Барлығы – 135 сағат



бет38/45
Дата24.02.2016
өлшемі1.99 Mb.
#15090
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45

Әдебиеттер:


  1. История России ХІХ- нач. ХХ века. Под ред. Федорова М. М., 1998 г.

  2. Левандовский А.А. «Россия в ХХ веке». М., 1997 г.

  3. Верт Н. «История Советского государства». М., 1992 г.

  4. Геллер М., Некрич А. «Утопия у власти». М., 2000 г.

  5. Поцелуев В.А. «История России ХХ столетия». М., 1997 г.

  6. Исингарин Н. «10 лет СНГ» (Проблемы, поиски, решения). Спб 2000 г.

  7. Лельчук В.С. Индустриализация СССР: история, опыт, проблемы.

  8. Реабилитация: Политические процессы 30-50-х годов. М.,1991.

  9. История России.ХХ век. Отв.ред.В.П.Дмитриенко. М.,1996.

  10. История Отечества: люди, идеи, решения в 2-х т. М.,1991.

  11. Политическая история: Россия-СССР. В 2-х т. Т.1-2. М.,1996.

  12. Самсонов А.М. Вторая мировая война. М.,1989.

  13. Великая Отечественная война. 1941-1945: Энциклопедия. М.1985.

  14. Политическая история: Россия-СССР. В 2-х т. Т.1-2. М.,1996.

  15. Н. И. Павленко, В. Б. Кобрин. В. А. Федоров. «История России с древнейших времен до 1861 года». М., 1989 ж.

  16. М. Мунчаев, В. М. Устинов. «История России». М., 2003 ж.

  17. История Российского государства. Ред. басқарған Ш. М. Мунчаев. М.,2000 ж.

- 1944 ж. Кеңес әскерінің Қырым түбегін, Балтық бойын, Белоруссияны азат етуі. Потсдам конференциясы;

- Германияның сөзсіз тізе бүгуі;

- Қызыл Әскердің Жапонияға қарсы әскери жорықтары және оның сөзсіз тізе бүгуі;

- І І д.ж.с. геосаяси салдарлары;

- Халықаралық қатынастардағы Ялта-Потсдам жүйесі. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы;

- ІІ д.ж.с. қорытындылары мен сабақтары.
38 кредит сағат

26 дәріс

Тақырып: «Кемелденген социолизм» дәуіріндегі КСРО.

Дәріс мазмұны:


  1. 60 жж. экономикалық реформалар.

  2. 60-80 жж. ішкі саясат. Совет қоғамының саяси құрылысы.

  3. 60-80 жж. халықаралық қатынастар жүйесіндегі КСРО.



Әдебиеттер:


  1. Антонио Рубби «Ельциниада». М., 2004 г.

  2. Протопов А.С., Козьменко В.М., Еламанова Н.С. «История международных отношении и внешней политики России» (1648-2000). М., 2003 г.

  3. Россия в ХІХ-ХХ в.в. (Материалы ІІ научной чтений). М., 2002 г.

  4. Платонов С.Ф. «Полный курс лекций по русской историй». Ростов-на-Дону, 2002 г.

  5. Новейшая история Отечества ХХ века. Под ред. Кисилева. М., 1999 г.

  6. Питер Кальвокоресси «Мировая политика». М., 2003 г.

  7. Россия и Восток: проблемы взаимодействия. Волгоград, 2003 г.

  8. Мунчаев Ш.М., Устинов В.М. «История России». М., 2003 г.



- КСРО-ның экономикасының қайта қалыпқа келе бастауы. Бағдарлама мен түпдеректер. 1947 ж. Ақша реформасы;


- Соғыстан кейінгі жылдардағы КСРО-ның ауыл шаруашылығына назар. КСРО территориясының кеңеюі. Сталинизм. Космополитизммен күрес.;

- Сталиннің ішкісаяси доктринасы және оны жүзеге асыру (1945-1953). Дүниежүзілік социалистік жүйе.

- ХІХ съезд ВКП (б) – КПСС. Жарғыдағы өзгеріс. Партиялық және мемлекеттік әкімшіліктің орталықтануы.

26-дәріс

«Кемелденген социолизм» дәуіріндегі КСРО.

(1964-1985)

1-сұрақ.

60 ж. экономикалық реформа. Тоқырау белгілерінің күшеюі.

1964 ж. 14-қазанда СОКП ОК Пленумы Н.С. Хрущевты орнынан түсіріп, партия хатшысы етіп, Л.И. Брежневті тағайындады. Тарихи әдебиетте Л.И. Брежнев ұстанған бағыт консервативтік бағыт деп бағаланады.

1965 ж. СОКП ОК наурыз және қыркүйек Пленумдарының шешімдеріне байланысты елде шаруашылық саласында реформаны жүзеге асыру басталды. Ауылшаруашылық өнімдерін даярлаудың жаңа жоспарлары белгіленді. Мемлекеттің астық сатып алу бағасы 1,5, 2 есе өсті. Колхозшылар тұрақты түрде ақшалай еңбек ақы ала бастады. Ауылшаруашылығының материалдық-техникалық базасын бекітудің нақты шаралары белгіленді:

1. Ауыл шаруашылығын электрофикациялау бағдарламасы.

2. Аграрлық өндірісті химизациялау.

3. Егістік даланы суландыру және мелиорациялау.

1966-1980 жж. аралығында ауылшаруашылығына 383 млрд. Сом инвистиция салу белгіленді. Осы шаралар ауыл шаруашылық өндірісін көтеруде үлкен маңыз алды. Алайда осы бағдарламаны жүзеге асыруда үнемі жоспардан ауытқу байқалды.

Ауыл шаруашылығындағы қайта құрулармен қатар өнеркәсіп саласын реформалау ісі жүргізілді. Реформа мазмұнын даярлауда КСРО Министрлер Советінің төрағасы А.Н. Косыген белсенді роль атқарды. Өзінің көзқарастары жағынан жоспарлы экономика шеңберінде экономикалық қатынастарды либерилизиялау бағытын ұстанды. Реформаның мақсаты орталықтанған жоспарлау негізінде кәсіпорындардың белсенділігімен праволарын кеңейту арқылы елдің экономикасын басқаруды жетілдіру болатын. Басқару құрылымы өзгерді:



  1. Территориялық принциптен басқарудың салалық принциптеріне көшті. Совнархоздар жойылып, салалық министрліктер қайтадан құрылды. Өнеркәсіп орындарына белгілі-бір деңгейде автономиялық праволар берілді.

  2. Кәсіпорындар бірыңғай мемлекеттік жоспар шеңберінде шаруашылық есепке көшіріліп, жоспарлау мәселесінде, негізгі фондыларды пайдалану мәселесінде өзіндік шешім қабылдау құқығын алды. Өндірістен түскен пайданың бір бөлігін өндірісті дамытуға, материалдық ынталандыруға, әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсау құқығын алды.

Реформа 1966 ж. қаңтарда басталды. 1970 ж. аяғында 41 мың өнеркәсіп орындары (барлығы 49 мың болатын) шаруашылықты ұйымдастырудың жаңа жүйесіне көшті. Реформаның позетивті нәтижелерін көруге болады. Мысалы: 1966-1970 жж. сегізінші бесжылдық барлық көрсеткіштері жағынан осы кезге дейнгі бесжылдықтар нәтижелерінен асып түсті. Экономиканың тұрақты даму тенденциялары қалыптасты.

  1. Өндіріс көлемінің өсу қарқыны ұлғайды.

  2. Ұлттық табыс өсті.

  3. Еңбек өнімділігі артты. Екі мыңдай жаңа өнеркәсіп орындары салынды.

Сонымен соғыстан кейінгі он жыл ішінде индустрилизация міндеті

жүзеге асты. 60 ж. реформалар елдің экономикалық дамуында үлкен роль атқарғандығын баса айтуға болады. Алайда бұл қарқын қысқа мерзімді болды. Реформа басқарудың экономикалық әдістерінің ролін күшейткенімен, ескі шаруашылық механизмді өзгерте алмады. Жоспарлы-директивалық экономика жаңа басқару әдістерін тез бейтараптандырды. 70 ж. басында реформалар бірте-бірте тоқырады.

1970-1985 жж. аралығында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында күрделі, қарама-қайшы процестер жүрді. Экономика көлемі ұлғайды. Ұлттық табыс 4 есе өсті. Ауыл шаруашылық өндірісі 1,7 есе өсті. КСРО-да бірыңғай халық – шаруашылық комплексі қалыптасты, бірыңғай энергетикалық, транспорт жүйесі қалыптасты. 1960-1985 жж. 9 мың жаңа өнеркәсіп орындары іске қосылды. Территориялық-өндірістік комплекстер құрылды. (ТӨК). 70 ж. Батыс-Сібір, Павлодар-Екібастұз, Красноярск-Ачинска, Саян-Шушенска ТӨК құрылды.

Алайда осы аталған жетістіктер мен қатар экономикада тоқырау, дағдарыс белгілері байқала бастады. 1971-1985 жж. аралығында ұлттық табыстың өсу қарқыны 2,4 есе төмендеді, өнеркәсіп саласында 2,5 есе, ауыл шаруашылығында 3,5 есе 1981-1985 жж. аралығындағы ХІ бесжылдықтың көрсеткіштері орындалмады. Тоқырау-стагнация жағдайы қалыптасты. Бұл құбылыстың әралуан себептері болды, көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша негізгі себеп экономикалық моделге байланысты болды:




  1. Директивалық экономика экстенцивтік дамудың барлық факторларын сарқып, прогресті қамтамасыз ету қабылетінен айырылды.

  2. Экономиканы милитаризациялау. Ұлттық табыстың 20% әскери салаға жұмсалды. Машина жасау заводтарының 60-80% Әскери Өнеркәсіп Комплекс тапсырыстарын орындап жатты.

АҚШ-пен әскери саладағы жарыс нәтижесінде екі елдің әскери қуаты тепе-тең жағдайға жетіп еді (паритет). Міне, осының өзі экономиканы тұралатып, қоғамдағы тоқырау тенденцияларын қалыптастырды.

  1. Кеңес экономикасы ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін баяу енгізіп, батыстағы технологиялық революцияға қатыса алмады.

Партияның ХХІҮ-ХХҮІ съездерінде елдегі қалыптасқан жағдайлар жан-жақты талқыланғанымен, ондаған қаулы-қарарлар қабылданғанымен жағдайды түзету мүмкін болмады. Директивалық экономика негізінде тоқыраудан шығу мүмкін емес. Тоқыраудың ең басты көрсеткіші ретінде мысал келтіруге болады. КСРО халқының жан басына шаққандағы табыс деңгейі тұрғысынан әлемде 77 орында болды.


2-сұрақ.

60-80 жж. ішкі саясат. Совет қоғамының саяси құрылысы.

Елдің қоғамдық саяси тұрмысында консервативтік саясат әбден орнықты. 1967 ж. Ұлы Октябрь революциясының 50 жылдығына байланысты салтанатты жиналыста жасалған баяндамада Л.И. Брежнев «дамыған социолизм», жетілген «социолизм» деген терминдерді қолданды. 1966 ж. 21-желтоқсанда «Правда» газетінде Ф.М. Бурлацкийдің «Дамыған социолистік қоғам құрылысы туралы» деген мақаласы жарияланды. Міне, осы идеялар негізінде КСРО-да «дамыған социолистік қоғам» құрылды деген концепция орнықты. 1977 ж. қабылданған КСРО-ның Жаңа Конституциясында елде кемелденген социолизм құрылды деген қорытынды жасалды. Конституцияның 6-бабында саяси жүйедегі СОКП –ның монополиялық жағдайы заң жүзінде бекітілді. СОКП басқарушы және бағыт беруші күш деп көрсетілді. 1987 ж. КСРО-да 441,9 бастауыш партия ұйымдары жұмыс жасап, СОКП саясатын жүзеге асырып жатты. Партиядағы тәртіп әскери тәртіп сипатын алды. 1917 ж. қазанда РСДРП қатарында 350 мың адам болды, 1940 ж. 3,4 млн. адам, 1960 ж. СОКП қатарында 8 млн 709 мың, 1987 ж. 18 млн 567 мың адам болды.

КСРО халқы 280 млн.

СОКП мүшелері 18 млн. 567 мың.

«Кемелденген социолизм» концепциясы жеке алған бір елде комунистік қоғам құрудың тарихи мүмкіндіктеріне ревизия жасау болды. Бұл концепцияда социолистік қоғаммен коммунистік қоғам арасында өтпелі кезең сатысында социолизм принциптері толық жетіліп, коммунистік қоғам үшін барлық алғы шарттар жасалынады.

1973 жылдан бастап, Л.И. Брежневтің жеке тұлғасын, беделін көтеру саясаты ұйымдастырылды. 1961 ж. Социолистік Еңбек ері атағы берілді, 1975 ж. армия генералы атағы, 1976 ж. Совет Одағының Маршылы, 1966, 1976 жж. Совет Одағының Батыры атағы, 1973 ж. «Халықтар арасындағы бейбітшілікті бекіту үшін» берілетін Халықаралық Лениндік сыйлық берілді.

70 ж. аяғында партия наменклатурасында жасы ұлғайған адамдар отырды (геронтократия-қарттар билігі 60-68 жас). Л.И. Брежнев 1978-1981 жж. аралығында 3 рет социолистік еңбек ері атағын алды. «Целина», «Малая земля», «Возрождение» еңбектері үшін 1979 ж. әдебиет саласындағы Лениндік сыйлық берілді.

1982 ж. 12-қарашада Л.И. Брежнев қайтыс болғаннан кейін ОК Пленумы ОК Бас хатшысы етіп 68 жастағы Ю.В. Андроповты тағайындады. Андропов кезінде наминклатуралық праволарын пайдаланып, коррупциямен айналысқан көптеген адамдар жазаланды. Москва қалалық сауда басқармасының бастығы сотқа тартылып, атылды. Одан кейін Өзбекістандағы «мақта мафиясы» өкілдері жазаланды, СОКП Краснодар облыстық комитетінің І хатшысы С.Ф. Медунов, Ішкі істер министрі Н.А. Щелоков, генерал-полковник Ю.М. Чурбанов т.б. адамдар жазаланды.

«Коммунист» журналының 1983 ж. № 3 Ю.В. Андроповтың «Карл Маркс ілімі және КСРО-дағы социолистік құрылыстың кейбір мәселелері» деген мақаласы жарияланды. Бас хатшы елдің коммунизмге таяп келе жатыр деген идеялогиялық тезистерін дұрыс түсіну туралы мәселені көтерді. Сонымен қатар кемелденген социолизмнің де өзіндік қиыншылықтары мен қарама-қайшылықтары бар екендігін атап өтті. Бұл қоғамдықь тұрмыста үлкен резонанс туғызды.

1984 ж. 9-ақпанда Андропов қайтыс болғаннан кейін 73 жастағы К.У. Черненко бас хатшы болып тағайындалды. 1985 ж. 10-наурызда Черненко қайтыс болды. «Брежневизм» дәуірі аяқталды.

«Кемелденген социолизм» дәуірінде партия саясатына қарсы әртүрлі пікірлер туындап, дисседенттік қозғалыс жанданды. 1966 ж. 25 мәдениет және қоғам қайраткерлері (П. Капица, И. Тамм – академиктер, жазушылар В. Катаев, К. Паустовский, өнер қайраткерлері М. Плисецкая, О. Ефримов) ОК хат жазып неосталинизм қайта жандану қаупы туралы айтқан. Диседенттік топқа А.И. Солженицин, академик А. Сахров, В. Буковский, Ж. Медведев т.б.


14 апта

40 кредит сағат

27 дәріс

Тақырып: «Қайта құру» 1985-1991 жж. КСРО.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет