Сынып жетекшісінің міндеттері:
- студенттерді сыныптың тәрбие жұмысының жоспарымен таныстырады, олардың іс-тәжірибе бағдарламасына сәйкес осы жоспарды орындауларын анықтайды;
- сынып оқушыларымен олардың жеке бас жұмыстарымен, сабақ үлгерімдерімен, сабаққа қатысу тәртіптерімен таныстырады, оқушылармен сыныптан тыс ашық тәрбие шараларын өткізеді;
- студенттерге іс-тәжірибе барысының тәрбиелік міндеттерін белгілеуге көмектеседі, тәрбие жұмысының жоспарын құру кезінде студенттермен консультация жүргізеді, осы жоспарды орындауды бақылап бекітеді;
- психологиялық-педагогикалық мінездеме жазуға болатын оқушыны ұсынады;
- студенттерді сынып жетекшісінің жұмысына баулиды;
- іс-тәжірибе соңында студенттерге мінездеме жазады да, олардың тәрбие жұмысына қорытынды бағасын қояды.
|