Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері мазмұНЫ


Кіші мектеп жасындағы баланың дамуы



бет6/14
Дата24.06.2022
өлшемі330.5 Kb.
#459462
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері

1.3Кіші мектеп жасындағы баланың дамуы


6 жасқа орайласқанда бала негізінен жүйелі мектептік оқуға дайын. Мектеп босағасынан аттайын деп тұрған кешегі сәби енді тұлғалық жетісті, себебі ол бұл кезеңде өз қылық - әрекетіне баға бере алады, өзін басқалармен салыстыра біледі.Мектепке дейнгі шақтың соңына онда бір неше жаңа психикалық қасиеттер қалыптасады:
- қоғамдық татымды іс-әрекетке ұмтылу;
- өз қылық - әрекетіне басшылық жасау;
- қарапайым қорытынды шығара білу;
- жетілген сөз бен тілді орынды қолдану;
- өз төңірегіндегі адамдар мен байланыс жасап, қызмет бабында араласу.
Бала 6-7 жасқа келгенде, оның алдында ең алғашқы үлкен өзгеріс туындайды. Мектеп жасы кезеңіне өту баланың іс-әрекетіне, басқа адамдармен қатынасына, тілдесу әрекеттеріне түбегейлі жаңалықтар әкеледі. Енді баланың басты қызметі – оқу, осыдан өмір барысы өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады, баланың басқалармен қатынастары да жаңаланады.
Қазіргі кезеңдегі бірінші сынып оқушыларының ерекшелігі – мұғаліммен қатынасындағы шектен тыс “демократизм”, қылықтарының ырықсыздығы, өз әрекеттерін мектеп талаптарымен сәйкестендіре алмауы. Мұндай ебедейсіздіктер енді оқуға келген балалардың бәріне тән, бірақ, мұғалімдердің байқағанындай, тіпті бірінші сыныптың ақырына бүгінгі оқушыларда талаптарға деген қандай да қарсылықтар бой тіктеуде. “Қажет”, “болмайды”, “ақырына дейін бітір” – деген талаптар, ересектердің тыянақты зорлауынан соң ғана қабылданып жатады. Мұның өзі балалармен қатынас кейпін өзгерту олармен жұмсақтау адамилық байланыстарға келу қажеттігін туындатып тұрған жоқ па?
Бүгінгі бірінші сынып оқушысы, мұғалімдер айғақтағандай, бұдан он жыл бұрынғы өз қатарларынан көптеген мінез бітістерімен ажыратылады. Қоғамның әлеуметтік қарама – қарсылықтары асқынған, балалыққа симайтын теледидар жойқыны жаулаған имандылық пен инабаттылықтың кеміген, бұғаусыз еркіндік шарпыған кезең жағдайларында өскен бала бұл үдерістер астарында жатқан жақсы мен жамандықтың бәрін талғаусыз өз бойна сіңіреді. Шектен тыс түсініксіз және қажеті жоқ ақпараттармен бойын да, ойын да толтырған бала әлбетте жете дамыған,осыдан өз сезімдерін білдіруде үлкен еркіндікке құштар келеді. Адамдар арасында елеулі жік пайда болды. Ал балалар мұны көріп те, түсініп те жүр. Мектеп енді олардың ұлғая түскен талаптарын қанағаттандыруды елеулі қиыншылықтарға тап болуда. Тәрбие осы өзгерістер ізімен үлгеріп, өз міндеттерін қайта қарастыру қажет.
Кіші мектеп жасындағы балалар биологиялық тұрғыдан екінші даму кезеңіне өтеді: бой өсуі бәсеңдейді, салмағы қосыла бастайды, денесі сүйектенеді, бірақ үдеріс мұнымен аяқталмайды. Бұлшық еттер жүйесі қарқынды дамуда болады. Осыдан майда нәзік қимылдарды орындау қабілеттері пайда болып, бала тез жазу дағдыларына жетеді. Бала ағзасының барлық ұлпалары даму жағдайында болады.
Кіші мектеп жасында жүйке жүйесі жетіліп барады, бас миы үлкен жарым шарларының қызметтері қарқынды дамып, даралана бастайды, ми қабығының талдау және біріктіру қызметтері күшейе түседі. Кіші мектеп жасындағы баланың бас миы салмақ жағынан үлкендердің миымен теңдесіп, орта есппен 1400г дейін ұлғаяды. Баланың психикасы шапшаң дами бастайды, қозу және тежелу үдерістерінің арақатынастары өзгереді:
тежелу үдерісі күшейе түседі, бірақ қозу үдерісі әлі де болса басымдау, осыдан – кіші мектеп оқушысының тұрақты шыдамдылығы кем, сабырлылық оған әлі тән емес. Сезім ағзаларының дәлдік қызметі көтеріледі.
Балалардың ойлау қабілеті олардың тілімен дамиды. Қазіргі күндегі үшінші сынып оқушыларының сөздік қоры 3500-4000 сөзді құрайды. Мектептік оқудың ықпалы тек қана бала сөздік қорының ұлғайуынан көрінбейді, ең алдымен сол игерілген сөздерді ауызша және жазбаша ой білдіруде пайдалана алу ептілігінен байқалады.
Балалардың даралық ерекшеліктерін ескеру - өте маңызды, тартымды және қажетті бола тұрса да, сыныпта 20-30 оқушыны оқытып, тәрбиелеп жатқан бір мұғалімге өте қиын. Мұғалім қызметі өте ауыр. Балалар әр қилы, бірі жолдасын өкпелетіп,өз қылығына қиналады, істегенінің қателік болғанын сезінеді.Ал екінші бала,тіпті де қылығына ұялмайды, тек жазадан қорқады. Ал үшінші біреуі өз қылығын ақтап, жазаның әділетсіз екенін дәлелдеп, бағады.
Қортындыласақ, әр балада оны басқалардан ерекшелейтін даралық болады.Мұндай даралық оқушылардың түйсігінде,қабылдауында, ойлауында, есінде, қиялында, қызығуларында, икемділігінде, қабілеттерінде, темпераментінде, мінезінде көрінеді.Даралық ерекшеліктер тұлға дамуына ықпал жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет