Басқармасының Қаулысы



бет4/7
Дата25.02.2016
өлшемі0.94 Mb.
#24133
1   2   3   4   5   6   7

 

Банктің салымдық тәуекел дәрежесі бойынша

сараланған активтерінің есебіне

түсіндірме


1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар,

банкте түзетілген құны аталған активтер аумағының 50 процентінен кем емес қамтамасыз етуі бар (салымдық тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер мен міндеттемелер кестесінің 1-3,9-11,14-16-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі), осы тармаққа сәйкес банкте түзетілген қамтамасыз ету құнын анықтауға мүмкіндік беретін осыған ұқсас есепке алу жүйесі болған жағдайда түзетілген қамтамасыз ету құнын шегергендегі тәуекел дәрежесімен сараланған активтер есебіне енгізілуі мүмкін заемдар.

Түзетілген қамтамасыз ету құны (салымдық тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер мен міндеттемелер кестесінің 1-3,9-11,14-16-жолдарында көрсетілген активтер түріндегі) мыналарға тең болады:

салымдардың 100 проценттік сомасы, оның ішінде осы банктегі қамтамасыз ету ретінде ұсынылғандары;

қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың рыноктық құнының 95 проценті;

қамтамасыз етуге берілген тазартылған қымбат металдардың рыноктық құнының 85 проценті.

Жоғарыда аталған салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша осы Кестеге сай сараланады.

2. Қарсы агенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырылған) банк инвестициясы есебіне енгізілмеген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар тәуекел дәрежесі бойынша (банк инвестициясы есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасын шегергендегі) сараланған активтердің есебіне қарызгердің тәуекелі бойынша енгізілуі мүмкін.

Банк инвестициясы есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, заемдардың, инвестициялардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілдің (сақтандырылушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша сараланады.

3. Осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, заемдар Қазақстан Республикасының мынадай резидент еместеріне ұсынылады:

1) оффшорлық аймақ аумағында заңды тұлға ретінде тіркелгендерге;

2) жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 проценттен астамын иеленуші оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысты немесе оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысы бойынша еншілес болып табылатындарға;

3) оффшорлық аймақ азаматтары болып табылатындарға,

тәуекел дәрежесі осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген қамтамасыз етудің барлығына қатыссыз, салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерінің кестесіне сәйкес сараланады.

4. Осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, заемдар Қазақстан Республикасының мынадай резидент еместеріне ұсынылады:

1) Оффшорлық аймақ аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ Standard & Poor's агенттігінің “АА-”-дан төмен емес борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуі ретіндегі, аталған деңгейден төмен емес борыштық рейтингі бар бас ұйымның тиісті кепілдігі барларына;



2) жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 проценттен астамын иеленуші, оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары қатысты болып табылатын немесе оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға?? қатысы бойынша еншілес болып табылатындарға, бірақ аталған деңгейден төмен емес борыштық рейтингі бар немесе міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуі ретіндегі борыштық рейтингі аталған деңгейден төммен емес бас ұйымның тиісті кепілдігі барларына,

оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместеріне немесе уәкілетті орган белгілеген оффшорлық аймақ тізбесіне енгізілген мемлекеттер азаматтарына қойылатын талаптардан басқа не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген немесе жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 проценттен астамын иеленуші, оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысты болып табылатын не аталған оффшорлық аймақ аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысы бойынша еншілес болып табылатындарға қойылатын талаптардан басқаларына тәуекел нөл дәрежесі бойынша сараланады.

5. Банктiң салымдық тәуекел дәрежесi бойынша сараланған активтерiн есептеу мақсатында:

ипотекалық тұрғын үй заемы ретінде жеке тұлғаларға тұрғын үй құрылысы үшiн не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілген ипотекалық заем түсініледі;

тұтынушылық кредит ретінде жеке тұлғаларға тауарларды, жұмыстарды және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес қызмет көрсетулерді сатып алуға берілген кредит түсініледі

6. Егер бағалы қағаз шығарылымының арнайы борыштық рейтингі болса, онда тәуекел дәрежесі бойынша банк активтерін саралау кезінде бағалы қағаз рейтингін ескеру қажет.

7. Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес рыноктық тәуекелді ескере отырып, активтердің, шартты және мүмкін талап етулер мен міндеттемелердің есебіне енгізілген активтер валюталардың айырбас бағамының және қымбат металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты рыноктық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне енгізілген активтерден басқа кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланатын активтердің, шартты және мүмкін міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.

8-тармақ алынып тасталсын.

Екінші деңгейдегі банктер бойынша

пруденциалдық нормативтердің нормативтік

мәні және есеп айырысу әдістемесі туралы

нұсқаулықтың 2-қосымшасы
Банктің тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген шартты және ықтимал

міндеттемелер кестесі




Баптардың атауы

Конверсия коэффициенті проценттермен

I топ


1

Банк кепілдіктері және кепілдемелері мыналар бойынша: Standard & Poor`s агенттігінен жоғары және “АА-“ деңгейінде тәуелсіз рейтингіне немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің орталық үкіметтерінің және орталық банктерінің, Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Ұлттық Банкінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының қарсы кепілдікпен (кепілдемелермен);

банк өкіміне берілген ақшамен немесе тазартылған қымбат металдармен;

Standard & Poor`s агенттігінің “АА-“-ден төмен емес тәуелсіз рейтингіне немесе басқа да рейтингтік агенттікердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің орталық үкіметтерінің және орталық банктерінің, Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Ұлттық Банкінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бағалы қағаздармен толық қамтамасыз етілген міндеттемелер


0

2

Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы  шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды, Standard & Poor`s агенттігінің жоғары және “АА-“-ден деңгейінде тәуелсіз рейтингіне немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің орталық үкіметтері шығарған осы нұсқаулықтың 17-бабында көзделген өтімділігі жоғары басқа да бағалы қағаздарды сатып алу не сату бойынша шартты (ықтимал) міндеттемелер.

0

3

Банк аккредитивтері:

банктің қаржы міндеттемелерінсіз;

мыналар бойынша: Standard & Poor`s агенттігінен жоғары және “АА-“ деңгейінде тәуелсіз рейтингіне немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің орталық үкіметтерінің және орталық банктерінің, Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Ұлттық Банкінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының кепілдікпен (кепілдемелермен);

Standard & Poor`s агенттігінен жоғары және “АА-“ деңгейінде тәуелсіз рейтингіне немесе басқа да рейтингтік агенттікердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің орталық үкіметтерінің және орталық банктерінің, Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Ұлттық Банкінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бағалы қағаздармен;

банк өкіміне берілген ақшамен немесе тазартылған қымбат металдармен қамтамасыз етілген міндеттемелер;


0

4

Банк талабы бойынша кез келген сәтте болдырмауға жататын болашақта заемдар мен салымдарды банктің орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) міндеттемелер

0

5

Банктің сыртқы заемдарын тартқан және борыштық міндеттемелерін  орналастырған кезде банктің еншілес компанияларының пайдасына берілген банктің міндеттемелері мен кепілдемелері.        

0

5-1

Банк берілген заемдарды қамтамасыз етуге қабылдаған кепілдіктер

0

ІІ топ


6

Өтеу мерзімі 1 жылдан кем емес болашақта заемдар мен салымдарды банктің орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) міндеттемелер

20

7

Банк кепілдіктері және кепілдемелері мыналар бойынша: Standard & Poor`s агенттігінен "А"-ден "АА-"-дейін тәуелсіз рейтингіне немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің орталық үкіметтерінің және орталық банктерінің қарсы кепілдікпен (кепілдемелермен);

Standard & Poor`s агенттігінің "А"-ден "АА-"-дейін тәуелсіз рейтингіне немесе басқа да рейтингтік агенттікердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің орталық үкіметтерінің және орталық банктерінің бағалы қағаздармен толық қамтамасыз етілген міндеттемелер



20

8

Банк аккредитивтері мыналар бойынша: Standard & Poor`s агенттігінің "А"-ден "АА-"-дейін тәуелсіз рейтингіне немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің орталық үкіметтерінің және орталық банктерінің кепілдікпен (кепілдемелермен);

Standard & Poor`s агенттігінен жоғары және "АА-" деңгейінде борыштық рейтингіне немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдікпен (кепілдемелермен);

Standard & Poor`s агенттігінің "А"-ден "АА-"-дейін тәуелсіз рейтингіне немесе басқа да рейтингтік агенттікердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің орталық үкіметтерінің және орталық банктерінің бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген міндеттемелер.


20

8-1

Шартты міндеттемелер шоттарындағы банкпен ұсталынатын және Standard&Poor's  агенттігінің "ААА"-дан "АА-"-ға дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттiктерінiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейіндегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша "kzAAA"-дан "kzAA-" дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары

20

III топ


9

Өтеу мерзімі 1 жылдан кем емес болашақта заемдар мен салымдарды банктің орналастыруы бойынша ықтимал (шартты) міндеттемелер.

50

10

Банк кепілдіктері және кепілдемелері мыналар бойынша: Standard & Poor`s агенттігінің «ВВВ»-ден «А-«-дейін тәуелсіз рейтингіне немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің орталық үкіметтерінің және орталық банктерінің қарсы кепілдікпен (кепілдемелермен);

Standard & Poor`s агенттігінің «А»-ден «АА-«-дейін борыштық рейтингіне немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдікпен (кепілдемелермен);

Standard & Poor`s агенттігінен жоғары және «АА-« деңгейінде борыштық рейтингіне немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар заңды тұлғалардың кепілдікпен (кепілдемелермен) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардың сақтандыру полистерімен;

Standard & Poor`s агенттігінің «ВВВ»-ден «А-«-дейін тәуелсіз рейтингіне немесе басқа да рейтингтік агенттікердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің орталық үкіметтерінің және орталық банктерінің бағалы қағаздармен;

Standard & Poor`s агенттігінің «А-«-ден «АА-«-дейін борыштық рейтингіне немесе басқа да рейтингтік агенттікердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар банктердің бағалы қағаздарымен;

Standard & Poor`s агенттігінен жоғары және «АА» деңгейінде борыштық рейтингіне немесе басқа да рейтингтік агенттікердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар заңды тұлғалардың бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етілген міндеттемелер.



50

11

Банк аккредитивтері мыналар бойынша:

Standard & Poor`s агенттігінің «ВВВ»-ден «АА-«-дейін тәуелсіз рейтингіне немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің орталық үкіметтерінің және орталық банктерінің қарсы кепілдікпен (кепілдемелермен);

Standard & Poor`s агенттігінің «А»-ден «АА-«-дейін борыштық рейтингіне немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдікпен (кепілдемелермен);

Standard & Poor`s агенттігінен жоғары және «АА-« деңгейінде борыштық рейтингіне немесе басқа да рейтингтік агенттіктердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар заңды тұлғалардың кепілдікпен (кепілдемелермен) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдардың сақтандыру полистерімен;

Standard & Poor`s агенттігінің «ВВВ»-ден «А-«-дейін тәуелсіз рейтингіне немесе басқа да рейтингтік агенттікердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің орталық үкіметтерінің және орталық банктерінің бағалы қағаздармен;

Standard & Poor`s агенттігінің «А-«-ден «АА-«-дейін борыштық рейтингіне немесе басқа да рейтингтік агенттікердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар банктердің бағалы қағаздарымен;



Standard & Poor`s агенттігінен жоғары және «АА» деңгейінде борыштық рейтингіне немесе басқа да рейтингтік агенттікердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар заңды тұлғалардың бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етілген міндеттемелер.

50

12

«Қазақстанның ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамынан ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтарын кері сатып алу бойынша ықтимал (шартты) міндеттемелер.

50

12-1

Шартты міндеттемелер шоттарындағы банкпен ұсталынатын және Standard&Poor's  агенттігінің "А+" дан "А-" дейін кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттiктерінiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейіндегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша "kzA+"-дан "kzA-" дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары

50

IV топ


13

Банкке қаржы құралдарын сату және банк кері сатып алатын міндеттемесі туралы келісім

100

14

Банктің өзге кепілдіктері (кепілдемелері) .

100

15

Банктің өзге аккредитивтері.

100

15-1

Шартты міндеттемелер шоттарындағы банкпен ұсталынатын және Standard&Poor's  агенттігінің

"ВВВ +" дан "ВВВ -" дейін кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттiктерінiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейіндегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВВ+"-дан "kzВВВ-" дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары

100

16

Банктің өзге шартты (ықтимал) міндеттемелері.

100

17

Шартты міндеттемелер шоттарындағы банкпен ұсталынатын және Standard&Poor's  агенттігінің

"ВВ +" дан " ВВ -" дейін кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттiктерінiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейіндегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ+"-дан "kzВВ-" дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары

350


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет