Барлығы – 180 сағат



бет6/12
Дата25.02.2016
өлшемі1.22 Mb.
#20232
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Әдебиет: 1. История гражданской войны в СССР. 1917-1922. Т. 4.М., 1959

2. Покровский С.И. Разгроминостранных военныхинтервентов ивнутренней контрреволюции в Казахстане /1918-1920 гг./. Алма-Ата, 1957.

15 дәріс

Тақырыбы: Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат, оның тарихи маңызы

Дәрістің мазмұны:

1. ЖЭС-қа көшудің тарихи алғышарттары

2. ЖЭС-тің мәні, негізгі бағыттары

2. ЖЭС-тің табыстары, жетістіктері, қарама қайшылықтары

3. ЖЭС-тің тарихи маңызы, тағылымы

1921 ж. наурызынан бастап елдегі үкімет билігі шаруалар көтерілісінен кейін шаруашылық мүддесін іске қосудың пәрменді жүйесін жасау жолында шешуші шара ретінде азық-түлік салымынан азық-түлік салығына көшу туралы шешім қабылданды. Өнім шығарушылар артық өнімдерін базарда сату құқығына ие бола бастады, ол ауыл шаруашылығын біршама көтеруде көмегін тигізді. Егістік ауқымының өсу процесі негізінде 1925 ж. егістік ауқым 3 млн.ға жетті. Егіндікті жинау 1922 ж. қарағанда өнімді бола бастады, мал басының өсуі көріне бастады. 20 ж. Қазақстанда жүргізілген аграрлық реформа негізі ауыл шаруашылығындағы тоқыраудан шығуда өзіндік орын алды. 1921 ж. ақпан-сәуір айларында қазақтарға Ертіс пен Орал бойларындағы бұрын казак әскерлеріне берілген он шақырымдық жерлер қайтарылды. 1921-1922 жж. Түркістанда құрамына Жетісу мен Cырдария облыстары да кіреді, жер-су реформасы қабылданды, онда 1916-1917 жж. кәмпескеленген жерлер қазақтарға қайтарылды және жерді пайдалану жүйесі анықталды.

Өнеркәсіп пен транспорт жүйесінде қиын жағдай сақталып қалынды. Тек жеңіл өндіріс саласында кейбір алға жылжу болғанымен, ауыр өндірісте, оның ішінде Риддер, Спаск заводы, Қарағанды мен Екібастұз кен орындары жұмыссыз тоқтап тұрды. Тек соғысқа дейінгі деңгейді мұнай шығару өнеркәсібі сақтап қалды. Көлік және темір жол құрылысын қалпына келтіру өте баяу жүрді. Барлық темір жол торабтары тек республикадан шикізат көздерін, ауыл-шаруашылық товарларын шығару үшін қолданылды.

Әдебиет: 1. Омарбеков Т.О. 20-30жылдардары Казакстан қасіреті. Алматы, 1997.

2. Осипов В.П. Всматриваясь в 20-30-е годы. Алма-Ата, 1991.

16 дәріс

Тақырыбы: Қазақстандағы ХХ ғ. 20-жылдардағы қоғамдық-саяси өмір

Дәрістің мазмұны:

1. Өлкедегі кеңестендіру саясаты. Оңдағы Қазақ АКСР-інің қызметі

2. 1920-30 жылдардағы бұқаралық көпшілік ұйымдар, олардың қызметтері

3. Қоғамдық-саяси дамудың бағыттары, жетістіктері, қиындықтары

Экономиканың ымырашылдану саясатына қарамастан, саяси өмірде Коммунистік партияның авториталық билігі мен үстемдігі өз тенденциясын күшейте отырып біртіндеп мемлекеттік аппаратқа ауысты. Сонымен бірге, жарияланған автономиялар тек номинальды түрін көрсетті. Қазақстанда өз билігін өз қолына ала алмады. Өндіріс өнер кәсіптері мен темір жол торабтарының басым көпшілігі Москваның бақылауында болды. Антидемократиялық сайлау заңдары тек жұмысшы табы мүддесін қорғап, басқарушы элитаға қазақтар санын кемітті. 1922ж. Қазақстанның партия ұйымдарының қатарында барлығы 6,3% қазақ өкілі болса, І облыстық партия конференциясының 162 делегаттарының ішінде тек 19 қазақ өкілі болды.

Қазақстанның Түркістан АКСР құрамына кіретін оңтүстік облыстарының жағдайы тым күрделі болды. 1920ж. жергілікті ұлт коммунистерінің Орта Азия республикаларының біріктіруімен біріккен Түрік Республикасын құру, Түрік халықтарының Коммунистік партиясын құру идеялары орталық билік басшыларынан қарсылыққа ұшырады. БОАК мен РСФСР Совнаркомы (Түріккомиссия) Ташкентке комиссия жіберді, жергілікті партия органдарының Түрік Республикасы жайындағы шешімдері бұзылды, өлкелік партия комитеті тарқатылды, бұл реформаны ұйымдастырушылық басында тұрған. Т.Рысқұлов партиялық және мемлекеттік органдардан кетуіне мәжбүр болды. 1922 ж. ғана олар өздерінің “қателіктерін” ресми түрде мойындағаннан кейін ғана республикалық басшылыққа келді.

1923 ж. маусымда өткен ОК РКП(б) мәжілісінде ұлттық идеяны жақтаушыларды құдалаудың қатар формалары жүргізілді. Осы мәжілісте татар коммунистерінің басшысы Сұлтангалиев ауыр сынға ұшырады және сырт аудандарда оны жақтаушы ретінде Т.Рысқұлов тасынға түсті. Сұлтанғалиевке Кеңес билігін құлату үшін басмашылармен қарым қатынаста болды және ұлтшыл деген кінә тағымды. Осы кезеңнен бастап ұлттық интеллигенция өкілдері саяси жазаға ұшырай бастады. 1922 ж. барлық басқарушы орындардан бұрынғы Алаш партиясының өкілдерін алып тастау процесі жүргізілді, ал 1924 ж. қазақ-коммунистері республикадан алыстатылып Орталыққа жіберілді. Жергілікті коммунистердің бір бөлігі “алаш-ордалықтарды” қудалауға қарсы шықты. Мысалы С.Садуақасов либеральды интеллигенция өкілдерін басшылыққа ұсынуға шақырды. Осы жағдай жөнінде Түркістандық лидер С.Ходжановта ұстанды. Ұлтшылдық жайында және жергілікті кадрларды құдалауға Н.И.Ежов аз “үлес” қосқан жоқ. Ол Қазақстанға 1923 ж. Семей губкомының хатшысы қызметіне тағайындалды, ал 1924 ж. обком партияның ұйымдастыру — нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 1925 ж. Қазақ Өлкелік Комитетінің бірінші хатшылығана Ф.И.Голощекин тағайындалды. Оның келуімен байланысты республикаға қысым жасалу саясаты күшейіп, ерекше сипат алды.

Әдебиет: 1. Омарбеков Т.О. 20-30жылдардары Казакстан қасіреті. Алматы, 1997.

2. Осипов В.П. Всматриваясь в 20-30-е годы. Алма-Ата, 1991.

17 -18 дәріс

Тақырыбы: Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Тарихи тағылымы

Дәрістің мазмұны:

1. Қазақстанда мемлекетке астық және ет дайындаудың сталиндік бағытын жүзеге асыру.

2. Қазақ ауылындағы меншік иелеріне шабуыл.

3. Қазақ шаруаларын зорлап отырықшыландыру және оның ауыр салдарлары

4. Сталиндік-голощекиндік геноцид зардаптарына қарсы күрес.

БК(б)П Қазақ Өлкелік Комитетінің бірінші хатшылығына 1925 ж. қыркүйекке байланысты республикаға қысым жасау саясаты күшейіп, ерекше қатаң сипат алды. Бұл өкімет билігінің барлық демократиялық институттарын алмастырып біткен партия органдары енді, өздері құрған жүйенің тұтқынына айналды. Ф.И.Голощекин өлкелік комитеттің құрамына және хатшысы болып кооптация арқылы сайланды.

20 ж. екінші жартысында Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі күрт өзгерді. 1925 ж. желтоқсанда өткен өлкелік партия комитетінің V Конференциясының “Ауылды кеңестендіру” туралы шешімі тап күресінің ишеленісуіне ықпалын тигізді. Республикада “Кіші қазан” төңкересін өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды, бұл күшпен ұжымдастыру және 1937—1938 жж. жаппай жазалау кезеңінде қазақ халқын үлкен қайғы-қасіретке ұшыратты.

Ұлттар мен ұлтшыл-уклонистер туралы қақтығысты ушықтыруға және жергілікті кадрларды құдалауға Н.И.Ежов аз “үлес” қосқан жоқ. Ол Марий обкомынан БК(б) П Семей губкомының хатшысы қызметіне жіберілді, одан кейін өлкелік партия комитеті ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Сол кезде, онымен қатар Қазақстанда голощекиндік-сталиндік үлгі бойынша “қайта құрумен” келіспеген ірі жауапты қызметкерлердің қарсылығы жанышталып тасталды. 1927—1929жж. көрнекті мемлекет қайраткерлері Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов, М.Мырзағалиев республикадан аластатылды. Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Ж.Мынбаев, Ағарту халық комиссары С.Сәдуақасов, Жер халық комиссары Ж.Сұлтанбеков және басқалар қызметінен алынды. Қазақ қызметкерлерінің көпшілік бөлігі топқа бөлініп, жікшілдік күресіне қатысты деп кінәләнді. Бұл жағдайға 1927ж. қарашада өткен 3-өлкелік партия конференциясының қарарлары куә. БК(б)П Орталық бақылау комиссиясы негізгі “топқа бөлінушілердің” бірі С.Сәдуақасовтың ісімен арнайы шұғылданғанына қарамай, мұндай топтардың бар екендігін таба алмады. И.В.Сталинге, В.М.Молотовқа, Л.М.Кагановичке жазған хатында Н.И.Ежов барлық қазақ кадрлары, барлық қазақ коммунистері ұлтшылдықпен және жікшілдік күреспен ұланған, олардың арасында діні сау партиялық күш жоқ деп мәлімдейді. Болашақ КСРО Ішкі істер халық комиссары Москваға ауысар алдында өзінің лаузымына осылай “даярланды”, 1937ж. жаппай жазалау соның жанталасуымен жүргізілді. 20ж. аяғына қарай жағдайды ұшықтыру мен күдікшілдік жаппай сипат алды. Орталықта троцскишіл-зиновьевшіл оппозициямен және “оңшыл оппортунистермен” күрестің күшеюі ұлт республикаларында ұлт-азаттық қозғалыстарының өкілдерін жазалау сипатында көрініс тапты. 1928ж. “буржуазияшыл ұлтшылдар” деген айдармен — бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен 44 адам жалған айыптармен қамауға алынды. Олардың ішінде А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Ғаббасов және басқалар бар еді. Құрамында М.Тынышпаев, Х.Досмұхаметов, Ж.Досмұхаметов, Ж.Ақбаев, Қ.Кемеңгеров және басқалары бар (40 адам) басқа тобы 1930ж. қыркүйек-қазан кешікпей олардың ішінен 15 адам (М.Тынышпаев, Ж.Ақбаев, Х.Досмұхамбетов, Ж.Досмұхамбетов, К.Кемеңгеров және басқалар) Ресейдің Орталық-қаратопырақты облыстарына жер аударылды. Осылардың барлығына дерлік 1937—1938жж. жазаланды.



Әдебиет: 1. Коллективизация сельского хозяйства Казахстана (1926-1941гг.) /Докум. и материалы в 2-х томах./. Алма-Ата, 1967.

2. М.К.Қозыбаев, К.С.Алдажуманов, Ж.Б.Әбілхожин. Қазақстандағы күшпен коллективтеңдіру: қорлық пен зорлық. А., 1992

19 дәріс

Тақырыбы: Қазақстандағы 1926-1940 жылдардағы индустрияландыру саясаты

Дәрістің мазмұны: 1. Индустриландыруға бағыт алу.

2. Жүзеге асырудың қиыншылықтары

3. Қазақстандағы индустрияландыру саясатының қиыншылықтары

20 ж. бірінші жартысында КСРО-ның барлық өнерінде өнеркәсіптің күйреуі индустриялық дамуды жеделдету қажеттілігін туғызды. Алайда, Москвада оны дамыту жолдары мен әдістері жайында пікір-талас күшейе түсті. Бүкілодақтың халық Шаруашылығы Кеңесінің Төрағасы Ф.Дзержинский шаруаларды халық тұтыну товарларымен қамтамасыз ету мен одан тез арада пайда түсіру үшін жеңіл өңдеу бірінші орында дамытуды ұсынды. Оның орынбасары Пятаков ауыр өндірісті тез арада дамыту бағытын ұсынды. Л.Троцкий Приображенский мен Сталин оның ұсыныссын қолдады. Жаңа өнеркәсіптер құрылысы мен оны жаңашаландыру үшін қаржы көзі ретінде, жеке шаруашылық секторларынан, яғни шаруаларға салық салу арқылы “қотару” жолы арқылы жүргізу көзделді. 1926 ж. бастап мемлекет жедел индустриаландыру бағытын ұстанды.

Қазақстан, Москва билеушілерінің ойлары бойынша индустриялық жеделдетудің негізі бір аудандары болуға тиіс деп есептелінді. Орталықтың саяси бағытын белсенді жүргізушілер қатарындағы Ф.Голощекин республикада кенді сыртқа шығару үшін кен өндіру мен темір жол транспортын ұсынды.

Осы мақсатта КСРО-ның өндірісі дамыған региондар үшін, Қазақстанды шикізат көзіне айналдыру қарастылды. Жергілікті саяси қайраткерлермен бірге басшы ретінде С.Садуақасов бұған қарсы шықты, ол орталық өнеркәсіп үшін негізінен шикізат көзі деп саналған саясатты тоқтатып, Қазақстанда жедел қарқынмен индустрияландыру саясаты республика мүддесі үшін де қолданылуды көздеді. Алайда, Голощекиннің көзқарасының негізінде Қазақстандағы индустриялизация отаршылдық формаға ие болды.

Ең ірі құрылыс қатарына 1931 ж. аяқталған Түркістан-Сібір темір жолы яғни Алматыдан Семейге дейін жүргізілген құрылыс болды. 1927ж. Петропавловск-Көкшетау, ал 1931ж. Ақмолаға дейін жеткен жол құрылысы салынды. 1939 ж. Қазақстаннан шикізат байлығын шығару үшін Ақмола-Қарағанды, Имск-Орал, Рубцовск-Риддер, 1940ж. Қарағанды-Жезқазған жол құрылысы салынды.

Пайдалы қазба байлықтарының аса бай кеніштерінің болуы Қазақстанда ауыр индустрияны, әсіресе оның кен шығару, мұнай, көмір, түсті металлургия саласын дамыту үшін негіз болды. Бұл салалар республиканың индустриялық бейнесін, оның өнеркәсібінің шикізаттық бағытын ұзақ уақытқа белгілеп берді. Риддер полиметалл комбинаты, Қарсақпай мыс комбинаты, Ертіс мыс қорыту заводы және басқа қайта құрылған кәсіпорындар базасында жұмыс істеді. Шымкент қорғасын заводы, Балхаш мыс қорыту және Ащысай полиметалл комбинаттары салынды. Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын — мырыш заводы салынды. Негізінен Қазақстанда индустриализация екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңына дейін жүргізілді.

Өндіріс құрылысының өсуі жұмысшы күшінің тапшылығын көрсете бастады. Қазақстан құрылыстарына өнеркәсіпті орталықтарындағы жұмыссыздық салдарынан көбей түскен жұмысшы күші негізінде, 1931-1940жж. 559 мың адам республикаға әкелінді. Жұмысшы табының негізгі бөлігін, ұжымдастыру кезінде күйретілген деревня мен ауылдардың шаруалары құрды. Жұмысшы табының санының өсуіне басты негіз болған. Жағдай - арнайы көшірілген халықтар болды, олардың қатарына орталық региондар мен Сибирден тәркілеуге ұшыраған кулактар да жатты. 1931 ж. Қарағандыға 70 мың адам көшірілді, олар 25 поселоктер мен концлагерлерге орналастылды. Арнайы көшірілген халықтар поселоктерден өз бетінше шығуға құқықтары болмады, олар негізінен барактар құрылысында, шахталар мен темір жол құрылыстарында жұмыс жасады. Жұмысшыларға күнделікті 600 гр. нан, ал жұмыссыздарға күніне 300 гр. нан ғана берілді. Қазақстанға барлығы 189 мың “кулак” оның 150 мыңы 1931 ж. жіберілді. 1937 ж. арнайы көшірілгендердің саны 360 мыңға жетті.

“Социалистік индустриализация” тағы бір жобайы көрінісі ОГПУ — лагерлік жүйесі болды. НКВД арзан жұмыс күшімен ірі кәсіпорындарды қамтамасыз ету үшін өз қызметін жасады. 1931 ж. Қарағанды лагері (КарЛаг) құрылды, онда КСРО-ның барлық региондарынан репрессияға ұшырағандар жіберілді. 30-40жж. аралығында Қазақстанда осындай лагерлердің бір қатар тобы пайда бола бастады. Республика жер аударылғандардың үлкен бір орнына айнала бастады.

Индустриализация қортындыларына негізінен әр түрлі баға беріледі. Ол негізінен халықтың әсіресе шаруашылардың тұрмысы мен өмірінің төмендеуі негізінде орындалды. 1929-1934 жж. инфляция негізінде ақша өлшемі 180% өсті, өндірістік товарлар бағасы 250-300% дейін өсті. Бесжылдық жоспар бойынша, әсіресе жеңіл өндірісте белгіленген жоспарлар орындалмады.

Әдебиет: Абылхожин Ж.Б. Очерки моциально-экономической истории Казахстана. ХХ век. А., 1997

20 дәріс



Тақырыбы: Қазақстанның соғыс алдындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы

Дәрістің мазмұны:

1. Қазақ Кенестік Социалистік Республикасының /Қазақ КСР/ құрылуы

2. Республикадағы әлеуметтік, демографиялық және этнодемографиялық жағдай

3. Казармалық социализм жүйесінің орнығуы, Сталиндік жазалау шаралары /1937-1938 жж./

30 ж. үшінші жартысы саяси репрессияның жаңа толқынымен белгіленді және ол жалпылама сипат алды. Сталиннің жеке басқа табынушылық саясатының күшеюі негізінде “халық жауларын” түгелдей тамырымен жою үшін партиядағы басқарушылар мен кеңес қызметкерлері арасында тазарту процессі жүргізілді. 1937-1938жж. “ұлтшыл-фашистер” мен сатқындық кінәсі Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Ходжанов, У.Құлымбетов, О.Исаев, О.Жандосов, А.Досов, А.Асылбеков, С.Садуақасов, С.Сафарбеков, Т.Жургенов және т.б. тағылды. Қазақтың ғылымы мен мәдениеті орны толмас шығынға ұшырады. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж. және Х.Досмухамедовтар, М.Тынышпайұлы, М.Жұмабай, С.Сейфуллин, И.Жансүгүров, Б.Майлин, С.Асфендияров, Ж.Исанин, К.Кемеңгеров кінәсіз жазалаудың құрбандары болды. Оларға тағылған негізгі кінәлар ауыл шаруашылығындағы тоқыраушылық, 20—30 жж. көтерілістер жапон разведкасымен байланыста болғандықтары, Қазақстан аумағын бөлуге жасаған шаралары болды. Қарағандыда және бірнеше аудандарда “халық жауларын” соттау процессі арқылы жүргізді. Алайда, “халық жауларының” негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының үштігінің мәжілісінде шешті.

Қазақстан аумағы үлкен лагерьге айналды. Көптеген өндіріс өнеркәсіп орындарына жұмыс күші жазаланғандар санымен толтырылды. Қазақстан лагері бойынша жүздеген мың жазаланушылар өтті. 30 ж. аяғында республикаға түгел халықтарды жер аудару процесі басталды. Қиыр Шығыстан корей халықтарын көшіру саясатынан басталды. 1937 ж. “жапон шпионаждығынан сақтандыру” үшін 180 мың адам туған жерінен Қазақстан мен Өзбекстан көшірілді. Соғыс алдындағы жылдарда Қазақстанға Украина мен Белоруссиядан 102 мың поляктар жер аударылды. Жер аударылып келген халықтар жаңа жерлерін тастап кетуге және азаматтық құқықтарынан айырылды. Негізінен Қазақстанға басқа ұлт өкілдерін күшпен көшірілу процесі Соғыс жылдарында күшейтілді.



Әдебиет: Қойгельдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? А., 1993.

21 дәріс



Тақырыбы: Қазақстандағы мәдени құрылыс /ХХ ғ. 20-30 жылдары/

Дәрістің мазмұны:

1. Ересектер арасындағы сауатсыздықты жою

2. Халыққа білім беру жүйесінің дамуы

Білім беру жүйесінің дамуы.

Халыққа білім беру жүйесінің дамуы және жаппай сауатсыздықпен күрес-кеңестік тәртіп тұсындағы бірден-бір сөзсіз жетістік болды. 1918 жылы “Бірыңғай еңбекші мектебі Декларациясы мен “Бірыңғай еңбек мектебінің ұсынысы” қабылданып, онда кеңестік білім беру жүйесінің басты принциптері жарияланды – ақысыз, бірлескен ұлдар мен қыздар оқуы, құдайды уағыздап оқыту тәртібін жою, жазалаудың барлық түрін өзгерту, мектептік өзін-өзі басқару. Барлық мектептер екі сатыдан тұрды – бірінші, 8-13 жас аралығындағы балаларға арналған, ал екіншісі – 13-17 жас аралығындағы балалар. Кеңестік медрессе, мектеп және орыс-қазақ мектебі бірден белсенді жұмыстар атқарып кетті. Азамат соғысы аяқталған тұста Қазақстанда 2410 мектеп болып, онда 114 мың оқушы оқып, оның 31 мыңы қазақтар болды.

20-ш30-шы жылдары мектептерді әдістемелермен қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыстар жүргізілді. 1921 жылы Семейде Ахмет Байтурсынов пен Міржақып Дулатовтың “Есеп құралы”, “Оқу құралы”, “Тіл құралы” атты оқулықтары басылып шықты, Мемлекеттік баспадан зиялылар редакциялық коллегиясының жаңа оқу құралдары басылды; А.Бөкейханның (“География”), М.Жұмабаевтың (История Казахстана; Педагогика), Ж.Аймауытұлының (“Дидактика”), Б. Омаровтың (“Алгебра”), және басқа да белгілі ұлттық интелегенция қайраткерлерінің жұмыстары басылды. 1927-28 оқу жылы қазақ мектептеріне арналып 30-ға жуық оқулық жалпы 575 мың экземпляр болып басылып шықты.

1929 жылы қазақ тілінің араб графикасынан латынға ауысуы білім беру жүйесіне ауыр соққы болып тиді. Біртіндеп жүргізілген сауатсыздықпен үкіметтің күресі қазақтардың ғасырлар бойғы рухани мұраларын жоя бастады, араб шрифіндегі кітаптар қолданыстан шықты. А.Байтұрсыновтың 1924 жылғы шыққан кітабын қазақтармен қатар түрік тілдес халықтар да түсінетін, бірақ араб графикасындағы кітаптарды оқу саяси қателік болып саналды. Жүздеген мың араб графикасымен оқи алатын қазақтар сауатсыздарға айналып, жаңа әліпбиге көшуіне тура келді.

Кеңес Үкіметі жылдары Қазақстанда жоғарғы оқу орны жүйесі дами бастады. 1926 жылы Ташкенттегі жоғарғы педагогикалық институтында қазақ факультеті құрылды. 1928 жылы факультет Алматыға көшіріліп қазақ мемлекеттік университеті болып қайта құрылды. Екі жылдан соң ол қазақ педагогикалық институты атауына өзгертілді, ал 1935 жылы институтқа Абай Құнанбаев аты берілді. 1929 жылы Алматыда зооветеринарлық институт ашылды, ал 1930 жылы – ауышаруашылық. 1934 жылы астанада жаңа екі ЖОО ашылды. Тау-кен институты және С.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университеті (қазір әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті). 1931 жылы Алматыда республикада алғаш медицина институты ашылды. Орал, Семей, Ақтөбе, Петропавл, Шымкент және Қостанайда педагогикалық және мұғалім даярлау институттары ашылды. 30 –шы жылдары сырттай оқу жүйесі даму алады.



Әдебиет: 1. Культурное строительство в Казахстане. Сб. докум. и матер. Алма-Ата, 1965.

2. Сулейменов Р.Б., Бисенов Х.И. Социалистический путь культурного прогресса отсталых народов (История строительства советской культуры Казахстан 1917-1965 гг.

3. Сулейменов Р.Б. Ленинские идеи культурной революции и их осуществление в Казахстане (Исторический опыт развития социалистической культуры народов, миновавших стадию капитализма)

22 дәріс



Тақырыбы: Қазақстандағы мәдени құрылыс. /ХХ ғ. 20-30 жылдары/

Дәрістің мазмұны:

1. Кәсіптік білім беру және қазақ кеңес интеллигенциясының қалыптасуы

2. Қазақ кеңестік әдебиетімен өнерінің қалыптасуы

ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиеті жоғары деңгейде болды. Қазақ әдебиетінің классиктері – А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытұлының шығармалары көпшілік құрметіне ие болды. Олар өз шығармаларында жалпы адамзаттың құндылықтарды, гуманизм принциптерін ұстанды. Сол жылдары “пролетарлық” әдебиеттің жас әдебиетшілер буыны пайда болды – С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсіреповтың және М.Хакімжанованың алғашқы еңбектері жарық көрді.

20-шы жылдардың бірінші жартысы әдебиеттегі Абай салған классикалық бағыттау үстемдігімен сипатталады. Бірақ үгіт-насихаттың әдебиет арқылы жүргізілуінің тиімділігін жақсы түсінген өкімет қазақтың “социалистік реализм” бағытын құруға үлкен күш салды. Бұл ойлар 1925 жылғы өлкелік партия конференциясында, 1924 жылғы Москвадағы жоғарғы оқу орындарындағы қазақ студенттерінің жиналысында және 1979 жылы Ташкенттегі қазақ студенттерінің жиналысында айтылды. 20-шы жылдардың ортасында қоғам өміріндегі әдебиеттің орны мен ролі және қазақ “пролетар” әдебиетінің көлемі жөнінде пікір-талас қыза түсті. Осы пікір-талас барысында М.Жұмабай, Ж.Аймауытұлы, А.Байтұрсын, М.Дулатұлы, К.Кеменгеров сынды ақын және жазушылар ұлтшылдықпен анықталынды. 20-шы жылдардағы осы авторлардың әдеби шығармашылығы антикеңестік қастандық деп айыпталып, репрессиялуға сылтау болды. Онымен қатар “пролетарлық” жазушылар мен ақындардың шығармашылығына саяси бақылау орнату жұмыстары жүргізіліп жатты. Осындай мақсатта 1926 жылы өзінің “Құс жолы” баспа органы бар қазақ пролетар жазушыларының ассоциациясы (КазАЛП) құрылды. Бұл альманах “буржуазияшыл” және “ұлтшыл” әдебиетшілерді сынаудың негізгі қаруына айналды. Осылайша, 30-шы жылдардың басында Қазақстанда әдебиетке қатаң бақылау орынаталады, бірнеше төл жанрлар, тақырыптар және бағыттардың жазылуына тиым салынады және қазақ әдебиетінің одан әрі дамуы үкімет саясатының жетегінде жүзеге асты.

Әдебиет: 1. Культурное строительство в Казахстане. Сб. докум. и матер. Алма-Ата, 1965.

2. Сулейменов Р.Б., Бисенов Х.И. Социалистический путь культурного прогресса отсталых народов (История строительства советской культуры Казахстан 1917-1965 гг.

3. Сулейменов Р.Б. Ленинские идеи культурной революции и их осуществление в Казахстане (Исторический опыт развития социалистической культуры народов, миновавших стадию капитализма)

23 дәріс



Тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында /1941-1945 жж./

Дәрістің мазмұны:

1. Соғыстың басталуы және фашистік Германия жоспарындағы Қазақстан

2. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеу

3. Қазақстандықтар соғыс майдандарында

КСРО-ның батыс аудандарын гитлершілдердің басып алуы, Сібір мен Қазақстанның экономикалық ел ретіндегі маңызы күшейтілді. Соғыстың алғашқы айларында үкімет билеушілері өндірістік өнеркәсіп орындарын көшіру мен айналысуы, олардың жау қолында қалдырмау қажеттілігінен туындады. Қазақстан аумағына аз уақыт аралығында елдің батыс региондарынан 142 өнеркәсіп әкеленіп, орнатылды және 532506 адам келді. Жаңа өнеркәсіп объектілерін салу жылдамдатылды. Соғыстың алғашқы бір жарым жыл аралығында Қазақстанда 25 рудник, шахталар, 11 түсті және қара металлургия фабрикасы, 19 жаңа көмір шахтасы, 3 разряд, 4 жаңа мұнай өндірісі мен Гурьевте мұнай өндіру заводы жұмыс атқарды.

Темір жол құрлысы жалғастырылды. 1942—1943 жж. Макат-Орск және Ақмола-магнитогорск линиялары салынып бітті. Соғыс жылдары Қазақстан жалпыодақтың мыс қорытудан 30%, марганец рудасын 60%, мыс рудасын қазудан 50%, металл висмут, 65%, полиметалл рудасын 70%, қорғасын шығаруда 85% беріп отырды.

Республикада танктер мен самолеттер жасау үшін ақша жинау қозғалысы басталды. 1941 ж. күзінде ВЛКСМ атындағы танк колоннасының құрлысына ақша жинау қоры басталды. Негізінде 1942ж. әскерге қазақстандық комсомолдар атынан 45 жаңа танк жіберілді. 1942—1943 жж. жергілікті халықтың жинақ қорынан тағы 10 танк колоннасы құрылды, бірнеше авиация эскадрилиясы, торпедолық катерлар мен атаулы самолеттер жасалды. Қазақстан халқы соғыс жылдары уақытында әскери техника құрылысына 480,3 млн. сом қаржы қосты.

Қазақстан ауыл шаруашылығы соғыс уақытында елге 30,8 млн. пұт астық, 14,4 млн. картоп және көк өніс, 15,8 млн. пұт ет, 3194 центнер сүт пен 17,6 мың центнер жүнді соғысқа дейінгі бес жылдан артық берді.

Республиканың бұл экономикалық табысы өте қиыншылықпен келді. Еңбекке жарамды ер адамдардың жартысынан көбі әскер қатарында болды. Өнеркәсіп орындарында әйелдер күші құрамы 50%-тен астам болды, ал жеңіл өнеркәсіпте 80—90% болды. Әскер қатарына дейінгі жастар мен жасөспірімдер жұмыс күші құрамы барлық Қазақстан жұмысшыларының 35-40% қамтыды. Еңбек тәртібі күшейтілді, жұмыс уақыты ұзартылды. 6 күндік жұмыс ақпары мен 11 сағаттық жұмыс уақыты белгіленді, демалыс айлары берілмеді. Еңбек тәртібін бұзумен өнеркәсіптін кету 5 жыл мен 8 жылға дейін түрмеге жабу мен айыпталынды.

Экономиканы басқару әскери тәртіпке енгізілді, азық-түлік карточкалық жүйеде болды.

Қазақстанның жұмыс күшінің маңызды бөлігін арнайы жер аударылғандар құрды. Соғыстың басында олардан Еңбек Армиялары құрылды, республикада олардың саны 700 мыңға жетті, олардың 200 мыңын қазақтар құрды. 1941 ж. күзде Қазақстанда фашистермен ымыраға келушілік жаласы жабылған Поволжьеден 361 неміс жер аударылды. 1943—1944 жж. Қазақстанға күшпен 507 мың балқар, карашай, ингуштер мен чечендер, 110 мың түрік-михетенцтер, 180 мың қырым татарлары көшірілді. Көптен ондаған мың адамдар көшірілгеннен алғашқы айларда — ақ аштық пен ауруға ұшырап қырылды, тірі қалғандары еңбек әскерлеріне айналды. Оларға жаңа жерлерін тастап кетуге тиым салынды, ол жағдай бұзылған болса, 20 жыл каторгалық жұмысқа жазаланды.

1941 ж. 22 маусымда герман әкерлері соғыс жарияламастан Балтика мен Карпатқа дейінгі бүкіл батыс шекарада Кеңестер одағына басып кірді.

Нацистік доктринаға сәйкес Германия Ресей мен оның шеткі аймақтарын басып алу арқылы өздерінің территориясын ұлғайтып, оның материалдық және адам ресурстарын Рейхтің қажеттігіне жұмсауды мақсат етті. Халықтыњ 30-40%-ін Оралдан ары асырып тастап, 10-15%-ін бір-біріне сіңістіріп, қалған 3-4 млн. адамды жыл сайын жоя отырып, мүлде құрту көзделді.

Басып алған жерлерде фашистер Остланд, Московия, Украина, Кавказ тәрізді қуыршақ мемлекеттер құруды армандады. Сондай-ақ, Еділ-Урал (Ресей мен Батыс Қазақстанның автономиялық республикалары және Волга маңындағы облыстар) және үлкен Түркістан (Орта Азия республикалары мен Оңтүстік Қазақстан) сияқты екі ұлттық буржуазиялық мемлекет, үш индустриялық облыс (Новосібір, Кемерово және Қарағанды) құруды жоспарлады.

КСРО-ға шабуыл жасау үшін шекараға құрамында 5,5 млн адам бар 190 дивизия, 4 мың танк, 5 мың самолет (қарулы күштердің 70%) шоғырландырылды. Құпиясы ашылған соңғы мәліметтерге қарағанда, немістер мен оның одақтастары 1941 ж. маусымда адам күші жөнінен ғана басым болып (1,3:1), Кеңес одағымен салыстырғанда олардың танклері 3 есе, самолеттері 2 есе аз болды. Толық жабдықталмаған 170 Кеңес дивизиясының 48-і ғана шекараға топтастырылып басқалары шекарадан 300 шақырым алысқа орналасты. Кеңес әскерлерінің жан-кешті қарсылығына қарамастан, соғыстың алғашқы күні-ақ фашистік армия ел территориясына терең бойлай еніп,

1200 Кеңес самолеті бірден жойылды.

1941 ж. қарашасына қарай Кеңес одағының 40% -ның халқы, 38%- ның егістік жері мен батыс аймақтағы өнеркәсіп орталықтары жау қолында қалды.

Осындай жағдайда тылдағы республикалар мен облыстардың, әсіресе, Қазақстанның маңызы ерекше арта түсті.

Әскери жағдайға көшу соғыстың бірінші күннен бастап жүзеге асырыла бастады. Коммунистік партияның ОК-і бүкіл елді соғыс мақсаттарына жұмылдырудың ауқымды бағдарламасын жасап, ол Б(б)КП ОК-ің және КСРО-ің ХКР-ің 1941 ж. 29 маусымдағы нұсқауынан көрініс тапты. "Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!" деген үндеу кеңес халқының ұранына айналды.

Әскери өнеркәсіп пен ауылшаруашылығын қамтамасыз етуде бай ресурсы бар Қазақстан үшін ең басты мәселе еңбек ресурстарын жұмылдырып, әскери мақсаттардағы кәсіпорындар салу болды. Осыған байланысты Жезді марганец кенішін салудың ерекше маңызы болғанын атап өткен жөн. Болат сауытты техника жасауға аса қажетті бүл компоненттің жау қолында қалуына байланысты Қазақстандықтар 1942 ж. жазына қарай болат қорытатын зауыттарға марганец жіберуді 38-ақ күнде қамтамасыз етті.

Сол уақытта армия қатарына 1 млн. 36 мың адам шақырылса (1941 ж. 6 млн 425 мың республика халқының 21,2%), өнеркәсіп мекемелеріне 670 жұмысшы және инженер қалдырылды. Ауыр жұмыс негізінен әйелдер мен балалардың иығына түсті.

Ауылшаруашылығында еңбекке жарамды халықтың 20%-н еркектер (егде тартқандар), 38%-н әйелдер, 22%-н жасөспірімдер құрады..

Республиканың күшті экономикалық потенциалын қалыптастыруда қамауда отырғандардың ењбегі зор болды. Соғыс қарсаңында және соғыс жылдары 700 мың қазақстандық (қазақтар мен арнайы қоныстандырылғандар) Орал мен Сібірде қорғаныс обьектілерін салуға шақырылды. Еңбек армиясындағылар негізінен қорғаныс обьектілері, теміржол желістері мен электростанциялардың құрылысында жұмыс істеді. "Республиканың әрбір 4-інші тұрғыны соғысқа қажетті құрылыстарға жұмылдырылды. Егер осы мақсаттарға екі майданда соғысып жатқан Германияда халықтың 12% қамтылса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 24%-тен асты".

Республика өнеркәсібін соғыс мақсаттарына қарай қайта құру (конверсия) Кеңес Одағының батыс облыстарынан көшірілген жабдықтар мен мамандар есебінен жүзеге асырылды. Өнеркәсіп мекемелері Қазақстанға 1941 ж. аяғы мен 1942 ж. басында және 1942 ж. күзінде көшірілді. Республикада барлығы 200-ден астам ірі кәсіпорындар орналастырылып, алғашқы кезде олар ашық аспан астында жұмыс істеді. Қазақстанның шикізат қоры жау басып алған табиғи ресурстардың орнын толық жапты (1942 ж. ортасында көмірдің 63%, темірдің 68%, алюминийдің 60% кені жау қолында қалған-ды).

Қарағанды көмір бассейні мен Орал-Ембі мұнайлы аймағы елді энергиямен қамтамасыз етті. Донбасстан айрылғаннан кейін, Қарағанды көмір бассейні қорғаныс өнеркәсібінің негізгі базасына айналды. Баку мен Грозныйға қауіп төнгенде Ақтөбе мен Ембі майданды мұнай өнімдерімен қамтамасыз етті.

Текелі, Ақшатау, Шығыс Қоңырат, Жезді, Шымкент, Лениногорск комбинаттары майданға металл берді. 1941-1945 ж.ж. республикада 460 жаңа кәсіпорын пайда болды. Қазақстан одақ көлеміндегі қорғасынның - 85%, мыстың - 35%, молибденнің - 60%, висмуттың - 65%, түсті металл рудасының 75%-ін өндірді. Теміржол 1500 шақырымға ұзарды. Республиканың жењіл өнеркәсібі соғыс жылдары Қызыл Армия үшін киім-кешек пен жабдықтың 50 түрін шығарды.

Оралдың, Сібірдің жғне Қазақстанның табиғи ресурстарын анықтап, пайдалану үшін КСРО ғылыми академиясының арнайы комиссиясы құрылып, оның құрамына К.Сатпаев бастаѓан 100 ден астам республика ғалымдары кірді.

Майдан мен тылды азық-түлік шикізатымен қамтамасыз етудегі негізгі ауыртпашылық Қазақстанға түсті. Соғыс жылдары ауылдық жерлерде еңбекке жарамды 302 мың 100 адам ғана қалған еді, оның басым көпшілігі әйелдер мен балалар болды.Ұжымдастырудан кейін тұқым қоры жетіспей, малшаруашылығы құлдырап кеткен кезде ауылшаруашылығы өнімдерін дайындау жоспарлары өндірісті оңтайландыру есебінен жүргізілді. Ұлпаға аса бай жаздық бидайдың аз болуына байланысты тары, күріш, арпа және күздік бидай егісі көбейтілді. Малды қыстан аман алып шығу жайылымдар есебінен іске асты.

Шаруашылықты жүргізудің дәстүрлі үдістеріне қайта оралу майданға малшаруашылығы өнімдерін жөнелтуді екі-үш есе арттыруға мүмкіндік берді. 1941-1943 ж.ж. республикада соғыстың алдындағы үш жылға қарағанда ет өндіру 66,5%, сүт өндіру 18,7%, жүн-38,1% өсті. 1945 ж. гектарынан 7,9 ц бидай орылып, 65 682 900 пұт астық жиналды (1940 ж. 10 млн пұтқа кем). Ақтөбе облысы "Құрман" ұжымшарының звено жетекшісі Ш.Берсиев 1943 ж. құрѓақшылықтың өзінде тарының гектарынан 202 ц өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады, күрішшілер Ы. Жақаев пен Ким Ман Сам гектарынан 172 ц. өнім алып, дәл осындай табысқа жетті.

Сөйтіп, төтенше жағдайларда республиканың ауылшаруашылығы, көшпелі және жартылай егіншілік өндіріс тәсіліне негізделген қазақтардың тіршілік әдісінің өміршеңдігін көрсетті.

Дегенмен, соғыс, жұмылдырылған экономиканың тек қысқа мерзімде ғана тиімді бола алатынын көрсетіп берді.

Жоғары экономикалық көрсеткіштерге халықтың бірлігі мен отаншылдық сезімі арқылы қол жеткізілді. Соғыс жылдары елдің бас газеті "Правда": "Майданда қазақтар жақсы соғысады, тылда олардың әке-шешелері мен әйелдері жақсы жұмыс істейді. Қазақстан өз жерінің байлығымен, тауларының асыл қазынасымен майданға күшті тірек болып тұр"- деп жазды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет