Арнайы мектепте сөздік жұмысының ерекшелігі және мазмұны
Сөздік жұмысы – тіл дамытудың іргетасы, оқушыны жаңа сөздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда маңызы зор. Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Әдіскер ғалымдар М.Т. Баранов, А.Р. Прудникова жаттығу әдісінің маңыздылығына тоқтала келіп, «Сөздік және лексикалық жаттығуларды бір-бірімен айыру қиыншылық тудырады, олар тығыз байланысты. Өйткені екеуінің де негізі – сөзбен жұмыс жасау» – дей келіп, сөздік жұмыстарға тілді сезіну мен сөзді дұрыс түсінуі, орынды қолдана білуі, сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады. Сөздік жұмысының ерекшелігі: тіл дамытудың басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық салаларында жүргізіледі. Өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер т.б білу арқылы баланың тілі дамиды. Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Ал, сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты. Тілді, оның грамматикалық құрылысын меңгеру оқушыларға өз пікірлерін айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге сөздік жұмысы сөз арқылы оқушыны дәл ойлауға үйретеді, оның шығармашылық қабілетін арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады.
Сонымен, сөйлеу тілін дамыту барысында мынадай жұмыс жүйесі ұсынылады.
сабақтың әр түрлігі
Біртіндеп жұмыстың сыныпқа, тақырыпқа байланысты қиындауы.
Кейбір енген жаңа формаларда әрбір сыныптың басында соңында қолдану
Сыныптағы сабақтарға қарай сөйлеу тілін дамыту жөнінде сыныптан тыс :
қабырға газет шығару, шығармашылық әдеби және лингвистикалық үйірмелерге қатысу т.б.
Міне,бұл лексиканы оқыту,жаңа сөздерді үйрету,оқушының сөздік қорын байыту мәселерін зерттеудің қаншалықты қажет екенін көрсете алады.Оқушының сөздік қорын байытудың жолдары мен амал – тәсілдерін белгілеу,сөздерді меңгерудің ұтымды жолдарын анықтау,сөзді оқушының күнделікті қолданысындағы белсенді сөзге айналдыру,оқушыда сөздерді орынды саналы қолдану дағдысын қалыптастыру сияқты толып жатқан мәселерді анықтау оқушының сөздік қорын байытуға жол ашады.
Оқушының сөздік қорын байыту,біртіндеп оны дамыту тілдің байлығын ұғынуға жетектеуді қажет етеді.Оқушыны алғашқы кезден бастап ойын жеткізуге мағыналас сөздердің ішінен ойын дәл білдіретін сөзді таңдай білуге үйрету қажет.Ол үшін оқушыға синоним сөздерді де үйрету керек. Сондықтан бастауыш сыныптарында синоним сөздерге тиісті орын беріп,оқушының сөздік қорында ондай сөздерде болуға тиісті.Оқушының сөздік қорына кіретін сөз мазмұны, мағынасы жағынан ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейтін, жас сәбидің жанына жақсылықтың нұрын себетін сөздер болғаны дұрыс.
Негізгі сөйлеу тіл дағдылары бастауыш сыныптарда қаланады.Міне дәл осы кезде балалар алғаш әдеби тілмен танысады. Сөйлеу тілі адам өмірінде өте үлкен қызмет атқаратын кең көлемді аймақ болып табылады.
Тілдің дамуы негізінен 3 жолмен дамиды: сөздермен жұмыс, сөз тіркестерімен, сөйлемдермен жұмыс, сөздердің байланыстылығымен жұмыс. Бұл үш жолдың жұмысы бірдей параллельді түрде дамиды. Бұл үш жол әңгімелеу алдында, шығарма, мазмұндама жазу алдында оқушыларға беріледі.Онымен алдын ала мағынасын түсіндіріп, қалай жасалу жолын көрсетіп, арнайы көрнекілік пайдалану арқылы түсіндіріп өтеді. Сонда ғана оқушылардың естерінде әлде- қайда жақсы сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |