Темірбетон жақтау: Іргетастарға және арқалықтарға мықтап бекітілген
ұстындардан тұратын
темірбетон құралым.
Темірбетон панель: Пайдаланылу кезеңінде беріктігі бетон мен арматураның бірлескен жұмысы
арқылы қамтамасыз етілетін панель. Темірбетон панельдің жұмыс
арматурасы және әдетте
құралымдық арматурасы болады. Сонымен бірге панельді
дайындау мен тасылмау және
қабырғаны жинақтау кезінде туындайтын күштерді қабылдауға арналған арматурасы болады.
Фахверк: Негізінен шағын қабатты ғимараттар құралымдарының түрі, ол
горизонталь және тік
элементтер мен қиғаш тіреулер жүйесінен түзілген қаңқа болып табылады.
Ферма: Геометриялық өзгермейтін сырықтық жүйе, оның барлық түйіндері
есептеу кезінде
топсалы
болып алынады, ғимараттардың, көпірлердің және т.б. жабындарында қолданылады.
Ферма панельдері: Ферманың түйіндері арасында орналасқан
ферманың жоғарғы белдеуінің