1
|
Дәріс 1. «Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі» пәніне кіріспе
1 Оқу пәнінің мақсаты, міндеті және мазмұны.
2 Бастапқы әскери дайындықты орта оқу орындарында ұйымдастыру және өткізу.
3 Бастапқы әскери дайындықты ұйымдастыру және өткізу бойынша жетекші құжаттар.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні – білім алушыларды отаншылдық рухпен Отанды қорғауға дайын болуына тәрбиелеуге баса назар аударады. Бұл бағдарлама білім алушыларды әскери қызметтің дағдыларын меңгеруімен қоса әскери іс негіздері мен төтенше жағдайларда адамның өмір қауіпсіздік әрекетінен білім беруіне бағытталған.
Пән мақсаты – білім алушы Қазақстан Республикасының Конституциясының негізгі ережелерін, мемлекетті қорғау негіздерін, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің арналуын және түрлері мен ерекшеліктерін түсіндіру, әскери қызметтің маңызын , Қазақстан Республикасының әр азаматының қасиетті парызы және міндетін оқыту.
Пәннің міндеттері:
әскери анттың, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жарғыларының негізгі талаптарын оқыту;
әскери бөлімдердің қарулануы мен әскери техникасы, жеке құрамның өмірі мен орналасуымен таныстыру;
қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру;
4) робототехника, IT-технология, технологиялық дайындық және төтенше жағдайда адамның өмір қауіпсіздігі негіздері алғашқы практикалық дағдыларын меңгеру;
есептегі әскери мамандыққа және офицер кәсібін тандауға әскери-кәсіптік бағдар беру;
жастарға қазақстандық патриотизм мен Отанына деген адалдық сезімін қалыптастыру.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнің білім алушылар оқығанда:
әр азамат өз Отаның қауіпсіздігіне және оны қорғау қажеттілігі мен манызың түсінуге;
алынған пәндік білім, білік және дағдыларды Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары қызмет еткенде қолдануға;
білім алушыларда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы толық логикалық бір-бірімен байланысты ұғымдар туралы үйлесімді жүйені қалыптастыру;
жеке адамгершілік қасиеттерін дамытуға және үздіксіз өзін-өзі дамыту қажеттілігін түсінуге;
сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау, мәселелерді шешу және коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
|
2
|