Бастауыш мектеп оқушыларының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері


Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық әрекеттерін зерттеу



бет5/6
Дата09.04.2024
өлшемі303.5 Kb.
#498104
1   2   3   4   5   6
Дип.-Бастауыш-мектеп-оқушыларының-оқуға-танымдық-қызықшылығын-арттыру-жолдарын-ашып-көрсету

2.2. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық әрекеттерін зерттеу
Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға қызығушылығын зерттеу мақсатында, Ленгір қаласындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы № 4 – ші қазақ орта мектебінің 3- б сыныбында анкета және бақылау әдістері қолданылды.
Оқушыларға келесі сұрақ қойылды: ” Анкетаны аяғына дейін оқып, тізімдегі пәндердің ішінен сені қызықтырытынын ата”
1. Ана тілі
2. Қазақ тілі
3. Матеиатика
4.Орыс тілі
5.Дүниетану
6.Дене шынықтыру
7.Бейнелеу өнері
8.Еңбек
9.Музыка
Оқушылардың берген жауаптарын анализдей отырып, олардың қызығуларының бағытын, кеңдігін, қызығудың пайда болу себептерін және де қызығудың оқушылардың үлгеріміне қалайша әсер ететінін анықтадық.
Зерттеу нәтижелерін қортындылай отырып, келесі жағдайлар анықталады: 1. Сыныпта өтілетін пәндердің ішінен оқу – танымдық қызығушылықты тудыратын пәндер келесі математика 52% себебі түрлі қызығатын есептер шығарамыз. Ана тілі 54% себебі сабақта ертегілер, жұмбақтар,жаңылпаштар оқылады...
2. Оқушылардың пәнге қызығушылығының кеңдігі былайша көрініс береді:
2. сабаққа қызығады- 5 оқушы.
3. сабаққа - 5 оқушы.
4.сабаққа – 2.оқушы.
5. сабаққа - 4. оқушы.
6. сабаққа – 3 оқушы
7. сабаққа - 3 оқушы.
8. сабаққа - ------
9. сабаққа – 3 оқушы.
3. Оқушылардың арасынан 54% - ті ана тілі, 52% -ті математика пәндеріне белсенді қызығушылықты көрсетеді, себебі олардың осы пәндердің үлгірімі де жоғары.
4. 3-б сыныбында жақсы оқитын балалар: Шертаева.П. Ауесова.А. Жүнісов.Ә.Оларға сабақтар ұнайды, олар ізденеді,өздерінің бойында қызығушылықты көрсетеді.Үлгерімі төмен оқушылар: Бөтенбаев Д, Алдабергенова.Н, Ділдабаев С. Үлгерімі төмен оқушылар тек жеке әрекеттерді орындауға ғана бағыталады. Олар механикалық түрде ғана мұғалімнің іс – әрекетін қайталайды, оқу процесінің мазмұнына назарды аз аударады. Қорыта айтқанда,бастауыш мектепте қандай да болмасын пәнге терең қызығушылық сирек кездеседі. Жақсы оқитын оқушыларды түрлі пәндер қызықтырады, яғни олардың мазмұны. Түрлі сабақтарда түрлі тақырыптарды өткенде, оқушыларда интеллектуальды белсенділік пайда болып,қызығушылық көрініс береді.

Кесте 1


Сұралған оқушылар саны

Жауап саны

Қызығу бағыты

Ана тілі

Математика

Қазақ тілі

Дүниетану

Орыс тілі

Еңбек

Бейнелеу өнері

Музыка

Дене шынықтыру

100%

25

14 54%

13 52%

12 48%

11 44%

6 24%

12 48%

12 48%

12 48%

11
44%

Кесте 2


Сұралған оқушылар саны

Қызығу кеңдігі

Бір сабаққа



Екі сабаққа



Үш сабаққа



Төрт сабаққа



Бес сабаққа



Алты сабаққа



Жеті сабаққа



Сегіз сабаққа



Тоғыз сабаққа



100%

---

5 20%

5 20%

2 8%

4 16%

3 12%

3 12%

---

3 12%

Кесте 3

№№

Оқушының аты-жөні

Ана-тілі

Қазақ тілі

Математика

Орыс тілі

Дүниетану

Бейнелеу

Еңбек

Музыка

Дене шынықтыру

қызығу

баға

қызығу

баға

қызығу

баға

қызығу

баға

қызығу

баға

қызығу

баға

қызығу

баға

қызығу

баға

қызығу

баға

1

Шертаева Перизат

+

5

+

5

+

5

+

5

+

5

+

5

+

5

+

5

+

5

2

Жүнісов Әлібек

+

5

+

5

+

5

+

5

+

5

+

5

+

5

+

5

+

5

3

Ділдабаев Сәкен

-

3

-

3

-

3

-

3

-

3

+

4

-

4

-

3

+

4

4

Алдабергенова Назира

-

3

-

3

-

3

-

3

-

3

+

4

-

4

-

3

+

4

2.3. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға танымдық
қызығушылығын дамытуда мұғалімнің атқаратын жұмысы
Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшіуін әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызыуғушылығын арттыруды талап етеді. А.С.Макаренко оқушыларды сабаққа тарта білу,олардың оқуға қызушылығын арттырып, білімге құмарту керектігіне баса көңіл бөлді. Оның пайымдауынша, қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды.
Жас бала не нәрсені болса да құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан, әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін іздестіру қажет.Қазіргі сабақтың түрлері сайыс, жарыс сабағы, концерт, аукцион,кіріктіру сабағы т.б. өз нәтижесін беріп жүр. Әсіресе, халықтық, педагогиканы пайдаланып, ата- бабаларымыздың жақсы дәстүрін шәкірттердің бойына дарыту мақсатында халық ауыз әдебиетін пайдалануға болады.Қазақ халқының мейірімділігі, кеңпейілдігі, сыпайылығы,көпшілдігі, сөзге беріктігі туралы әңгімелеу арқылы осы қасиеттерді шәкірт бойына сіңіру, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу,әдептілікті бйік ұстаусияқты әдет- ғұрыпты үйретуге болады. Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта проблемалы жағдай туғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушының ойлау қабілеті нығайып кез келген, проблеманы шешуге үйренеді.
Дамыта оқудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесі 3 негізгі құраушыдан (оқу мақсаттарының қойылуы, оны шешудің жолын бірлесе қарастыруы, шешімнің дұрыстығын дәлелдеуі)тұрады. Сабақта жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының, оқуға деген қызығушылығы артады.
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Содықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс.
Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Білім беру мекмелерінің қазіргі жаңа құрлымы мен оқытудың жаңа мазмұны мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлік пен жаңа технологияны ендіру міндеттерін шешуді талап етуде. Мұның өзі бастауыш мектепте оқушының пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыруда маңызы зор екендігін айғақтайды.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден – кез келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған тәжірбиесін меңгертуге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды. Екіншіден – кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады.Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің асыруға бағытталған жаңа әдіс- тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Екі әрекетте оқушылар – екі түрлі мүдделер көзделген әр түрлі мақсатты шешеді. Мысалы оқу әрекетінде белгілі дағдыны қалыптастыратын, белгілі бір ережені меңгеретін жаттығулар орындаса, шығармашылық әрекеттерде баланың іздену жұмысы басты нысана болады. Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдайды шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.Жаңа буын оқулықтары ұстаздардан шығармашылық пен ізденушілік,жаңашылдықты талап етеді. Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру – әр ұзтаздың негізгі міндеті. Бастауыш сынып оқушыларының ой- өрісін дамытуда ойын әрекетінің маңызы зор. Ойын – балалардың негізгі іс- әрекеттерінің бір түрі. Ойын балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы да ала алады. Сабақтағы ойын арқылы білімін шыңдап, ой- өрісін кеңейте алады. Ал ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, қажетті заттары, ерекшеліктері болады. Баланың жас ерекшелігіне, сай ұымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез- құлқын, қалыптастырады және де сабаққа деген қызуғышылығын арттыру.
Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан-алуан. Бұл пікір педагогикалық әдебиеттерде көрсетіліп, нақтыланған әрі бірнеше ғалымдар пікірлеріне үндесіп отырады. Сондықтан қандай да бір пән болмасын, сол пәнге оқушының қызығушылығын, белсенділігін қалыптастыруды тудыру жолдары, шарттары мен қолданылатын жұмыс түрлерін жинақтап көрсетуге болады.
1. Берілетін білім мазмұны мен оқушының жас ерекшелік ақыл-ой даму деңгейінің сәйкестігі.
2.Берілетін білім мазмұнының қызықты болуы.
3. Оқу әрекеті мотивінің,міндет мақсатының, айқындылығы
4 .Мұғалімнің кәсіби және мәдени құзырлығының жоғары деңгейлігі.
5. Оқушылардың міне-құлық, қабілет ерекшелігінің ескерілуі.
6.Оқушылардың өз бетінше және шығармашылық жұмысының тиімді ұйымдастырылуы.
7.Оқытудың көрнекілікке, бақылау әрекетіне негізделе жүргізілуі.
8. Оқушының оқу мүмкіндігін, денсаулығын есепке ала оқыту
9.Проблемалық ситуация тудыра оқыту тиімділігі.
10. Ерік – жігері, жауапкершілік, борыштық сезімін тәрбиелеу.
Сабақта берілетін оқу материалдарын оқушыларға жеткізу үшін, әр – түрлі оқыту әдістерін қолдануға болады. Мектептегі ең кең тараған оқыту әдісі – ол мұғалімнің ауызша баяндауы. Бұл әдіс оқу процесінде жетекші рөл атқарады, барлық пәндерді оқытуда және сабақтың түрлі кезеңдерінде әсіресе жаңа материалды түсіндіруде кеңінен орын алады.
Мұғалім өзінің сөзін көрнекі бейнелермен байланыстырады. Мұғалімнің ауызша баяндауы, сұрақтарды анық және түсінікті етіп қоюы, проблемалы ситуация тудыратын етіп қоюы, баяндалатын материалдың ең маңызды жерлерін айырып беруі, хабарлаудың жүйелі және дәлелді болуы қажет. Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді сонымен қатар дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны жөн.

Қорытынды
Қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Оны қалыптастырудың негізгі жағдайлары:
- оқытудың мазмұны, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырынан ашылуы;
- оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар:сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.
– мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты сыйластық ізеттілік түрінде орнатып,жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін және қызығушылығын арттыру үшін мұғалім келесі әдіс-тәсілдерді қолдануына болады:
1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу. (сөз жұмбақ, құрастырмалы ойындар)
4. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп құрастыру,мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т.б.)
5. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру бөліктерге бөлу,ат қойғызу
6. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту.
7. Ұнатқан кейіпкерлерге мінездеме беру.
8. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет