Барлығы – 135 сағат



бет27/45
Дата24.02.2016
өлшемі1.99 Mb.
#15090
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45

Дәріс мазмұны:


  1. Александр Павловичтің таққа келуі және реформаларының алғышарттары;

  2. І Александр үкіметінің сыртқы саясаттағы басты бағыттары: орыс-түрік, орыс-швед соғыстары, орыс-француз байланыстары;

  3. Қоғамдық-саяси лагерьлердің пайда болуы. Солтүстік және Оңтүстік қоғам, олардың қызметі мен басты жоспары.

Әдебиет:


1. Чапек В.Н. «История России». Ростов-на-Дону, 2002 г.

2. Уткин А.И. «Россия и Запад: История цивилизаций». М., 2000 г.

3. Семенникова Л.И. «Россия в мировом сообществе цивилизаций». Брянск, 2000 г.

4. История. Отв. ред. Самыгин П.С. Ростов-на-Дону, 2002 г.

5. Анисимов Е.В.,Каменский А.Б. Россия в ХУІІІ-первой половине ХІХ века. М.,1994.

6. Русское общество 30–х годов ХІХ в.: Мемуары современников. М.,1989.

7. Чаадаев П.Я. П.С.С. и изб.письма. В 2-х т. М.,1991.

8. Зайончковский П.А. Проведение в жизнь крестьянской реформы 1861 г. М.,1958.

9. Сперанский М.М. Проекты. Записка. Л.,1961.

10. Ленин В.И. Развитие капитализма в России./Полн.собр.соч. 5-е изд. М.,1967. т.3.

11. Соловьев Ю.В. Самодержавие и дворянство в конце ХІХ века. Л.,1973.

12. Боханов А.Н. Крупная буржуазия России. Конец ХІХ в. 1914 г. М.,1992.

13. Балуев Б.П. Либеральное народничество на рубеже ХІХ –ХХ вв. М.,1995.

14. Бовыкин В.И. Очерки истории внешней политики России. Конец ХІХ в. –1917 г. М.,1960.

15. Советская историческая энциклопедия. М.1961-1976. Т.1-16.

16. История России ХІХ-начале ХХ вв. Учебник под ред.Д.А.Федорова. М.,2000.

17. История России: Ролссия в мировой цивилизации. Учебное пособие. М.,1998.

18. История России.ХХ век. Отв.ред.В.П.Дмитриенко. М.,1996.

19. История Отечества: люди, идеи, решения в 2-х т. М.,1991.

20. Политическая история: Россия-СССР. В 2-х т. Т.1-2. М.,1996.




  • І Александрдің 1801-1812 ж.ж. ішкі, сыртқы саясаты. І Павелдің өлімі және Александр Павловичтің таққа келуі. Диқаншылар жөніндегі 1803 ж. Жарлық. Сперанскийдің қайта құру жоспарлары. Ресей империясының Уставтік грамотасы. Реформаны өткізудің басты екі жолы. ХІХ ғ. І ж. Мемлекет және шіркеу;

  • І Александр үкіметінің сыртқы саясаттағы басты бағыттары. Тильзит бейбітшілігі және оның қорытындылары. Орыс-түрік және орыс-швед соғыстары. Франция мен Ресей арасындағы саяси байланыстардың тығырыққа тірелуі. 1812 жылғы Отан соғысы және оның қорытындылары;

  • Қоғамдық-саяси лагерьлердің п.б., Солтүстік және Оңтүстік қоғам, олардың қызметі және басты жоспары. Петербургтегі 1825 ж. 14-желтоқсанындағы көтеріліс. Украинадағы Чернигов полкінің көтерілісі. Декабристердің Сібірге айдалуы;

  • І Николайдың ішкі саясаты. Құпия комитеттер. Мемлекеттік шаруалардың реформалары. Қаржы, сауда және өнеркәсіп салаларындағысаяси өзгерістер. Е.Ф.Канкриннің Ақша реформасы;

  • Ресейдегі 20-50 ж.ж. қоғамдық қозғалыстар және ағымдар. Батысшылдар мен славянофильдер.

11-дәріс

ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресей самодержавиясының ішкі саясаты.



      1. Александр І. Үкімет саясатындағы реформа проблемалары.

      2. Декабристер қозғалысы.

      3. Николай І-нің ішкі саясаты. Реформалар және контор реформалар.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысы кең мағынада алғанда орыс тарихындағы шешуші кезең болып есептелінеді. Ғасыр басында Россия бірқатар ішкі және сыртқы саяси мәселелерді шешкен еді. Алайда әлеуметтік-экономикалық және саяси даму тұрғысынан ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы буржуазиялық дәуірінен өткен озық батыс Европа елдерінен артта қалған болатын. Жаңа ғасырға Россия негізі феодалдық-крепостниктік шаруашылық жүйе болған мемлекеттің самодержавиялық құрылысын сақтай отыра аяқ басты.

1801 жылы 12- мартта соңғы сарай төңкерілісі болды. Бұл уақиға ХҮІІІ ғасырдағы Ресей мемлекеттілігінің соңғы уақиғасы болатын. Сарай төңкерілісінде өлтірілген Павел І-нің орнына оның баласы Александр І деген атпен император болып жарияланды. (1801-1825) бұл жаңа үмітпен жаңа міндеттер уақыты болды. Россия европалық өзгерімтер ықпалында экономикалық және әлеуметтік тұрғыда тез дамып, капиталистік қатынаста тез дами бастады.

Александр І туралы тарихи әдебиетте әралуан пікірлер бар. Біреулер оның жеке басының көптеген кемшіліктерін айтса, екіншілері оны өте ақылды, білімді, тәрбиелі тұлға деп есептейді. Өз заманында терең білім алған ұстаздары Ресейдің белгілі ғалымдары мен жазушылары.

ХІХ ғасырдың басында қалыптасқан ерекше жағдайлар Ресей мемлекетінің ішкі саясатының мазмұнын анықтап берді. Ерекше жағдайлар деп отырғанымыз елдегі әлеуметтік қозғалыстар: шаруалар қозғалысы және Пугачев соғысының салдарлары. Екіншіден, үкіметке дворян тобы тарапынан әртүрлі қысымдар жасалынды. Абсолютизмнің мәңгілік еместігін сезген дворяндар тобы конституциялық өзгерістерді енгізуді талап етті. Елде реформалар туралы пікірлер мен ойлар жалпы сипат ала бастады. Үшіншіден, экономикалық дамудың қажеттіліктері жоғарғы биліктен елдегі тәртіп пен басқаруды жетілдіру мәселесін қойды.

1801 жылы 12- мартта таққа отырған Александр І Ұлы Екатерина ісін одан әрі жалғастыратындығы туралы салтанатты түрде жариялады, елде пісуі жеткен қоғамдық - саяси мәселелердің шешілетіндігі туралы айқын пікір білдірді. Тарихи әдебиетте Александр І кезеңі шартты түрде екі кезеңге бөлінеді: реформаторлық кезең және реакцияшылдық кезең.

1) Дворяндар мен қалаларға берілген «Жалованные грамоты» одан әрі бекітілген.

2) Елдегі репрессиялық саясатты тоқтатты. Түрмеден және айдаудан 12 мыңдай адам қайтарылды.

3) Елдің шекарасы ашық деп жарияланды. Шетелден кітаптар әкелінді, типографиялар ашылды.

Александр І ішкі сасясатындағы 3 проблеманы бөліп қарастыруға болады.



      1. Мемлекеттік басқару құрылымы.

      2. Помещиктер мен шаруалардың өзара қарым-қатынасы.

      3. Білім жүйесі.

1801 жылы Тұрақты Кеңес құрылды. Барлық маңызды мемлекеттік мәселелер осы кеңесте талқыланды. Сонымен қатар 1801-1803 жылдары Негласный комитет деген құрылды. Бұл императордың «жас достарынан» тұрды – граф П. Строганов, князь А. Чарторыйский, граф В. Кочубей, граф Н. Новосильцев. Бұл комитеттің ресми статусы жоқ.

1802 жылы Петр коллегиялары министерствалармен ауыстырған патша указы шықты яғни, мемлекетті басқару құрылымы жетілдірілді. 8 министерства құрылды: әскери, теңіз, шет істер, юстиция, ішкі істер, финанс, комерция және ағарту ісі. Министерствалардың қызметін үйлестіру мақсаты мен министрлер комитеті құрылды. Сол жылы сенат туралы Александрдің указы жарияланды. Указ бойынша Сенат елдегі ең жоғарғы орган болып жарияланды. Елдегі әкімшілік, сот және бақылаушы билік Сенат қолына берілді.

Негласный комитет отырыстарында империядағы өткір мәселе шаруа мәселесі де талқыланды. Император және оның «жас достары» крепостной правоға теріс көзқараста болғанмен оны жоюдың уақыты жеткен жоқ деп есептеді. Александр І помещиктік қанаумен крепостной правоны шектеу бағытында бірнеше жарлықтар шықты. Граф С. Румянцевтің ұсынысы негізінде «о вольных хлебопашцах» деген жарлық бойынша жер иеленушілер шаруаларды жерімен өтемақы төлеу негізінде еркіндікке жібере алды. Алайда, жарлық нәтижелері мардымсыз болды. Александр І патшалық құрған 25 жылдың ішінде крепостной шаруалардың тек қана 0,5% ғана еркіндікке кетті. Дегенмен де шаруаларды босату туралы идея қоғамда кең тарай бастады. Александр І-нің ішкі либералдық және прогрессивтік мазмұндағы саясаты әсіресе оқу ағарту ісі мен мәдениет саласында жүрді. 1803-1804 жылдардағы жүргізілген реформа барысында жоғарғы, орта және бастауыш білім беру жүйелері қалыпқа келтірілді. Арнайы министерство құрылды. Барлық оқу орындары 4 сатыға бөлінді: приходтық, уездік, губерниялық училище (гимназия) және университеттер. Мрсква университетінен басқа 5 университет ашылды: Дерпт (Тарту), Вильно, Харков, Петербург (1819 жыл). 1804 жылғы Устав бойынша университеттерге автономиялық праволар берілді.

1808 жылдан бастап, либералдық реформалардың екінші кезеңі басталды. Бұл кезеңде М. Сперанский (министр) ролі орасан зор болды. Ресей империясын басқарудың жүйесін қайта құру мәселесін осы М. Сперанскийге тапсырды. 1809 жылы Россияның мемлекеттік құрылымын өзгертудің жобасы (Введение к уложению государственных законов) жобасы әзірленді.

Бұл жоба бойынша басқарудың 3 жүйелі принципі ұсынылды – заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі. Ең жоғарғы заң шығарушы орган Мемлекеттік Дума, сот – Сенат, атқарушы орган – Министрліктер болу керек. Сонымен қатар сайлау праволары кеңейтілді. Сонымен құрастырылған бұл жоба әкімшілік-саяси мазмұндағы реформалар жобасы болатын, ал крепостной право мәселесі қарастырылмады.

М. Сперанский жобасы жүзеге асқан жағдайда самодержавиялық биліктің ауқымы тарылып, Россияда буржуазиялық типтегі монархия қалыптасар еді. Бұл жоба 1905 ж. 17- қазандағы Манифесттен 100 жыл бұрын даярланғанын ескерсек, оның қаншалықты прогрессивті болғандығына назар аударамыз.

1810 жылы ең жоғарғы заң шығарушы орган Мемлекеттік Кеңес құрылды. Бұл орган 1917 жылғы ақпан революциясына дейін қызмет жасады.

Министрліктердің саны өсіріліп, оларға арнайы даярланған нұсқауларда министрлік құрылымы, функциялары, билік шеңберлері және іс жүргізу тәртіптері айқындалды. Міне, осымен Сперанскийдің барлық реформаторлық жоспар бағдарлары шеттеліп қалды.

Ресей сияқты самодержавиялық-крепостниктік жүйе әбден орныққан мемлекетте бұндай терең реформаларды жүргізу терең қиындықтарға тап болады. Сперанскийге қызыға да, қызғана да қарайтындар көбейді. Белгілі орыс тарихшысы Н. Карамзин самдержавиялық және крепостниктік жүйенің мызғымастығын дәлелдей отыра патшаға арнайы даярлаған хатында қайта құрулардың қаншалықты қауыпті екендігін дәлелдейді. Сонымен «қоғамда қалыптасқан пікірді» ескере отыра патша Сперанскийді саясаттан бірте-бірте ығыстыра бастады.

Александр І кезеңі 1812 ж. Отан соғысы кезеңі. (студенттер өз бетімен оқиды).

1818 жылы конституция жобасын даярлау ісі басталғанмен, жоба қабылданбады.

1812 жылғы соғыс шаруа мәселесін 1 орынға шығарды. 1816-1819 жылдары Прибалтикада жүргізілген аграрлық реформа барысында барлық шаруалар бас бостандықтарын алды, бірақ жер помещиктер қолында қалды. Шаруалар аренда ақысын баршенамен өтеуге тиіс болды.

Тұтастай алғанда 1815-1825 жылдардағы самодержавиялық үкіметтің ішкі саяси бағыты консервативтік тіпті реакцияшыл бағыт деп анықталады. Бұл кезең А. Аракчеев атымен байланысты. 1820 жылдардан бастап Александр І реформаторлық либералдық идеялардан әбден қол үзіп, тұтастай реакциялық саясатқа көшеді. Реакциялық саясат қоғам тұрмысының барлық жағын қамтыды: крепостниктік қанау күшейді, оқу ағарту саласында феодалдық – клерикалдық идеология орнықты, яғни, қалыптасқан қоғамдық тәртіп мәңгілік деген идея. Барлық университеттерде «құдай тану және христиан ілімі» деген кафедралар ашылды. Цензрлық тәртіп орнықты.

Тұтастай Александр І-нің саясатына баға беретін болсақ, Россияның мемлекеттік және қоғамдық тұрмысында айта қаларлықтай өзгеріс болған жоқ. Самодержавиялық крепостниктік құрылыс фундаменті мызғымады. Александр І-нің либералдық саясаты жүзеге аспады. Себебі, консервативтік күштер қарсылығына патша қарсы тұра алмады. Өзінің ішкі саясатында бір топ сановниктер мен дворян өкілдеріне ғана сүйенді.



Комментарии

Политические преобразования Александр I (1801-1825) начал с амнистии репрессированных в правление Павла I. В 1802 г. вместо коллегий были созданы министерства, в которых было укреплено единоначалие, лучше разграничены функции структурных подразделений – департаментов и столов. Планы политической реформы М.М.Сперанского остались на бумаге, а сам он весной 1812 г. был сослан в Нижний Новгород.

В 1815 г. Александр I даровал весьма либеральную конституцию Царству Польскому, образованному в составе Российской империи. К 1820 г. Н.Н.Новосильцевым и П.Вяземским был разработан вариант конституции для России – «Государственная уставная грамота Российской империи», но этот проект не был реализован.

Для решения крестьянского вопроса с 1803 г. по указу о вольных хлебопашцах помещики могли по своему желанию освобождать крестьян с землей за выкуп. Но до 1860 г. на таких условиях были отпущены лишь 112 тыс. помещичьих крестьян, или около 0,5 %. В Прибалтике с 1804 г. крестьян стали освобождать без земли и без выкупа, что способствовало впоследствии формированию хуторских хозяйств. После войны 1812-1815 гг. получили широкое распространение военные поселения, в которых военнослужащие соединяли военную подготовку с сельскохозяйственным трудом. Жестокий режим в военных поселениях стал причиной ряда восстаний.

В правление Александра I появились новые университеты, лицеи, гимназии.

Николай I после подавления восстания декабристов в составе Собственной его императорского величества канцелярии в 1826 г. создал III отделение (всего отделений было 5), занимавшееся политическим сыском. В 1836 г. при III отделении был создан отдельный корпус жандармов, выявлявший любые проявления антимонархического движения. Был разгромлен ряд кружков, в которых обсуждались проекты преобразования страны. Усилилась милитаризация: министрами, крупными руководителями часто становились армейские генералы. Бюрократический аппарат, чиновничество за полвека выросло в 5 раз. Процветали взяточничество, волокита, чиновничий произвол. Были введены ограничения для попадания на государственную службу, особенно в офицерский корпус, выходцев из низших сословий. Возвращенный на государственную службу М.М.Сперанский кодифицировал законодательство.

При Николае I установилась жесткая цензура, в высших учебных заведениях был установлен военный режим. Консерватизмом был пронизана теория официальной народности. Русским национальными началами были объявлены православие, самодержавие и народность.
17 кредит сағат

12 дәріс

Тақырып: Ұлы реформалар және олардың нәтижелері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет