Барлығы – 135 сағат



бет6/15
Дата25.02.2016
өлшемі1.29 Mb.
#21520
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ОЖСӨЖ мазмұны


  1. Тақырып бойынша бақылау жұмысын жазу

  2. Конспект бойынша сабақ айту

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6

Нормативтік-құқтық актілер: 1,2
СӨЖ мазмұны

1. Бақылау жұмысына дайындалу

2. Конспект жазу

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6

Нормативтік-құқтық актілер: 1,2
20 дәріс

Тақырып: Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы операциялары

Дәріс мазмұны:

Коммерциялық банктердің инвестициялық портфелі туралы түсінік. Олардың инвестициялық портфельді қалыптастырудағы мақсаты: проценттік табыс табу, капиталдың мөлшерін сақтау, меншікті капиталды және сырттан тартылған қаражаттарды табыс әкелетін бағалы қағаздар бойынша орналастыра отырып, активтер портфелінің өтімділігін қамтамасыз ету. Инвестициялық тәуекелдер және оларды басқару, банктердің инвестициялық портфелінің диверсификациясы, банктер инвестиция жұмсайтын бағалы қағаздардың түрлері, олар бойынша табыс мөлшерін есептеу тәсілдері, инвестициялық портфельдіің типтері, инвестициялық портфельді басқарудың Г. Марковиц ұсынған әдісі, қор индексі Доу Джонс.

Қазақстанда екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық компаниялардың, институциональдық инвесторлардың капиталын қалыптастыруға қатысу және олардың бағалы қағаздарына инвестиция жұмсау тәртібі. Коммерциялық банктердің эмитент реттіндегі және делдал ретіндегі операциялары.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6

Нормативтік-құқтық актілер: 1,2
11 апта

21 дәріс



Тақырып: Банктің лизинг, траст, факторинг және форфейтинг операциялары

Дәріс мазмұны:

Лизинг туралы түсінік және оның экономикалық мазмұны, несиелік сипаты. Лизинг операцияларының субъектілері мен оьъектілері, лизинганың функциялары. Лизинг операцияларының элементтері: коммерциялық банктер – лизинг операцияларының субъектілері, лизинг шарты, лизинг операцияларының тікелей және жанама қатысушылары: коммерциялық банктер, инвестициялық банктер, сақтандыру компаниялары, брокерлік фирмалар, коммерциялық банк лизинг компанияларының кредиторы немесе лизинг беруші, лизинг компаниясына берілген несиенің лизинг алушылар үшін коммерциялық несие ретіндегі маңызы. Лизинг түрлері: көпжақты лизинг, үш жақты лизинг, толық лизинг, экспорттық және импорттық лизинг, қаржылық лизинг, қайталанатын және қайталанбайтын лизинг.

Траст туралы түсінік. Траст операцияларының дамуының экономикалық алғы шарттары. Траст операцияларының түрлері және субъектілері. Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің траст операцияларн дамыту мүмкіндіктері. Траст операцияларының коммерциялық банктер үшін қолайлылығы.

Факторинг туралы түсінік, факторинг операцияларының түрлері: ашық және жабық,регрестік құқықпен және регресстік құқықсыз факторинг операциялары. Форфейтинг және оның пайда болуы. Форфейтинг операцияларының түрлері және оларға байланысты несиелік тәуекелдер, несиелей тәртібі. Форфейтингалық дисконттық ставка. Факторинг және форфейтинг операцияларының бір-бірінен айырмашылығы.



Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5

Қосымша әдебиеттер: 1,5

Нормативтік-құқтық актілер: 6,7
11 семинар

Тақырып: Банктің лизинг, траст, факторинг және форфейтинг операциялары

  1. Лизинг операцияларының субъектілері мен оьъектілері, лизинганың функциялары.

  2. Лизинг операцияларының элементтері. Лизинг түрлері

  3. Траст операцияларының дамуының экономикалық алғы шарттары. Траст операцияларының түрлері және субъектілері

  4. Факторинг туралы түсінік, факторинг операцияларының түрлері

  5. Форфейтинг операцияларының түрлері және оларға байланысты несиелік тәуекелдер, несиелей тәртібі.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5

Қосымша әдебиеттер: 1,5

Нормативтік-құқтық актілер: 6,7

ОЖСӨЖ мазмұны


1. Реферат тапсыру

2. Қосымша сұрақтар бойынша сабақ айту



Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5

Қосымша әдебиеттер: 1,5

Нормативтік-құқтық актілер: 6,7
СӨЖ мазмұны

      1. Реферат жазу

2. Сұрақтарға жауап жазу

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5

Қосымша әдебиеттер: 1,5

Нормативтік-құқтық актілер: 6,7
22 дәріс

Тақырып: Банктің есеп айырысу операциялары, кассалық және комиссиялық қызметтері

Дәріс мазмұны:

Есеп айырысу формалары және есеп айырысы инструменттері. Есеп айырысу операцияларын классификациялау критерийі. Есеп айырысудың әдістері мен тәсілдері. Коммерциялық банктердің қолма-қол клиенттерге қызметі. Банкаралық есеп айырысу (клиринг).

Қазақстан Республикасында есеп айырысуды ұйымдастырудың құқықтық және нормативтік негіздері. «Төлемдер және ақша аудару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Төлем құжаттарын есепке алу және «картотека 2». Банкаралық корреспонденттік қатынастардың төлем айналымын ұйымдастырудағы рөлі, төлем жүйесі, оның ұйымдастырылу формалары, халықаралық стандарт. Вексельдер бойынша есеп айырысу операциялары: инкассаға қабылдау, домициляцияланға вексельдер бойынша аваль және акцепт беру. Орталық клирингалық электрондық жүйеге көшіру, электрондық төлемдер және электрондық карточкалар, банкоматтар.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5

Қосымша әдебиеттер: 1,5

Нормативтік-құқтық актілер: 6,7
12 апта

23 дәріс



Тақырып: Валюталық операциялар және валюталық тәуекелдерді басқару

Дәріс мазмұны:

Валюта, валюталық позиция, валюталық курс туралы түсінік. Валюталық курсты анықтаудың тәсілдері: спот курс, тікелей және жанама котировка, котировка туралы түсінік, кросс курс, форвард курс. Валюталық құндылықтар, олардың түрлері, валюталық нарық және олардың түрлері, субъектілері. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Коммерциялық банктердің валюталық операцияларының түрлері: ағымдағы валюталық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операциялар. Шет ел валюталарымен айырбас операциялары, резиденттер мен резидент еместер үшін валюталық сауда саттықты жүргізудің Ұлттық банк белшілеген тәртібі. Валюталық бақылау. Валюталық саясат және оның түрлері мен формалары. Қазақстан Республикасында валюталық нарықтың ниституттары.

Валюталық тәуекелдер туралы түсінік және олардың пайда болу себептері. Валюталық тәуекелді сақтандыру жолдары:



  • Активтер мен пассивтердің құрылымын өзгерту:

  • Валюталық позициялармен манипуляция жасау:

  • Баға валютасымен төлем валютасының курсының өзгеруі болжамы негізінде төлемді кешіктіру немесе уақытынан бұрын жүзеге асыру:

  • «своп», «опцион»;

  • Валюталық корзина;

  • Хеджирлеу.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5

Қосымша әдебиеттер: 1,5

Нормативтік-құқтық актілер: 6,7
12 семинар

Тақырып: Валюталық операциялар және валюталық тәуекелдерді басқару

1. Коммерциялық банктердің валюталық операцияларының түрлері

2. Шет ел валюталарымен айырбас операциялары

3. Валюталық бақылау.

4. Валюталық саясат және оның түрлері мен формалары.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5

Қосымша әдебиеттер: 1,5

Нормативтік-құқтық актілер: 6,7



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет