Басшылықтың 2014 жылдың қорытындылары бойынша есебі



бет4/4
Дата04.03.2016
өлшемі329 Kb.
#38122
1   2   3   4

2014 жылдың қорытындысы бойынша әкімшілік шығындар 11 287 млн.теңгені құрады, бұл 2013 жылға қарағанда 10 % артық. 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылғы нақты шығындардың негізгі өсімі: консолидацияға «1-МАЭС» ЖШС электр стансасын қосумен байланысты амортизация және басқа да шығындар баптары есебінен орын алды. Басқа баптар бойынша сатуға арналған активтерді шығарып тастау мен шығындарды оңтайландыруға байланысты төмендеді.

Алдағы кезеңге болжам

2015 жылға жасалған болжам бойынша, әкімшілік шығындар Бизнесті трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыруға арналған шығындарды қосуға байланысты 13 % артады. 2016 жылға жасалған болжам бойынша әкімшілік шығындар шығындарды қысқарту бағдарламасын жүзеге асырумен және сатуға арналған активтерді шығарып тастауға байланысты төмендейді.


Қаржылай шығындар

Көрсеткіш, млн. теңге

2012

2013

2014

2015

2016

факт

факт

факт

болжам

болжам

Несиелер бойынша сыйақы жөніндегі шығындар

1 781

5 869

20 648

16 975

16 054

Басқа да қаржылай шығындар

3 519

2 453

2 919

2 555

2 261

БАРЛЫҒЫ:

5 300

8 322

23 567

19 530

18 315

2014 жылдың қорытындысы бойынша, қаржылай шығындар 23 567 млн.теңгені құрайды, бұл 2013 жылғы нақты шығындардан екі есе артық. Бұл 1-ЕМАЭС-тің екінші үлесін сатып алуға арналған несие (100 млрд. теңге) есебінен ұлғайып отыр.

Алдағы кезеңге болжам

2016 жылға жасалған болжам бойынша, қаржыландыруға кеткен шығындар қолда бар несиелерді қаржыландыру кестесіне сәйкес жасалған.


Есепті мерзім ішіндегі қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижесінде компания 15,9 млрд. теңге көлемінде таза пайда тапты, ал 2013 жылғы факт бойынша 40,9 млрд. теңге болған. 2015-2016жж. арналған жобада пайданы 39 млрд. теңгеге дейін арттыру жоспарланған.
Басқа да негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштер бойынша жағымды динамика байқалады. Мысалы, EBITDA margin көрсеткіші 39,7 құрады, ал 2013 жылы ол 23,8 болған. Көрсеткіштің жақсаруы негізгі қызметтен түсетін табыстың артуымен және тиісінше, EBITDA көрсеткішінің өсуімен түсіндіріледі. 2016 жылға жасалған болжам бойынша, көрсеткіш 61% мөлшерінде жоспарланған, бұл жақсару активтерді жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты, оның шеңберінде 2016 жылға дейін барлық бейіндік емес, рентабелділігі төмен активтер (энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы компаниялар) сатылатын болады.
EBITDA көрсеткіші былтырғы жылғы мәліметтерге қарағанда шамамен 2 есе артық, бұл негізгі қызмет түрінен түскен пайданың артуымен, консолидацияға «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің жаңа активін қосу есебінен мүмкін болып отыр. 2016 жылға дейінгі динамикада жоспарланып отырған рентабелділігі төмен активтерді сатуға байланысты көрсеткішті жақсарту жоспарланған.

Жұмыс рентабелділігі көрсеткіші 2014 жылы 6,5% құрады. 2016 жылға дейін Қоғамның таза пайдасының артуы есебінен рентабелділікті ұлғайту жоспарланған.

Негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштер

Атауы

Өлшем бірлігі

2012

2013

2014

2013 карағанда 2014

2015

2016

факт

факт

факт

алып таст. %

болжам

болжам

Таза пайда

млрд. теңге

18,76

40,85

15,94

39%

25,29

39,19

EBITDA

млн.теңге

19 100

32 259

70 621

219%

75 437

73 608

EBITDA Margin

 

20,2

23,8

39,7

167%

38,8

61,0

Жұмыс рентабелділігі

%

20

33

6,5

20%

14,2

42,1

Өтімділік пен қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіші

Қарыз/EBITDA көрсеткіші өткен жылғы мәліметтерге қарағанда 4,52 құрады, көрсеткіштің жақсаруы EBITDA көрсеткішінің 2 еседен астам жақсаруымен түсіндіріледі. 2015 жылы аталған көрсеткіш компанияның инвестициялық жобаларын қаржыландырумен байланысты 4,88 дейін болар-болмас артады деп жоспарлануда.
Пайыздарды жабу көрсеткіші есепті мерзім ішінде 3,0 құрады. Көрсеткіштің 2013 жылғы фактімен салыстырғанда төмендеп кетуі (3,85) 1-ЕМАЭС-ті сатып алуға несие алумен, соған орай қаржыландыру шығынының артуымен түсіндіріледі. 2015-2016 жылдары операциялық пайданың өсуіне байланысты көрсеткішті жақсарту жоспарланған.
Ағымдағы өтімділік көрсеткіші 1,39 құрайды, бұл белгіленген ковенант (1-ден кем емес) шеңберінде. 2016 жылға дейінгі динамикада аталған көрсеткішті одан әрі жақсарту жоспарланған.

Атауы

2012

2013

2014

2015

2016

факт

факт

факт

болжам

болжам

Қарыз/EBITDA

4,43

5,50

4,52

4,88

5,66

EBIT/пайыздық сыйақы жөніндегі шығындар

1,99

2,40

1,86

2,57

3,35

Ағымдағы өтімділік

2,31

2,01

1,4

1,35

1,72


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет