Барлығы – 180 сағат



бет7/12
Дата25.02.2016
өлшемі1.22 Mb.
#20232
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Әдебиет: 1. Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне. Алма-Ата, 1958.

2. Балакаев Т.Б., Алдажуманов К.С. Казакстан еңбекшілері - майданға.Алма-Ата, 1985.

3. Белан П.С. Участие казахстанцев в завершающих сражениях Великой Отечественной войны /январь-май 1945 г./. Алма-Ата, 1979.

4. Козыбаев М.К. Казахстан - арсенал фронта. Алма-Ата, 1970.

24 дәріс

Тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында /1941-1945 жж./

Дәрістің мазмұны:

1. Қазақстандықтардың тылдағы ерлігі

2. Тоталитарлық жүйенің кушеюі. Ұлтаралық қатынастар. Депортация

3. Соғыс жылдарындағы ғылым және мәдениет

4. Майданға және оккупациядан азат етілген аудандарға Қазақстанның көмегі

Германияның Қазақстанға байланысты жоспары екі ойлы болды. Фашистер КСРО-ны жеңгеннен соң Орта Азия мен оңтүстік Қазақстан аумағында Гросс-Түркістан рейхскомиссариатын құру жоспарланды, ал Қазақстанның орталық, солтүстік және солтүстік-шығыс аудандары — Қарағанды, Новосібір және Кузнецк “индустриялық облыстары” қатарына енгізіп, ол жерлерге, украиндар, белорусстар, поляктар, венгрлер және т.б. Шығыс Европа халықтарын орналастыру жоспарланды. Кейінірек, фашистердің “найзағайдай” жоспарының күйреуінен кейін, олар КСРО-ның орыс емес халықтарын, Москваға қарсы күресіне пайдалану есебімен, оларға өзін-өзі басқаруды уезде беру жоспарын құрды, алайда бұл жоспарлар орындалмады. Сталин мен оның қасындағылардың әскери жеңілісінің күшеюі негізінен казармалық социализм идеологиясынан ауытқып, халықтың патриоттық сезімін күшейтуге тырысты. Дінге қарсы саясат әлсіздендірілді. 1943ж. Ташкент қаласында Мұсылмандар Орталық басқармасы құрылды және муфти сайланды. Барлық әдеби және көркем жанрлар патриоттық және ұлттық құндылықтарды уағыздап, ұлт-азаттық көтеріліс тарихы мен оның батырлары дәріптелінді.

Соғыс уақытында Кеңес Армия қатарына 1 млн. 200 мың қазақстандықтар шақырылды, 20-дан астам атқыштар дивизиясы және басқа да бөлімдер құрылды. Фашистерге қарсы соғыста ерліктерімен аты шыққан атқыштар дивизиясы: 328, 310, 312, 314, 316, 387, 391, 8, 29, 102, 405 және 101, 101 ұлттық, 81, 105, 106 кавалерия дивизиясы, 74, 75 теңіз атқыштар бригадасы, 209 Зайсан, 219 минометті, 8-ші гвардиялық, 328, 30 гвардиялық дивизия, 75-теңіз бригадасы болды. Майданға 14,1 мың жеңіл және жүк автомобильдері, 1,5 мың трактор, 110,4 мың ат, 16,2 мың арба жіберілді.

Майдандағы әскери ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандықтар орден мен медальдармен марапатталды, 500 жуық адам Кеңес Одағы батыры атағына ие болды, олардың қатарында қазақтың қос аруы — Алия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова. Төрт қазақстандық — Талғат Бигельдинов, С.Луганский, И.Павлов, Ж.Л.Беда Кеңес Одағының Батыры атаған екі мәрте алды. Соғыстан кейін атақты қолбасшы Б.Момышұлы Батыр Жұлдызы тағылды. Берлинде Рейхстаг қабырғасына жеңіс туын Р.Қошқарбаев қарады. Көптеген қазақстандықтар жау қолында қалған аудандарда партизандық құрылымдар қатарында соғысты.

Айта кететін бір жайт, сол уақытта құрылған. Түркістан легионы. Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ жүздеген мың кеңес армиясының солдаттары жау қолына тұтқынға түсті. Олардың қатарында басқа ұлт өкілдерімен қатар қазақтар, қырғыздар мен өзбектер болды. 80% жуық түркі тілдес солдаттар адам төзгісіз фашистік концлагерлерде қаза тапты. Тірі қалғандар қатарынан Кеңес Армиясына қарсы әскери бөлімдер құру жоспарланды. Қазақстан мен Орта Азиядан шыққандар қатарынан Түркістан легионы бірнеше батальондардан құрылды, алайда оларды фашистер майданда қолдана алмады. Көптеген легионшылдар қару-жарақты алысымен майдан шебінен өтіп Кеңес Армия қатарларына қосылды, кейбірі партизандарға қосылды. Ақырында легион тарқатылды.

Әдебиет: 1. Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне. Алма-Ата, 1958.

2. Балакаев Т.Б., Алдажуманов К.С. Казакстан еңбекшілері - майданға.Алма-Ата, 1985.

3. Белан П.С. Участие казахстанцев в завершающих сражениях Великой Отечественной войны /январь-май 1945 г./. Алма-Ата, 1979.

4. Козыбаев М.К. Казахстан - арсенал фронта. Алма-Ата, 1970.

25 дәріс

Тақырыбы: Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда /1946-1953 жж./

Дәрістің мазмұны:

1. Соғыстан кейінгі жылдардағы халық шаруашылығын қалпына келтіру: жетістіктер мен қиындықтар

2. Соғыстан кейінгі кезеңдегі ғылым мен мәдениет, халық ағарту істері

3. Қоғамдық-саяси өмір. «Бекмаханов ісі»

Кеңес үкіметінің соғыстағы жеңісі оның державалық империялық элитада өсуіне алып келді. Орыс халқының жеңістегі негізгі ролі айрықша көрсетіле бастады, олардың басқа елдер тарихындағы ролі қайта қарастырыла бастады. Сол сияқты қазақтың тарихындағы ролі де қарастырылды. Осыған байланысты ұлттық интеллигенция арасында буржуазиялық ұлтшылдық туралы тезис шықты.

Үкімет жағынан ең қатаң сын объектісі ретінде 1943 жылы шыққан, “Қазақстан тарихы” болды. Идеологиялық стандарттарға сай жүруге мәжбүр ету, ұлттық ойлауды басу., шовинизмнің, тіпті ұлттық фашизмнің мәдениет пен ғылымда басшылық етуі басталды. Қоғамдық танымға Ресейдің орыс емес халықтардың тарихындағы ерекше миссияндық рөлі туралы, Ресей отарлауының жақсы жағы туралы түсінік бастады, Қазақтар тарихы басқа түрік және мұсылман тарихынан бөлектетіліп Ресей тарихымен байланыстырыла бастады. Ұлттық азаттық қозғалысы реакциялық қозғалыс ретінде көрсетіле бастады, қазақтардың кейбір азаттық көтерілістері шындыққа сай топтық жіктеліс көтерілісі деп, антифеодалдық деп жариялана бастады.

Жаңа идеологиялық құрылымдармен келіскісі келмеген ұлттық интеллигенция өкілдеріне қатаң жазалар қолданылды.

40 жылдардың аяғи 50 жылдардың басында тарихшылар Е.Бекмаханов репрессияға ұшырады, М.Әуэзов, Қ.Сатпаев, Е.Исмаилов, Х.Жүмалиев, А.Жұбанов және басқалары құдаланды. 1951 жылы Ұлттық эпос, “Қобыланды”, “Ер Сайын”, “Шора-Батыр”, “Ер Едіге” және басқалары сияқты ұлттық мәдениет қазыналары орталықтан сынға ұшырады. Олар феодалдық хандар мен қанаушыларды жақтайды деп жарияланды.

1953 жылғы Сталиннің өлімі ғана репрессияның жаңа толқының тоқтатты.

40 жылдардың екінші жартысы 50 жылдардың басы лагерьлер жүйесінің апогеемі болды. Есіл даласындағы лагерьдің өзінде 1949 жылы 200 мың қамалғандар болды. Ірі лагерьлер Қарағанды және Жезғазған лагерьлері болды. Қамалғандар негізінен фашист қамауына түскен солдаттар мен офицерлер, сол сияқты Прибалтика, Украина, Белоруссия және Кавказдағы Кеңес үкіметіне қарсы көтеріліске қатысқандар болды. 1948 жылы “контрреволюциялық” және “антикеңестік” әрекеттері үшін сотталғандарға арналған арнаулы тәртіп лагері құрылды.

Дәл осы 40 жылдардың аяғы мен 50 жылдардың басында көтерілістер бұрқ ете түсті. 1952 жылы Жезқазғанның жанында орналасқан Кенгір лагерінде қамалғандар көтеріліс бастады. Осы жылы Екібастұз да көтеріліс болды. Бұл екі стихиялық көтерілістер де ішкі істер мен әскер күштерімен басылды.

Әдебиет: 1. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана XX век. Алматы, 1997.

2. Гуревич Л. Тоталитаризм против интеллигенции. Алматы, 1992.

26 дәріс

Тақырыбы: Хрущевтің реформалары дәуіріндегі Қазақстан /1954-1964 жж./

Дәрістің мазмұны:

1. Қоғамды демократияландырудың негізгі бағыттары. Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптау

2. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: кезеңдері, жетістіктері, қиындықтары, қайшылықтары, салдары

3. 1954-64 жылдардағы индустриалдық даму, табыстары

4. 1950-60 жылдардағы әлеуметтік даму: бағыттары, қарама-қайшылықтары

1953 жылдың наурызында 20 жылдардың аяғынан бастап үздіксіз ел басқарған И.Сталин қайтыс болды. Оның орнын үкімет үшін күресті бастаған диктаторлар Маленьков, Молотов, Берия және Хрущев болды. Наурыздың аяғында жаңа басшылық жүйені либерализациялау бойынша шаралар қолдана бастады.

Бес жылға дейінгі сотталғандар, кәмелет жасқа жетпегендер, экономикалық әкімшілік және әскери құқық бұзушылық пен қамалғандар үшін амнистия жарияланды. Бірнеше күннен кейін 40 жылдардың аяғы мен 50 жылдардың басында саяси істер бойынша ірі тергеу жүргізу нәтижесінде Мемлекеттік органдарының заңды бұзушылығы туралы қаулы қабылданды. 1953 жылдың шілдесінде 30-50 жылдардағы репрессияның басты ұйымшысы Л.Берия қамалды.ГУЛаг ішкі істер министрлігінен юстиция министрлігіне берілді, саяси полиция жеке ұжым – Мемлекеттік қауіпсіздік Комитеті болды. (КГБ)

1955 жылы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистерге көмек жасағаны үшін қамалғандарға амнистия жарияланды.

Көшу еркіндігіне шектеулер сақталды, немістер мен қырым татарларынан саяси кінә алынбады, саяси қамалғандардың көпшілігі тек 1956 жылдан кейін ғана амнистияға ұшырады, бұл Н.Хрущевтің КОКП-ң ХХ съезіндегі әйгілі баяндамасынан кейін болды, Баяндамада бірінші рет Сталиннің жаппай репрессия жасауындағы өзіндік әрекеті туралы айтылды. Дегенмен саяси жүйені либерализациялау толық болмады. Әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізудегі барлық сәтсіздіктер және жүйенің қылмыстары Лениндік принциптерді бұрмалау нәтижесінде болды деп жарияланды, бұл партия мен елдегі басшылықтан жалпы жауапкершілікті алды.

Репрессиялық әдістерден бас тартуға қарамастан басшылық етудің әкімшілік топтық принципі сақталынды және әрі қарай дами берді. Республикалар, соның ішінде Қазақстан да Мәскеу бақылауында қала берді. Мәскеу республикалар басшыларын өз білгенінше өзгертіп отырды. Сөйтіп 1954 жылдың ақпанында Қазақстан Компартиясының VII съезінде, Кремльдің шешімі бойынша Ж.Шаяхметовтың орнына П.Понамаренко қойылды. Содан кейін Қазақстан ОК-ң хатшысы болып Л.Брежнев сайланды. Ол Pеспубликаны 1955-1956 жылдары басқарды. 1957-1958 жылдар десталинизация процесінің шыңы болды. 1957 жылдың ақпанында чечен, ингуш, балқар, қарачай және қалмақтар реабилитацияға ұшырады. Оларға отандарына қайтуға рұқсат берілді. Саяси репрессия құрбандарын реабилитация жасау басталды, бірақ ол таңдамалы түрде жасалынды және аяқталған жоқ. 1958 жылы жаңа қылмыстық кодекс қабылданды, онда “Халық жауы” деген түсінік жоқ болды, тергеу кезінде қауіп төндіру және зорлық жасауға рұқсат етілмеді, кінәсіздік презумпциясы заңдалды.

1952 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Компартиясының ОК-ң бірінші хатшысы болып Ж.Шаяхметов сайланды.

Жаңа бесжылдық жоспар бойынша республикада өндірістік құрылыстың өсуі алға қойылды. Капиталдық ақша салудың жалпы көлемі 28,5 млрд. сом болды. Бірақ кейінгі оқиғалар елдегі маңызды өзгерістерге алып келді.



Әдебиет: 1. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана XX век. Алматы, 1997.

2. Хрущев Н.С. О культе личности. Доклад на XX съезде КПСС // Известия ЦК КПСС 1989, № 3.

27 дәріс

Тақырыбы: Қазақстан 1964-1985 жыдарда

Дәрістің мазмұны:

1. 1965-1985 жылдардағы саяси-қоғамдық даму. Д.Қонаевтың қоғамдық-саяси қызметі

2. 1965 жылдардағы КОКП-ның наурыз пленумы және Қазақстандағы аграрлық саясат. Негізгі бағыттары, жетістіктері, қиындықтары

3. 1965 жылғы КОКП-ның кыркүйек пленумы. Өнеркәсіптің дамуы. Қазақстан КСРО-ның ірі индустриалдық базасы

4. Әлеуметтік-мәдени, рухани даму. Тарих және тағылым

Н.С.Хрущевтің нәтиже бермеген реформалары экономиканы басқаруда қайта құруды талап етті. 1965 жылы  тағы да  бірнеше министерліктер мен  ведомстволар  құрылды. Мұнымен бірге  шаруашылық бірқатар өзіндік жұмыстарды  атқаруды қолға алды. Бұл кезде шаруашылықта есеп (хозрасчет) жүргізілді. Сондай-ақ, жұмысты бақылауға т.б. талаптар қойылды. Бұл үшін кәсіпорындар мынандай көрсеткіштерді көрсетуі керек болды, – азық-түліктің құны, еңбек ақының жалпы қоры және басқа да қорлар құру. Жоспарланған көрсеткіштерді алдын-ала орындау т.б. көздемеді. 1966 жылы Қазақстанда шаруашылық есеп бойынша 11 үлкен кәсіпорын болды. 1967 жылдың аяғына қарай республикада жаңа үлгідегі 193 кәсіпорындар жұмыс істеді, 1970 жылы өндірістік орындардың 80% шаруашылық есеп беруге (хозрасчетқа) тартылды. Сол кезде өндірістік қатынаста жеңіл өндіріс дами түсті, транспорт, энергетика және жаңа салалар – химия өндірісі мен машина құрылысын дамыту да, айтарлықтай табыстарға жетті. 1970 жылдың басында Солтүстік Қазақстанда энергетикалық жүйе құрылып, 48 жаңа азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындар құрылды. 

1966 жылы басталған экономикалық реформа алғашқы кезеңдерде экономикалық дамуға үлкен ықпал етті. 9-шы 5 жылдықтың басында жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша және экономикалық ынталандыруда жалпы көлемде 84% немесе 1578 Қазақстан өндіріс орындары жұмыс істеді. 8-ші 5 жылдық жоспары экономикалық көрсеткіштер бойынша толығымен орындалды:

Жалпы өндірістік өнім 56%-ке, ал ауылшаруашылығы 54%-ке артты. Өндірістің көптеген саналарында үлкен жетістіктер көріне бастады.

Дегенмен де, соңғы осындай шараларға қарамастан бұл экономикалық реформа басынан-ақ ретсіз және толық жан-жақты қаралмаған болатын. Сол кезде қалыптасқан әкімшілік-әміршіл жүйе бұл жаңа реформаның дамуына үлкен кедергі келтірді. Сонымен 70 жылдың басындағы жаңа реформадағы қоғамдық өндірісті дамытуға арналған идеялар дұрыс нәтиже бермеді. Бұл реформаның негізгі мақсаты кәсіпорындардың өздігінен өз шаруашылығын дамытуы жоғарыдан қойылған есеп-жоспарды тежеді. Осының нәтижесінде ынталандыру қорларының өміріне де өзгерістер енді. Көптеген кәсіпорындар пайдаға жету жолында оңай жолға, яғни өз өнімдерінің бағасын көтеруге көшті. Бағалардың өсуіне байланысты түскен пайда жалақыны өсірді. Ал бұның өзі өнімсіз еңбекке әкелді, осының салдарынан 70 жылдары басталған экономиканың дамуына кері әсер етуші  инфляцияны тудырды. Реформа толық қарастырылмағандықтан әкімшілік және экономикалық басқару билігін арттырды. Жоғарыдан бір орталықтан басқару саясаты сақталды. Соның салдарынан ешқандай нәтиже болмай, экономикада жалпы көрсеткіш қала берді.Бірақ реформаның  сәтсіз аяқталуының себебі, саяси сферадағы демократияландыру саясатында жатты.

Тек қана экономиканың осы шектелген ұйымдар-техникалық сферасы қоғамның саяси құрылымына әсер етпеді. Жекеменшік қатынасты, мемлекеттік монополия меншігін, яғни бюрократия үстемдігін сақтады, нарықтық қатынасты шектеді. Брежневпен оның жанындағылар реформа негізіндегі терең экономикалық қайта құруларға қарсы шықты, олар әкімшілік жүйені жүргізіліп жатқан экономикалық қайта құруларға ұластырғысы келмеді.

70 жылдың басында реформаның тежелуі басталды.  Бұл кезең “Тоқырау” деп аталды. 70 жылдары шаруашылықты дамыту механизмін жақсартуға ешқандай талпыныс болмады, жоспарлау мен ынталандыру қажетті тиімділікке қол жеткізбеді. Нәтижесіз шаралар өсті – қорландыру төмендеді, жаңа өнім шығару, болу дамып отырды, экстенсивті факторлар бұрынғыдай экономикалық дамуды анықтап берді. Негізінен бағытталған басқару принципі өзгеріссіз қалды. 9-шы 5 жылдықта өндіріс Республика экономикасының жетекші рөлі болды.  Жалпы қоғамдық өнімнің құрылымында 1970 ж. оның үлес салмағы 48% болды. Оның үлесіне халық шаруашылығы қорының 38,8%-і тиді, оның жұмысшылары 1052 мың адам, яғни Республикадағы бүкіл жұмыскерлердің 22,4%-і болды.

1970-1985 жылдары Республика өндірістік көрсеткішінің нақты дамуы жүріп жатты. Өндірістің дамуына 40,8млрд.сом жұмсалды, немесе шаруашылық қорының 32% кетті. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе өсті, сонымен бірге химиялық және мунайхимиялық 6,5 есе, машинажасау 4 есе, жылу өндірісі 3,8 есеге өсті. 15 жылдың ішінде өндірістік жалпы өнім 2 есеге өсті, ал машина жасау және химиялық өндіріс 3 еседен артық өсті. 1000-ға жуық жаңа өндіріс орындары мен цехтар іске қосылды. Оның ішінде Қазақстан газ өндіру зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдар зауыты, Павлодар және Шымкент мунай өңдеу зауыты, Қарағанда металлургиялық  комбинатты, Екібастұз және  Жамбыл фосфор зауыты, Жайрам таукен комбинаты т.б. Өндіріс өнімдерін өндіруден Қазақстан КСРО-да 3 орынды алды. (РСФСР мен Украинадан кейін). Аймақтық өнім өндіру кешені құрылды – Маңғышлақ, Қаратау-Жамбыл және Павлодар-Екібастұз. Экономикалық потенциалдық өсуі халықшаруашылық айналымға шикізат және жылу-энергетикалық ресурстар енгізу есебінен болды.



Әдебиет: 1. Кунаев Д.А. О моем времени. Алматы, 1992.

2. Кунаев Д.А. От Сталина до Горбачева. Алматы, 1994.

3. Бримжаров Б.К. Социально-экономическое развитие аулов и сел Казахстана в 60-е 80-е годы /по материалам западных областей/. А., 1996.

28 дәріс



Тақырыбы: Қазақстан КСРО-дағы қайта құру саясаты жылдарында. 1985-1991 жж.

Дәрістің мазмұны:

1. 1970-80 жылдардағы саяси-әлеуметтік, экономикалық дамудағы дағдарыс құбылыстары

2. Экономикалық реформадағы өзгерістер

3. 1985 жылғы сәуір пленумы. Қайта құру саясаты. Мәні, мазмұны, кезеңдері

4. Қазақстандағы демократиялық жаңғыру. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, тарихи орны

5. Қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, қоғамдық-саяси қозғалыстар мен партиялардың дүниеге келуі

М.Горбачевтің КСРО басшылығына келуімен жарияланған әлеуметтік-экономикалық қайта қамтамастыруларға қарай бағыт өзінің басталу кезеңінен билікке шығар кезде өздерін демократиялық басшылар әрекеттерінікіндей тенденцияға ие болды. Қоғамды реформалауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық және саяси акциялар жүйесі тарихқа “қайта құру” деген атпен енді. Осы кезең дамуында бірнеше этаптарға бөлінеді.

Бірінші: 1985 ж. көктем – 1987 ж. жаз. Осы этап шеңберінде жеделдету деп аталған концепцияны жүзеге асыруға әрекеттер жасалды. Ел басшылығы қоғамды тоңыраудан алып шығуға ішкіштікпен және салғырттықпен күрес көмектеседі деп сенді. Күткендегідей бұл шаралар еңбек өнімділігін арттыруда, сондай-ақ қоғамдық дамуды жеделдетуде тез көрініс беруге тиіс болды.

Алайда жеделдетудің басты факторы ретінде өндірістік аппараты жаңарту идеясы көрінді. Кейбір “қайта құру архитекторлары” есептегендей валюталық ресурстарды тұтыну тауарларын сатып алудан негізінен машина жасау импортын алуға бөлу арқылы 1990 жылға таман әлемдік стандарттарға жауап беретін машина жасаудың азаматтық салаларындағы машиналар, құрал-жабдықтардың үлесін 90%-ке дейін жеткізу болады. Нәтижесінде еңбек өнімділігі мен жеделдетуді арттыру көзделген.

Аграрлық салада жеделдету мүмкіндігі НТР жетістіктерін, жаңа технологияларды және ауылшаруашылық өндірісін интенсификациялаудың басқа факторларын енгізуден көрінді. 1985ж. қыркүйекте Целиноградта сөйлеген сөзінде М.С.Горбачев атап өткендей бұл уақыт келешегі сондай зор делінген, колхоз-совхоз жүйесіне күш беру қажеттілігін атап өтті.

Сондай-ақ рынок пен жеке меншіктің нәтижесінде тұтынушы үшін бәсеке күрестің жоқтығы жағдайында жеделдетудің барлық идеялары елес қана болып қалды. Расында да монопольді өндіруші болып табылатын зауытқа айталық, телевизорлардың, жаңа технологиялық желілердің, егер жалпылама жеттіспеушілік жағдайда тіпті оның ең ескірген және сапасыз өнімін тұтынушылар талап алып жататын болса қажеті қанша. Өйткені тұтынушының таңдауға мүмкіндігі жоқ қой және өзіне монополист-өндіруші монопольді түрде қымбат бағамен ұсынатын нәрсені алуға мәжбүр болады. Олай болса, жаңа технологияларда, станоктарда, т.с.с. қандай мән бар? Оларсыз-ақ монополист-кәсіпорындар гүлденетін болады. Сондықтан зауыттар мен фабрикалар өздеріне жеделдетуге партиялық бағыт аясында таңылған импорттық жабдықтардан бас тартты. Ал бұл іс жүзеге аспаған соң контейнерлердегі немесе ашылған соңғы заттар желдің, қар мен жауынның өтіндегі артқы қораларға жасырылды.

Жеделдету концепциясының қауқарсыздығы ауыл шаруашылығында кері әсер етті. Мұнда да бәрі жеке мүлік қатынастарымен түсіндірілді. Мемлекеттік колхоз-совхоз жүйесі өзінің табиғи қуатымен ғылыми-техникалық төңкерестің, ең жаңа технологиялар мен жер өңдеудің ғылыми жүйелерінің жетістіктерін қабылдауға қабілетсіз болып шықты. Колхозшылар мен совхоз жұмысшылары мемлекетте құқықсыз тап, өндірістен, сондай-ақ еңбек нәтижесінен аластатылған күйінде қала отырып, қоғамдық өндіріске мән бермеді. Мотивацияның осындай үлкен шеңберінде интенсификация туралы айту тым артық еді.

Ал “бүкіл әлемнің тәртіп үшін күресіне ие артуға келсек, онда осы шараның көмегімен өнеркәсіп нәтижелілігін тек 1%-ке ғана көтеруге қол жетті, оның өзі қайта құрудың бірінші жылы болды. Ішімдікке қарсы әрекет госбюджет жетіспеушілігінің өсуі мен тұтынушылар рыногындағы ахуалдың ұшығуына әкеп соқты.

Екінші кезең. 1987 ж. жаз – 1989 ж. мамыр. Қайта құрудың алғашқы кезеңінің нәтижелері экономиканы жеңілдетілген жолдармен реформалау әрекеттерінің қабілетсіздігін көрсетіп берді. Анық болған нәрсе реформаның стилі болған “косметикалық әдістер” бұл істе көмектесе алмайды, өйткені дағдарыс себептері тіптен тереңде-өндірістік қатынастар жүйесінде жатыр. Осыған байланысты елдің динамизациясы мен игілігіне жолды рынок пен жеке мүлік арқылы, яғни барлық дамыған өркениетті мемлекеттер өз эволюцияларында жүріп өткен бағыт арқылы табуға болады деген аксиома қоғамның санасын кеңінен билеп алды.

Алайда ел басшылығы бұрынғыдай сенімсіздік, баяулық және шектен тыс байқампаздық көрсетті. Жоспар мен нарықтық апатты жалғау, сол арқылы социалистік нарықтың бір үлгісіне шығу, жеке меншікті ойдан шығарылған тәртіптермен алмастыру әрекеттері осымен түсіндіріледі. Осы кезең кемістіктерінің жарқын мысалы мемлекеттік кәсіпорын туралы және кооперация туралы жартылай заңдар болды. Олар қоғамға ілгерілеуді хабарласа да, бәрібір проблемаларды шешпеді. Радикалды шаралар керек болды.

Үшінші кезең 1989 ж. май – 1991 ж. тамыз. Тек шешімдер қабылдау орталығының бюрократиялық орындардан белсенділеу реформатырлыққа бағытталған орғанға көшуі ғана әлеуметтік жаңарулардың нәтижелі өтуіне үміттенуге себеп болды. Мұндай жорамалдар 1989 жылғы көктемгі ұлттық парламенттің сайлауы нәтижесінде құрылған болатын. Парламент мінбелерінде тоталитарлық империяның қалдықтары үстіне демократиялық қоғам орнатудың маңызды шарты ретінде нарық пен жеке меншікке өту үшін қызу талас-тартыс өріс алды.



Әдебиет: 1. Кунаев Д.А. О моем времени. Алматы, 1992.

2. Кунаев Д.А. От Сталина до Горбачева. Алматы, 1994.

29 дәріс

Тақырыбы: Қазақстан – тәуелсіз мемлекет

Дәрістің мазмұны:

1. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы. Мемлекеттік Егемендік туралы Декларация мен тәуелсіздік туралы Конституциялық заң

2. Қазақстан Республикасының саяси құрылысы, Конституция.

3. Қазақстан Республикасының рәміздері.



Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 ж. 25 қазанда Қазақстан үшін тарихи маңызы бар Декларация қабылдады. Декларацияның тарихи маңыздылығы Қазақ КСР-і КСРО құрамында болып, өзінің егеменді мемлекет екендігін жариялауында болып табылады. Енді Қазақстан басқа республикалармен қарым-қатынасын келісім (шарттың) негізінде жүргізуге тиесілі болды. Декларацияда Қазақ КСР ұлттық мемлекеттігін сақтау, қорғау және пайдалану жөніндегі шаралар қолданды. Декларацияның негізгі заңы бойынша Қазақстан аумағы бөлінбейді және оған қол сұғылмайды, оның келісімінсіз пайдалануға болмайды. Республикада тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайту бірінші дәрежелі міндет деп санады. Қазақ КСР-і Республикадағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және ұлттық-мәдени құрылысқа, оның әкімшілік-аумақтық құрылымына байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді, Республикада мемлекеттік өкімет билігі оны заң шығару атқару және сот билігіне бөлу принципі бойынша жүзеге асырылады. Заң шығару билігін Жоғарғы Кеңес жүзеге асырады. Президент Республикасының басшысы болып табылады. Атқарушы билік — Сот болып табылады. Қазақ КСР аумағында, оның өз еркімен Одаққа берген мәселелерін қоспағанда, Қазақ КСР Конституциясы мен заңдарының үстемдігі орнатылды. Қазақ КСР-і өз аумағында Республиканың егеменді құқықтарын бұзатын Одақтың заңдары мен оның жоғарғы органдарының актілерін қолдануын тоқтатуға құқылы. Республиканың экологиялық ортасын қорғаудың, табиғи ресурстардың пайдалану тәртібін, ұйымдастырылуын дербес белгілейді, халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және өз аумағында экологиялық қатер төндіретін көз болып табылатын кез келген кәсіпорындардың, мекемелердің, басқа да объектілердің құрылысына тиым салуға және олардың жұмысын тоқтатуға құқылы. Республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмысын тоқтатуға құқылы болды. Декларацияда Республиканың өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының тәртібі мен шарттарын белгілеуге, өз аумағында әскерлер мен қару жарақтарды орналастыру мәселелерін шешуге құқығы бар. Жоғарғы Кеңес пен Президентке бағынатын және олардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекет қаіупсіздігі және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқысы бар. Декларация Қазақ КСР-нің халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге дипломатиялық және консулдық өкілеттер алмасуға, халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының және оның мамандандырылған мекемелерінің қызметіне қатысуға құқысы бар. Декларация Одақтық шарт жасау, Қазақ КСР-ң жаңа Конституциясын, егеменді мемлекет ретінде Республиканың статусын жүзеге асыратын заң актілерін әзірлеу үшін негіз болып табылды, Декларацияның көптеген баптары мен идеялары Жоғарғы Кеңестің 1993ж. 28 қаңтарда қабылдаған Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасында қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет