Әдебиет: 1. Сулейменов Б. С , Васин В. Я. Восстание 1916 года в Казахстане [Текст]: Причины, характер, движующие силы / Академия наук Казахской ССР.- Алма-Ата Издательство "Наука" Казахский ССР , 1977.- 167 с.
2. Асфендияров С. Восстание 1916г. в Казахстане. А., 1936.
3. Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. А., 1995.
4. Рыскулов Т. Восстание киргизов и казахов в 1916 году. Бишкек. 1999.
5. Турсунов Х.Т. Восстание 1916 г. в Средней Азии и Казахстане. Ташкент, 1992.
№8 дәріс
Тақырыбы: Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
Дәрістің мазмұны:
1. Ұлт-азаттық қозғалыстың ошақтары, жүру барысы
2. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы
Жетісудағы көтеріліс
1916 жылдың шілдесінің аяғы мен тамыздың басында қазақтардың толқуы біртіндеп бүкіл Қазақстанды қамтыған көтеріліске айнала бастады. Ең ірі аудандардың бірі Жетісу болды, мұнда шілде айында отаршыларға қарсы қарулы күрес басталды. Көтерілісшілер пошта стансаларын өртеп, телеграф желілерін істен шығарып, жазалаушы отрядтармен күресті.
Патша үкіметі бүкіл Түркістан өлкесін соғыс жағдайында деп жариялады. Осымен бір уақытта патша үкіметі қазақ, қырғыз, дүнгендерді әскерге шақыруды 15 сентябрьге дейін қалдыруға мәжбүр болды. Көтерілісшілердің әскермен қарулы қақтығыстары 1916 жылдың тамызында жалғаса берді.
Отаршылар ұлттық арыздық отын тұтату үшін Жетісудың орыс тұрғындарын көтерілісшілерге қарсы арандатты. Түркістан генерал-губернаторы Куропаткиннің және Жетісу әскери губернаторы Фельбаумның тапсыруымен жергілікті орыс тұрғындарынан көтерілісшілерге қарсы қарулы отрядтар ұйымдастырылды.
Көтерілісшілерге қарсы патша әскерінің артиллерия және пуметтермен қаруланған арнайы отрядтары шықты. Ауылда жерлер мен қалаларда “күдікті” адамдардың бәрі тұтқындалып, әскери-дала соттары көптеген өлім жазаларына үкім шығарды.
1916 жылдың сентябрінде Лепсі уезінде көтерілісшілер мен патша әскерлері арасында қарулы қақтығыс болды. Көтерілісшілер жаппай шабуылдау әрекетіне көшті. Көтерілісшілердің жекелеген жеңістері осымен түсіндіреледі. Бірақ патша әскері күш жағынан басым және артиллерия, пулеметтермен қаруланған еді. Нашар ұйымдастырылған және одан да нашар қаруланған көтерілісшілер жеңіліс тапты. Сентябрьдің аяғында көтерілісшілер жеңіліс тапты. Сентябрьдің аяғында көтерілісшілердің патша әскерімен Қапал уезінде әскери қақтығысы болды. Вежи өзені маңында көтерілісшілер жазалаушыларға қарсы соңғы рет шабуылдап тауға қарай шегінді. Әскерлер оларды құғындауға батылы бармады.
1916 жылдың октябріне қарай Жетісудағы көтеріліс аяусыз басылды. Өлім жазасына 347 адам, каторгалық жұмыстарға - 178, түрмеге отырғызуға - 129 адам кесілді. Бұларға қоспағанда көп адамдар сотсыз жазалауына және кулак отрядтарынан қаза тапты. Патша жазалаушылары тек көтерілісшілер ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындарды да аяусыз жазалады. Ондаған қазақ және қырғыз ауылдары жойылып, көптеген қазақ және қырғыздар өлтірілді. Патша жазалаушы отрядтарынан қашқан 300 мыңнан астам қазақ, қырғыздар туған жерлерін тастап Қытайға, Құлжа өңіріне және Қашғарға ауып кетуге мәжбүр болды.
Дегенмен толқулар жалғаса берді. Патшаға берген рапортында Куропаткин: “Жетісу және Сырдария қазақтарының тебіндік жайылымдардың шығуымен жаңа қаруланған көтеріліске шығуын жоққа шығаруға болмайды. Осындай қауіпке қарсы шаралар ұйымдастырылуда”, — деп жазды.
Торғай облысындағы көтеріліс.
Қазақтарды тылдағы жұмысқа шақырған патша жарлығы Орынборға 28 маусымда 1916 жылы алынды. Торғай облысының әкімшілігі болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарының және құрметті ақсақалдармен бірге съезін өткізіп, мұнда патша жарлығын тез арада және бұлтартпай орындау туралы шешім қабылдады. Бірақ қазақтардың наразылығы күннен күнге өсе берді. Торғай уезінде Амангелді Үдербайұлы (Иманов) басшылығымен үлкен көтерілісшілер отряды құрылды. Амангелді 1873 ж. 3 сәуірде қазіргі Торғай облысы Амангелді ауданында дүниеге келді. 12 жасына дейін ауыл мектебінде оқып, кейін дулығалы имамы Абдрахманның медресесінде оқыды. Мұнда 4 жыл оқып, түрік, парсы, араб тілдерін меңгерді. 1913 жылдан бастап Амангелді “Айқап” журналы мен “Қазақ” газетін жаздырып алып отырды. 1910 жылы туған-туыстары тұратын Терісбұтақ ауылында Амангелдінің ұсынысымен мектеп салынды.
Жетісудағы көтерілісшілер қозғалысы аяусыз басып-жаншылған кезде Торғай даласында ол күш алып, күннен-күнге өрістей түскен еді. Басшылығында А.Иманов пен Ә.Жангелдин тұрған Торғай көтерілісі ең қажырлы және ұзаққа созылған көтеріліс болды. Архивтік құжаттар дәлелдейтініндей, көтерілістің ең шырқау тұсында оған қатысушы жасақтарда 50 мыңдай адам болған. Ондаған мың ұйымдаспаған көтерілісшілерден А.Иманов ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлінген жүйелі әрі тәртіпті әскери организм құрды. Әрбір бөлімшенің басына тиісінше онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы қойылды. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А.Иманов көтерілісшілердің сандарбасы – бас командашысы болып сайланды, оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.
А.Имановтың көтерілісші әскерлері бақылауындағы аудандарда төменгі ауылдық-болыстық әкімшілік басқару қызметінен шын мәнінде шеттетілді, азаматтық өкімет көтерілісшілердің қолына өтті. А.Иманов пен ол басқаратын әскери кеңес арнайы тағайындалған адамдарға (ел бегі) көтерілісшілерді азық-түлікпен және аттармен қамтамасыз ету тапсырылған тыл қызметін ұйымдастырды, ұстаханаларда қолдан жасалатын мылтықтар, қылыштар, қанжарлар, найзалар және басқа қарулар әзірлеу ісі жолға қойылды.
22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршауға алды. Қаланы құрсау бірнеше күнге созылды. Сол аралықта қалаға қарай үш бағыттан генерал-лейтенант А.Лаврентьевтің жазалаушы корпусы келе жатты. Патша жазалаушыларының басым күштері жақындап қалғандығы туралы хабар алып, көтерілісшілер Торғайды қоршауын қойды және патша әскерлері отрядтарының алдынан шықты. 16 қазанда А.Иманов бастаған жалпы саны 12 мыңға жуық адамнан құралған сарбаздар Топқойма почта станцасы ауданында подполковник Катоминнің жазалаушы отрядатарына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі бұқарасы адам күшін сақтап қалу мақсатында қараша айының екінші жартысында Торғайдан 150 шақырым жерге әкетіліп, Батпаққа ауданында шоғырландырылды. Осы арадан 1916ж. қараша айының екінші жартысынан бастап, 1917ж. ақпанның орта шеніне дейін жазалаушыларға қарсы партизандық жортуылдар жасалып тұрды. Көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасындағы айқастар Татырда, Ақшығанда, Доғал-Үрпек, Күйікте болып өтті. А.Имановтың штабы орналасқан Батпаққара ауданындағы ұрыстар шиеленісті өрбіді. Ол ұрыстар 1917ж. ақпан айының екінші жартысында кең құлаш жайды. Сол шайқастарда А.Имановтың көтерілісшілері ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясын қарсы алды.
Әдебиет:
№9 дәріс
Тақырыбы: Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның қазақстан өмірін демократияландырудағы маңызы
Дәрістің мазмұны:
1. Қазақстанда саяси биліктің ауысуы. Кеңестер мен Уақытша үкімет органдарының құрылуы
2. Ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері
3. Қазақ ұлттық-демократиялық интеллигенциясы Уақытша үкімет қызметінде
1917 жылдың ақпанында Ресейде патшаны құлатқан буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Петроградтағы ақпан оқиғасы туралы жаңалық Қазақстанға тез жетті. Наурыз айының басында Қазақстанның барлық ірі қалалары мен теміржол стансаларында патшаның құлауын қолдаған жұмысшылар мен басқа еңбекшілердің ірі митингтері мен демонстрациялары болып өтті.
Ақпан революциясынан кейінгі алғашқы уақытта өлкенің еңбекші халқы Уақытша үкіметке сеніммен қарар, оның халыққа бейбіт өмір, шаруаларға жер, жұмысшыларға 8-сағаттың жұмыс күнін беретініне сенді. Жұмысшылардың едәуір бөлігі Уақытша үкіметке үмітпен қарап, олардың бір бөлігі Уақытша үкіметтің органдарында — азаматтық және атқарушы комитеттерінде мүше болды. Теміржол жұмысшылары арасында соғыста жеңіс, ал жергілікті жерде бостандық деген ой-пиғылдар үстем болды. Бірақ наурыз айындағы демонстрациялар мен митингтер қалалар мен теміржол стансаларында жұмысшы депутаттары Кеңестерін құрудың бастамасы болды. Осылай, 1—3 наурызда Орынборда, Ташкентте, Омбыда Кеңестерге сайлау өткізіліп, алғашқы жиналыстары болып өтті. 1917 жылдың наурызында жұмысшы депутаттары Кеңестері Перовскіде, Қазалыда, Шалқарда, Ақтөбеде, Оралда, Петропавловскіде және басқа қалаларда пайда болды. Теміржолшылар Кеңес құрудың бастаушылары болып және осы Кеңестердің революциялық элементтерін құрады. Мысалы, Ақтөбе жұмысшы депутаттары Кеңесі өзінің құрылуын хабарлай келіп, теміржолшылар кеңестің атқару ұйымында “саналы, қажетті құрамдық элемент” болып табылады деп атап өтті.
Жұмысшылар депутаттары Кеңесінің көпшілігі жуық арада солдат депутаттары Кеңестерімен бірікті. Осылай Петропавлда, Семейде, Перовскіде және басқа қалаларда болды. Қазалы стансасында әуелден біріккен Кеңес - Жұмысшы, солдат депутаттары Кеңесі құрылды.
Ақпан революциясының ең басты ерекшелігі сонда - елде қос билік пайда болды - буржуазиялық Уақытша Үкімет және жұмысшы, солдат депутаттары Кеңесі Буржуазияның орталық және шет аймақтарда саяси билік органдарын құруда Мемлекеттік Дума, қалалық думалар және жергілікті комитеттер роль атқарды. Уақытша үкімет биліктен әскери губернаторларды, генерал-губернатор мен чиновниктерді босатты. Олардың орнына облыс комиссарлары, азаматтық атқару комитеттері, коалициялық комитеттер және т.б. құрылды. Болыстықтарда, ауыл және селоларда сол болыс, ауыл старшындары, село старосталары мен атамандары сол күйінде қалдырылды.
Уақытша Үкімет облыс басшылығында бұрынғы патша чиновниктері - отаршылдары қалдырды, сонымен қатар қазақ ұмыттық интеллигенция өкілдеріне сайлады. Мысалы, А.Бөкейханов Торғай облысының уақытша Үкіметі комиссары болып, М.Тынышпаев - Жетісу облысы комиссары болып тағайындалды.
Әдебиет: 1. Маликов Ф. Февральская буржуазно-демократическая революция в Казахстане. А., 1972
2. Елеуов Т. Установление и упрочение советской власти в Казахстане [Текст]: (март 1917-июнь 1918 года) / Академия наук Казахской ССР.- Алма-Ата "Издательство Академии Наук Казахской ССР", 1961.- 528 с.
№10 дәріс
Тақырыбы: Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төнкерісі
Дәрістің мазмұны:
1. Ресейде большевиктердің өкімет билігін алуы. Қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының Кеңес өкіметіне қөзқарасы
2. Кеңестер өкіметінің Дала өлкесінде жеңуі және оның ерекшелектері
3. Социалистик экономика мен мәдениетінің негіздерің жасау жөніндегі алғашқы шаралар
Петроградтағы Октябрь қарулы көтерілісінің жеңісі, орталықта Кеңес өкіметінің орнауы, сонымен қатар Қазақстанмен іргелес жатқан Ташкент, Омбы, Орынбор және Астрахань ірі қалар Қазақстанда Советтердің билікті қолына алуына шешуші маңыз атқарды. Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы төрт айға созылды - 1917 жылдың аяғынан 1918 жылдың наурызына дейін. Бұл процесс әлеуметтік-экономикалық, өлкедегі мәдени дамудың артта қалуына байланысты және жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың әлсіздігі ұлтаралық қатынастармен байланысты қиындықтарымен шиеленісті. Өлкедегі Кеңес өкіметінің жеңісіндегі шешуші ролді негізінен жергілікті горнизондардың солдаттары мен Ақпан революциясынан кейін Қазақстанға оралған бұрынғы майданға қатысқандар Кеңес өкіметінің оларға бейбітшілік пен, шаруаларға жер беруіне уәде еткіндігінен туындаған мүдделілік негізінде болды. Орал, Жетісу, Сібір және Орынбор казак әскерлерінің үкіметі мен Қазақстанның әртүрлі қалаларына құлатылған Уақытша үкіметтің жақтастарының қарсыласуына байланысты жағдай шиеленісе түсті.
Сырдария, Ақмола және Бөкей Ордасынның көпшілік аудандарында негізгі күш большевиктерде болғандықтан, Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмады, бұл жерлерде Кеңес өкіметі бейбіт түрде - Советтердің жұмысшыларды, кедей шаруаларды жаулап алуы негізінде жүрді.
Уақытша үкіметтің жақтаушыларының негізгі күштері сақталған Торғай, Орал, Семей және Жетісу облысының кейбір жерлерінде жағдай өзгеше болды. Уездік қалалар облыс орталықтары мен көптеген аудандарда кеңес өкіметі Уақытша Үкіметтің жергілікті органдары, олардың одақтастарының қарсыласу күштерін қызыл әскер отрядтарының күшімен жеңді.
1917 жылдың қазанның соңынан 1918 ж. наурызы аралығында Қазақстанның ірі жергілікті жерлері мен ірі қалаларында Кеңес өкіметі орнады. Қазақстанның негізгі тобы ауыл мен селоларда Кеңес өкіметін орнату процесі азамат соғысы басталған уақытқа дейін созылды. Бұл істе белсенді қызмет атқарғандар А.Жангельдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Б.Серікбаев, А.Майкөтов, И.Дубинин, К.Шугаев, Я.Ушинов, С.Шиллинг, А.Иманов, Т.Рысқұлов, П.Виноградов, Т.Бокин, Л.Хмелев. Т.Өтепов, А.Розыбақиев және т.б.
Әдебиет: Елеуов Т. Установление и упрочение Советской власти в Казахстане. А., 1964.
№11 дәріс

Әдебиет: Елеуов Т. Установление и упрочение Советской власти в Казахстане. А., 1964. – 528 б
№12 дәріс
Тақырыбы: 1918-1920 жылдарадағы Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік құрылым
Дәрістің мазмұны:
1. Қазан төнкерісінен кейінгі жылдардағы қазақ өлкесіндегі саяси ахуал
2. Түркістан автономиясы, құрылуы мен қызметі. Мұстафа Шоқай
3. Алаш Орда үкіметі, Алаш партиясы. Ә.Бөкейханов
4. Қазақ АКСРінің құрылуы. Тарихи маңызы
Қызыл Армияның жеңістері мен Қазақстан территориясына өз бақылауын жүргізу Кеңестік Россия алдына, Қазақ өлкесінде басқаруды жөндеу мақсатын іске асыруға бағыттады. Осы мақсатпен, сонымен қатар Қазақстан Советтерінің құрылтай съезін дайындау үшін, 1919 ж. 10 шілдесінде РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің жарлығы бойынша Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі Революциялық Комитет (Ревком) С.Пестковскийдің басшылығымен құрылды. Оның құрамына Ә.Жангельдин, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев, Б.Қаратаев және біраз уақыт оларға қарсы бағытта болған А.Байтұрсынов, Б.Қаролдин және т.б. енді. Қазревком Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарының территориясында енгізілуі тиіс болғанымен, азамат соғысының қиыншылықтарына байланысты Ақмола мен Семей облыстары негізінен Сібір ревкомының басшылығында болды, ал Қостанай уезі мен Торғай облысы - Челябинск аудандық басқармасына қарады. 1919ж. қыркүйек айынан бастап Қостанай Челябинск губерниясының құрамына енді. Сібір ревкомы мен Қазақ ревкомы арасында бұл территориялардың, қазақ жерінің қай ревкомның құрамына енуі жайлы көптеген шиеленістер мен тартыстар туып отырды. Тек орталық билік өкіметінің араласуы нәтижесінде және ұлттық шеткі аймақтардың алшақтауынан қорыққандықтан ғана, 1920 жылы Ақмола мен Семей облыстары және Қостанай уезі Қазақстанға қайтарылды, бірақ негізінен бұл жерлер тек 1921 жылы ғана Қазақстан жеріне қосылды. Бұл процесс ревком қызметінің маңызды міндеті болашақ қазақ автономиясының формасы мен оның құрамына кіретін территория мәселесін шешумен қатар шиеленісті түрде жүріп отырды.
Қазревком автономия құру ісімен қатар Қызыл Армия қазақ бөлімдерін құру ісін және армияны азық-түлікпен жабдықтау жұмыстарын атқарды. Білім, шаруашылықты қалпына келтіру, және сот ісін жұмыстарына да ревком қатысып отырды. Яғни, Қазақ өлкесін басқаруда революциялық комитет Орал мен Торғай облыстарының территориясында жоғарғы әскери және азаматтық билік орнатты.
ҚАССР құрылуы
1919 ж. аяғынан — 1920 ж. басы аралығында Қазақ кеңес автономиясын құру ісіне дайындық жүріп жатты. 1920 ж. қаңтар айының басында Ақтөбеде Түркістан мен Сібірдің қазақ аудандарының депутаттарының қатынасуымен бірінші өлкелік кеңестік конференция өткізілді. 1920 ж. тамыз айының басында Халық Комиссариатының ұлттар ісі жанында Қазревком, Сібірревком мен ТүрОАК өкілдерінің қатысуымен өткен отырыста қаралған негізгі мәселе Ақмола мен Семей облыстарын Қазақстанға қайтару ісі толығымен шешілді. 1920ж. 17 тамызда РКФСР халық комиссарлары Кеңесі Қырғыз (қазақ) кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы Декреттің жобасын қарап, 26 тамызда бұл декрет қабылданып, іске кірісті.
1920 ж. 4-12 қазан аралығында Орынборда Қазақстан Кеңесінің Құрылтай съезі өтті. Орталық Атқару комитетіне басшы етіп С.Меңдешевты, Халық Комиссарлары Кеңесіне басшы етіп. Радус-Зеньковичті сайлады. Ресей құрамында, астанасы Орынбор қаласы болған Қазақ автономиясы жарияланды. 1920 ж. қыркүйек айында осы жағдайға байланысты Орынбор губерниясы ҚАССР құрамына кірді.
Әдебиет: Елеуов Т. Установление и упрочение Советской власти в Казахстане. А., 1964.
№13 дәріс
Тақырыбы: Қазақстан Шетелдік интервенция мен қарама қарсылық жылдарында
Дәрістің мазмұны:
1. Шетелдік соғыс интервенциясы мен азаттық соғыстына Қазақстанның тартылуы
2. Қызыл Армияның ұлттық бөлімдерінің қалыптасуы. Қазақстанда майдандардың құрылуы
3. Азамат соғысының барысы және аяқталуы
Жұмысшы-шаруалар Кеңестерінің орталық пен жер-жердегі өкіметті басып алуы алғашқы күндерден бастап-ақ, құлатылған топтардың қарулы қарсылығын тудырды. Азамат соғысы өкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен азамат соғысы арасында ешбір дәл шекара болған емес.
Қазақстандағы азамат соғысының алғашқы ошақтарының бірі 1917 ж. қарашасында Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда қалыптасты, онда Орынбор казактары әскерінің атаманы Дутов совет өкіметін құлатып, Кеңестердің Бүкілшілік съезінің делегаты С.Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқынға алды. Кеңес өкіметімен күресудің қарулы орталығы Жетісуда да болды, 1917ж. 1(14) қарашада Жетісу казактары әскерінің кеңесі Әскери үкімет дегенді ұйымдастырады. Верныйға (қазіргі Алматы) Кеңес үкіметіне қарсы күресу мақсатымен ақгвардия офицерлері мен юнкерлер жиналды.
1917 ж. қарашада революцияға қарсы ошақ Оралда құрылады. Мұнда құрылған облыстың әскери үкіметі ұзамай жергілікті Кеңесті таратып, өкіметті басып алады. Бұл әскери биліктер Қазақстандағы революцияға қарсы ақгвардияшылар қозғалысының басты күші болды. Олар ақгвардияшыл офицерлерге, казак станицалары мен келімсектер селоларының бай-кулак элементеріне сүйенді, олар және жергілікті кадет әсерлер мен меньшевиктерден, Алаш, Шора-Ислами партиялары басшыларынан, тағы басқа бірқатар партиялар мен саяси қозғалыстар тарапынан қолдау тапты.
Кеңес өкіметін құлату үшін ел ішіндегі ақгвардияшылармен бірігіп алған империалистік мемлекеттердің белсенділік көрсетуіне байланысты 1918 ж. жазда азамат соғысы кең ауқымға жайылды. Олардың ең басты күші Чехославак корпусы болды, ол революцияға дейін Австро-Венгрияның тұтқын солдаттары — чехтар мен словактар қатарынан құрылған еді. Осы корпустың бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен бірлесіп Ақмола, Петропавл, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды, 1918 ж. 11 маусымда Семейдегі кеңес өкіметі құлатылды. Осы жылдың жазында ақгвардияшылар Орал, Ақмола, Семей облыстарын, Торғай облысының көп жерін қамтып алып, біртіндеп Семей облысы жағынан Жетісуға басып кіреді. Ақгвардияшылар басып алған аудандарда кеңес өкіметін партизандық түрде жүргізілді. Жетісуда келімсек-шаруалар селоларының тобы, Черкасск селосын орталыққа айналдырып, қорғанысқа көшеді.
1918 ж. жазында кеңес өкіметі Жетісу мен Сырдария облыстарының көпшілік бөлігінде, Торғай облысының оңтүстік аудандары мен Бөкей Ордасының кейбір жерлерінде ғана сақталып қалды.
Антакта елдері үкіметтерінің қолдауымен Чехословак корпусы көмектесіп, Самарада - әсер-ақгвардияшыл үкімет — Камуч құрылтай Колчак басқарған Сібірдің ақгвардияшыл үкіметі орнайды. 1918 ж. қаңтарда қуылған атаман Дутов, 1918 ж. 3 шілдесінде тағы да бүлік шығарып, Орынборды алады да, кеңестік Түркістанды Орталық Россиядан бөліп тастайды.
Әдебиет: Покровский С.И. Разгром иностранных военных интервентов и внутренних контрреволюционеров в Казахстане. А., 1957
№14 дәріс

Достарыңызбен бөлісу: |