Бастауыш сынып оқушыларының мәдени-бос уақытын ұйымдастырудың теориялық негіздері



бет1/16
Дата20.06.2022
өлшемі225.95 Kb.
#459360
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Бастауыш сынып оқушыларының мәдени-бос уақытын ұйымдастырудың теориялық негіздері


Бастауыш сынып оқушыларының мәдени-бос уақытын ұйымдастырудың теориялық негіздері

Мазмұны

КІРІСПЕ 3
1 ТАРАУ. ОҚУШЫНЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫР 6
1.1 Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және оның формалары 6
1. 2 Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану ерекшелігі 11
1.3 Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудағы мұғалім мен мектептің рөлі 13
1.4 Тәрбие үрдісінің мақсаты- оқушының бос уақытын 16
ұйымдастыру 16
2 ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІНІҢ ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 21
2.1. Оқушының бос уақытын ұйымдастыратын мекемелердің жұмысы 21
2.2 Жапсарбаев атындағы орта мектебінің сыныптан тыс ұйымдары 22
2.3 Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында жүргізілетін жұмыс түрлері 28
ҚОРЫТЫНДЫ 51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 52


КІРІСПЕ


Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті Стандарты, қазіргі заманғы педагогикалық психология ғылымдарын дамыта отыру идеясы, демократияландыру , ізгілендіру оларды жүзеге асыру, мектеп мұғалімдерінің алдына күрделі міндеттер қойып отыр.
Бос уақытты ұйымдастыру туралы көптеген педагогтар өздерінің ғылыми еңбектерінде айтып кеткен. Олар: Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский, Т.И.Осокино, Н.П.Сакулина, Н.А.Ветлугина, Т.С. Кумарова және т.б. Олардың зерттеулері бойынша бос уақытты ұйымдастыру мекемелері баланың өздерімен таңдалған әр түрлі жаттығулар үрдісіне жан- жақты дамуына негіз болады, сонымен қатар, оқу іс әрекетінен қабылданған білімдері бекіп, қызығушылығы қалыптасып, өнері дамиды. Балалардың бос уақытын әлеуметтік маңызды мақсатқа пайдалану ортақ мәдениетпен, педагогтың, тәрбиешінің, музыка жетекшісінің білімі мен шығармашылығы және ең бастысы ата- ананың эстетикасымен тығыз байланысты.
Қазір мектептерде тәрбиенің сапасына, әдіс- тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлінуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі – қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру болып табылады. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ең басты мекемелердің бірі- мектеп. Ол оқушылардың іс- әрекетін ізгілендіріп, рухани дамуын дұрыс жолға қояды. Ол үшін оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта тәрбиелеп, олардың алдын- ала шығармашылықпен дамуына жол ашылуы керек, яғни оқушылардың бос уақытын тиімді пайдаланып, әр түрлі бағытта дамыту керек.
Оқудан бос уақытында оқушы ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық
мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түде бағалай білу сияқты аса маңызды
әлеуметтік- педагогикалық жолдарды шешуге көмектеседі.
Мектептерде оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізуде әртүрлі
мәдени шаралар, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелер ұйымдастырылып тұрады. Оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы ақыл- ой, танымдық
сипаттағы әрекеттерін күшейту - пәндік үйірмелер, бірлестіктер, қызығушылығы бойынша клубтар, оқушылардың ғылыми қоғамдар желісін құру, ұжымдық танымдық шығармашылық істерді жүргізу арқылы жүзеге асады. Жалпы алғанда, сыныптан тыс әрекеттер оқушылардың білімдерін кеңейтіп, жан- жақты ізденулеріне мүмкіндік жасайды, өзіндік таным іс- әрекеттердің қорытындысы шығады және сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылар тылсым дүниенің әртүрлі сырларын ұғынады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет