Бастауыш сынып оқушыларының мәдени-бос уақытын ұйымдастырудың теориялық негіздері



бет16/16
Дата20.06.2022
өлшемі225.95 Kb.
#459360
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Бастауыш сынып оқушыларының мәдени-бос уақытын ұйымдастырудың теориялық негіздері

ҚОРЫТЫНДЫ


Қорытындылай келе, оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануы мен ұйымдастыру жолдарының және оның басты нәтижелерін қорытындылайық. Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердің бірі- келешек ұрпақтық рухани дамуы. Елбасы Н.Назарбаевтың ұлттық рухани дамудың кең көлемді мәселелерін екшелей келе «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізде ұзақ мензеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» дегеніне сүйене отырып, қазақ жастарын заман талабына сай эстетикалық талғамы жоғары, парасатты, отансүйгіш, елжанды, жан- жақты дамыған тұлға етіп қалыптастыру, осы бағытта тәрбиелеу- бүгінгі күнгі мәдениет мекемелерінің алдындағы өзекті мәселесі.


Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын кеңейтіп, ой - өрісін, белсенділігін, арттыратын мазмұнды шаралар тұлғаның қалыптасуына белсенді ықпал етеді. Атап айтқанда, азаматтыққа, қоғамдық белсенділікке баулитын және еңбек ардагерлерімен, көп балалы отбасылармен, түрлі мамандық иегерлерімен, құқық қорғау орындарының қызметкерлерімен, т.б кездесу, жүздесулер, дене тәрбиесі мен салауаттылық өмір салтын қалыптастыратын іс- шаралар, олардың адамдармен қарым- қатынас әрекетіне, қоғамға, еңбекке, ғылым - білімге, спортқа деген қарым- қатынасын дамытып, жастарды Отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелейді. Жастардың еліміздің ертеңі, болашағы екені түсінікті, санаға сызат түсірмей, тәлімді ұрпақ өсіру әркімнің де басты мақсат-парызы, әсіресе мұғалімдік қызмет саласында қызмет етушілердің басты міндетіне айналуы тиіс. Осы жолда яғни бала өміріндегі сайыстың маңызы В.А.Сухомлинский былай деп жазды: «Сайыс дегеніміз – орасан зор жарық терезе, осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне қоршаған дүние туралы түсініктердің, ұғымдарының ширек тасқыны келіп құйылады. Сайыс дегеніміз- бұл ынталық пен құмарлықтың отын жағатын ұшқын».


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1.Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері- 1991
2.Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. Орынбор, 2000
3.Бап-баба С. Жалпы психология. Алматы 2005ж
4. Бодалев А. Общий психодиагностика. Москва,2000ж
5. Болғамбаев М. Қазақтың спорт түрлері. Алматы, «Қайнар»-2000жыл 6.Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы 2001ж
7.Жұмабаев М. Педагогика . Алматы «Рауан» 1993ж
8.Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық. Алматы-2005ж.
9.Иманова Н. Қозғамбаева М. Оқыту процесінің мәні.- Алматы,1991ж
10. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. Астана, 2000
11.Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
12. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 2005ж.
13.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жыл.
14. Сиқымбаев И. Б. “Бос уақытты ұйымдастырудың педагогикалық негіздері” – № 2 2009., 13 – 15б.
15. Шахмұратова Қ. Ш. Балалар психологына, Орал, 2005ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет