Бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқытудың педагогикалық шарттары мазмұны І. Кіріспе


ІІ ТАРАУ Бастауыш мектеп оқушыларын оқытудың әдістемелік негіздері және оларды іске асыру жолдары



бет2/3
Дата16.06.2016
өлшемі307.5 Kb.
#139915
түріДиплом
1   2   3

ІІ ТАРАУ Бастауыш мектеп оқушыларын оқытудың әдістемелік негіздері және оларды іске асыру жолдары

2.1 Бастауыш мектепте ана тілі сабағын дамыта оқытудың құрылымы.

Еліміз егемендік алғаннан бері білім беру саласында елеулі өзгерістер болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып өзгерді. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі-білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы тұтас педагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз байланысты.

Дегенмен де адам психикасын дамытудағы ең қажетті құрылым-оқыту болса, кез келген оқыту есте сақгау мен білімді дамытады.Ал оқыту мен дамыту өз алдына жеке үрдіс бола алмайды, өйткені екеуі де жеке тұлғаның дамуына әсер етеді. Осыдан мынадай екі концепция шығады:

1) Оқытудың даму концепциясы Ж.Пиаже, З.Фрейд, Д.Дьюидің пікірлерінше : бала даму барысында оқиды. Яғни мұнда бала психикасының даму заңдылығына сүйенеміз.

2) Дамыта оқыту концепциясында бала оқу арқылы дамиды. ХХ-ғасырда бұл теорияның негізін салған орыс ғалымдары: А.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л,Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, П.Я.Гальперин, Л.В.Занков, В.В.Давыдов т.б.

Қазіргі таңда жеке тұлға қоғам үшін белсенді түрде, яғни аз уақытты қамтып, жоғары сапалық дәрежеде дамуы қажет. Сол үшін бұл педагогикалық технологияны-дамыта оқыту технологиясы дейміз. Дамыта оқыту жеке түлғаның дамуына бағыт-бағдар беріп, белсенділігін арттырады.

Физиологиялық дамуда бала бойының өсуі, бұлшық еттің дамуы, салмақтың қосылуы, яғни дені сау, шыныққан, шыдамды т.б. қорытындылар айтуға болады. Ал психикасы туралы не дер едік? Оның қаншалықты дамығандығын оқыту үрдісі мен жас ерекшелігі арқылы анықгаймыз. Қазіргі кездегі дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойлана білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауына ықпал етеді. Қарым-қатынас жасау барысында: жоспарлауға, мақсат қоя білуге, қойылған мақсат міндеттерді жүзеге асырып, қорытындыны талдай білуге дағдыланады. Міне, осындай жүйелер арқылы "өзіндік даму" жүзеге асады. Соның негізінде өзіндік талдау, жинақгау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие, білім алу жүйелері қалыптасады. Яғни дамыта оқыту жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің дамуына бағытталады. Выготский /29/: "Педагогика бала дамуының ертеңгі емес, кешегі күніне сүйену керек", - деген. Осыған орай ол бала дамуының екі деңгейін анықтады:

1) Өзекті даму деңгейі-бала бойында қалыптасқан, өз бетінше орындай алатын іс-әрекеттер.

2) Жақын даму аймағы- бүл бала әлі өз бетінше іс-әрекетті орыңдай алмайды, бірақ үлкендердің көмегімен жүзеге асыра алатын көрініс.

Белгілі психологтар Л.С.Выготский мен С.Л.Рубинштейн ұстанған тұжырымдамасы бойынша жеке адам тәрбие мен оқыту процесінде жетіледі. Тәрбие мен оқыту дамуды артына салып отырады.

Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып жеке адамның таным қабілетін мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Оқытудың осындай басты міндеттерінің бірі-шәкірттердің таным-қабілетін дамыту.

Дамытып оқыту-бұл оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету. Дамытып оқытудың міндеті- "Ең таяу даму зонасын" жасау.

Таным - қабілетін дамыту туралы Ресей ғалымдарының (Н.Дайри, Т.И.Махмутов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин, ИА.Лернер, А.Н.Пискунов т.б.) тұжырымды ұсыныстары мен пікірлері бар. Олардың идеяларының мәні мына төмеңдегіге саяды.

І.Таным қабілетінің дамуы-бұл барлық мұғалімдердің барлық пәндер бойынша оқыту процесіндегі мақсаттылық іс-әрекеті.

2.0қушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері жайындағы оқулықгың ролі

З.Оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру.

4.Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы окушылардың таным іс- әрекетін дамытудың шешуші құралдарының бірі.

Дамыта оқыту оқушыларды әр түрлі іс-әрекетке тартуды құптайды, сабақта дидактикалық ойындар, пікір-таластар, ойлау, қиялдау, есте сақтау, тіл байлығын, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған оқыту әдістерін қолдануды ұсынады. Яғни күнделікті сабақта оқушылардың жоғарғы білімдік пен адамгершілік құндылықтарын арттырсақ, жеке тұлға білімдегі шыңдықты іздеу, салыстыру, дәлелдеу, зерделеу, өз іс-әрекеттерін сараптап, өзіне-өзі баға беруге дағдыланады.

Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға жауап берердей бейімделген.

Дәл қазір адамның ақыл ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Окушыларға білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта қаланатындығы баршаға белгілі.

Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Оларды инновациялық процесс, немесе педагогикалық жаңалықтарды енгізу деп жүрміз.

Инноватика ұғымының мәні, латыннан аударғанда жаңарту, өзгерту мағынасын береді. Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, қүралдар, окулықтар, бағдарламаларды пайдалануды білдіреді. Яғни, оқыту мен тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру болып табылады.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы өмірдің әр

саласында өзгерістер енгізді, ал олар білім беру жүйесінде де бейнеленді.

Мектеп қандай болуы тиіс? Мұғалім ше? Оқушы мен оқытудың негізгі кұралы болған оқулықтар ше? Сондықтан да Қазақстан Республикасындағы білім жүйесін реформалаудың базистік негізі жасалынып, мектептерде оқытудың сапасын жақсартуға аса көңіл бөлінуде. Осы тұрғыдан бүгінгі күнде оқыту жүйесіне әр түрлі жаңа педагогикалық технологиялар енгізілуде.



Педагогикалық технология ұғымын алдыңғы қатарлы педагог - ғалымдарымыз келесідегідей сипаттайды.

Педагогикалық технология-бұл оқыту процесін ұйымдастырудың мазұмұнды техникасы. (В. П. Беспалько)

Педагогикалық технология-мұғалімнің профессионалдық қызметін жаңалап жоспарланған нәтижені беретін әрекеттер жиынтығы. ( В. М. Монахов)

«Педагогикалық технологияның басты міндеті-оқушының оқу танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету». /33, 26/

Педагогикалық технология-арнайы лайықгалған әдістер, амалдар, тәрбие қүралдары түріндегі психологиялық-педагогикалық қондырғы. (Б.Т. Лихачев) Енді педагогикалық технология терминінің мәнін ашайық. «Педагогикалық технология» түсінігі үш түрлі құбылыс ретінде ұсынылады: - ғылыми;



  • іс жүргізу, суреттеу;

  • ықпалды іс жүргізу. Сонымен педагогикалық технология оқытудың ұтымды жолдарын зерттейтін ғылым ретінде жұмыс істейді және оқуда қолданылытын тәсілдер жүйесі ретінде оқытудың шынайы барысы ретіндеде қарастырылыды. /32, 7/

Педагогикалық технология -оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттін жүйелі дамып отыратын жобасы.

Сабақтарда оқытудың әр түрлі технологиясын қолдануға болады. Әсіресе, оқушыларымыздың қабілеттеріне, мұғалімдеріміздің әзірлігіне қарай, ұрпағымыз ел мақтанына айналып, болашақ ел тірегі болу үшін, жан-жақгы, терең білім беру мақсатында даралап, саралап оқыту, деңгейлік оқыту, дамыта оқыту, ойын арқылы оқыту, оқытудың модульдік, оқытудың компьютерлік технологияларымен жұмыс жүргізіп, қолдану пайдалы екенін тәжірибе көрсетіп отыр.

Дамыта оқыту технологиясының авторларының (Л.С.Выготский, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Д.Б.Эльконин т.б.) пікірінше, бұл технология жеке тұлғаның барлық сапаларын тұтас сәйкестікке дамытуға бағытталған жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған лайықты жағдайлар жасалады.

Осыған орай оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, сол арқылы оқушылардың іс-әрекетінің дербестігі артады.

Бұл туралы А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша - бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі- оның білімінің, шеберлігінің үзақ жолды қысқарту үшін ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін, балаға жүмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру керек.

Профессор Л.Г.Лембергтің пікірінше оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты: оқушылардың істейтін жұмыстың мақсатын айқын түсінуі, жұмыстың оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауын көздеу керек.

Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар: мұғалімнің нақты тапсырмалар (нүсқаулар) беруі, жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі, мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы, олардың жүмысты өз еркшен және қолдарымен істеуі және т.б.

Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады.

Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасады. Осыған орай, олардың дербестігі, ең алдымен, белсенділікке байланысты, ол белсенділік, дербестікті қажет етеді. Оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады.

Бастауыш мектепте дамыта оқыту оқушының қызығушылығын арттырып, өз бетімен жұмыс істей білуін , ізденуін, байқағыштығын дамытуды талап етеді.

Дамыта оқыту үшін оқытудың жаңа технология түрлерін пайдаланып, оқушының белсенділігін арттыру, олардың іс-әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызу, сабақты өмірмен ұштастыру, оқу материалдарының мазмұнын қоршаған орта өзгерісімел байланыстыру-оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты.

Ағартушы ғалым А.Байтұрсынұлы "мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек ", - деп атап кеткендей, оқушыны дамыта оқытуда жаңа технологиямен жұмыс істей отырып,оқушының білім-біліктілігін , дағдысын, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамыту қажет. Осындай күрделі міндетті шешуде ерекше орын алатын пән-ана тілі. Осы ана тілі пәнінің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай деді: "Оқытатын пәндердің бәрін бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән- ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес.



Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы: өсіп, өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жанның барлық толқындарының тұқымнан тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы- сол халықтың тілі. Ана тілін үйрену- сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңцарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгереді."

Педагогика ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағартушы -ұстаздың ана тілі пәң#чң алдына қойған мақсатынан мынадай міндеттер туындайды:

- окушылардың оку дағыдысын жетілдіру және қалыптастыру;

- көркем шығармаларды окуға деген қызығушылығын ояту;

- ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін (оның ойын еркін жеткізу, сауатын да мәнді түсінікті жаза білу) дамыту;

- өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;

- шығармадағы көркем бейненің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;

- оқушылардың бойында ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту;

Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті- оқу материалын окушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойылған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру.

Дәстүрлік әдістеме мен дамыта оқыту әдістемесінің ерекшелігі әсіресе, шығарма жазу жүмысынан ерекше көрінеді. Әлі күнге дейін мұғалімдер тәжірибесінде шығарманы тек оқыту объектісі ретінде қарастыру орын алды, яғни қарапайым оқыту, үйрету үрдісімен тең саналып келеді.

Шығарма жазуда оған ұжым болып дайындалу басты рөл атқарады. Мұнда жалпы жоспарды құру, әрбір тарауының мазмұнын талқылау, жазылатын мәтінді ауызша құру, тақгаға қиын сөздердің жазылуын талдау және тағы басқа аталған жұмыс түрлері атқарылғаннан кейін ғана дәптерге дайын жұмысты жазуға кіріседі. Соның нәтижесінде оқушыға тек жаңа ғана ауызша айтылып, талқыланғанды ғана қағаз бетіне түсіру ғана қалады. Л.В.Занков балалар шығармасын баланың сыныпқа, мұғалімге өз ойын, әсерін, пікірін, сезімін жеткізе білу деп қарастырады. Автордың пікірінше, онда табиғаттың әсем сұлулығы, адамның жан сұлулығы, оның еңбектеріндегі, қарым-қатынасындағы адамгершілік қасиеттері көрінеді және тәрбиеленеді. Сол себепті де ол бала шығармасының құндылығын ақыл ойының ұшқырлығымен, сезімін жеткізу дәрежесімен және жаңа бір құбылысты, жағдайды қабылдау, сезу жаңалығымен өлшейді. Дәстүрлі тәсілмен шығарма жаздырту оқушылардың мүмкіндіктерінің көріну де толық жағдай бермейтіндігіне және мазмұнының, сапасының төмендегі жөнінде жиі айтылып жүр. Сол себепті де шығарманың орнына диктант, мазмұндама жазу жүмысы кең орын алып келуі біз үшін жаңалық емес.

.Шығарма тақырыбы оның мазмұнын анықтайды. Сондықтан да әрбір жаңа тақырып - бұл жаңа мазмұн. Автор өз зерттеуінде тақырыптың екі негізгі тобын анықтайды: өнімсіз және шығармашылық. Бірінші топтағы тақырыптар бала тәжірибесінен бөлек бір құбылыстың ашылуын немесе белгілі оку пәні бойынша қарастырады.

Мысалы, "Қоян туралы мен не білемін?" тақырыбында шығарма жазу да қоян туралы бар біліммен жұмысты жазып шығу өнімсіз деңгейге сәйкес.

Ал, осы тақырыпқа ұқсас келетін "Қояндар суда өмір сүре ала ма?" тақырыбындағы жұмыс өзгеше қарауды талап етеді. Себебі тек қоян туралы білетін біліммен, мағлұматпен шектелуге болмайды. Берілген сұраққа жауап беру үшін оқушы тірі табиғат пен өлі табиғатты, табиғаттың байланысын, ортасы мен оның тамақгану қабілетін байланыстыра қарастырады.

Бұл жұмыста оқушы қоян туралы бар білетініне сүйене отырып, салыстыру, дәлелдеу, нәтиже шығару сияқты жұмыстарды орындауы тиіс, яғни шығармашылық бағытта жұмыстануы қажет болады.

Аталған жұмыс түрлері бастауыш мектеп оқушыларына ешқандай қиындық келтірмейді.

Екінші топтағы, яғни шығармашылық бағыттағы шығармалар әртүрлі деңгейдегі жүмыстар болуы мүмкін. Мысалы, оқушы "Қояндар суда өмір сүре ала ма?", "Қасқыр мен мысықтың арасында қандай ұқсастық, айырмашылық бар?" деген тақырыпта шығарма жазуда бір оқу пәнінің ішіндегі бөлек тараулардың байланысын ашуға жұмыстанады.

Шығармашылық бағыттағы шығармаларды жазуда ескеретін негізгі мәселелер: біріншіден, олардың мазмүнының окушы білімі мен тәжірибесіне сай келуі; екіншіден, тақырып таңцауда еркіндік беру, өйткені оқушыға қай тақырып жеңіл және таныс, сол бағытта өз ойын еркін және толық жеткізе алады. Шығарманың тақырыптары оқушыларға өздерінің жақсы білетін жақгарын ашып көрсетуге ғана емес, сонымен бірге әлі де болса толық қалыптаса қоймаған жетіспейтін жақтарын да одан әрі дамытуға мүмкіндік беру гиіс.

Мысалы: "Мысық пен күшік ," "Аңдар орманда қалай қыстайды?", "Адамның жүйке жүйесі" сияқты тақырыптар, олардың шығармашылық елестетулерінің көрініп, көркем бейнені суреттей білуіне көмектесе отырып, логикалық ойлау, есте сақтау, елестету қабілеттерінің жете дамуына көмектеседі.

Оқушылардың жеке қабілетін дамытуда көркем әдебиет жанрын, шығарма мазмұнын тандауда үлкен еркіндік беру өте тиімді. Бұл бағытта мысалы, "Ормандағы көктем" атты тақырыпты алуға болады. Бұны оқушылар ертегі жанры, ғылыми-публицистикалық мақала және көркем әңгіме есебінде аша біледі.

Шығармашылық бағыттағы жұмыстың жалпы тақырыбының өзі оқушыларды қызықтыратындай, олардың көңіл-күйін көтеретіндей болуы тиіс. Сонымен қатар ең алдымен, окушының ақыл-ойына әсер ете отырып, кез-келген затқа сын көзбен қарай білуге , бағалай білуге үйрету негізінде оның ішкі жан дүниесіне , сезіміне де әсер етіп, қозғауы қажет.

Жүргізілген зерттеу бойынша балалар әсіресе ертегілер жанрындағы "Бұлт пен күн туралы ертегі", "Жер бетіндегі жел туралы ертегі" және сүрақ түрінде берілген "Ертегі адамдарға не үшін керек?", "Ағаштар неліктен өседі?", "Ойыншықгар адамдар үшін неге керек?" сияқгы тақырыптарды өте қызыға орындайды.

Дамыта оқыту жүйесіне кұрылған әдеби шығармашылық жұмыстардың басты құндылығы - мектепте және мектептен тыс алатын білімін бекіте білуге, жалпылай отырып, қорытындылауға үйретуі. Оқу сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекеттерін белсенді ету мүғалімнің алдына проблемалық оқыту ісін үйымдастыруды міндеттейді. Алдымен проблемалық оқыту деген не, соның басын ашып алайық.

Кейбір зерттеуші - ғалымдар (И.Я.Лернер, И.И.Махмутов) /19/ проблемалық оқытуды әдіс ретінде қарастырады. Ал педагог-ғалымдар И.Н.Скаткин, Т.А.Ильина "проблемалық оқыту -танымдық әрекетті ұйымдастыруға қойылатын талап' деген пікір айтады. Олар проблемалық оқыту басқа да әдістер арқылы іске асатындықтан, ол өз ал«ына жеке әдіс немесе оқытудың басым жүйесі болуы мүмкін емес деген тұжырым жасайды. Біз осы соңғы пікірді басшылыққа ала отырып, проблемалық оқытуды ана тілі сабақтарында ұйымдастыру жолдары туралы тоқталып кетейік.

Проблемалық оқытуда көзделетін мақсат-оқушыларға білім даяр түрде берілмей, мұғалімнің өзі баяндап бермей олардың алдына жұмбақ түріндегі міндет қойып, оны оқушылардың өздері шешуін басқару. Проблемалық принцип оқушылардың ойлауына және көбінесе қиялына негізделеді, яғни ойлау проблемалық сұрақтан немесе міндеттен басталады.

Ана тілін оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болғандықтан, оны жаңа білімді хабарлау сабақгары, қайталау сабақтары, білік пен дағдыны қалыптастыру, бақылау , аралас сабақтар, экскурсия сабақтары сияқты түрлері бар екені белгілі. Проблемалық оқыту әрекетін осы сабақтардың әр кезеңінде дербес жүмыстар үйымдастырып, жүмбақ түріндегі міндет қойып, оны талдап және шешіп отыру барысында ішінара іске асыруға болады. Алайда проблемалық оқыту әрекетін сабақ сайын толық және үнемі іске асырып отыру мүмкін емес. Бұл үшін сабақтың қүрылымын және оның элементтерінің мазмүнын ойластырып, жан-жақты қарастыру керек.

Ана тілі бойынша проблемалық оқыту әрекетін үйымдастыру проблемалық әңгіме арқылы іске асуы мүмкін. Мұндай әңгіме кезінде мұғалім жағдайды әңгімелеу арқылы жұмбақ міндет туғызады. Оқушылар оның шешуін табады, одан әрі осы жұмбақ мәтінде қалай шешілгені оны оқу арқылы анықталады.

Проблемалық оқыту әрекетін ұйымдастыру сұрақ қою арқылы да іске асырылады. Мұнда қойылған сұрақ оған нақты жауап беретіндей болмай, оның жауабы бірнеше нұсқада шешілу жағына назар аудару керек. Мұндай проблемалық сұрақтардың мақсаты-оқушылардың өзіндік ойын, шығармашылығын, қиялын дамыту, окулықта осындай мақсаттағы сүрақ, тапсырмаларды әр мәтіннің соңынан кездестіруге болады. Мысалы, "Адам болам десеңіз" бөлімін қорытындылаудағы мына тапсырмалар проблемалық міндет туғызады деп есептейміз. "...Арада бес-алты ай өтті. Бөртеге ай сияқгы айналма мүйіз шығып, қүлжа болды. Енді әлгі тірсектен тістегіш шәуілдектер Бөртені көрсе, қүйрықгарын қысып, өздері қашатын болды. Ал батырсынған итті жас арқар шегіншектеп түрып мүйізімен періп жібергенде, шәуіддек байғүс жерге екі-үш аунап түседі де, қыңсылап- қыңсылап тайып отырады"

"... Осымен жүріп жаз ортасы ауған кезде Көксерек зіңгіттей көкшолақ қасқыр болып шықты. Жота жүні үрпиіп, көздері жалындап, бар тістерін көрсетіп, аузын ақситып ашып жіберіп, тап бергенде талай бүралқы төбет, быжыл қаншық қыңсылай, шәуілдей қашатын болдық

І.Осы үзінділердегі оқиғалардың үқсастығын тап

2.Айырмашылығын тап.

Ұйқышылдығы жайында қай мысалда сөз болғанын тап:

І.С.Сарғасқаев '"Қызғалдақ пен қарасора"

2.Ш.Смаханүлы "Көбелек пен ебелек"

3 О.Әубәкіріов "Сүт қалай үйықгады?"

Бірінші тапсырманы оқып, түсінгеннен кейін оқушылар үзінділердің қай мәтіннен алынғанын еске түсіреді, жинақгайды, топтайды, жалпылайды, нақгылайды және оның неліктен солай болып тұрғанын дәлелдеу арқылы көз жеткізеді.

Сөйтіп, екі оқиғаның ұқсастығы - Бөрте мен Көксеректің есейіп кеткендігінде. Олардан ауыл иттерінің қорқып қашатығында, айырмашылығы-біреуінде арқардың құлжасы, екшшісінде қасқырдың бөлтірігі туралы сөз болатындығында деп түжырымдар жасайды. Әрине, бұл тұжырымдар мұғалімнің көмекші сұрақгар қойып, оқушылардың әрекетін дұрыс басқара алуына байланысты жасалады.

Екінші тапсырманы орындау барысында да оқушы алдында мынадай проблемалық міндеттер туындайды: аталған мәтіндердің мазмұнын еске түсіру, талдау, а) Тақырыптарды жинақгау, тапсырмаға сәйкес мәтінді атау.

Сол сияқты Шерхан Мұртазаның "Бөрте мен Зөре" әңгімесін өткенде мынадай проблемалық тапсырмалар орындалғаны жөн:

І. Мәтіннен мына бөлімдердің шегін тауып көр (бөлімдерге бөліп, ат қоюдан күрделірек):ң көкесі арқардың қозықасын тауып алуы;

ә) Ауыл балаларының Бөртемен достығы;

б) Ай мүйізді Бөрте

в) Зөренің пайда болуы;

г) Нұржанның өтініші.

2. Нұржан қандай бала? Мына сөздерді пайдаланып, мінездеме беріп көр: қамқорлық көрсетті, ақылдылық танытты, ақкөңіл, зерделі, еңбексүйгіш, адал т.б.

З. Өзін қамқорлыққа алған жануар туралы шығарма жазып кел.

Орындау барысында бүл тапсырмалар бағыттаушы проблемалық сүрақгарға жіктелуі мүмкін.

Сонымен, окулықтағы төртінші деңгейге берілген сүрақтар мен тапсырмалардың барлығы дерлік проблемалы міндет, проблемалы жағдай туғызып, оқушылардың шығармашылық ойлауы мен еңбектенуіне жол ашады.

Төртінші деңгейде шығармашьлық тапсырмалар мол берілген. Мысалы, ол өлең құрастыру тапсырмасы окулықтағы жыл мезгілдері, сол сияқты ана, ата туралы, Отан, туған жер т.б. туралы топталған шығармалардан кейін беріп отырылады. Бұл жұмысты түрліше ұйымдастыруға болады.

а) Тақырыпқа сай дайын ұйқастар ұсынуға болады. Мысалы, "Ана" тақырыбына байланысты түрлі ұйқастар ұсынып,олар өлең жолының соңында түратынын айту. Оқушыларға осы ұйқастарды пайдаланып, өлең құрату:

"Аман- сау жүр, анам,

Тілейді соны балаң."

"Айтқан тіліңді аламын,

Жұмсай қалсаң барамын."

Ұйқас бойынша өлең жолдарын қүрастыруға балалар қүлшына кіріседі. Мүның өзі оқушылардың өлең, оның қүрылысы, қара сөзден айырмашылығы туралы білімдерін нығайтады.

ә) Өлең құрастыру жүмысын берілген өлеңді әрі қарай жалғастыру арқылы да ұйымдастыруға болады.

Осындай өлеңді жалғастыруға М.Әлімбаевтың "Сөз күдіреті," Ө.Тұрманжановтың "Туған өлкем" т.б. шығармаларын ұсынуға болады. Оқушылар өлеңде қайталанып тұрған.

"Неткен сұлу , неткен көркем,

Осы менің туған өлкем" деген сияқты жолдарды пайдаланып, өлеңді оңай кұрастыра алады.

Туған өлкем. Жарқыраған күнін сүйем.

Жайқалып өскен гүлін сүйем.

Кең байтақ даласын сүйем.

Астанадай сұлу қаласын сүйем.

Махаш Маржан (1-сынып)

Бұл тәсілді қара сөзбен жазылған мәтіндерге де пайдалану оқушының алдына шелілуге тиісті міндет қойып, ойлануға жетелейді.

Мысалы:


а) Мәтінді толықгырып айтып беру. Оқулыққа Ы.Алтынсариннің, С.Көбеевтің т.б. шағын әңгімелері енгізілген. Бұндай әңгімелер толықтырып айтуға өзі сұранып түрады. Мысалы: С.Көбеевтің "Еңбекпенен ел көгерер" ертегісі өте шағын. Осы әңгімедегі мына абзацта автордың ойын жалғастырып айтуды тапсырма етіп беруге болады:

Бір жұтта "Түусонаудық малынан түк қалмапты. "Көресалдың " малы да көп өліпті. "Айдайсалдың" малы да аз қырылмапты. Ал өзі бағып күткен еңбекшіл жігіттің малы жүтамай, қыстан аман шығып, елін аштықтан құтқарыпты."

Осы үзіндіде оқиға, қимыл, қозғалыс бар. Үзіндіні толықтыруға, айтылған ойды жалғастыруға болады. Сол арқылы баланы еркін сөйлеуге, сөздік қорын байытуға бағытауға болады. "Неліктен ағайынды жалқаулардың малы қырылды деп ойлайсың?", " Еңбекшіл жігіт елін аштықган қалай құтқарды?", "Осы оқиғаға сәйкес қандай мақал білесің?" деген сияқгы сұрақтарға жауап алуға болады.

"Жаздың бір күні қыстың мың күнін асырар", "Жылыда жинақталмаған, суықга қымтыла алмайды", "Қыстың қамын жаз ойла"- деген мақалдармен қорытындылауға болады.

Мәтінді толықгырып айтуға үйретудің тағы бір артықшылығы оқушының мақалды тек жаттап қоймай, орнымен қолдана білу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.

ә) Көлемді шығармаларды жинақгап, қысқартып әңгімелеу. Оқулықга үш-төрт бетті қамтитын ертегілер, балалар әдебиетінің туындыларынан үзінділер бар. Міне, осы шығармаларды мазмүнына нүқсан келтірмейтіндей етіп жинақгап, қысқартып әңгімелеу де шығармашылық жүмысқа жатады. Бүл жүмысты мәтінді толық талданғалнан кейін жүргізуге болады. Мысалы, "Жақсылық пен Жамандық" ертегісін:

1 .Жақсылықтың алдануы.

2.Аңдардың әңгімесі.

З.Жақсылықгың байып кетуі.

4.Жамандықтың сазайын тартуы деген сияқты жоспар бойынша қысқартып әңгімелеуге болады:

"Арыстан, қасқыр, түлкі-үшеуі көрген білгендерін бір-біріне әңгімелейді. Түлкі бір «айдың қыстауында тығулы жатқан бір қүмыра алтынды күнде көріп келіп жүргенін айтады." т.б.

М.Әуезовтың "Әбілмәнсүр" атты тарихи әңгімесін мынадай жоспармен:

І.Бала Сабалақ.

2.Сабалақтың соғысқа аттануы.

З.Батыр Абылай деген тәрізді жоспар құру арқылы жинақгап, қысқартуға болады.

Міне, осылайша оқушы жоспардың әр бөлімі бойынша ойын жинақтап, қорытып айтута дағдыланады.

б) Оқылған шығарманың мазмұны бойынша сурет салу. Бұндай жүмысты да шығарманы толық, саналы түсінгеннен кейін ғана дрындауға болады. Кейбір көркем шығармадағы әдемі, әсерлі көрініс оқушының көз алдына белгілі бір суретті еріксіз алып келеді. Мысалы, Ж.Аймауытовтың "Ыстық қой, шіркін, туған жер!" мәтінҢндегі ауыл көрінісі-танып тұрған сурет. Дегенмен, әрбір оқушының не салғысы келетінін сұрап алған жөн. Мүмкін, ол өз ауылының, өз қаласының үйлерін, өзі ұнатқан ғимараттарын салғысы келетін шығар. Мұндайда, балаға, оның қиялына ерік берген жөн.

Проблемалық оқу оқушыны ізденуге, оның ойы мен қиялын дамытуға, қорытынды жасауға, оны дәлелдей алуға, өзінше тың пікір айта білуге, сол арқылы өз беттерінше білім алу жолдарына үйретеді.

Проблемалық оқыту барлық тақырыпқа сай келе бермейді. Сондықган барлық сабаққа қолдануға болмайды.

Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, - әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат-мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мүғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы оқушыны бағалауы ерекше орын алады. Осы жағдайларды ескере отырып, мұғалім тиімді жақгарын пайдалана білсе, әр оқушының кемінде мемлекеттік- стандарт деңгей алуына көмектеседі.

Мақал-мәтелді баланы жан-жақты дамытатындай етіп пайдаланудың мәні зор. Себебі, әрбір сабақта мақал-мәтел қолдану бала тәрбиесінде алар орны ерекше, сонымен қатар баланың білім деңгейін, оның сапасын арттыруда бірден-бір тамаша құрал. Мұғалім өз шеберлігіне қарай әр түрлі етіп сабақта қолдана береді.

Балаларға дайын көрнекілікті ұсынып, мұғалім көрнекілік артында қалмауы керек. Көрнекілік балаға дайын күйінде берілмеуі тиіс. Әрбір көрнекілікті пайдалана отырып, оның сырын, мазмүнын ашу- шығармашылыққа жол ашады.

І.Тақырып мазмұнына сай мақал-мәтел айтқызу, оны өз сөзімен ойымен дәлелдету. Мысалы, "Асыл сөз" бөлімінде "Сиыр", "Түйе" , "Бөбектің тілегі" , "Шопанатаға" өлендерін өткен кезде тақырыпты мақалмен таныстыруға болады.

1) Сиырдың сүті -тілінде (Сиыр шөпті, жемді жақсы жесе, сүті көп болады)

2) Мал өсірсең, қой өсір, пайдасы оның көл-көсір ( қойдың еті де, терісі де , сүті де пайдалы)

2.Көрініске, табиғатқа, суреттерге қарап тұрып, мақал айту жарысын ұйымдастыру.

Мысалы: "Туған жер" тақырыбына

1-ші оқушы: Туған елдей- ел болмас, Туган жердей жер болмас

2-ші оқушы: Әркімнің туған жері өзіне ыстық.

3-ші оқушы: Отан-оттан да ыстық

4-ші оқушы: Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.

З.Мақал-мәтел айтысы

Сабақтың тақырыбы; Еңбекпен ел көгерер

- "Еңбек -ер атандырады"- дегендей сіздің атақ даңқыңызды естіп жатырмыз.

- Ия, рахмет "Еңбегіне қарай-өнбегі" - деген емес пе.

- "Шегірткеден қорыққан егін екпес" - дегендей, сіз неге қимылдамайсыз?

- "Жеті рет өлшеп, бір рет кес"- дегендей ретін келтіре алмай жүрмін

- "Еріншектің ертеңі бітпейді"-дегендей ертерек қимылдау керек қой.

4.Мақал-мәтелге сай оқиға ойластыру.

Бұл жүмыс түрінде, өтілетін жаңа тақырыпқа сай мақал-мәтел алып тақгаға жазып қою.

Мысалы: Мал - баққанға бітеді.

Асанға атасы базардан бұзау сатып алып береді. Бұзауы сүйкімді, әрі момақан. Асан бұзауына шөп орып, су беруге ерінбейтін. Бұзауы да Асанды жақсы көріп кетті. Асанның көршісі Ербол оған қатты қызықгы. Бірақ, ол көп ойнайтын. Бір күні Ерболға да атасы бұзау сатып әперді. Ербол бірнеше күн бұзауына қарап жүрді де, бірер күннен кейін ойынға қызығып кетіп қалады. Бір күні бұзауы ауырып, өліп қалады. Ербол қатты өкіңді. "Мал- баққанға бітеді" - деген осы деді атасы.

Оқушылармен жүргізілген осындай жұмыстардың нәтижесі сынып жоғарылаған сайын артып, оқушылардың тапқырлығы, сөз саралауы, ізденімпаздығы, нақгы ой болжауы дами бастайтындығы айқын.



    1. Ана тілі пәнін дамыта оқытудың жаңа тиімді технологиялары

(педагогикалық тәжірибе және оның нәтижесі)
Келешек ұрпақгы тәрбиелеуде жауапты міндет бастауыш сынып мұғалімдеріне жүктелгені баршамызға аян.

Еліміздің болашағы-бүгінгі балалар. Ал олардың қандай азамат болып шығуын қадағалау қазіргі мектептерде, мұғалімдерге тікелей жауапты жұмыс. Сондықтан мұғалімдердің алдында үлкен міндет, ауыр жүк тұр.

"Білім беру-бұл тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі. Білім берудегі мақсат-қоғам мүшелерінің жоғары деңгейіндегі адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени және тұлғалық дамуына әрі кәсіптік құзырлығына қол жеткізу болып саналады.

Білім жүйесінің басты міндеті - жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықгар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау,"- деп "Білім заңында."; [1]

"Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады",- деп Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында (2004 ж);

"Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды - машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке- ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықгы өмір сүру мен жұмыс істеу болып табылады",-деп "Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында" да білім беру жүйесіне үлкен мән беріліп, ерекше атап өткен.

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осындай сұраныстарға орай оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енуде. Осы педагогикалық технология терминіне мынадай түсініктеме берілген: педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу реті. Мәселен, академик В.И.Монаховтың технологиясы, В.К.Дьяченконың ұжымдық оқыту әдісі, профессор Ж.Қараевтың білім беру жүйесін акдараттандыру технологиясы және тағы басқалар. Бұл технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Аталған технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған окушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Өз басым сынып оқушыларын 1 сыныптан бастап бақылау жасай отырып, профессор Ж.Қараевтың "Деңгейлік саралау технологиясын" таңдап алдым. Мұндағы мақсатым- өз бетімен дами алатын, әртүрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу.

Бұл технология біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік (стандарттық) деңгей алуына кепілдік береді.

Деңгейлік саралау технологиясы оқушының да, мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Осыған сәйкес мен екінші сыныптан бастап математика, ана тілі, қазақ тілі пәндері бойынша деңгейлік тапсырмалар беріп, оқушыларды қалыптастыра бастадым. Деңгейлік тапсырмалар 1,2,3,4,-деңгейде беріледі:

І. Алғашқы деңгей. Оқушы өз сабақгарының негізгі мақсаттарына жетуге дұрыс, сапалы, жылдам, мәнерлеп оқуға төселуге тиіс.

2. 0рта деңгей. Мұнда берілген сұрақ-тапсырмаларды оқушы көркем шығарманың өз ішінен, кейбір жағдайда бұрынғы оқығандарын еске түсіру арқылы өздігінен немесе мұғалімнің көмегімен орындай алады. Мұнда берілген жауап әртүрлі тәсілмен шешілуі мүмкін, бірақ шешімдер бірдей болады.

З. Жоғары деңгей. , Мұнда берілген сұрақ-тапсырмаларды орындау кезінде мұғалім оқушыларға сұрақ қою арқылы оларды ізденіске тартады. "Сол себепті емес пе?" , "Сенің бұл жағдайға өз көз қарасың қандай?", "Мүмкін, шығарма кейіпкерінің әрекеті дұрыс- шығар?" т.б. типтегі мұғалімнің болжау сұрақтарына оқушылар түрліше болжау жауаптар береді. Бұл жауаптардың дұрысы да , бұрысы да болуы мүмкін.

4. Шығармашылық деңгейге берілген сұрақ-тапсырмалар ізденіс сипатында болады. Оқушылар алға қойған жұмбақ сияқгы міндетті дұрыс аңғарып, іздену жоспарын өздері жасайды, талдайды, жинақтайды, салыстырады, жалпылайды, нақтылайды, қорытындылар жасайды.

1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік-стандарт деңгей, мұны орындауға барлық оқушылар міндетті, 2-3 деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл деңгейлік тапсырманы орындауға окушылар құқылы, ал 4-деңгейді шығармашылықпен жүмыс істей алатын, өзіндік пікірін жеткізе алатын, ойын дәлелдей алатын қабілетті оқушылар орындайды. Әрине, барлық оқушылар 4-деңгейді түгел орындап шығады деу артық. 1,2-деңгейді түгелге жуық оқушы орындайды да, озат оқитын оқушылар алға кетеді. Бағалау "балдық" жүйемен жүзеге асырылады. 1-деңгейді орындаған балаға 5 балл, 2 - деңгейді оры^даған балаға 10 балл, З-деңгейге-15 балл, 4-деңгейге - 20 балл.

Бұл технология элементтерін қолдану арқылы сынып оқушыларының арасынан кімнің қай пәнге қабілетті екенін байқап, әрі қарай дамытуға көп көмегін тигізеді. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз-оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытты.

Баланың қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастасақ, соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін. Егер бала бойындағы қабілетті мұғалім байқамаса, ол бала басқа оқушылармен бірдей болып қалады. Сондықган қабілеттің дауына түрткі бола білу керек. Осыңдай жұмыстарды жүргізу әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Күнделікті сабақта беретін деңгейлік тапсырмаларды қызықты етіп құрап, окушылардың қызығушылықпен орындауларын қадағалау қажет.

Әр сабаққа құрылған тапсырманың міндетті деңгейі өтілген жаңа сабақтарды бекітуге және өткен сабақтарды пысықгауға арнап құрылады. Бұл деңгейді сынып оқушылары түгел дерлік орындайды. Келесі деңгейдегі тапсырмалар алдыңғыдан күрделі және түрлендірілген болады. Осы тапсырмаларды өз бетімен орындау бұл шығармашылық жұмыс бастамасы іспетті. Келесі 4-деңгейді орындайтын оқушылар бірте-бірте дараланып шыға бастайды. Басқа оқушылар да осы балаларға еліктеп, сабақтан тыс уақыттарында жұмыс істеуге өз беттерімен отырады.

Ана тілі пәнінде көбінесе мәтінмен жұмыс жүргізуді деңгейлік тапсырма арқылы беріп отырамын. Бұл жұмыс нәтижесі ауызша тексеріледі. Әр бала орнында дайындалады. Оның 1-деңгейінде мәтінді мәнерлеп, түсшіп оқу тапсырылады. 2-деңгейде осы мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме беру немесе табиғатты суреттеген тұсын табу, 3-деңгейде осы мәтінге деген көзқарасы, оны өз ойымен аяқгау, мәтінге баға беру сияқты жүмыстар орындалады. Егер өлеңмен таныссақ, осы өлең ұйқасына салып өлең құрау сияқты шығармашылық жұмыстарды тапсырамын. Әр тарау хорынан шығарма жаздырамын. Шығарма баланың жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуына, қоршаған ортадағы құбылыстарды дұрыс аңғарып, тани білуіне дарындылық қабілетінің қалыптасып, ұшталуына зор ықпалын тигізеді.

Шығарма жаздыртудағы мақсат: тапқырлық, қиял, таңдай білу, сынай білу, мәселені қоя және шеше білу, өзгерістерді қабылдап, ой тудыра білу, оған тұжырым жасай білу.

І.Тақтаға сюжетті сурет ілінеді. Балалар осы сюжетті сурет бойынша шығарма жазады.

2.Балаларға еркін тақырыпта өз қалаулары бойынша шығарманы өмірмен байланыстырып жаздыру.

З.Тірек сөздер арқылы. Балалар тірек сөздерді өз қалауларынша қолдана алады.

4.0йды, мәтінді, суретті, ертегіні жалғастыру.

Мәселен, ана тілі сабағында "Туған елім - Қазақстан" тарауын қорытындылаған кезде әр баланың білгеніне қарай тапсырма беруге болады. Өзім шығарма жазуға қабілетті, сөз байлығы мол оқушыларға шығарма жазуды, өлең шығаруға қабілеті бар оқушыларға өлең құрастыруды, сурет салуға икемі бар окушыларға туған ауыл табиғатынан сурет салуды, ал қалған окушыларға табиғат көрінісін суреттеген сурет жинауға тапсырма беремін.

Ж.Қараевтың бүл технологиясының тиімді жақтарын айтатын болсақ:

1) Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.

2) Оқушының жеке қабілеті айқындалады.

3) Іштей бір-бірінен қалмауға тырысып, талпынады.

4) Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады

5) Әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады.

6) Сынып оқушылары толық бағаланады және әр окушы өзінің алатын бағасын біліп отырады. (1-деңгейі - "3", 2-деңгейі-"4", 3-деңгейі - "5")

7) Жұмыс дәптерінің соңына әр деңгейді орындағаны жайлы белгі қойып, жинаған ұпай санын окушылар өздері жазып отырады.

8) Оқушының дамуын қадағалауға және ата-анасымен байланыс жасауға жеңілдік туғызады.

9) Бір ғана сабақта бірнеше тапсырма орындайды.

10) Жаңа буын оқулықтарындағы тапсырмалар осы технологияға негізделіп берілген.

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский "Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың кұрметті иесімен болып сақтаушысына айналады"-деп айтқан. Өйткені, жәй ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықгы сабақгар мұғалімнің өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.

Сабақ барысында "Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" технологиясының әдіс тәсілдерін де пайдаланамын.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүзеге келтірген Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.



Мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнына сыни тұрғыдан қарап, екі үйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

"Сын тұрғысынан ойлау" ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

«Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап оқушыларға тақырыпқа болжам жасатып, мақсат қойып іс қылуға, сұрақ беріп жауап алуға, мазмұнды толық түсінуге жағдай жасалынған». /31,4/ Сын түрғысынан ойлау-сынау емес, шындалған ойлау. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкестігі шындалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқгалып өтейік.

Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі-бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан ұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықгырады, кеңейе түседі. Сондықтан да сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы окушы не біледі., не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін "Топтау", "Түртіп алу", "Ойлану, жүпта талқылау", "Болжау" т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықгы ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену-енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы аршылады, тазарады. Осылайша шывдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезенде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады.

Ойлау мен үйренуге бағытталған бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Окушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар.

Соның бірі 1NSEРТ. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V - "білемін" - - білмеймін, +- - мен үшін жаңа ақпарат ? - мені таңқалдырады білгілерін қойып отыру тапсырылады. 1NSEPT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды қүрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасывда оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер кұрастыруға, яғни байланыстар құрауға дағдыланады.

Тақырып туралы ой толғаныс - бағдарламаның үшінші кезеңі күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру, назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі үйге, тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқгы шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді, етуге лайықгалған "Бес жолды өлең", "Венн диаграммасы", "Еркін жазу", "Семантикалық карта", "Т кестесі" сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқутпы өз шығармашылығын көрсете алады.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт.

1 Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.

2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат ету.

3. Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау

4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.

Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету сын тұрғысынан ойлауды бағалау. Ал оқушылардан осыған байланысты:

- адамгершілікпен жұмыс жасау;

- бар ынтасымен оқуға берілу;

- пікірлерді тыңдау, қүрметтеу;

- өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар: мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

- Осы мазмұннан алған акпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?

- Осы ақпаратты үйрене отырып, мен бірдеңе жасай аламын ба? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Бұл жоба 80-ге жуық стратегиялардан тұрады. Бұдан ары қарай солардың кейбіріне тоқталайық.

Джин Со - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен үжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бүл "жанұя" топтар деп аталады.

Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1- бөлігін 1-топ, 2-бөлігін 2-топ т.с.с. топтарға окуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға "жұмыс тобында" мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті "жанұя топ" оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіну қажет.

Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұкым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйретеді.


  • Джин Со-стратегиясы мазмүнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанда есте сақгау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.

Венн диаграммасы бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып окушылар қызыға толтырады яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

Еркін жазу (эссе).Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт беріледі. Уақыт аяқгалған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымға оқуға болады.

Оқушыларды алған білімдерін қорытуға оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

Енді осы технология элементтерін қолданып өткен бір сабақ жоспарын назарларыңызға ұсынамыз.


Ана тілі 1 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Малдың төлін сүюі.

Сабақтың мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқуға, оның мазмұнын түсінуге, сауатты оқи, жаза білуге баулу.

Дамытушылығы: Сөздік қорын жетілдіру, сөйлеу және жазу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелілігі: Төрт түлік малды құрметтей, қастерлей

білуге баулу.



Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ.

Сабақтың әдісі: Тест, түсіндіру әдісі, « Венн»

диаграммасы, «Ой шақыру» стратегиясы,

«Жигсо» стратегиясы,топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: «Дала көркі- мал», «Табиғатым – тал

бесігім», «Қазақ халқының қолөнері»

бүктемелері, «Мен жәнеэкология» файлы,

плакаттар, төрт түлік малдың суреттері,

оқушылардың шығармашылық-танымдық

жұмыстары.



Пәнаралық байланыс: Дүниетану, музыка, математика.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

2.Үй жұмысын тексеру.

Тест.


1. Құлын қай малдың төлі?

  • Түйе

Жылқы
Қой

  • Сиыр

2. "Көс,көс"деп қай төлді шақырады?

  • Бота

  • Құлын

  • Бұзау

  • Қозы

3. Зеңгі баба қай малдың иесі?

Түйе


Сиыр

Жылқы


Қой

4. Лақ қай малдың төлі?

Түйе
Қой

Ешкі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет