Бастауыш мектеп оқушыларының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту


Еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері



бет7/13
Дата13.06.2022
өлшемі148.63 Kb.
#459200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Бастауыш мектеп оқушыларының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту

1.3. Еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері


Жаңа ақпараттық технологияның тиімділігі – бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі – кіші мектеп жасындағы оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашалық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өзіне сенімділігі артады. Шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізерде мұғалім жұмыстың өн бойынан шығармашалық тапсырмаларға лайықты жағдайларды іздеп табуы керек. Кейбір практикалық тапсырмаларды шығармашылық арнаға бұрып алуға, өзгертуге болады.
Педагогикалық технология оқыту, тәрбиелеу, жеке тұлғаны дамыту бағытындағы ұстаз бен шәкірттің белгілі бір мақсатқа жету бағытындағы іс-әрекеттерінің нәтижесінің қандай болатындығын алдын-ала елестете білу қабілеті ретінде қабылданады. Ол дәстүрлі және жаңа педагогикалық технология болып екіге бөлінеді. Дәстүрлі педагогикалық технологияға-проблемалық оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, оқытуды проектілеу технологиялары кіреді; жаңа педагогикалық технологияға- модульдық оқыту технологиясы, кредиттік оқыту технологиясы, дистанциялық оқыту технологиясы жатады. Оқыту технологиясы оқытудың мақсатын, оқыту міндеттерін, оқыту процесін, оқыту кезеңдерін, әдістерін, принциптері мен шарттарын проектілеу болып табылады. Сонымен қатар шәкірттердің белгілі бір ғылым саласындағы меңгеретін білімдері мен дағдыларының жүйесін жасайды.
Шығармашылық тапсырмалардысынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, психологиялық саралығы, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап әрі қарай жалғастыруға болады. Бұл оқушының өз бетімен ізденуіне көп әсер етеді.
Кез- келген технология мұғалімнен терең теориялық білім, үлкен педагогикалық шеберлік, баланың жан дүниесін түсіне білетін психолог болуды талап етеді. “Педагогикалық технология дегеніміз- оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі”,- деп түсіндіреді В.М.Монахов. Ал ХХ ғасырдың басындағы ұлттық ойшылдарымыздың бірі Ж.Аймауытов: “ Сабақ беру- үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңаны табатын өнер” деген екен.
Ғылыми пндагогикалық зерттеулерге жасалған талдау жаңа педагогикалық технологиялардыңбірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді. Сондай технологияның бірі Ж.Қараевтың “ Деңгейлеп саралап оқыту” технологиясы.Қазіргі жаңа буын оқулықтарындағы тапсырмалар да осы технологияға негізделіп ьерілген. Бұл технология бойынша тапсырмалар 1,2,3,4 деңгейде беріледі. Оның тиімді жақтары: 1.Оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады;
2.Жеке дара қабілеттері айқындалады;
3.Оқушылар нақты өз деңгейінде бағаланады;
4.Даму мониторингі айқын көрініп отырады;
5.Сабаққа деген қызығушылығы артады.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгеру - өте күрделі де ұзақ процесс. Балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың нәтижелері, оқу-тәрбие және жеке тұлғаны дамыту мақсатын көздейтін іс-әрекеттер педагогикалық технология құрамымен тығыз байланысты.
Кіші мектеп жасындағы оқушылар өздеріеің жасаған өнімдерінің нәтижесіне аса мән береді. Көптеген жағдайларда нәтижелер соншалық әсерлі болуы мүмкін. Тіпті оқушылардың жұмыстарын көргендер еріксіз: “ О, бұл аса дарынды, талантты, қабілетті баланың жасағаны ғой! ”-десіп, таң қалады. Біз баланы тек қабілет дамытудың тәсілдерімен қаруландырып, жұмыстың кілтін, орындалу принципін оның қолына беру- дарындылығының ашылып, одан әрі дамуына жағдай жасау деп есептейміз.
Бастауыш сынып оқушыларының бірегей өнім. бұйым жасауы оның шығармашылық іс-әрекеті. Жұмыс барысында оқушы игерген білімін, іскерлігін, әдістерін өзінше дербес түрде қолданады, сонымен бірге оларды алмастыруды, белгілі бір әдістерін құрамдастыруды өзі ойластырады, шешім қабылдайды. Жұмыстың мұндай алуан түрлілігі өз күш-жігерін жан-жаұты байқаудае өткізу әр баланың дербес қабілетін ашуына мүмкіндік беріп, оны дамытужағдайларымен қамтамасыз етеді. Уақыт талабына сай оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануға болады. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда жасаған затқа сәйкес өлең шумақтарын құрастыруда бала екі-үш буынды сөздерге ұйқас сөздер тауып, өлең шығарады. Оқушы өзінің жетістігін көріп қуанады, сабаққа қызығушылығы артады. Педагогика саласындағы оқыту әдістерін түгел дерлік еңбекке баулу сабақтарында өз орнымен пайдаланып, сабақтың мазмұнын арттыруға болады.
“Еңбекке баулу” пәні бойынша 1998 жылы жарық көрген білім стандарты қайта жетілдірілді. Ол профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Олжабек Сатқановтың қатысуымен жүргізілді. Стандарттың жаңа нұсқасы ғылыми негізде зерттеліп, пәннің базалық білім мазмұны сақталды. Жаңа нұсқадағы “Еңбекке баулу” пәнінің мақсаты-білім беру мәнінің жаңа бағытына сәйкес іс-әрекеті негізінде оқушылардың жеке тұлғасын, шығармашылығын қалыптастыру деп айқындалды, сонымен бірге, баланың дене қимылын, сезімдерін, эстетикалық талғамын, ақыл-ой өрісін дамыту, яғни жеке тұлғаны дамытудың құралы болу, “Табиғат- Адам- Заттық орта” арасындағы өзара байланысты түсінуге зор маңыз беру. Осыған орай мынадай міндеттерінің желісі түзілді:
- дуниенің үйлесімді бірлігі туралы және онда адамның жасанды түрде пайда болатын заттық ортасымен бірге алатын орны туралы түсінігін қалыптастыру;
- заттар мен құбылыстарға деген эстетикалық түйсік қалыптастыру;
- жеке тұлғаның жасампаздық мүмкіндіктерін, шығармашылық және сезімталдық қабілеттерін дамыта түсу;
- ақыл-ой қабілетін жетілдіру, ұтымды логикалық, қисынды ойлау қабілетін дамыта беру;
- баланың еңбекке мотивтік сапаларын дамыту;
- іс жүзіндегі шеберлікті қалыптастыру арқылы екі қолдың қимыл әрекетін, көзбен мөлшерлеу қабілетін және басқа да сапалық қасиеттерді дамыту.
Мектептің бастауыш сатысындағы “Еңбекке баулу” пәні мазмұнының даму болашағы негізгі, жоғары сатылардағы “Технология” пәнінің мазмұнында дамытылды. Стандартта “Еңбекке баулу” пәнінің базалық бағдарламасы да көрсетілді. Бағдарлама мына бөлімдерді қамтиды:
- өзіне-өзі қызмет етуді үйрету;
- ауыл шаруашылығы еңбегіне баулу;
- техникалық еңбекке баулу;
- көркем еңбекке баулу.
Еңбекке баулу пәнінің мектептің бастауыш сатысындағы оқу жүктемесінің көлемі-272 сағат, 2-сыныпта 68 сағат (оқу жылында), аптасына 2 сағаттан белгіленді.
Өзіне-өзі қызмет ету еңбекке баулу бағдарламасында едәуір орын алады. Оқушылардың өзіне-өзі қызмет ету жұмысы еңбекке баулудың алғашқы сатысы ретінде және күнделікті өмірге керекті, неғұрлым кең тараған еңбек дағдысын дамыту ретінде зор маңызға ие. Балалардың өзіне-өзі қызмет ету еңбегіне қатысуын ата-аналар да үнемі қадағалап, көңіл бөліп отыруы тиіс.
Балаларды өзіне-өзі қызмет етуге баулу бірінші сыныптан басталады. Келесі сыныпта оның мазмұны күрделенеді. Балалар шаруашылық, тұрмыс еңбегіне бейімделеді, қажетті іскерліктері дамиды.Еңбектің бұл түрі отбасы тәрбиесімен ұштастырылып отырады.
Өзіне-өзі қызмет ету еңбегіне үйретудің тәрбиелік әрі қоғамдық маңызы зор. Мектепте ұйымдастырылған мұндай еңбек түрібаланың дұрыс қалыптасуына әсерін тигізеді, олардың мәдениеті мен көркемдік талғамдарын тәрбиелеуге негіз болады.
Ауыл шаруашылығы еңбегіне баулу. Оқу-тәжірибе үлескісіндеатқарылатын жұмыстарымен таныстыру. Жас еркешеліктеріне қарай атқарылатын жұмыстарды саралау. Пәнаралық байланысқа көңіл бөлінеді.Мысалы: дүниетану, ана тілі, математика, т.б. Үлескіде өткізілетін сабаққа қойылатын жалпы талаптар мен олардың өзіндік ерекшеліктеріне көңіл аударылады.
Техникалық еңбекке баулу.Мұнда қағаз және қатырма қағазбен істелетін жұмыстар мен құрастыру жұмыстары қамтылған. Бағдарламада қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеуге көбірек сағат бөлінеді. Әр түрлі бұйымдар, құралдар, ойынға қажетті жабдықтар, тұрмыстық заттар жасауға үйретіледі.
Қатырма қағаз- қағазға қарағанда қалың әрі тығыз материал. Қатырма қағаздың қалыңдығы әр түрлі. Қатырма қағаздың ағаш ұнтағынан істелген ақ және қоңыр түстілері, сабанан, ескі шүберектен дайындалған мықты түрлері болады.
Балаларға қағаздың шығу тарихы және қағаз жасайтын машина жайлы қосымша түсінік берілуі керек. Қағаздың көп қажет болуына байланысты қағаз өнділісі дамыды. Біздің өмірімізде қағаз пайдаланылмайтын сала жоқ. Қағазды басқа материалдармен ауыстыруға болмайды. Себебі, оның берік, жұқа, жоғары диэлектрлік сияқты т.б. қасиеттері бар. Еңбекке баулу сабақтарында оқушыларды қағаз бен қатырма қағаз жөніндегі осындай деректермен таныстырудан соң қарапайым операцияларды пайдаланып, бұйымдар әзірлеу, үлгі бойынша әзірлеу, бүктеп – қаттау және көрсетілген сызық бойымен кесу жұмыстары жүргізіледі. Сызбадағы кесілетін сызық, бүктейтін жер және көмекші сызықтарды таба білумен таныстырудың да мәні зор.
Көркем еңбек блогында ермексазбен жұмысоқушыларды мүсіндік шығарма жасаудың жлодарымен таныстыру мақсатында жүргізіледі. Қарапайым бұйымдарды жасату арқылы оқушылардың көркемдік талғамын арттыру мақсаты да көзделеді.
Матамен жұмысты бастамас бұрын оқушыларға матаның түрлерін, оның қалай пайдаланылатыны жайлы қысқаша түсінік беріледі. Осы мақсатта мақта, жүн, жібек, жасанды талшықтардан тоқылатын маталармен таныстырылады.
Қолданбалы қолөнер- халық өмірі және тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өнер. Шеберлердің қолынан шыққан қолөнер туындылары элементтерімен таныстыру. Оқушылардың практикалық жұмыстарында бұл элементтерді қағазды қолдана отырып жасату.
Оқушылар алдымен әр алуан материалдарды сапалы өңдеп үйренуі тиіс. Өйткені оларды сонда ғана көз тартарлық тамаша заттар жасап шығару үшін қажетті құрал ретінде шығармашылықпен пайдалана алады. Бағдарлама мәтінінде барлық құрамдас нәрселер “минимум бойынша” көрсетілген, ал одан да көп “максимум бойынша пайдалана беруге шек қойылмайды.”
Тапсырмалар өздерінің орындалу мүмкіндіктеріне қарай үш түрлі деңгейді қамтиды. Олар::
- оқулықтағы үлгілер деңгейіндегі тапсырмалар;
- оқушылардың өздері дербес атқара алатын жұмыстар деңгейіндегі тапсырмалар;
- оқушылардың біліміне, қабілетіне қарай қойылатын талаптарды орындап шығуына болатын ықтимал деңгейдегі шығармашылық тапсырмалар.
Оқушының әр түрлі материалдармен “белсене” таныс болуын қамтамасыз етудің маңызы зор. Сонда ол оқушы материалдардың көркемдік және конструкциялық қасиеттерін творчестволықпен алуан түрлі етіп пайдалана алады. Іс жүзінде мұның өзі “материалды сезіну” жөніндегі тәрбиенің өзіндік түрі болуы керек. Ал мұнсыз еркін көркемдік- шығармашылық қызметтің болуы тіпті де болуы мүмкін емес. Балалар әдетте, алуан логикалық міндеттерді, бас қатыратын жұмбақтарды құмарта отырып шеше алады. Әрине, бұл ретте оларға берілетін тапсырмалар баспен ойлау және қолмен істеу аралығындағы ақылға қонымды сәйкестіктер пропорциясында болуы өте-мөте қажет. Тап осындай жағдайда оқушылар ақылға салып ойлау, өзінше қызық, шығармашылық еңбек әлемінің есігін ашады, істі қолдың ептілігімен қалай болса солай тез тындыра салумен шектеліп қалмайды.
Балаларға экскурсиядегеніміз әрқашан әлдебір жаңалықтар ашу болып табылатынын көрсету және түсіндіру қажет. Еңбекке баулу пәні тұрғысынан қарағандағы негізгі жаңалық балалардың санасына табиғаттағы нәрсенің ьарлығы да пайдалы әрі әсем екенін жеткізіп, сіңіре білу. Бұл ретте қай саланың болса да өзегін жарып өтетін алтын арқау табиғаттың бәрі де сұлу, бәрі де қажет болуы тиіс деген өктем талабы болуы тиіс.
Балалармен топтық, жұптық жұмыс істеудің орны ерекше. Олардың жеке өздерінің бақылау қабілеттерін және материалдармен кез-келген дербес жұмыс істеу “тәжірибе” жасап көруін, сондай-ақ бейнелей білу шеберлігін бірте-бірте байқап, бағалап, көтермелеп отырады. Сөйтіп, оқушылардың кеңістікте белгілі бір мақсатқа бағытталған ойлау қабілеті қалыптасады.
Баланың ұсақ бұлшық еттерін қозғалысқа келтіретін кіші моторикасы қалыптасады (саусақтарымен жұмыс істеу дағдысы пайда болады). Мұндайда оқушылардың көңілін көтере дем беріп, мақтап қойған дұрыс.
Өңделетін материалдармен олардың сәнділік және технологиялық қасиеттерімен танысуды одан әрі үнемі жалғастырып отырамыз. Балалардың жеке-жеке дербес жасаған шығармашылық жұмыстарын біріктіріп, белгілі көзделген ойға бағыттаймыз. Олар комбинациялық-логикалық сипаттағы суреттемелерді жасап, орындап шығу жөніндегі міндеттерді шешуді үйренеді.
Мақсат көздеу - әлдеқайда күрделі кешенді процесс болып табылады. Мұның өзі дайын конструкцияға талдау жасауда ғана емес, сонымен қатар ең алдымен кез-келген конструкция мен оның атқаратын қызметінің ерекшелігі арасындағы белгілі бір тәуелділікті орнатуды да көздейді. Мақсат көздеу ең алдымен нағыз саналы ізденімпаздықты, проблеманы шешу тәсілін, мәселеге шығармашылық тұрғыдан келуді қамтиды.
Оқытудың бүкіл курсы бір-бірімен өзара байланысты тақырыптардың біртұтас жүйесі болып табылады. Ол тақырыптар оқушылар сыныптан сыныпқа көшкен сайын бірте-бірте күрделі бола түседі, сонымен қатар адамдардың практикалыққызметінің алуан түрлі қыруар байланыстарын ашып көрсетеді. Сөйтіп оқушылар тақырыптардағы проблемаларға әртүрлі деңгейде бойлап еніп, біртұтас курстың әр түрлі сатысында өз білімдерін көтере алады.
Оқытудың мазмұнындағы ең басты мәселе адамзаттың материалдық мәдениетте көрініс тапқан адамгершілік- эстетикалық және әлеуметтік – тарихи тәжірибесін меңгеру болып табылады. Оқушылар қол еңбегі сабақтарында тап сондай заттарды жасайтын болғандықтан, балалардың басты назарын заттар әлеміне аударамыз. Аса маңызды кәсіби-практикалық білім мен шеберлік атаулы осы бағдарламаның құрамдас элементтері болып табылады.
Бастауыш мектептегі оқу кезеңінде балалардың мүмкін болғанша әр түрлі заттар жасалатын сан алуан материалдарды игеруіне және олармен жұмыс істеп, өңдей білуге үйренуіне тура келеді. Технология тек құрал болып табылғанымен де, бұл құралды пайдалана білуді толық игеру керек. Бұлай етпеген жағдайда оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуінде ілгері басушылық елеулі түрде қиындықтарға тап болады. Бала дайын үлгі бойынша белгі салып алудың негізгі тәсілдерін тиянақты түрде игеріп алуға (мұның өзі жалпы базалық қабілеттің бірі болып табылады және ол қызметтің сан алуан түрлерін атқару барысында әрқашан қажет болады), қолмен атқарылатын жұмыстарды сапалы әрі дәлме-дәл орындауға, сондай-ақ практикалықжұмыс ретін саналы әрі сауаттықұра білуге, яғни еңбекті ұйымдастырудың қажетті мәдениеті мен ережелерін мұқият сақтауға міндетті.
Осы бағдарламаға сәйкес білім мазмұнын оқушы санасына меңгерту сабақ процесінде оңтайлы жаңа технологияларды және әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап, қолдануды қажет етеді.
Еңбекке оқушыларды дағдыландыру қарапайым жұмыстар жасаудан басталады да бірте-бірте күрделеніп отырады.
Мен өзім жұмыс істейтін Жамбыл ауданы Абай атындағы орта мектепте осы жаңа технологиялар мен соған сәйкес әдістер мен тәсілдердің тиімділігін анықтау үшін арнайы ішінара зерттеу жүргіздім.
Зерттеу нысынам етіп өзім жетекшілік ететін 2 “Ә” сыныбын алдым.
Қолданылғанған жаңа технология-Ж.Қараевтың “Деңгейлеп саралап оқыту” технологиясы және “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау” технологиясының стратегиялары.
2-сынып, еңбекке баулу сабақтарынан сабақ жоспарлары.
абақтың мақсаты: а) білімділік мәні:
оюдың түрлері, шығу тарихы туралы әңгімелеу.
Ою-өрнек туралы мақал-мәтелдер жаттау.
Қиындылардан ою құрастыру, атын атау.
ә) дамытушылық мәні: Балалардың қиялы мен
шығармашылығын, ойын, сөздік қорын дамыту.
б) тәрбиелік мәні:
қазақтың ұлттық ою-өрнегімен таныстыра отырып
халық өнерін қастерлеуге үйрету; ұқыптылыққа,
еңбексүйгіштікке, татулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: “Ұлттық ою-өрнектер” атты буклет, суреттер, тірек
сызбалар, күйтабақ, үлгі-қалыптар, т.б.
Сабақтың түрі: топтық-ойын
Сабақтың әдістері: сөздік, графикалық, иллюстрациялық, проблемалық
Пәнаралық байланыс:ана тілі, математика, музыка, тарих, бейналеу.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
1) Балалардың назарын сабаққа аудару. Еңбек сабағына қажетті құрал – жабдықтарын жабдықтарын ( түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, қатты қағаз, қарындаш, т.б.) түгендеу.
2) Ой шақыру ( ою сөзіне ассоциациялық аймақ құру).
сырмақ
шапан текемет
сандық ОЮ тақия

өрнек бөрік
қамзол
ІІ. Жаңа сабақ.
3) Мағынаны тану. Сабақтың мақсатын және тақырыбын хабарлау.
- Балалар, бүгінгі сабағымызда осы ою түрлерімен, соның іщінде “Қошқармүйіз” оюының жасалуымен танысамыз.
( Ою туралы мұғалімнің түсіндіруі)
Өнер- таусылмас азық, жұтамас байлық демекші, қазақтың қолөнері де өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Оның бірі – ою-өрнек. Ертеде халқымыз тұтынған нәрселерінің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген.
Ою дегеніміз – бір нәрсенің пішінін ойып алу. Қазақ халқы жері от, суы мол жайылым қуып, кең сахарада көшіп жүріп, жер-суының қадір-қасиетін жетік білген, жайлы қоныс іздей жүріп, өсімдік қасиетін мол байыптаған. Халқымыздың өлең-жырында, ән-күйінде, ою-өрнегінде аққудың әні, тоты құстың тілі жүретіні сондықтан. Күйтабақтан табиғатта кездесетін әр түрлі дыбыстарды тыңдату. Ою-өрнектерде халық дүниетанымы, оның өзін қоршаған орта мен сұлулық туралы түсінігі бейнеленген. Оюдың қандай да бір бейнесінің, түсінің болмасын танымдық өзіндік мәні бар. Мысалы: көк түс- аспанды бейнелесе, ақ түс- пәк тазалық, қуаныштың, бақыттың белгісі; күлгін түс- білімнің, даналықтың; қызыл түс- оттың, күннің белгісі; жасыл түс- жастық пен көктемнің; Қара түс- жердің, берекенің нышаны деген ұғымдары бар.
Қандай өрнекті болмасын, адам баласы өзін қоршаған дүниеден алатыны ежелден мәлім.
Оюлардың тарихы туралы “кубизм”стртегиясы арқылы түсіндіру.
Сабақтың мақсаты: а) геометриялық фигураларды қағаздан қиюды
және оларды пайдаланып әр түрлі заттарды
жасауға болатынын меңгерту.
ә)оқушылардың саусақтарының моторикалық
ептіліктерін,ойлау белсенділігін, шығармашылық
қиялын дамыту.
б)ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, инабаттылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: геометриялық фигуралардың макеттері, дайын
жасалған аппликация, үлгі-қалыптар, т.б.
Сабақта қолданылатын жаңа технология:деңгейлеп оқыту.
Пәнаралық байланыс:математика, геометрия, дүниетану, ана тілі т.б.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Балалардың назарын сабаққа аудару. Қажетті заттарды түгендеу. Сабақта қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске түсіру.
ІІ. Кіріспе.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Фигураларды еске түсіру.
1) Ойын “ Қай топ тапқыр? ” Ережесі:әр топ өзіне берілген фигураларды ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру.
І топ.
ІІ топ.

ІІІ топ.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім фигуралардан аппликация жасап көрсетеді. (аппликация туралы түсінік өткен сабақтарда меңгертілген, практикалық жұмыс жасалған.)








































2) Үлгі- қалыптарды тарқатып, түрлі-түсті қағаздан фигураларды қию.


3) Өздері қиған фигуралардан өзіне ұнаған, қалауынша аппликация жасау. Жасаған жұмыстарынан әр топ көрме ұйымдастырады.
4) Әр топқа өздерінің білім деңгейінің көлеміне қарай деңгейлік тапсырмалар беріледі:
1-деңгей: Үлгі қалыппен фигураларды қиып, 3-4 элементтен тұратын аппликация жасау.
2-деңгей: Үлгі қалыпсыз қиып, 3-5 элементтен тұратын аппликация жасау.
3-деңгей: Әр түрлі фигуралардан кем дегенде 7-10 элементтен тұратын аппликация жасау.
5) Ойын “ Бағдаршам” Шарты: бағдаршамның әр шамына жасырылған тапсырманы орындау керек. Үш топ өздері ұнатқан түсін таңдайды.
Қызыл - дөңгелектен қандай заттар жасауға болады?
Сары - мына үшбұрыштардан не жасар едің?









Жасыл – Бағдаршам не үшін қажет? Ол қандай фигуралардан тұрады?
ІҮ. Қорытынды кезең.
Ой толғаныс. Үш топ үш затты сипаттайды: доп, парта. сызғыш(үшбұрышты).
Ү. Оқушы білімін бағалау.Оқушылардың топтық жауаптарына талдау жасап, жеке оқушылардың еңбегін мадақтау және бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма:“Менің досым” тақырыбында аппликация құрастыру және сол аппликация бойынша әңгіме құрап келу.
Осы сабақтарда жаңа технологияларды пайдаланып, сабақтың мазмұндылығы мен сапасын арттыруға болатынына көзіміз жетті.
Деңгейлеп оқытудың әсерінен төменгі деңгейдегі оқушылар келесі деңгейге өтіп. сол деңгейге қатысты тапсырмаларды орындауға ұмтылады. Шығармашылықпен жұмыс жасауға қызығып, қиялы мен еңбек іскерліктерін арттырады.
Қоғамдағы ақпараттық инновациялар, жаһандық үрдістер, еңбек нарығындағы жоғары сұраныстар, білім кеңістігіндегі бәсекелестік креативті ойлайтын, жаңаша шешім қабылдайтын, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Бүгінгі білім беру парадигмасы өзгерді, «өмір бойы білім алу» моделі тұлғаның іс-әрекеті мен өмірлік ұстанымын жаңаша қабылдауға мүмкіндік туғызды. Білім мазмұнының жаңаруы, жаңа реформаның жүзеге асуы тұлғаның дамуы мен қалыптасу факторына ерекше әсер етуде.
Сондықтан да мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі-әр адамның табиғи бейімділіктері мен құндылық бағдарларын ескере отырып, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі өзектендіруге мүмкіндігі бар шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.
Шығармашыл тұлғаны қалыптастыру күрделі әрі көпфакторлы процесс. Философия ғалымдарының пікірінше, шығармашылық танымдық іс-әрекеттің ең жоғары формасы болып табылады, оның барысында объективті материалдық және рухани құндылықтар жасалады[1].
Шығармашылық ұғымы ғалымдардың зерттеулерінде әртүрлі аспектіде қарастырыла бастады. Оның әдіснамалық деңгейі педагогика ғылымында С.Лысенкованың, В.Шаталовтың, Ш.Амоношвилидің еңбектерінде терең зерттелді. Олардың тұжырымы бойынша, жеке тұлғаның толыққанды дамуына іс-әрекеттің екі түрі әсер етеді: оқу және шығармашылық.
С.И.Ожеговтың сөздігінде: «Шығармашылық- мәдени және материалдық құндылықтарды, жаңа идеяларды құрастырудың жоғары формасы»- деп айтылған болатын[2].
Энциклопедиялық сөздікте шығармашылық ұғымына мынандай анықтама беріледі: «Шығармашылық – ойлау іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы».
Шығармашылықты дамыту оқушылар төмендегі іс-әрекеттерді меңгереді:

  • көркем ойлаудың қарапайым дағдыларын меңгеруі;

  • көркем бейнелерді өзара салыстыра білуі;

  • кескіндеменің бейнелі мазмұнына эмоционалды көңіл бөлуі мен көркем бейнелердің көңіл- күйін түсінуі;

  • халықтық-қолданбалы өнері туралы мағлұматты білуі;

  • сəндік іс-əрекеттің дағдыларының болуы

Жеке тұлға оқу үрдісінде қарым-қатынас жасау арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды жəне шығармашылық əрекеттер орындау негізінде өзінің мүмкіндіктерін жетілдіреді. Шығармашылық құзыреттілік музыка, қолөнер, сурет салу т.б. іс-әрекеттің нəтижелі түрлері арқылы қалыптаса бастайды. Баланың интеллектісін жан-жақты дамытуда көркем еңбек пәнінің маңызы ерекше. Себебі, шығармашылық қабілеттің маңызды бөлігі еңбек арқылы дамыйды. Мектепте оқытылатын әр пәннің мазмұны оқушының жан-жақты дамуына, оқушының шығармашылық дағдысының қалыптасуына мүмкіндік береді. Сол пәндердің бірі «Көркем еңбек» пәні.
Бұл пән мектеп бағдарламасында кіріктірілген (интерактивті) пән болып табылады. Бейнелеу өнері мен технологияның мазмұндық кешенін құрайды. Бұл пәннің мақсаты оқушыларға көркем ойлаудың қарапайым дағдыларын меңгерту, эстетикалық талғамын ояту, қолдаңбалы өнердің түрлерінен мағлұмат беру, сәндік-қолдаңбалы технологияның маңызды бөлігімен таныстыру т.б. [3].
Бағдарлама мазмұны мектеп оқушыларының пәнаралық үйлесімділігін дамытуға негізделген. Атап айтқанда, бейнелеу өнері мен технологияның тақырыптарын оқыту нәтижесінде білім алушы әртүрлі біліктер мен дағдыларды игереді. Сонымен қатар бағдарлама мазмұнында заманауи технологияның түрлері мен ерекшеліктеріне талдау жасалынған. Қыз балаларды халық педагогикасының негіздері арқылы үй мәдениетінің элементтерімен таныстыруға да ерекше мән берілген. Бұл ұлттық тәрбиенің үйлесімділігі мен сабақтастығын дәріптеу, болашақ ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыру болып табылады. Осындай тенденция білім беру парадигмасының ұлттық сипатқа ие болуының бірден-бір кепілі болмақ.
Оқу пәнінің білім беру мазмұны төмендегі бес бөлімнен тұрады:
1) визуалды өнер;
2) сәндік-қолданбалы өнер;
3) дизайн және технология;
4) үй мәдениеті;
5) тағам дайындау мәдениеті[4].
Бағдарламадағы тақырыптар оқушының көркем өнер, заманауи дизайн және технология саласындағы білімдерін кеңейтеді. Әртүрлі ғылымдардың интеграциялық байланыстары арқылы оқушылар көптеген мәліметтермен танысады. Оқушылардың танымдық қызығушылықтары оянып, белсенділіктері пайда болады, жаңа затты әдемі жасауға деген ұмтылысы артады.
Визуалды өнер бөлімінде бейнелеу өнерінінің құралдары, классикалық бейнелеу өнерінің үздік туындылары, қазақстандық суретшілердің шығармашылығы, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары, натюрморт өнері, ұлттық сәндік натюрморт, пейзаж, табиғатпен үйлесімділік, индустриалды пейзаж, қала пейзажы, сызықтық перспектива, пластикалық пішіндер өнері, мүсін өнері, шығармашылық жұмыс, көрме ұйымдастыру т.б. тапсырмалар беріледі. Шығармашылық тапсырмаларды орындау оқушылардың зерттеушілік және креативті ойлау мүмкіндігін дамытады. Визуалды өнер бөлімінде берілген бейнелеу өнерінің құралдары арқылы оқушылар әртүрлі тапсырмаларды орындайды. Бейнелеу өнерінің құралдарымен танысып, олардың ерекшеліктерін, түрлерін ажыратуға үйренеді. Нысананы елестету, санаға бейнелеу, зейінді бір арнаға шоғырландыру сияқты үрдістер психологиялық қабілеттерді қажет етеді.
Классикалық бейнелеу өнерінің туындылары ұлттық болмысты, ондағы дүниетанымдық көзқарасты бейнелейді. Креативті идеялар мен қиялдарды санада бейнелеуге мүмкіндік береді. Пейзаждағы түстік үндестік керемет кескіндікдік колорит қалыптастырып, оқушының қиялы мен арманын шыңдайды.
Тылсым табиғат әлемінің тұңғиық сыры мен шынайы болмысын бейнелеу өнері арқылы жеткізу оқушының дүниетанымын, табиғатқа деген ерекше қасиетін қалыптастырады.
Сәндік-қолданбалы өнер бөлімінде сәндік-қолданбалы өнердің мазмұны, негізгі формалары мен ерекшеліктері, Қазақстан халқының сәндік-қолданбалы өнерінің тарихы, сәндік-қолданбалы өнердегі заманауи және дәстүрлі емес материалдар, сәндік бұйым, бұйым дайындау, өру өнері, өру түрлері т.б. мәселелер берілген.
Қазақстан халқының өнерінен мағлұмат бере отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді.
Дизайн және технология бөлімінде оқушылар конструкциялық материалдарды өңдеуді үйренеді. Әртүрлі сымдарды қолдану негізінде пішіндер жасайды. Қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындайды. Инновациялық және креативті әдістер негізінде оқушылар жобалауды, жоспарлауды, графикалық сызуды үйренеді. Дизайн оқушының шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға негіз болады. Дизайн пәнінің құрылымы мен принциптерін үйрену арқылы оқушының шығармашылық ойы қалыптасады, белгілі бір пішінді немесе кеңістікті өзгертуге әрекет жасайды. Оның әдемілікке, сұлулыққа деген ішкі түйсігі оянады. Сыртқы әлем мен ішкі дүниенің арасындағы гармония маңызды болып табылады. Заманауи тенденциялар, архитектуралық өзгерістер, интерьер құралдары, эстетикалық талғам т.б. бұл ғылымның өзектілігін нақтылай түседі. Жаңа мәдени сұраныстар мен қажеттіліктердің пайда болуы заманауи мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Себебі, мәдениет қоғам дамуының алғышарты және шешуші факторы болып табылады.
Тамақтану мәдениеті бөлімінде адам ағзасына пайдалы және зиян заттармен танысады. Дұрыс тамақтанудың ережелерін меңгереді.
Жоғарыда аталған көркем еңбек пәнінің мазмұны оқушылардың іскерлігі мен ептілігін дамытады.
Сабақта мұғалім оқушылардың еңбекке деген икемділігі мен іскерлігін қалыптастырудың әдістері мен технологияларын үйретеді. Еңбек етудің алғашқы белгілері отбасында қалыптасады. Баланың тұрмыстық іс-әрекеттерді орындау барысында оның белгілі бір сапалары көріне бастайды. Баланың бойындағы әртүрлі қабілеттерді ашу мұғалімдердің құзыреттілігінде.
Бейнелеу өнері мен Технология пәндерінің интеграциялануы арқылы пайда болған көркем еңбек пәні оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Көркем еңбек пәнінің мазмұнына халықтың қолөнері, ою-өрнек түрлері, дизайн, витраж, мозайка құрастыру сияқты қызықты тақырыптар беріледі.
Көркем еңбекте шығармашылық жұмыстарды орындау барысында қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдаланады. Қолөнердің түрлерін жасау оқушының эстетикалық талғамын, іскерлігін, еңбекқорлығын жетілдіреді.
Қолөнер бұйымдарын оқушыларға жасату әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Еңбек әрекеті арқылы қоғамға қажетті қолөнер бұйымдарының сан алуан түрлерін өз қолдарымен дайындап, оны өмір қажеттілігіне қолдануға мүмкіндік береді, ол біріншіден жеке тұлғаның шығармашылық идеясын дамытады, екіншіден жеке кәсіпкерлікті дамытуға ықпал жасайды.
Көркем еңбек пәні қолдың моторикасын жақсартады. Сонымен қатар психологиялық процестері, атап айтсақ, түйсік, қиял, елестету т.б. дамыйды. Оқушы белгілі бір заттың бейнесін салу үшін, ойша өзі образ жасайды, соны қағаз бетіне түсіреді.
Қорыта айтқанда, жаңартылған білім мазмұнында бұл интеграциялық пән ретінде, оқушылардың шығармашылық, креативтілік, жаңаша ойлау, жоспарлау, жобалау т.б. мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет