Басқару психологиясы ғылымының тарихы және қазіргі жаңа психология


Басқару ғылымы шеңберінде бірнеше бағыттар бөлініп



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата07.10.2023
өлшемі1.67 Mb.
#480069
1   2   3   4   5
Закарьянова Ш.Н. Псих.упр-я. 1 лекция (1)

Басқару ғылымы шеңберінде бірнеше бағыттар бөлініп 
қалыптасты.
Жүйелік бағыт ұйым мәселелерін кешенді шешуге 
бағытталған басқару түрі. 
Жағдаяттық бағыт. Бұл концепция 1960 жылы пайда 
болды. Бұл қалыптасқан жағдайға байланысты мәселелерді 
шешуге бағытталған басқару тәсілі. 
Процессуалды 
бағыт. 
Үрдістерді 
ұйымдастырудың 
динамикалығы мен қиындығын түсінуі, бейнелейтін
басқаруды үрдіс ретінде түсіндіретін бағыт. 


БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ 
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ 
әкімшіліктік 
ұйымдастырушылықтық 
құқықтық реттеу әдістері 
экономикалық 
әлеуметтік психологиялық 


ҚАЗІРГІ ЖАҢА ПСИХОЛОГИЯ 
Қазіргі кезеңдегі психология қалыптасудың әр түрлі сатысында тұрған 
және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пәндердің 
тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің 
негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. 
Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-
әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде 
психологияның төмендегідей салалары бөлініп шығады: 
Еңбек психологиясы 
Педагогикалық психология 
Медициналық психология 
Заң психологиясы 
Әскери психология 
Спорт психологиясы 


Еңбек психологиясы – адамның еңбек ету әрекетінің
психологиялық ерекшеліктерін, еңбектң ғылыми 
тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін 
зерттейді 
және 
психология 
ғылымының 
жеке 
салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден 
тұрады: 
инженерлік 
психология, 
авиация 
психологиясы, ғарыш психологиясы 
Педагогикалық психология – адамға білім және 
тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын 
зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау 
жүйесін, 
даңдыларын 
қалыптастырудың, 
олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-
шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды 
реттеудің түйінді мәселелерін қарасырады. 
Медициналық психология – дәрігердің іс-әрекетінің 
және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. 
Ол 
мынадай 
бөлімдерден 
тұрады: 
нейропсихологиядан, 
психофармакологиядан, 
патопсихологиядан, 
клиникалық 
психологиядан, 
психопрофилактика және гигиенадан. 


Заң психологиясы – құқыққа қатысты мәселелерді 
реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың 
психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл салалар: сот 
психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету 
психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады. 
Әскери психология – әскери әрекеттер кезіндегі 
адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың 
қарамағындағылар 
арасындағы 
қатынастардың 
психологиялық 
жақтарын, 
әскери 
азаматтардың 
отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру, психологиялық 
насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және т.б. 
мәселелерін зерттейді. 
Спорт психолгиясы – спортшылардың іс-әрекетіндегі 
психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Спорт 
жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-
қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-
жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық 
даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және 
күш-қуатын жинақтау деңгейін зерттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет