Бастауыш сынып


• Ашықтық және қолжетімділік



Pdf көрінісі
бет5/29
Дата17.01.2023
өлшемі3.62 Mb.
#468462
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Алтынсарин ОӘҚ бастауыш

Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды 
ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың 
қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады. 
• Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер 
кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс 
болып табылады. 
• Дамуға бағыттау. Бағалау нәтижелері білім алушылардың
мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды 
және ынталандырады. 


8
3 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен, үдерістермен, 
бағалау құралдарымен, нәтижелерімен анықталады (1-сурет). 
1-сурет. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны 
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулық-
әдістемелік құжаттар арқылы реттеледі:
• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш
білім беру стандарты;
• Оқу бағдарламасы;
• Оқу жоспары;
• Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім
беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды
бағалауды өткізу тәртібі;
• Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша
нұсқаулық;
• Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне
арналған нұсқаулық;
• Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
• Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.
ҚР МЖМББС 
Білім беру аясында білім алушылардың дайындық деңгейлеріне қойылған 
талаптар (күтілетін нәтижелер Б. Блум таксономиясына негізделген)
Пән бойынша оқу бағдарламалары 
Пән бойынша оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелер 
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау 
критерийлерге негізделген 
Бағалау критерийлері – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз 
болатын белгі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет