«Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»



бет7/9
Дата09.06.2016
өлшемі4.91 Mb.
#125866
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ұсынылатын әдебиеттер:

[3]/[7,11]


Бақылау сұрақтары

    1. Буклет дегеніміз не?

    2. Буклеттің қандай түрлері бар?

    3. Есептер облысын экранға қалай шығарады?



Зертханалық жұмыс №6
Тақырыбы: Microsoft Office Publisher интерфейсінің баспа жүйесі
Мақсаты: Microsoft  Office Publisher-де бос басылымдарды таңдап, кітапша жасауды үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Microsoft Publisher


Қысқаша теориялық нұсқау:

Microsoft  Office Publisher жариялымдар, іскерлік құжаттар құруға арналған офистік прогамма. Microsoft  Office Publisher-де жұмыс істеу қолайлы. Дайын үлгілермен, макеттермен тез, көрнекі жариялым құруға болады. Құрылған құжатты сақтау форматтары да оның басқа программалармен байланысын жеңілдетеді. Мәтін енгізі үшін Құралдар параметрлерінің тақтасынан жақтауша батырмасын таңдаймыз (Сурет 14). Мәтін енгізу аймағы пайда болады да, мәтінді теріп енгіземіз.





Сурет 14. Құралдар параметрлерінің тақтасы

Publisher қосымшасында мәтіндерді өңдеудің екі түрі бар: символдарды өңдеу және абзацтарды өңдеу. Абзацтарды өңдеу көбінесе мәтіндік өрістерді таңдау арқылы орындалады. Символдық өңдеуге мәтін тұрған өрісті емес, мәтіндерді ерекшелеу жатады.

Publisher қосымшасында әртүрлі элементтерді бір бетке орналастыруға болады. Барлық көңіл құжаттың жалпы түріне бөлінеді. Ұстақ-түйектерді де ұмытпау керек, бірақ та құжаттағы элементтердің бір бірімен қалай орналасқаны әсер қалдырады.

Publisher қосымшасында открыткалар, бюллетень, күнтізбелер, брошюралар, каталогтар және т.б.с.с көптеген баспа өнімдерін компьютерде орындап, принтерден шығара аласыздар.


Тапсырма:

Қосымша №9 тапсырмасын орындаңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

1. Microsoft Publisher 2003 программасында бос басылым құру үшін Есептер облысынан (Область задач) Бос басылымдар (Пустые публикации) командасын таңдаймыз. Келесі терезе ашылады (Сурет 15):



Сурет 15. Бос басылым құру терезесі

2. Осы жерден Кітап түрінде бүктеу (Книжный сгиб) түрін таңдаймыз. Келесі сұхбат терезеде сізден беттерді автоматты қосу керек пе, әлде жоқ па екендігін сұрайды. Иә (Да) батырмасын басыңыз (Сурет 16). Сурет 16. Бет қосуды сұрау

Басылым келесі түрге келеді (Сурет 17):

Сурет 17. Параметрлерді өзгерткеннен кейінгі басылым түрі

3. Файл – Бет параметрлері (Параметры страниц) командасын орындаймыз. Келесі сұхбат терезесі ашылады (Сурет 18):



Сурет 18. Бет параметрлері терезесі

4. Басылым типі (Тип публикации) өрісінде автоматты түрде Брошюра типі таңдалып тұрады. Ені (Ширина) өрісіне – 28см, Биіктігі (Высота) өрісіне – 19см мәндерін енгіземіз. Бағытына (Ориентация) альбом түрін таңдаймыз, ОК батырмасын шертеміз.

4 беттен тұратын басылым келесі түрге келеді (Сурет 19):

Сурет 19. Параметрлері өзгерген басылым түрі

5. Есептер облысынан (Область задач) Басылымдар макеті (Макеты публикации) бөлімін ашамыз. Сол жақта ашылған макеттердің ішінен ВЕЧЕРИНКА макетін таңдаймыз. Түстік схемадан ВОСХОД схемасын таңдаймыз 2,3 беттерге ПИКСЕЛЬ макетін қоямыз. Түстік схемадан Вереск схемасын таңдаймыз

6. Кірістіру (Вставака) – Беттер номерлері (Номера страниц) командасын орындаймыз. Келесі сұхбат терезесі ашылады (Сурет 20):





Сурет 20. Бет номерлері терезесі

Орналасуы (Положение) өрісінен Беттің төменгі жағына (Внизу страницы), Туралау (Выравнивание) өрісіне Оң жақ (Вправо) таңдаймыз. Бірінші бетке номер қою өрісінен жалаушаны алып тастаймыз.

7. Басылымның бірінші бетіне Кірістіру (Вставка) – Сурет (Рисунок) - WordArt объектісі (Объект WordArt) командасын орындаймыз немесе Объектілер

тақтасынан сәйкес компонентті таңдаймыз. . «Шақыру билеті» мәтінін теріп, оның түсін түстік схемаға сай келетіндей етіп өзгертеміз. WordArt компонентінің форматын өзгертуді MS Word 2003 мәтіндік процессорын оқығанда өткенсіздер.

8. Екінші бетке Объектілер (Объекты) тақтасынан Жазу (Надпись) компонентін таңдап орналастырамыз. Қосымша №5-тегі мәтінді енгіземіз. Қаріп атауы - Comic Sans MS, өлшемі – 18, туралау – сол жақ бойынша.

9. Үшінші бетке қосымшада көрсетілген суретті орналастырамыз. Басылымға сурет қою үшін алдыңғы зертханалық жұмысты естеріңізге түсіріңіздер. WordArt компонентін қолданып құттықтау сөздерді теріңіз.

10. Соңғы бетіне ұйымның эмблемасын орналастырыңыз.

11. Басылымды сақтаңыз. Қосымша № 9

Ұсынылатын әдебиеттер:

[3]/[7,11]


Бақылау сұрақтары

  1. Бос басылымды қалай құрады?

  2. Бос басылымдардың қандай түрлері бар?

Зертханалық жұмыс №7
Тақырыбы: PageMaker -мен жұмыс істеу негіздері
Мақсаты: PageMaker-дің терезесімен танысу. Басылымдар құруды, ашуды, жабуды, сақтауды үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Adobe PageMaker


Қысқаша теориялық нұсқау:

Adobe PageMaker беттеуді жүзеге асыруға өте қолайлы және мүмкіндіктері көп программалық жабдық. Мұнда газет, журналдарды дайындауға болады, сонымен қатар, басқа да басылым түрлерін жасай аласыз. Мәтін мен иллюстрациялар қолда бар жағдайда, баспа жүйесімен жұмыс істеуге кірісу керек. Мәтінді мәтіндік редакторда терген ыңғайлы, өйткені онда беттеу бағдарламасына қарағанда редакциялау, орфография мен грамматиканы тексеру мүмкіндігі молырақ. Иллюстрациялар кез келген графикалық редакторда дайындалуы мүмкін (кәсіби мамандар Adobe PhotoShop бағдарламасына жиірек қолданады). Одан кейін мәтін мен иллюстрацияларды импорттап, баспа жүйесімен жұмыс істеуді бастауға болады. Біз үйренетін Adobe фирмасының PageMaker баспа жүйесі - ең кеңінен тараған беттеу бағдарламаларының бірі.


Тапсырма:

Adobe PageMaker-ді жүктеңіз, әдістемелік нұсқауға сүйене отырып, тапсырманы орындаңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. PageMaker программасын іске қосыңыз (Сурет 21).



Сурет 21. PageMaker бағдарламасының терезесі.

  1. Жаңа басылым құрыңыз. Ол үшін Файл – Жаңа (Новый) командасын орындаңыз.

  2. Алдарыңда Құжаттар параметрлері терезесі пайда болады. Онда келесі белгілеулерді енгізіңіз:

  • Бет пішіні (Формат бумаги) – А4;

  • Бет түрі (Ориентация) – кітап түрі (книжная);

  • Нұсқалар (Варианттар) – бірбетті (одностороняя) ;

  • Өрістер (Поля): сол жақтан (левое) – 25, оң жақтан (правое), жоғары жақ (верхнее) – 20, төмен жақ (нижнее) – 12.




  1. ОК батырмасын шертіңіз. Келесі терезе ашылады (Сурет 22):



Сурет 22. Жаңа басылымның бос беті

  1. Файл – Сақтау (Сохранить) командасын орындаңыз. Файл атауын public1 деп сақтаңыз (Сурет 23).



Сурет 23. Басылымды сақтау терезесі


  1. Басылымның көшірмесін алып жаңа файл түрінде сақтаңыз. Файл – Сақтау (Сохранить как) командасын орындаңыз. Файл атауын public2 деп жаңа атпен сақтаңыз.

  2. PageMaker программасын жабыңыз.

  3. PageMaker программасын қайта жүктеңіз.

  4. Құрған басылымды ашу үшін Файл – Ашу (Открыть) командасын орындаңыз. Содан соң public1 файлын таңдаңыз. Ашу (открыть) батырмасын шертіңіз.

  5. Келесі басылымды екінші тәсілмен ашыңыз. CTRL+O пернелерін басып, public2 файлын таңдап, ашу батырмасына шертіңіз.

  6. public2 файлының параметрлерін өзгертіңіздер. Ол үшін Файл Құжат параметрлері (Параметры документа) комндасын орындаңдар. Келесі параметрлерді өзгертіңдер: бет форматы – А3, Бет түрі (Ориентация) – Альбом түрі .

  7. public2 файлын сақтаңыздар.

  8. PageMaker программасын жабыңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,3,11]


Бақылау сұрақтары

  1. Page Maker программасының атқаратын қызметі қандай?

  2. Page Maker программасын қалай жүктейді?

  3. «Басу жолағы» мен «құрастыру орны» арасындағы
    айырмашылықты түсіндіріңдер.



Зертханалық жұмыс №8
Тақырыбы: PageMaker –де графикалық элементтермен жұмыс істеу

Мақсаты: PageMaker-де графикалық элементтермен танысу, жұмыс істеп үйрену

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Adobe PageMaker


Қысқаша теориялық нұсқау:

Графикалық элементтер дегеніміз — неше түрлі сызықтар, тікбұрыштар, сопақшалар және көпбұрыштар. Олардың бәрі PageMaker жүйесінде құралдар тақтасы көмегімен жасалады.

Егер экранда Құралдар тақтасы жоқ болса, онда Терезе (Окно) – Құралдарды көрсету (Показатъ ипструменты) командасын орындаңдар (Сурет 24). Керек құралды таңдау үшін сол құралды тақтадан таңдаймыз. Таңдалған құрал батырмасы «басулы» қалады, ал тышқанның меңзері осы құралға тән қалыпқа түседі.

Сурет 24. Құралдар тақтасы

Тапсырма:

Осы құралдар тақтасының құралдарын пайдаланып Қосымша №11 схемасын салыңыз.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:


  1. Осы құралдар тақтасының құралдарын пайдаланып Қосымша №11 схемасын салыңыз.

  2. Ол үшін public1 басылымын ашыңыз.

  3. Құралдар тақтасынан эллипс құралын белгілеп алып, эллипсті салыңыз.

  4. Бағыттауыш құралын таңдаңыз. Кез келген объектіні ерекшелеу үшін бағыттауыш құралын таңдау керек. Эллипсті бағыттауыш көмегімен ерекшелеңіз.

  5. Ctrl+Alt пернелерін басып тұрып, эллипстің көшірмесін алыңыз. Осы әдіспен енді 8 рет көшірмесін алыңыз.

  6. Ортадағы эллипстің көлемін өзгертіңіз. Ол үшін эллипсті тышқанмен ерекшелейміз, пайда болған маркерлердің көмегімен көлемін үлкейтіңіз.

  7. Құралдар тақтасындағы түзу құралын алып эллипстер араларын байланыстыратын түзулерді салыңыз.

  8. Бағыттауыш құралы көмегімен барлық объектілерді белгілеңіз.

  9. Элемент – Топтау (Группировать) командасын орындаңыз.

  10. Элемент – Шекаралар және бояу (Границы и заливка) командасын орындаңыз. Осы команданы объектінің жанама мәзірінен де таңдауға болады. Келесі сұхбат терезе шығады (Сурет 25):



Сурет 25. Шекаралар және бояу терезесі

  1. Осы терезеде келесі параметрлерді беріңіз: Бояу өрісі – Біртекті (Сплошной), Түс (Цвет) өрісі – Cyan, Бояу өрісі – 4 pt, Түс – Blue.

  2. Құралдар тақтасындағы қол құралын таңдап, бетті құрастыру орнында орнын ауыстырып көріңіз.

  3. Бетті қарау немесе Лупа құралы көмегімен басылым көлемін өзгертіп қарап шығыңыз.

  4. Басылымды БАСПА деген атпен қайта сақтаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,3,11]


Бақылау сұрақтары

  1. Объектілердің қандай түрлерін білесіздер?

  2. Қандай графикалық элементтер бар?

  3. Графикалық құралдарды атаңыздар және сипаттап шығыңыздар.


Зертханалық жұмыс № 9
Тақырыбы: PageMaker-де мәтінді енгізу
Мақсаты: PageMaker-де мәтін енгізіп, форматтап үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Adobe PageMaker


Қысқаша теориялық нұсқау:

PageMaker-де мәтіндік блоктар негізгі объектілердің бірі болып табылады. Мәтінді екі тәсілмен алуға болады. Пернетақтадан тікелей басылым бетінде мәтін теруге және құралдар тақтасындағы Т (Мәтін енгізу) құралы көмегімен енгізуге болады.


Тапсырма:

Әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, тапсырманы қадам бойынша орындап шығыңыз.



Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

    1. Файл – Жаңа (Новый) командасын орындаңыз. Беттің параметрлері келесі:

      • Бет пішіні (Формат бумаги) – А4;

      • Бет түрі (Ориентация) – кітап түрі (книжная);

      • Нұсқалар (Варианттар) – бірбетті (одностороняя) ;

      • Өрістер (Поля): сол жақтан (левое) – 25, оң жақтан (правое) - 20, жоғары жақ (верхнее) – 20, төмен жақ (нижнее) – 12.

ОК батырмасын шертіңіз.

    1. Беттің ортасына бағыттауышты апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз. Ашылған жанама мәзірден Шынайы өлшем (Реальный размер) командасын таңдаңыз.

    2. Т (Мәтін енгізу) құралын таңдап кез келген жерге орналастырыңыз. Келесі мәтінді теріңіздер:

    3. Үшінші сөйлемдегі «ауру жұққан» сөзінің соңына курсорды апарып, BackSpace батырмасы арқылы осы сөздерді жойыңыз.

    4. Бесінші сөйлемді Del батырмасы арқылы жойыңыз.

    5. Енді мәтінді азат жолға бөлуді орындайық. Ол үшін төртінші сөйлем басына курсорды апарып, Enter батырмасын басыңыз. Мәтін екі азат жолға бөлінеді.

    6. Алғашқы сөйлем мәтіннің тақырыбы болғандықтан осы сөйлем соңына курсорды апарып, Enter батырмасын басыңыз.





    1. Басылымды Файл – Сақтау (Сохранить) командасы арқылы ВИРУС деген атпен сақтаңыз.

    2. Өздеріңізге ыңғайлы көлемді (масштабты) таңдаңыз. Мәтін толық көрінетін және жеңіл оқылатын болсын.

    3. Құралдар тақтасындағы Т (Мәтін енгізу) құралын таңдап, курсорды мәтіннің бірінші әріпінің алдына апарып қойыңыз. Тышқанның сол жақ батырмасын басуыл ұстап тұрып мәтінді ерекшелеңіз. Мәтіндік блок енді ерекшеленіп, қара түске боялды.

    4. Мәтін (Текст) – Қаріп (Шрифт) командасын орындаңыз. Қаріп аты – Arial Cyr; өлшемі – 12 пт.

    5. Пернетақтадағы оңға солға бағыттауыштарын бассаңыз, мәтіннің ерекшеленгені кетеді. (Правка) – Барлығын ерекшелеу (Выделить все) командасы арқыыл мәтінді ерекшелеуге де болады.

    6. Тақырыпты ерекшелеңіз. Осы сөйлемді форматтау үшін Басқару тақтасын қолданамыз. Егер ол экранның төменгі жағында жоқ болса, Терезе (Окно) – Басқару тақтасын көрсету (Показать набор управления) командасы арқылы шығарып алыңыз. Осы тақтадағы В таңбасына шертіңіз. Қаріп өлшемін 14 пт деп өзгертіңіз.

    7. Соңғы төрт сөйлемді ерекшелеп алып, осы тақтадағы B, I таңбаларына шертіңіз. Мәтін тек қана қоюланып қойған жоқ, ол көлбеу түрге келді.

    8. Басылымдағы өзгерістерді сақтаңыз.

    9. Жүйеден шығамыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,3,11]



Бақылау сұрақтары

  1. РМ-де мәтінді калай енгізеді?

  2. Мәтінді өңдеу РМ-де қалай іске асырылады?

  3. Қаріптің қандай сипаттамалары бар?


Зертханалық жұмыс № 10
Тақырыбы: PageMaker-де мәтіндік блоктармен жұмыс істеу

Мақсаты: PageMaker-де мәтіндік блоктармен жұмыс жасау, мәтіндік блоктарды форматтап үйрену.
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Adobe PageMaker


Қысқаша теориялық нұсқау:

Мәтіндік блокты екі әдіспен: пернетақтадан тікелей жарияланымға енгізу; мәтін редакторында жасалған дайын мәтінді импорттау арқылы алуға болады.

Мәтінді енгізгенде мына ережелерді сақтаңдар:


    • жолдардың соңына көңіл аудармаңдар, PageMaker мәтінді бір жолдан бір жолға қалай көшіретінін өзі шешеді;

    • абзацты аяқтау үшін оның соңында ENTER пернесін басыңдар.


Тапсырма:

Әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, тапсырманы қадам бойынша орындап шығыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. ВИРУС басылымын ашыңыз. Өздеріңізге ыңғайлы көлемді таңдаңыз. Қол құралы көмегімен бетті мәтін толық көрінетіндей етіп орналастырыңыз.

  2. Бағыттауыш құралы көмегімен мәтіндік блокты көлденең шектеуші сызықтар тұсынан емесе бөлек жерден басыңыздар. Тышқан батырмасын босатпай блокты беттің жоғары жағына апарып қойыңыздар. Осы әрекетті пернетақта көмегімен де орындауға болады. Ол үшін ерекшеленген блокты бағыттауыш пернелері арқылы жылжыту керек.

  3. Көлденең сызықтары тұсынан мәтіндік блокты тышқан курсорымен белгілеп тұрып, жартысына дейін ығыстырыңдар. Нәтижесінде болк қысқарып, жолдардағы сөздер орны ауысқанын көресіздер. Көлденең сызықтардың соңында қызыл белгі пайда болады. Ол мәтіннің сыймай тұрғанын білдіреді (Сурет 26). Қалпына келтірңідер.




Сурет 26. Мәтіннің сыймай тұрған түрі


  1. Мәтіндік блокты екіге бөлуге болады. Мәтіндік блокты қайтадан екі азат жолға дейін ығыстырыңдар. Тышқанды босатыңдар.

  2. Төмен жақта пайда болған қызыл түсті белгіні тышқанмен шертіңдер. Тышқанның бағыттауышына көрінбей тұрған екі азат жол көшеді (Сурет 27).





Сурет 27. Мәтіндік блокты екіге бөлу


  1. Алғашқы мәтіндік блоктың төменгі көлденең сызығын төмен тартқан сайын екінші блок мәтіндері бірінші блокқа көшеді. Осылайша екі блокты біріктіріңдер.

  2. Осы мәтіннің тақырыбын ерекшелеп алыңыздар. Келесі параметрлерді орнатыңыздар:

    • Қаріп аты (Шрифт) - KZ Bookman Old Style ;

    • Өлшемі – 48;

    • Түрі –қарайтылған;

    • Абзац – 0.




  1. Терезе (Окно) – Түстерді көрсету (Показать цвета) командасын орындаңыз. Ашылған түстер тақтасынан Gyan түсін таңдап, оның өңділігін 50% деп бекітіңіздер.

  2. Түстер тақтасын жабыңыздар.

  3. Осы мәтіннің төменгі жағына барып ИНФОРМАТИКА сөзін теріңіз.

  4. Осы мәтінді ерекшелеп алыңыздар. Келесі параметрлерді орнатыңыздар:

    • Қаріп аты (Шрифт) - Comic Sans MS;

    • Өлшемі – 36;

    • Түрі –асты сызылған;

  1. Мәтін (Текст) – Параграф командасын орындаңыз. Келесі сұхбат терезесі ашылады (Сурет 28). Шегініс сол жақтан өрісіне 5 деп жазыңыз. Осы терезедегі Аралықтар (Интервалы) батырмасын басыңыз. Аралықтар терезесі ашылады. Әріптер арасындағы аралықты 2 деп беріңіз.



Сурет 28. Шегініс терезесі


Сурет 29. Аралықтар терезесі

  1. Мәтінді бағыттауыш құралымен белгілеп алып, жоғары жаққа орналастырыңыз.

  2. Мәтінді ерекшелеп алып, түстер тақтасынан MAGENTA түсін, өңділігін - 70% деп беріңіз.

  3. Құралдар тақтасындағы бұру құралы көмегімен 45о-қа бұрыңыздар.

  4. Мәтінді мәтіндік блоктың ар жағына орналастыру үшін Элемент – Рет (Порядок) – Арт жағына (На задний план) командасын таңдаңыз.

  5. Басылымдағы өзгерістерді сақтаңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,3,11]


Бақылау сұрақтары

  1. РМ-де мәтіндік блок калай жасалады?

  2. Мәтіндік блокпен қандай әрекеттер жасауға болады?

  3. Мәтіндік блокты екі немесе үш блоктарға бөлу үшін қандай әрекет жасаймыз?


Зертханалық жұмыс № 11
Тақырыбы: Adobe PageMaker-де объектілермен жұмыс істеу тәсілдері
Мақсаты: Adobe PageMaker-де объектілермен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Adobe PageMaker


Қысқаша теориялық нұсқау:

Үлкен жарияланымдарда теру жолағында бір мезгілде әртүрлі объектілер (мәтіндік блоктар, кескіндер және графикалық элементтер) көп мөлшерде орналасуы мүмкін. Оларды дұрыс ара қашықтықта және жылдам орналастыру, объектінің көшірмесін жасау, топтарға біріктіру және т.б. Adobe PageMaker-де орындауға болады.

Объектілер жартылай немесе толық бірінін үстіне бірі қойыла алады. Мұндай жағдайда олардың орналасу орнына тәуелді болып қалмай,кез келген объектілермен жұмыс істей білу керек.
Тапсырма:

Әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, тапсырманы қадам бойынша орындап шығыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. ИНФОРМ басылымын ашыңыз.

  2. Правка – Объект қою (Вставить объект) командасын орындаңыз. Келесі терезе ашылады (Сурет 30). Осы терезеден MS Word суреті (Рисунок MS Word) таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.



Сурет 30. Объект қою терезесі


  1. MS Word терезесі ашылады. Керек сурет таңдап Суретті өзгерту тақтасынан Суретті жабу басамыз (Сурет 31).



Сурет 31. MS Word терезесі
4. Қойылған объектінің жанама мәзірінен Мәтін қою (Наложить текст) командасын орындаймыз. Келесі сұхбат терезесі ашылады (Сурет 32).

Осы терезеден объектіні мәтінге қалай орналастыруды таңдаймыз. Суреттегідей параметрлерді таңдасақ объект келесідей орналасады (Сурет 33):





Сурет 32. Мәтін қою

5. Мәтіннің үстіне келесідей орналастырыңыздар (Сурет 35):




Сурет 33. Суретті мәтін ортасына қою
Сурет 34. Мәтін үстіне сурет қою


  1. Объектіні белгілеп тұрып, Элемент – Реті (Порядок) – Арт жағына орналастыру (На задний план) командасын орындаңыздар. Сонда объект мәтіннің арт жағына орналасады.

  2. Мәтіндік блок пен объектіні топтастырыңыз. Ол үшін Shift пернесін басып тұрып, екеуін белгілеңіз де Элемент – Топтастыру (Группировать) командасын орналастырыңыз.

  3. Басылымдағы өзгерістерді сақтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет