен қөрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын,сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, мемлекеттік қызмет туралы, тілдер туралы және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және мемлекеттік қызмет мәселелері.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық (юриспруденция,халықаралық құқық),денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету(медициналық-профилактикалық іс,қоғамдық денсаулық сақтау), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару),техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология,азық-түлік өнімдерінің технологиясы,стандарттау,сертификаттау және метрология).

23. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Шымкент қаласы Еңбекші аудандық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасыныңТұтынушылардың құқықтарын қорғау және мониторинг бөлімінің басшысы, C-R-3 санаты, 1бірлік.

Функционалды міндеттері: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын және мониторинг жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық (юриспруденция,халықаралық құқық),денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету(медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, санитария, гигиена, эпидемиология), техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, стандарттау, сертификаттау және метрология,өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеуіш техника және бағдарламалық жасақтама), жаратылыстану ғылымдары (химия,биология), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару,әлеуметтану),білім (шетел тілі:екі шетел тілі,қазақ тілі мен әдебиеті).

24. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Шымкент қаласы Қаратау аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасыныңСанитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы, C-R-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Бақылаудағы объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау және орындау. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуының талдауын, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындауға қатысу.Іс қағаздарын және санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету(медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, санитария, гигиена, эпидемиология, фармация, медицина, фармацевтика), техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, стандарттау, сертификаттау және метрология, құрылыс, қоғамдық тамақтандыру технологиясы, тағам өнімдерін өндіру, тағам қауіпсіздігі, өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, метрология, экология, информатика), білім (математика).
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.




Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
pages -> 2. Мақсаттарға жету және іс-шараларды орындау
pages -> 2015 жылдың 9 айға су көлігі қызметіне талдау Теңіз көлігі
pages -> Бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Атауы
pages -> Бәйдібек ауданының 2015-2017 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
pages -> Облыстың 2013-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына анықтама-негіздеме
pages -> Қаулы жобасына ТҮсіндірме жазба
pages -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет