Барлығы – 135 сағат



бет8/15
Дата25.02.2016
өлшемі1.29 Mb.
#21520
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

ОЖСӨЖ мазмұны


1. Есептер шығару

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,4,5

Нормативтік-құқтық актілер: 4,8,9,12
СӨЖ мазмұны

1. Есептер шығару үшін өткен дәрістерді, қосымша конспектілерді, әдебиеттерді оқу және қайталау



Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,4,5

Нормативтік-құқтық актілер: 4,8,9,12
28 дәріс

Тақырып: Банктің қаржылық нәтижелерін талдау. Банктің шығысы мен кірісін талдау

Дәріс мазмұны:

Банктің қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштерті, банктің табысы мен шығысы, маржа туралы түсінік, операциялық шығындар, проценттік шығындар, операциялық табыс, проценттік табыс, банктің таза табысы, пайдасы, банктің рентабельділігі және оның көрсеткіштерін есептеу.



Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,4,5

Нормативтік-құқтық актілер: 4,8,9,12
15 апта

29 дәріс



Тақырып: Банктік қадағалау

Дәріс мазмұны:

Банктік қадағалауды ұйымдастырудың принциптері және банктік қадағалауды жүзеге асырудың құқықтық, нормативтік негіздері. Банктік қадағалаудың мақсаты: салымшылардың, клиенттердің, банк кредиторларының экономикалық мүдделерін қорғау. Банк операцияларын лицензиялау тәртібін бұзбау.

Құрылтайшылар құжаттарының дұрыстығы және банктің жарғы капиталын құраудың заңға сәйкес келуі. Коммерциялық банктердің пруденциальдық нормативтерді орындау тәртібі және есеп шоттарды ашу мен олар бойынша операцияларды жүргізудің заңдылығы. Банктік қадағалауды жүзеге асырудың қажетті алғы шарттары:


  • Заңдардың болуы;

  • Белгіленген стандарт жүйесі және есеп беру;

  • Дербес аудиттің қызметі;

  • Банктік бухгалтерлік және статистикалық есептің жариялылығы.

Банктік қадағалаудың негізгі элементтері:

  • Банктерге операциялармен заң жүзінде айналысуға берілген ресми құжат;

  • өтімді активтермен және капиталмен жетешікті қамтамасыз етудің жалпы ережесі;

  • несиелік тәуекелдерді шектеу талабы;

  • банк қызметтеріне ағымдағы бақылау орнату, қашықтықтан қадағалау;

  • жылдық балансына бақылау.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,4,5

Нормативтік-құқтық актілер: 4,8,9,12
15 семинар

Тақырып: Банктік қадағалау

  1. Банктік қадағалаудың мақсаты

  2. Банктік қадағалауды ұйымдастырудың принциптері

  3. Банктік қадағалауды ұйымдастырып, жүзеге асырушы органдар және олардың коммерциялық банктерге ықпал ету тәсілдері:

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,4,5

Нормативтік-құқтық актілер: 4,8,9,12

ОЖСӨЖ мазмұны


1. Реферат қорғау

2. Конспект бойынша сабақ айту



Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,4,5

Нормативтік-құқтық актілер: 4,8,9,12
СӨЖ мазмұны

1. Реферат жазу

2. Конспект жазу

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,4,5

Нормативтік-құқтық актілер: 4,8,9,12
30 дәріс

Тақырып: Банктік қадағалау

Дәріс мазмұны:

Банктік қадағалауды ұйымдастырып, жүзеге асырушы органдар және олардың коммерциялық банктерге ықпал ету тәсілдері:



  • тәртіпке шақыру;

  • тыйым салу;

  • санация (сауықтыру);

  • лизенцияны қайтарып алу;

  • консервация.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,4,5

Нормативтік-құқтық актілер: 4,8,9,12
Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2006 жыл

  2. Хамитов Н.Н. Банк менеджменті. Алматы: Экономика, 2007 жыл


Қосымша әдебиеттер

1. Бақтиярова А.Ж., Баудиярова Э.Н. «Ақша.Несие.Банктер пәні бойынша студенттерге арналған түсіндірме экономикалық сөздіктер». Орал, 2008 жыл

2. Сәниев М.С. «Ақша. Несие. Банктер», - Алматы, 2001ж.

3. Сейіткасымов Г.С. «Ақша, Несие, Банктер». – Алматы: Экономика, 2001

4. Сейіткасымов Г.С. «Ақша, Несие, Банктер». – Алматы: Экономика, 2005

5. Көшенова Б.А. “Бағалы қағаздар нарығы” Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 1999.

6. Көшенова Б.А. “Бағалы қағаздар нарығы категорияларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі”. - Алматы: ҚазМБА, 1999.
Нормативтік-құқтық актілер:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ҚР Заңы, 30.03.1995 жыл

2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» ҚР Заңы, 31.08.1995жыл

3. «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» ҚР Заңы, 13.12. 1993 жыл

4. «ҚР-ның ұлттық валютасын енгізу туралы» ҚР Президентінің Жарлығы, 12.11.1993 жыл

5. «Төлемдер мен ақша аудару туралы» ҚР Заңы, 29.06.1998 жыл

6. «ҚР-ғы вексель айналысы туралы» ҚР Заңы, 28.04.1997 жыл

7. «ҚР-ның бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР Заңы, 2.07.2003жыл

8. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңы, 13.04.2005жыл.

9. «Ұлттық валютаның айырбас бағамының саясаты туралы» 1998 жылғы сәуірдегі ҚР Үкіметінің №360 қаулысы

10. «Үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру концепциясы және ипотекалық несиелеу жүйесінің дамуы туралы» 2000 жылдың 21 тамыздағы ҚР Үкіметінің №1290 қаулысы

11. «ҚР-ғы үй құрылысы жинағы туралы» ҚР Заңы, 7.12.2000жыл

12. «ҚР-ның ХВҚ-на, ХҚҚДБ-ға, ХҚК-ға, ХДА-ға, ИККА-ға, ЕҚҚДБ-ға, АзДБ-не, ИТРКО-на мүшелігі туралы» ҚР Заңы, 6.12.2001 жыл
3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ

Кесте тапсырмалардың тізімі мен түрлерінен тұрады:



  • Реферат, баяндама тақырыптары;

  • Есеп тапсырмалары, типтік есептер т.б.;

  • орындалу уақыты;

  • бақылау түрлері (тестілер, сұрақтар, есептер, рефераттар, баяндамалар т.б.).






Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсыныла

тын әдебиеттер



Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Реферат

Баяндама



Тақырыптар бойынша негізгі баяндамалар мен рефераттар

1.5.-ші бөлімде келтірілген

2 апта (№2 ОЖСӨЖ);

3 апта (№3 ОЖСӨЖ); 5 апта (№5 ОЖСӨЖ); 9 апта (№9 ОЖСӨЖ)



100%

Жазылған реферат және баяндаманы қорғау

2

Терминдер

Тақырыпқа қатысты экономикалық терминдерге анықтама беріп, олардың мазмұнын терең түсіну немесе меңгеру

1.5.-ші бөлімде келтірілген

5, 11, 13 апталар

100%

Анықтамасы жазылған терминдерді жаттап тапсыру

3

Аралық бақылау (2)

Студенттің барлық өткен тақырыптар бойынша білімін тексеру

Бірінші жұмыс 1 – 7 тақырыптарға байланысты

Екінші жұмыс 8 – 14 тақырыптарға байланысты



7,14 апта


100%

Коллоквиум

4

Емтихан

Білімді кешенді тексеру




Емтихан тапсыру кестесі бойынша

100%

Тест

\

4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ

Дәрісханалық (дәріс, практикалық, семинарлық, лабораториялық, және студиялық сабақтар) және дәрісханадан тыс (ОЖСӨЖ: курстық және дипломдық жұмыстары, СӨЖ тапсырмалары) сабақтардың оқу әдебиеттерімен қамтылуын көрсетеді

Кафедра: «Есеп және қаржы»

Оқытушы: Бақтиярова Альфия Жалелқызы

Пән: «Банк ісі»

Кредит саны 3








Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту

кітапханада


Ескерту

Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2006 жыл

2

-




-

-

2

Хамитов Н.Н. Банк менеджменті. Алматы: Экономика, 2007 жыл

10

-




-

-

3

Сейіткасымов Г.С. «Ақша, Несие, Банктер». – Алматы: Экономика, 2001

20

-




-

-

4

Сейіткасымов Г.С. «Ақша, Несие, Банктер». – Алматы: Экономика, 2005

20

-




-

-

5. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

5.1. Дәріс тезистері

Тақырып: Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы жағдайы

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Коммерциялық банктер туралы ұғым және оның типтері

2. Коммерциялық банктердің қызметтеріне сипаттама

Дәрістің мақсаты: коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы жағдайына сипатау

Дәріс мазмұны:

1. Коммерциялық банктер туралы ұғым және оның типтері

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан жақты іс әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызымет көрсетеді.

Коммерциялық банктер - нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.

Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта бөлудің банктік механизмі өндірістің объективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты дамытуға және экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік туғызады.

Қазіргі коммерциялық банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты клиенттерге көрсететін қызметтерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа түрлерін меңгеруде. Бүгінде кейбір мемлекеттердің коммерциялық банктері клиенттерге 300 ге жуық қызмет көрсетуге бар несие мекемесі (Мысалы, Жапония банктері).

Өнеркәсібі дамыған мемлекеттерге коммерциялық банктер бір бірінен көптеген өзгешеліктеріне байланысты ажыратылады:

Брінішіден, жарғылық капиталды иелену және оны қалыптастыру жөнінен; Банктер акционерлік қоғам немесе шетел капиталының, шетел банктерінің қатысуымен жауапкершлігі шектеулі қоғамдар болып құрылуы мүмкін.

Екіншіден, жүргізетін операциялары жөнінен коммерциялық банктер әмбебап және маманданған банктер болып бөлінеді.

Үшіншіден, іс әрекеті тарайтын жер көлемі жөнінен банктер федералдық (одақтық), республикалық және аймақтық болып бөлінеді.

Төртіншіден, экономиканының әр түрлі салаларына қызмет көрсету жөнінен салалық және салааралық болып бөлінеді.

Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей қазіргі коммерциялық банктер өз қызметінде осы аталған өзгешеліктердің аралас варианттарын қолдануда.

Ұйымдық тұрғыдан коммерциялық банктердің басым көпшілігі акционерлік қоғам формасында құрылған. Қоғамның жарғысы бойынша жоғары басқару органы акционерлердің жылдық жиналысы. Кезектегі және кезексіз жиналыс өткізілуі мүмкін. Кезексіз жиналыс банктің құрылтайшыларының, кеңесінің талаптары бойынша өткізіледі. Жылдық жиналыста ірі акционерлерден тұратын топтар құрылып, олар банктің жұмысын қадағалайды. Жылдық жиналыста банктің есебі бекітіліп, оның директорлар кеңесі сайланады. Директорлар кеңесі жыл бойы банктің жұмысын күнделікті басқарады. Ол бірнеше кеңесші комитеттерден құрылып, нақты іс әрекеттер бойынша қорытынды және ұсыныстар береді. Мысалы, есеп несие комитеті банк берген ірі несие бойынша қорытынды дайындайды.

Коммерциялық банктер бірнеше басқарма (департаменттер) мен бөлімдерден құрылады. Мысал ретінде ірі банкті ұйымдастырудың типтік үлгісін келтірейік. Ол өзіне мынады басқармаларды және бөлімдерді: салымдар жинақтау (осы жинақтарды қабылдау және төлеу); депозиттік және кассалық операциялыр (кіріс және шығын кассалары ағымдағы шоттарды жүргізу, чектер мен операциялар, инкассалық және клиенттік операциялар, ақша аудару), есеп несиелік операциялар (несие қабылеттігін тексеру және несие беру, вексельдерді есептеу); инвестиция және бағалы қағаздар (акцияларды, облигацияларды сатып алу және сату және т.б.); шетелдермен операциялар (валюталарды сатып алу және сату, халықаралық есеп айырысу, аккредитивтер мен жол жүру чектерін беру); жарнама және сыртқы байланыс (жаңа клиенттер тарту); сенімділік операциялар (сенімхат пен мүлікті басқаруға қабылдау); бухгалтерлік есеп және тексеру бөлімдерін біріктіреді. Осы негізгі құрылымының ішінде территориялық немесе салалық принциппен ұйымдастырылады. Көптеген банктерде ірі аймақтардағы жұмысқа жауапты басқармалар бар. Кейде өнеркәсіп салаларын несиелеу үшін бөлімдер құрылады.

2. Коммерциялық банктердің қызметтеріне сипаттама

Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:

- Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту;

- Несие беру;

- Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;

- Төлем құралдарын шығару;

- Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;

- Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару (яғни траст операциясын жүргізу).

Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландырып, оны капиталға айналдыру- банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бір жағынан, олардың иесіне процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі экономикалық және әлеуметтік қажеттіктрге жұмсалуы мүмкін. Тек банктің делдалдық етуімен ақша қаражаты жинақталып, кейін ол капиталға айналады.

Коммерциялық банктердің атқаратын келесі қызметі - несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының тікелей несие қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынатын капитал көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау мерзімінің қарыздарға қажет мерзімге сай келмеуі. Сондай-ақ қарыздардың төлем қабілетсіздік қаупі капитал иесімен оны қарызға алушының арсында тікелей несиелік байланыс болуын қиындатады. Капитал иесі қарыздардың қаржылық жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін. Коммерциялық банктер қарыз берушімен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдел ретінде осы кедергілерді жояды. Банктік несие экономикалық әр түрлі секторларға беріліп, өндірістің кеңеюің қамтамасыз етеді.

Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты экономика болуы мүмкін емес. Сондықтан есеп және төлем жұмыстарын жүргізуде бантердің ролі зор. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолма-қол ақшасыз жүреді. Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшанынң түсін және берілуін есептейді.

Инфрақұрылымы жеткілікті дәрежеде дамыған мемлекеттердің төлем жүйесінің тиімді қызмет істеуі есеп айырысу технологиясының үнемі жетілдіруін талап етеді. Сондықтан бұл елдерде есеп айырысудың әр түрлі жүйесі құрылуда. Мысалы, есеп айырысуғы қатысушы банктердің арасындағы клиринг жүйесі немесе жиро жүйесі. Сондай-ақ банктер арасында өзара келісім бойынша корреспонденттік шоттар ашылғанда есп айырысу корреспондент - банктер арқылы да жүргізіледі. Банктерде төлемді орталықтандыру айналыс шығындарын азайтады. Ал есеп айырысуды жеделдету үшін және төлемдердің сенімділігін артыру үшін қазіргі кезде есептесудің электрондық жүйесі енгізілуде.

Коммерциялық банктердің ерекше қызметі төлем құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейті немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік қызмтеттеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке ақша салу арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі. Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне әр түрлі әсер етеді. Мысалы, егер клиент банкке 10 мың доллар салып, оны талап бойынша алынатын шотқа есептеуды өтінеді. Бұл операциянынң нәтижесінде банк балансының активінде кассалық қалдық 10 мың доллар өседі, ал пассивінде депозиттерде осы сомаға артады. Шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі өзгермейді. Себебі ақша қолма-қол формасынан қолма-қол емес формасына ауысты. Банк қарыздарға 10 мың доллар сомаға несие беріп, оны депозиттік шотқа есептетеді делік. Онда шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі 10 мың долларға өседі, себебі банк өзінің несиелеу операциясымен және төлем құралын, яғни чек шығарады. Осы депозит сомасына ақша массасы артты.

Дегенмен банк өзінің қызметі барысында ақша шығарумен қатар ақшаның бір сыпыра бөлігін «жоюмен» де айналысады. Бұл, біріншіден, клиент банктегі шотынан қолма-қол ақша алғанда (бірақ жалпы ақша массасы өзгермейді), екіншіден, несиені қайтарғанда депозиттік шоттан шығарылады. Бұл жағдайды жалпы ақша массасы кемиді. Дәл осындай нәтиже банктер бағалы қағаздалрды сатқанда алынады - ақша салушылардың шотындағы салым (депозит) сомасы және шаруашылықтағы төлем қаражатының массасы да азаяды.

Коммерциялық банктердің депозиттерді (сонымен бірге ақша массасын) ұлғайту немес кеміту мүмкіндігін орталық банктер міндетті резервтер жүйесі арқылы несие динамикасын басқаруда кеңінен пайдаланылады. Банктердің резервтерін қысқартып, қортындысынджа орталық банк депозиттердің қысқару реакциясын тудырса, ол резервтерді ұлғайту депозиттердің өсуін ынталандырады. Бірақ экономикаға айналымдағы шамадан тыс ақша емес, оның үйлесімді шамасы қажет. Сондықтан коммерциялық банктер орталық банк бекіткен шама шектеуімен (міндетті резервтер шегінде) әрекет етеді.

Коммерциялық банктер акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығару және орналастырып эмиссиялық - құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып әрі онымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында кәсіпорындар акция және облигация шығарады. Бұл жағдайда кәспорындардың тапсырысы бойынша банктер бағалы қағаздардың көлемін, шығару жағдайымен эмиссия мерзімін анықтауды, олардың типін таңдауды, сондай-ақ оларды орналастыру және екінші рет айналысқа түсіру міндетін өзіне алады. Шығарылған бағалы қағаздарды сатып алуға кепілдік береді. Ол үшін бағалы қағаздарды өз есебіне сатып алуды - сатуды ұйымдастырады немесе сатып алушыларға қарыз береді.

Сол сияқты банктер мемлекеттік облигацияларды белсенді түрде сатып алады және оларға жазылу операцияларын жүргізеді. Мемлекеттік облигацияларды қайта сатуды делдал ретінде екінші нарық ұйымдастырады. Бұл нарықтағы операцияларды сату курсы мен сатып алу курсын айырмасына түседі аса көп пайданы өзіне алып, оларды аса ірі банктер тобы монополды түрде жүргізеді. Мысалы, АҚШ-та онымен алты коммерциялық және 13 инвестициялық банктер шұғылданады.

Банктер сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару қызметінде атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айырылғандардың (бойдақ жесірлердің, жасы толмағандардың) мүлкін уақытша басқару; ізбасарларының мүддесі үшін өлген адамның мүлкін басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару (ақшаны акцияға, қозғалмайтын мүлікке салу); құндылықтарды сейфте сақтау және тағы басқа қызметтер көрсетеді. Ал компанияларға көрсететін қызметтері бұл аталғандардан өзгеше: банктың облигациялар бойынша кепілшіл болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және трансфертті тіркеу үшін (яғни атаулы акция бойынша иелік құқын басқаға беру) өкіл болуы; корпорацияның зейнетақы қорынан қаржысын басқарушы болуы және т.б. қызметтер атқару мүмкін.

Банк бұл қызметтерді формальды клиенттердің өкілі ретінде атқарғаны мен, шын мәнінде сенімхатпен қызмет көрсетудің нәтижесінде ол көптеген капиталды қадағалауға және экономикалық хабарларды өзіне жинақтауға мүмкіндік алады. Мысалы, бағалы қағаздарды және трансфертті тіркеу үшін өкіл ретінде жүріп, банктер акционерлермен бақылау қызметін бөлу туралы құпия мағлұматтарға ие болады.

Экономикалық мағлұматтарды өзіне жинақтауы банктердің клиенттерге кеңес беруі мүмкіндік туғызады. Банктер кәсіпорынның қаржылық қызметіне, бухгалтерлік есебіне талдау жүргізіп, дамуын стратегиясын бағалаумен және табысты ұлғайту мүмкіндігін анықтаумен шұғылданады. Банктер клиенттің жаңа акциялар шығару болашағын және оларды нақты орналастыруды қарастырады.

Банктер төмендегідей кеңес береді: шот ашу; есеп-несиелік және кассалық қызмет көрсетуден бастап ақша және тауар нарықтарында операциялар жүргізуге дейін нұсқау береді.

Коммерциялық банктерін кеңес беру қызметін төмендегідей топтастыруға болады:

- несиелеу және есеп айырысу ісі бойынша - ақша нарығындағы коньюнктура, процесттік мөлшердің қозғалысы, несиелеудің жағдайы және формасы туралы хабар, несие-есептік қызмет көрсету үшін әр түрлі мәмілелер бойынша нұсқау беру, қолма-қол ақшасыз есептесуді талдау оны жетілдіру жолдарын зерттеу;

- бағалы қағаздарды шығару және олармен операция жүргізу бойынша - бағалы қағаздар нарығы коньюнктурасы, олардың бағасының өзгеруі, бағалы қағаздардың эмитенттері, бағалы қағаздарды шығару тәртібі және олардың айналыс ережесі туралы хабар;

- күрделі қаржы беру бойынша - құрылыс қызметі нарығының коньюнктурасы, құрылыс материалдарының бағасымен әртүрлі құрылыс - монтаж (құрастыру) жұмыстарының тарифтері, күрделі қаржының экономикалық тиімділігн есептеу туралы анықтама.

Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейте түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көресту сапасын жақсартуға ынталандырады. Соңдықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды батыл меңгеріп, қаржылық кәсіпкерліктер тен қолданылуда. Сайып келгенде банктердің экономикадағы ролі артуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет