Бастауыш білім беру


Оқушының мінез-құлқын қалыптастыруында тәрбие әдісін қолдану



бет8/12
Дата28.09.2023
өлшемі4.52 Mb.
#478981
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Курстық Жұмыс Қордабай Ақмарал

2.2 Оқушының мінез-құлқын қалыптастыруында тәрбие әдісін қолдану.
Тәрбиенің алғашқы бастамасы отбасынан басталады. Ата-ананың баламен жасайтын қарым-қатынасының үлкен тәрбиелік мәні бар. Әсіресе отбасындағы ата мен ананың өзара қатынасы үлкен тәрбиелік мәнге ие. Мәдениетті отбасындагы ерлі-зайыпты кісілердің бір-біріне айтқан игі ниеті, кішіпейілділігі, сыйласуы, жанұя қажеттілігінен туған мәселелерді ақылдаса отырып, шешуі бала мінөзіне жағымды әсер етеді. Мысалы, ретінде Ақтоғай ауданы, Қусак ауылының тұрғыны ерлі-зайыпты Ануар мен Еркежанды келтіруге болады. Осындай қарапайым жанұя өз балдарына адал еңбегімен адамгершілікті, саналылықты үйретуде. Жанұя мүшелерінің адамгершілік қасиеттері олардың тұрмыс құру жағдайларынан да айқын көрінеді. Әрине, таза, мәдениетті, тұрмыс жас ұрпақтарда адалдықты шыншылдықты қалыптастырады. Бірақ бізде барлық ата-ана бірдей емес. Сырт көрінісінен қарағанда тұрмыста таза, мәдениетті болып көрінген кейбір кісілердің ішкі дүниесінде бықсып жатқан жарамсыз қылықтар табылады. Ондай қылықтар жас балаға тез әсер етеді.Бала тез еліктегіш, иланғыш болғандыктан, жаман қылықтарды да тез үйренеді. Соның үшін жанұядағы ерлі-зайыптылар жарамсыз сөздердің, қатынастардың бала тәрбиесіне үлкен нұқсан келтіретінтігін айтпай кетуге болмайды: Әсіресе маскүнемдікке салынып, балардың көзінше әйелін балагаттап ұратын еркексымақтар да кездеседі. Мұндай кезде жас бала анасының дәрменсіздігінен шыдай алмай, жылап та жібереді. Осындай мәдениетсіздік өзімізді қошаған немесе ағайын туыстар арасында өте жиі адамгершілік қасиеттен айырыларда адам ең алдымен жанұясын. Содан барып халық алдынада абыройсыз, құнсыз халге түсе бастайды. Кейбір ата-аналар баламыз әлі жас, әзірге не түсінер дейсің деп оның көзінше өз жолдастырының, оқытушылардың жарамсыз қылықтарын айтып отырады. Ондай кісілердің көпшілігінің сөзі мен іс-әрекетінің арасында бірталай алшақтық болады. Мысалы, жарамсыз қылықтарын айтқан жолдастары үйіне келіп қалса, оның асты-үстіне түсіп, бәйек болады да қалады. Бұрын бұл келген кісінің тек жарамсыз қылықтарын ғана есіткен бала енді әке-шешесінің кейінгі әрекетіне таңдана қарап, нашар пиғылды кісілерге де осындай қатынаста болу керек екен деген ойда қалады. Міне, содан барып сыртынан өсек-өтірік айтып, көзінше шындықты айта алмайтын, жалтақ мінезді, жағымпаз адам шығады. Кейбір кісілер тіпті баласына: «Мені үйде жоқ деп айта сал» - деп оны тікелей өтірік айтуға баулиды. Мұндай жағдайдың алғашқы кезеңінде көңілінде ешқандай кір болмағандықтан, баланың ойында: «Осы папам біреуді алдамақшы ма? Үйде деп шынымды айтсам қайтеді?» деген сұрақтар туады. Кейде алдаудың шырмауына әлі орала қоймаған жас бала әкесінің айтқаны есінен шығып кетіп, сұраған кісіге: «Маған папам үйде жоқ деп айт деді» деп те қалады. Осындай жағдайда шынын айтам деп, сөгіс естіген бала алғаш қынжылып жүрсе де, кейін папасы үйде бар болса да «жоқ» деп айтуға дағдылана бастайды. Мұндай жалған қатынас бала мінезінде шындықты жасырып, өз пайдасына қарай өтірік айтатын зымияндықты қалыптастырады. [8-66б]
Бала мінезі көпшілік жағдайда әке-шешесінің мінөзіне өте ұқсас келеді. Осы жағдайға қарап кейбір ата-аналар мінез тума қасиетке ие емес іе екен деген ойға келеді. Бала мінезінің әке-шешесінің мінез ерекшеліктеріне ұқсас келуі, біріншіден, жанұяда барлығына ортақ жалпы жағдайдың әсер ететіндігі болса, екіншіден, баланың ересек кісілерге еліктеуінен болады. Бірақ айта (кететін бір мәселе - бір жанұядағы балалардың мінез ерекшеліктері әр тұрлі болуы да мүмкін. Қазақтың бір биеден ала да туады, құла да туады дегені сияқты бір жанұяда ожар да, жуас та бала болуы мүмкін. Олай болса себебі де тәрбиеге байланысты. Тіпті егіз баланың мінездері де әртұрлі болады. Егер жанұяда талап қойылмастан өз бетіне жіберілсе, бала мінезінде шолжандық, қыңырлық, қисықтық, тартыншақтық сияқты жарамсыз қасиеттер қалыптаса бастайды. Оның өзі бала келешегін бұзықтықтың шыңырау құдығына сүйрейтіндігі жалпы жұртқа аян. Сол үшін біздің тәрбиемізде ақау болмауы тиіс. Тәрбие жұмысымен тек ата-аналар ғана шұғылданбай, бүкіл жұртшылық шұғылдануы керек. Балаға қойылатын талаптар барлық жанұянда бірдей бола бермейді. Кейбір жанұяда жай жалынып, айтқанын істететін болса, екінші біреулерінде, баланың қызығуына, жас ерекшелігіне, қабілетіне қарамастан, қатаң талап қойылады. Бірінші жағдайда ата-ананың жұмсақтығын пайдаланып, бала ерке, шолжаң болып өссе, екінші жағдайда өз еркінен айырылып, амалсыз мойындайтын жалған қатынастар қалыптасады. Әрине, жанұя жағдайында балаларды әкесі мен шешесі ғана тәрбиелеп қоймайды, сонымен қатар, жанұяның басқа мүшелері де тәрбиелейді. Сол үшін барлық жанұя мүшелерінің балаға қоятын талабы алдын ала ойластырып алынған жөн. Егер әкесі баладан бір жұмысты талап етсе, ал шешесі оны қуаттамаса, балада әке-шешесіне жалған қатынас пайда болады. Мысалы, Болат деген кісі жұмысқа кетіп баратып сегізінші сыныта оқитын ұлына бүгін кешке киноға бармай-ақ қой, сабағыңды дайында дейді, ал шешесі әкесі кетісімен баланы киноғажібереді. Онымен тұрмай, Талғат папам ұрсады деп қауіптенбей-ақ қой, мен айтпаймын дейді. Міне, мұндай қатынастар арқылы баланың әкеге деген мейірімі жоғалтып, үлкендерді сыйлау қасиетінен айырыла бастайды. [14-13б]
Баланың мінез ерекшеліктерінің қалыптасуына және оларды тәрбиелеуге ата-ананың басқа кісілермен қарым-қатынасы да күшті әсер етеді. Сол үшін ата-ана өзінің айтқан сөзіне, жасаған әрекетіне, қимылына аса жауапкершілікпен қарауы керек. Жас балаларда достық сезімінің күштілігінен өз жолдастарының жарамсыз қылықтарын жасыру, жақсы қылықтарын әсірелеп есіру күшті болады. Мұндай жағдай балалардың ойын үстінде сырлас-мұңдас болып, бір-бірінің кемістігін ата-аналарына білдірмеуге тырысқанда байқалады. Ал ойын үстінде бір бірімен келіспей қалатын жағдайда олар әр уақытта шындықты айтып, кемістіктерін жасырмайды. Кейбір ата-аналар өз балаларының мінез ерекшеліктерін толық түсінбегендіктен, өз балам дұрыс болса болды деп, баласын жарамсыз қылықтары бар балалардан ажыратып ала бастайды. Бірақ бала ондай балалармен ойнауын, әрине, тоқтатпайды. Себебі, ойнау үшін оған серік керек. Негізінде баланың достық, ұжымшылдық сезімін арттыру үшін, оны бірге ойнаған жолдастарынан ажыратпай, қайта сол жолдас балаларын олардың әке-шешелерімен бірлесе отырып тәрбиелеу тиімді нәтиже береді. Баланың жолдастарындағы мінез кемістіктерін олардың ата-аналарымен бірлесе отырып талқылағанда, олардың ар-намысына тиместен, баланың ерекшеліктерін еске ала отырып, келешекте жөнделетіндігіне сенім білдіре отырып тәрбиелеу керек.
Баланың мінез ерекшеліктерін қалыптастыруда жанұядағы еңбек тәрбиесі айырықша орын алады. Еңбектің барлық тұрі баланы қызықтыра бермейді. Сол үшін балаға тапсыратын жұмыстар олар ойнайтын ойындардың мазмұнына қарайлас болғаны абзал. Жанұядағы еңбек тәрбиесін баланың сәби көзінен-ақ бастау керек. 2-3 жасар бала қолынан келмесе де ата-анасының әрекет - қимылдарын қайталамақшы болып, көп әуреленеді. Өз ойыншықтарымен ойнап жатқанның өзінде ересек кісілердің іс-әрекетін қайталап, бірде «шофер» болып машина айдаса, бірде «құрылысшы» болып үй қалайды. Мұндай ойындардың мәнінен түсінбеген кейбір ата-аналар «не бар сендерге топырылап, бүлдірме мына нәрселерді» деп жазғыра бастайды. Қиял дүниесінде өз әрекетіне мәз болып, қуаныш сезімінде отырған балалар, мұндай жағдайдан кейін, ызаланып жылап та қалады. Содан барып, бірде болмаса бірде ата-анасына қарсы дау айтып, қарсыласа кететін дөрекі мінезді жағымсыз қылықтар шығара бастайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын процесін еңбекке тәрбиеленумен ұштастыра отырып жүргізген дұрыс. Әрине, баланың еңбек ету кезіндегі бірінші әрекеттері сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Бірақ бірінші жолы нәтиже шығара алмады деп, баланы еңбек етуден шеттеуге қате болады. Баланың іс-әрекетіндегі қателіктерін ұрсып, зекіп емес, оған әсер ететін сөздермен түсіндіру керек. [20-12б]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет