Бастауыш сынып оқушыларын психологиялық – педагогикалық диагностикалау әдістері Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық-педагогикалық сипаты



бет2/2
Дата02.04.2024
өлшемі31.78 Kb.
#497289
1   2
Бастауыш сынып оқушыларын психологиялық – педагогикалық диагностикалау әдістері.

Психологиялық-педагогикалық диагностика – бұл оқу-тәрбие үдерісін оңтайландыру мақсатында студенттердің дербес-психологиялық сипаттамаларын зерделеуге бағытталған бағалау практикасы.
«Психологиялық диагностика» терминін алғаш рет ХХғ. 20 жылдарында пайда болып алғашқыда медициналық ғылымда (психатрияда: Г. Роршах «Психологиялық диагностика», 1921ж), содан кейін индивидтің немесе кіші топтың психологиялық күйін анықтауды сипаттайтын психологиялық түсінік ретінде қолданыла бастады.
Дәлірек айтқанда, Психодиагностика (психо... және diagnostikos - айырып тануға қабілетті) - адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.
Психологиялық диагностика тек қана жалпы заңдылықтарды бекітіп,сипаттап қоймай, жағымсыз сәттерді жоюға да нақты көмек көрсетеді. Психологиялық диагностика адам психикасының ерекшеліктері туралы информация жинақтауға бағытталған.
Диагностика – дидактикалық процестің нәтижесін анықтау үшін қолданылады. Сондықтан да педагогикалық диагностиканың мазмұнына келсек. «Диагностика» түсінігінің мәні «білім, ептілік және дағдыларды тексеру» түсінігімен салыстырғанда едәуір тереңдеу әрі кең. «Тексеру» нәтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді.
Диагностикалау кезінде нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс-тәсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар-бағытын, ілгерлі не кері қозғалысы анықталады.
Педагогикалық дигностика– педагогикалық мақсатты жетілдіру үшін алынған зерттеу қорытындысының талдауы негізінде жаңа ақпарат алу, білім берудің (оқу, тәрбие) сапасын жақсартуға және оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған процесс.
Педагогикалық процесте диагностика келесі функцияларды орындай алады:
1. Констатациялау - белгілеу (ақпараттық).
2. Болжау.
3. Құндылық - бағдарлану (бағалау).
4. Өзіндік оқып-үйрену, өзіндік даму.
5. Дамытушылық (тәрбиелеуші).
6. Конструктивті.
Көптеген ғалымдар адамның тәніне тәуелсіз жаны болады деді. Жан барлық психикалық тіршілік негізгі себепші. Осының өзі сол кездегі адамның табиғат сырын дұрыс түсіне алмауына байланысты, бұлардың айтуынша табиғатқа табынбайтын ерекше күш бар деді. Адамның дамуын зерттейтін жеке бір сала ретіндегі бір пән болды.
Психологиялық диагностика тек қана жалпы заңдылықтарды бекітіп,сипаттап қоймай, жағымсыз сәттерді жоюға да нақты көмек көрсетеді. Психологиялық диагностика адам психикасының ерекшеліктері туралы информация жинақтауға бағытталған.
Диагностика – зерттеу процесi немесе объект туралы толық ақпарат алудың жалпы тәсiлi.Диагностика әлеуметтiк технологияның маңызды компонентi болып табылады (мақсат - диагноз - болжам -бағдарлама - енгiзу және талдау). Осыған байланысты әлеуметтiк қызметтiң практикасында әртүрлi зерттеу әдiстерiнiң принциптерi, алгоритм процедуралары және тексеру тәсiлдерiн қосатынөзiндiк диагностикалық технология қалыптасады.
Оқыту диагностикасы – қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту, олардың жұмыс тәртібінің бұзылуының алдын алу жолдарын айқындау болып табылады.
Тәрбие дигностикасы – тәрбиені тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттерінде, тек қана тәрбие объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі болып табылатын тәрбиеленушілердің өздерінің өзара әрекеттерінде іске асатын процесс. Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін диагностикалау ерекшеліктері.
“10 сөзді жаттау” әдістемесі.

Мақсаты: баланың сөздерді ырықты есте сақтауын анықтау.


Бұл әдістеме көмегімен баланың өз зейінін ұзақ уақыт бір әрекетпен шұғылдануға жинақтай алуы, оған қосымша тимулдық материалдар (ойын,көрнекіліктер) қолданбай танымдық қызметін ұйымдастыруға болатындығы анықталады.


Зерттеуді жүргізу үшін 10 сөз немесе сөз тіркестері дайындалады. Олар бірнешевариантта болғаны дұрыс. Әр вариантта орындауға арнайы уақыт беріледі.


Бірінші жаттығуды қолданып зерттеу жүргізуді психолог келесі кіріспе сөзбен бастайды: «Балалар, мен қазір сендерге бірнеше сөздерді айтамын. Оларды мұқият тыңдап, есте сақтап іирға тырысыңдар. Мен оқып болғаннан соң сендер олардың ЯиКен естеріңде қалғандарын қайталап айтасыңдар».


Жаттығуды екінші рет орындату үшін нұсқау қайталанады: Мен жаңағы сөздерді қайталап оқимын. Сендер ол сөздерді қайталап айтасыңдар. Бірінші қайталаған сөздеріңмен қазір жаңадан еске сақтаған сөздерді қосып айтыңдар.


Үшінші және төртінші рет қайталап орындағанда ереже қысқаша түсіндіріледі:


«Мен тағы да қайталаймын, ал сендер жақсылап тыңдаңдар».


Бесінші рет қайталағанда: «Мен бұл сөздерді соңғы бір оқимын, сендер олардың барлығын түгел қайталауға тырысыңдар»-деп ескерту қажет.


Қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың есте сақтауы әрбір қайталаған сайын арта береді. Баланың денсаулығы болмай жүрсе немесе психалогиялық проблемасы болса есте сақтауы, керісінше кеми береді.


Сөздер тізімін қайтадан оқу барысында ешқандай қосымша түсініктеме берудің қажеті жоқ. Тек қана сөздерді өте жай қайталағанда, балаларға: «тағы қандай сөздер есіңе түсті» деген сұрақ арқылы кішкене дем беріп отыруға болады.


Орындау уақыты 7-8 минут.


Бағалау шкаласы:


Бір рет оқығанда -5-6. бес рет қайталағанда-8-10 сөзді, қайталау-сөздерді еске сақтауы жоғары деп бағаланады;


Бірінші оқығанда—3-4. бесіншіден кейін – 5-7 – орта;


Бірінші оқығанда—1-2. бесіншіден кейін – 3-4 – төмен;

Бірінші оқығанда—0. екіншіден кейін – 1-2 – өте төмен.


Сөздер:уақыт, нан, аспан, өсімдік, қар,май,ағаш, көрпе, киім, дала.


Осы сияқты бірнеше вариант тапсырмалар жасап алу керек.


“10 сан” әдістемесі.


Мақсаты: баланың қарапайым математикалық білімін тексеру. әдістемені сандар ойыны ретінде ұйымдастыруға болады. Тапсырмалар:


Келесі сандар қалай аталады: бірнеше бірлік сандар айтылады (2,7,6). 2. 5,7 сандарына көрші сандарды ата. Олар неге көрші сандар деп аталады?


9-дан бір санға кішіні ата, енді бір санға үлкенін ата.
3 пен5 сандарының арасында қандай сан тұрады?
Бірден онға дейін санап берші.
Оннан бірге дейін қалай саналады.
Қатар орналасқан үш санды ата.
7 санынан кейін орналасқан санды ата.
Аталған саннан үлкен немесе кіші санды қалай шығаруға болады?
Санамақ қандай саннан басталады?
Бағалау шкаласы:

Бұл әдістеме жоғарыда көрсетілген 10 сөздің әдістемесі орындау ережесі бойынша жүргізіліп, нәтижесі сол шкала бойынша бағаланады.


“10 фигура” әдістемесі.


Мақсаты: баланың гиометрялық фигураларды білуін анықтау.


Төменде берілген сұрақтарды қолдана отырып бала мен әңгімелесу барысында, оның білімі туралы мағлұмат жиналады. Бұл әдістемені ойын ретінде балалар тобымен жүргізуге де әбден болады. Мысалы, психолог балаларды ертегі әлеміне қыдыруға шақырады. Бұл әлемдегі заттардың барлығы гиометрялық бұралардан тұрады екен. Осы фигураларды дұрыс атағандар басқа бөлмеге шығуына, үзіліс жасауына, келесі тапсырманы орындауына рұқсат алады (балаларды қызықтыратын нәрселерді қолдану қажет).


Әңгімелесуге келесі сұрақтарды қолдануға болады:


Қандай фигуралардың атын білесің?


Үстелдің беті қандай фигураға ұқсайды?


Терезе айналары фигураларын атап берші.


Ыдыстардың басым көбі қандай фигураға ұқсайды?


Дөңгелек пен шардың айырмашылығы неде?


Осы бөлмеде пирамидаға ұқсас не бар?


Сынып бөлмесінде үшбұрышқа ұқсайтын нәрселер бар ма?


Менің оң жағымда орналасқан нәрселерді аташы?


Олар қандай фигураларға ұқсайды?


Қиықа ұқсас нәрсені тапшы.


Фигураларға қарап оларды ата:үшбұрыш, қиық, шаршы, төртбұрыш, ромб, куб, дөңгелек, сопақ, пирамида, бесбұрыш.


Бағалау шкаласы:


7-10фигураны атасы — өте жақсы;


6-жақсы;

4-орта

3-төмен.

“Мектеп мотивациясын тексеруге арналған” сауалнама.
Авторы: Н. Г. Лусканова.

Оқушыларға «Мектеп маған не ұнайды?» деген тақырыпта сурет салу тапсырылады.


Автордың пікірінше тақырыпқа байланысты суреттегі мынандай жағдайларға көңіл аудару керек:


Мотивациясы дамымаған, мектеп моитациясы жоқ, бірақ та оқушының ойын және басқа мотивбері басым. Мұндай жағдайда оқшылар машинаны, әскери әрекеттегі ойыншықтарды, оюларды және т.б. суреттерді бейнелейді;


Балалық негативизм, оқушы мектеп тақырыбында сурет салудан бас тартып, өзі жақсы көріп салатын суретін бейнелейді, мұндай мінез-құлықты оқушының талаптан теңгейі жоғары және талаптарына қиындықпен бейімделуін көрсетеді;


Тапсырманы түсінбеуі немесе дұрыс қабылдамау, оқушылар ешнәрсе салмаса немесе басқа оқушының берілген тапсырмаға қатысты емес суретін көшіріп салса, онда бұл жағдай психикалық дамуы артта қалған балаларға қатысты. Мұндай жағдай 0 балмен бағаланады;


Берілген тақырып бойынша салынған суреттердің сюжетін бағалау:


Оқушның таным мотиві мен оқу белсенділілігі оқу жағдайындағы мектеп мотивациясының жоғарылылығын көрсетеді, оны 30 балмен бағалайды.


Сыртқы мектеп атрибуттары оқуға қатысты емес жағдайда мектепке қатынасы оң оқушыларға тән, бірақ сыртқы мотивациясы 20 балемн бағаланады.


Мектептегі ойын жағдайы қатынасы оң оқушыларға тән, бәрақ игерген ойын мотивациясы 10 балмен бағаланады.


“Оқу мотивациясын тексеруге арналған” сауалнама.


Оқу мотивациясының деңгейін скринингті бағалау үшін Н. Г. Лусканова арнайы сауалнама ұсынады. 10 сұрақтың жауаптарым 0-ден 3 балға дейін бағаланады (теріс жауап-0 балл, бейтрап-1 балл, оң жауап-3 балл). 30-25 балл жинағын оқушылар мектепке бейімделуінің жоғары деңгейін, 20-24 балл ортаңғы норманы, 15-19 балл ішкі мотивацияны, 10-14 балл және одан төменгі балл-мектепке деген теріс қарым-қатынасын, яғни мектеп дезадаптациясын көрсетеді.

Сауалнама сұрақтары.


Саған мектеп ұнай ма немесе ұнамайды ма?


Таңертең сен ұйқыдан тұрғанда мектепке қуанышты барасың ба, әлде үйде қалғың келеді ме?


Егер мұғалім ертең барлығының келуің шарт емес, келгісі келген оқушыларға ғана келсін десе, сен сабаққа келесің бе, әлде үйде қаласың ба?


Кейбір сабақтың болмай қалуы саған ұнайды ма?


Саған үй тапсырмасын бермегенін қалайсың ба?


Сен сабақты үзілістің көп болғанын қалайсыз ба?


Сен ата-анаңа мектеп жайында жиі айтасын ба?


Саған мұғалімінің қатал болғаны ұнайды ма?


Сенің класта достарын көп пе?


Кластастарың саған ұнайды ма?


Оқу мотивациясының динамикасын бағалау үшін сауалнамада сұрақтар қайталанып келеді. Оқу мотивация деңгейінің төмендеуі баланың мектеп дезадаптациясының көрсеткішін, ал оның жоғарылауы-оқудағы және дамудағы оң динамикасын білдіреді.


Жүргізілген зерттеулер оқушының бейімделуінің үш деңгейін бөліп көрсетеді:


Жоғары деңгей-оқушының мектепке қатысты оң; берілген талаптарды адекватты қабылдайды; оқу материалдарын оңай меңгереді; мәліметтерді толық игерген; мұғалімінің айтқандарын мұқият тыңдайды; тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз-ақ орындайды; өзіндік жұмысқа, барлық пәндерге қызығушылықпен қарайды; тапсырмаларды мұқият орындайды; класта жоғары мәртебеге ие.


Ортаңғы деңгей-оқушының мектепке қатынасы оң; оқу материалдарын түсінеді; бағдарламанаың негізгілерін меңгереді; тапсырамаларды өзбетінше орындайды, тапсырмаларды орындауда мұқият; бірақ бақылауды талап етеді; сабаққа қызығушылықпен дайындлады; кластағы көп оқушылармен достық қарым-қатынас жасайды.




Төмеңгі деңгей-оқушының мектепке қатынасы теріс; денсаулығының нашарлығына реніш білдіреді; көңіл-күйінің нашарлығын көрсетеді; тәртіп тұзады; оқу материалдарын фрагментарлы меңгереді; өзіндік тапсырмаларға қызығушылық көрсетпейді; сабақтарға немқұрайлы дайындалады; бақылау мен көмекті үзілісті қажет етеді; пассивті; класта жақын достары жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет