Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі сабағының ерекшеліктері І. Кіріспе


Бастауыш сынып мұғалімдерінің міндеті



бет6/6
Дата14.11.2022
өлшемі34.93 Kb.
#464805
1   2   3   4   5   6
Бастауыш мектептегі дене т рбиесі саба ыны ерекшеліктері І. Кір

Бастауыш сынып мұғалімдерінің міндеті:
- бағдарлама бойынша сапалы, әдістемелік тұрғыдан дұрыс сабақ өткізу;
- дәрігерлік бақылауды дәрігерлермен бірге өткізу, бақылау қорытындысын жұмыста пайдалану;
- сабақ өткізу кезінде санитарлық-гигиеналық жағдай жасау;
- оқушылардың бәрі қолайлы спорт киім кигенін қадағалау;
- сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарына қатысу, оған барлық оқушыларды тарту;
- ата-аналар арасында тұрақты түрде дене тәрбиесі мен спорттың маңызы туралы әңгіме өткізу;
- оқушылардың дене тәрбиесі көлеміндегі алған білімін тұрақты жетілдіру;
- балаларды дене тәрбиесі мен спортпен тұрақты айналысуға қызығушылығын арттырып, ынтасын ояту;
- жоғарғы сыныптағы дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына, әдістемелік кеңестеріне қатысу.
Қорытынды
Мектептің жылдық жоспарына сай, сабақты және іс-шараларды өткізу жыл маусымына қарай белгіленіп, тиісті сағаттарға бөлініп қарастырылған. Мұғалім сол жоспардың көлемінде жұмыс істеуі тиіс. Сабақтарды, және іс-шараларды өткізгенде оқушының мүмкіншілігіне қарай топ-топқа бөліп қарастырған жөн. Себебі әр оқушының дене бітіміне, денінің саулығына байланысты мүмкіншіліктері әр-түрлі болады. Сондықтан мұғалім оқушыны бағалау барысында осы мүмкіншіліктерін ескере отырып бағалаған дұрыс.
Глоссарий
Дене тәрбиесі – қозғалыс жүйесіндегі тәрбие түрі, арнайы дене шынықтыру білімін игеру, физикалық сананы тәрбиелеу.
Дене мәдениеті – қоғамның жалпы мәдениетінің бөлігі, дене тәрбиесінің жетістік бөлігі.
Саяхат – дене тәрбиесінің бағалы бөлігі, адамдардың табиғаттағы демалысы.
Гимнстика – денсаулықты нығайту мақсатында қолданылатын негізгі физикалық жаттығулар жүйесі.
Төзімділік – ағзаның белгілі бір уақытқа жұмыс жүктемесіне төзуі.
Күш – адамның сыртқы күш әсеріне төтеп беруі.
Жылдамдық – адамның белгілі бір әсерге аз уақыт жұмсауы.
Иілгіштік – адамның үлкен амплитудамен қозғалыс жасауы.
Шапшаңдық – адамның жаңа қозғалысты тез игеруі және бейімделуі.
Техника-тактикалық дайындық – бұл негізгі қозғалыс бейімдерін шығармашылық жағынан игеру.
Көкпар – ат үстіндегі ойын.
Аударыспақ – ат үстіндегі күрес.
Тоғыз-құмалақ – арифметикалық ойын.
Физикалық дайындық – дене тәрбиесінің жан жақты негізгі бөлімі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
М.И.Адамбеков., М.Ш.Тұяқбаева, Е.Қ. Уанбаев
Жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі сабағын жүргізу әдістемесі (Әдістемелік ұсыныстар,2012 ж.)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет