Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-тарау. «Бейнелеу өнері» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет15/17
Дата04.05.2023
өлшемі415.81 Kb.
#473193
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
?@8;>6 1 07

2-тарау. «Бейнелеу өнері» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
1-параграф. «Бейнелеу өнері» оқу пәнінің мазмұны

5. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


1-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 35 сағатты құрайды.
6. Бейнелеу өнері оқу пәнінің мазмұны бірыңғай оқу-тәрбиелік міндеттерді шешу үшін 4 блок түрінде топтастырылған. Блоктар өнердің әртүрлі аспектілерін ашады: типологиялық, тілдік, құндылық-бағдарлық, әрекеттілік және әр сабаққа әртүрлі дәрежеде қатыстырылады, кешенде блоктар бастауыш көркемдік білім мен тәрбие мәселелерін шешуге бағытталған.
1. «Бейнелеу сауаттылығы негіздері» блогы-көркем шығармашылық идеяларды практикалық іске асыруға арналған құралдарды ұсынады:
- өнер туындыларын қабылдау;
- көркем шығармашылықтың ерекшеліктері;
- өнер түрлері;
- өнер жанрлары;
- көркем мәдениеттің байлығы мен әртүрлілігі туралы түсінік (Қазақстан халықтарының мәдениеті мысалында), Қазақстан халықтарының бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдері, қазақстандық және әлемдік өнердің шедеврлерін қабылдау және эмоционалды бағалау;
- бейнелеу өнерінің адамның күнделікті өміріндегі, оның материалдық ортасын ұйымдастырудағы рөлі туралы түсінік;
- графика, графикаға арналған материалдар мен техника: қарындаш, қалам, фломастер, борлар және т. б.;
- түрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері мен тәсілдері, өнердегі суреттің рөлі: негізгі және көмекші;
- графика арқылы ойды жеткізе білу;
- кескіндеме, кескіндеме материалдары және құралдар;
- түс-кескіндеме тілінің негізі, көркем бейнені жасау үшін көркемдік мәнерлілік құралдарын таңдау;
- сурет салу арқылы ойды білдіру қабілеті;
- мүсін, мүсін материалдары және олардың мәнерлі бейнені жасаудағы рөлі;
- көлем-мүсін тілінің негізі, мүсіннің негізгі тақырыптары,
- мүсіннің көмегімен ойды жеткізе білу;
- мәнерлі бейне жасау үшін пластикалық мүсіндік материалдармен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (ермексаз, саз гипс папье маше – жаю, көлем жинау, созу және пішінді құрастыру),
- дизайн және сәулет-көркем құрастыруға және модельдеуге арналған материалдардың әртүрлілігі (ермексаз, қағаз, картон және т. б.), мәнерлі образ жасау үшін әртүрлі материалдармен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері,
- адам өмірінде көркем құрастыру және модельдеу дағдыларын пайдалану мүмкіндіктері туралы түсінік;
- сәндік-қолданбалы өнер, сәндік-қолданбалы өнердің бастаулары және оның адам өміріндегі рөлі, халықтық мәдениеттің сипаты туралы түсінік;
- қолданбалы өнердегі сәндік формалардың негізі ретінде табиғаттағы формалардың әртүрлілігі, Қазақстанның халықтық және сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен танысу.
2. «Бейнелеу өнері әлемі» блогы - оқу материалының мазмұнын ашады:
- көркем шығармашылықтың ерекшеліктері;
- өнер түрлері;
- өнер жанрлары;
- композиция, жазықтықтағы және кеңістіктегі композицияның қарапайым тәсілдері;
- ұғымдар: композицияны құрудағы көлденең, тік және диагональ;
- ұғым: көкжиек сызығы, жақын – алыс, көп-аз, бітелу;
- композициялық орталық, композициядағы басты және екінші дәрежелі, симметрия және асимметрия;
- композициядағы Контрасттың рөлі: төмен және жоғары, үлкен және кішкентай, жұқа және қалың, қараңғы және ашық, тыныш және динамикалық және т. б;
- әр түрлі сызықтар (жұқа, қалың, түзу, толқынды, тегіс, өткір, спиральмен дөңгелектелген) және олардың айқын сипаты, штрих, дақ және көркемдік бейнесі;
- табиғаттың, адамның, жануардың эмоционалдық жағдайының желісі арқылы беру;
- түс, негізгі және құрама түстер, жылы және суық түстер, түстердің араласуы, бейненің эмоционалдық дыбысталуы мен мәнерлілігіндегі АҚ және қара түстердің рөлі, түстің эмоциялық мүмкіндіктері, кейіпкердің мінезінің түсі, оның эмоционалдық жай-күйі арқылы беру;
- нысан әлемінің пішіні, алуан түрлілігі және оларды жазықтық пен кеңістікте беру, пішіндердің ұқсастығы мен контрасты, қарапайым геометриялық пішіндер, табиғи формалар, нысан пішінінің оның сипаты туралы идеяға әсері, силуэт;
- көлем, кеңістіктегі көлем және жазықтықтағы көлем, көлемді беру тәсілдері, көлемді композициялардың мәнерлілігі;
- ырғақ, ырғақ түрлері (тыныш, баяу, екпінді, тынышсыз және т. б.);
- сызықтар, дақтар, түстер ырғағы;
- кескіндеме мен суреттегі композицияның эмоционалды дыбысындағы ырғақтың рөлі, элементтердің ырғағы арқылы композициядағы қозғалысты беру, сәндік-қолданбалы өнердегі ырғақтың ерекше рөлі.
3.«Бізді қоршаған әлем» блогы – оқу тапсырмалары тақырыбының рухани-адамгершілік, эмоционалды және құндылық бағытын көрсетеді:
- - бақылау, өмірден және жадпен жұмыс жасау дағдыларын игеру;
- табиғат пен табиғи құбылыстарды, сондай-ақ қоршаған әлем құбылыстарын бақылау;
- жылдың, күннің, ауа-райының әртүрлі уақыттарындағы табиғат бейнесіндегі айырмашылық;
- табиғаттың кескінді бейнесін жасау үшін түрлі көркем материалдар мен құралдарды пайдалану;
- қазақстандық және шетелдік өнер жауһарларын қабылдау және эмоционалдық бағалау;
- әртүрлі халықтар мен дәуірлерді бейнелейтін әлемнің бірнеше жарқын мәдениеттерімен танысу;
- әлемнің әртүрлі халықтарының мәдени дәстүрлерінің сипатындағы табиғи жағдайлардың рөлі, әртүрлі халықтардың өнеріндегі адам бейнесі, сәулет және сәндік-қолданбалы өнер бейнелері;
- менің туған Қазақстаным, Қазақстан халқының дәстүрлі мәдениетін сипаттаудағы табиғи жағдайлардың рөлі, туған табиғат көріністері, киіз үйді, тұрмыстық заттарды, еңбек құралдарын, костюмдерді безендірудегі сәндік құрылыстың бірлігі;
- дәстүрлі мәдениеттегі адам бейнесі, өнерде көрініс тапқан адамның сұлулығы туралы халықтың идеялары;
- адам бейнесі, әлемнің түрлі мәдениеттеріндегі адам бейнесі, замандас бейнесі, портрет жанры, махаббат, достық, өнердегі отбасы тақырыптары;
- адамның ең жақсы сезімдері мен қасиеттерін: мейірімділік, жанашырлық, қолдау, қамқорлық, батырлық, жанқиярлық және т.б. оятатын кейіпкерлердің бейнелерінің эмоционалды және көркем экспрессивтілігі;
- заттық орта объектілерін көркем жобалау және модельдеу;
- дизайн мен архитектураның әдемі және мәнерлі нысандарының жобаларын жасау үшін түрлі көркем материалдар мен құралдарды пайдалану.
4. «Шығармашылық» блогы - шығармашылық қызметтің түрлері мен шарттарын ашады және жүзеге асырады:
- бейнелеу, сәндік-қолданбалы және көркем-конструкторлық қызмет бойынша түрлі презентацияларға қатысу; графика, кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнерде алынған құзыреттерді іске асыру; өмірден, жады мен қиялдан алынған сурет; шығармашылық жұмыстарда көркем құрастыру және модельдеу дағдыларын пайдалану; графикада, кескіндемеде, мүсіндеуде, көркем құрастыруда және модельдеуде өз ниетін іске асыру үшін мәнерлі құралдарды таңдау және қолдану; жеке және ұжымдық қызметте әртүрлі көркемдік техникалар мен материалдарды пайдалану; бейнелеу өнері туындыларының мазмұны мен мәнерлі құралдарын талқылауға қатысу, шығармаға өз көзқарасын білдіру.
Өз кезегінде, блоктардың әрқайсысы бөлімдер кешенінен тұрады:
- Өнерді қабылдау бөлімінің міндеттері-бейнелеу өнері деген не? Оның адам өміріндегі маңызы мен рөлі қандай? деген түсінік беру, бейнелеу өнері туындыларын көркемдік тұрғыда қабылдау үрдісін түсінуге және терең ұғынуға үйрету, Қазақстан мен әлемнің көрнекті суретшілері мен олардың шығармашылығы туралы түсініктерін дамыту. Өзіндік көркемдік дүниетаным қалыптастыру, көркем-эстетикалық талғамын, мәдениетін тәрбиелеу; өнер туындыларын талдай, зерделей білу қабілетін қалыптастыру.
- Графика бөлімінің міндеттері – оқушылардың кеңістіктегі екі өлшемді жазықтықта үш өлшемді пішінді көре білуге және бейнелеуге үйрету, әр түрлі графикалық құралдарды-сызықтар, штрихтар, дақтар, реңдер, жарық-көлеңкені қолдана отырып пропорцияларды, көлемді, фактура мен текстураны беру арқылы; графикалық материалдармен кеңінен танысуды жалғастыру.
- Кескіндеме бөлімінің міндеттері - табиғат пен түстерді эмоционалды тұрғыда қабылдауды дамыту; түс сезіміне тәрбиелеу; үйлесімді түс қатынастарын құра білу қабілетін дамыту. Оқу тапсырмалары мен жаттығуларды сауатты жүргізу, көркем материалдарды сауатты пайдалану дағдыларына үйрету. Заттардың фактурасын беру дағдысын дамыту; түстің көмегімен бұйымдар мен заттардың жарық-көлеңкесін шығару, ауа ортасын беру; бейнеленетін заттың пішінін реңмен және түспен көрсету білу дағыларын жетілдіру, жалпы кескіндемеде «түстік үйлесімділік», «түстік жағу» ұғымдары мен құбылысын білу, зерделеу мен зерттеу. («жергілікті түс» ұғымы және оған жарықтың әсері, нысанның пішіні мен материалдылығын берудегі түстік реңктің рөлі).
- Мүсін бөлімінің міндеттері-кеңістіктікте сомдап құрастыра білуге үйрету, балалардың көлемді, рельефті мүсіндік тапсырмаларды орындауда көркемдік қабылдауларын дамытуға ықпал ету, пластикалық тілдегі көлем мен кеңістікті көру және көрсете білу мүмкіндігі. Сабақтарда оқушылар рельефті де, көлемді, дөңгелек мүсіндік тапсырмаларды орындау негіздерімен танысады.
- Сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің міндеттері - сәндік-қолданбалы өнер мен дизайнның көркемдік тілі мен заңдылықтарын түсінуге тәрбиелеу. Әдемілік туралы идеяларды түсінуге үйрету, тек ең әдемі және мәнерлі тұрғыда жеткізуге үйрету. Қалыптастыру қабілеті стилизация және жалпылау әдістерін қолдана отырып, қоршаған әлемде кездесетін формаларды шығармашылық түрде өңдей білуге баулу. Әр түрлі көркемдік материалдармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, халықтық дәстүрлі өнер түрлерімен таныстыру;
- Сәулет және дизайн (көркем құрастыру және модельдеу) бөлімінің міндеті - сәулет ортасын және дизайн негіздерін зерттеу және модельдеу, жобалау, қалыптау туралы білімді бекіту, көлемді және жазықтық композицияларды сомдап жасау дағдыларын қалыптастыру, көркем дизайн мәселелерін өз бетінше шеше білу дағдыларын дамыту;
Бұл көркемдік білім жүзеге асырылатын қызметтің (немесе саланың) бөлімдері. Яғни, олардың барлығы кешенді және блоктардың құрамдас бөлігі ретінде қамтылған. Орта мерзімді жоспарлау кезінде блоктағы бөлімдер қарапайымнан күрделіге өту бойынша кезеңдерге байланысты жылжи алады.
7. «Бейнелеу өнері » оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
Жеке нәтижелер оқушылардың оқу үдерісінде игерген жеке сапалық қасиеттерін көрсетеді:
- Қазақстанның мәдениеті мен өнеріне деген мақтаныш сезімі;
- еліміздің және әлемнің басқа халықтарының мәдениеті мен өнеріне құрметпен қарау;
- әрбір жеке адамның және жалпы қоғамның өміріндегі мәдениет пен өнердің ерекше рөлін түсіну;
- көркем-шығармашылық ойлай, байқай және қиялдай білу, эстетикалық сезімдерін қалыптастыру;
- қажеттіліктердің қалыптасуы - өнермен, табиғатпен тығыз қарым-қатынаста, қоршаған әлемге деген шығармашылық оң қатынас пен тәуелсіз шығармашылықта;
- мұғалімнің басшылығымен бірлескен шығармашылық жұмыс үрдісінде ұжымдық және топтық іс-әрекет дағдыларын меңгерту;
- бірлескен қызмет барысында сыныптастарымен ынтымақтаса білу, жұмыстың өз бөлігін ортақ оймен талдау мен салыстыру;
- өз шығармашылық қызметі мен сыныптастарының жұмысын талдау және талқылау қабілетінің болуы және шығармашылық міндеттер тұрғысынан мазмұны мен көркемдік сипатын білдіру құралдары тұрғысынан белгілі бір тақырыпта жұмыс жасау;
Метапәндік нәтижелер оқушылардың танымдық және практикалық шығармашылық іс-әрекеттіндегі әмбебап қабілеттерінің қалыптасу деңгейінің ерекшелігін сипаттайды:
- салыстыру, талдау, негізгі нәрсені бөліп көрсету, жалпылау;
- ұжымдық шығармашылық жұмысты орындау барысында диалог жүргізу, атқаратын қызмет түрлері мен рөлдерді бөлу қабілетін меңгерту;
- қосымша бейнелеу көркем материалдарын іздеу барысында, көркем шығармашылық жобалар мен жеке шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін ақпараттық технологиялар құралдарын тиімді пайдалану;
- қойылған міндетке сәйкес оқу іс-әрекеттерін сауатты жоспарлай отырып, оларды жүзеге асыра білу, тиімді де дұрыс шешім нұсқаларын таба білу;
- әр түрлі көркем-шығармашылық міндеттерді жүзеге асыра білу;
- өзіндік шығармашылық қызметті тиімді жоспарлай білу, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыра білу;
- жаңа білім мен дағдыларды игеруге және көркем шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге саналы түрде ұмтылу;
Пәндік нәтижелер оқушылардың оқу пәнін игеру барысында білім, іскерлік, дағдыларды қолданумен сипатталып, көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттегі тәжірибесімен бекітіледі:
- көркем іс-әрекет түрлерін білу: бейнелеу (кескіндеме, графика, мүсін), конструктивтік (дизайн және сәулет),
сәндік (халықтық және қолданбалы өнер түрлері);
- бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен жанрларын білу;
- қоршаған әлем оқиғалары мен табиғи құбылыстарға эстетикалық баға беру;
- жұмысты орындау барысында шығармашылық дағдыларды, білім мен дағдыларды қолдану;
- қазақстандық және әлемдік өнер туындыларын тану, қабылдау, сипаттау және эмоционалдық тұрғыда бағалай білу қабілеті;
- өз пікірін білдіре отырып, өнер туындыларын талқылау және талдау қабілеті;
- қоршаған өмірдегі өнер көріністерін көре білу;
- шығармашылық қызметте түрлі көркем материалдар мен көркем техникаларды пайдалану қабілеті;
- шығармашылық қызметте эмоционалды жағдайларды және табиғатқа, адамдарға және қоғамға деген оң көзқарасын жеткізе білу;
- парақтың жазықтығында және көлемде ойластырылған көркем бейнелерді құрастыра білу қабілеті;
- түстану заңдылықтары мен негіздерін, композициялық аспектілерді, перспективаларды, графикалық және кескіндемелік сауаттылықты қолдана білу біліктерін игерту;
- қағаздан, қатырмақағаз, ермексаздан, сазбалшықтан көркем бейнелерді модельдеу, аппликация және коллаж құралдарымен бейнелеу дағдыларын дамытып меңгеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет