Бастауыш сынып


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы



Pdf көрінісі
бет8/29
Дата17.01.2023
өлшемі3.62 Mb.
#468462
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Алтынсарин ОӘҚ бастауыш

11
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 
Жинақта оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттары бойынша 
қалыптастырушы бағалауды өткізуге арналған тапсырмалар үлгілері 
дескрипторлармен бірге ұсынылған. Тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген, 
білім алушылардың мүмкіндігін, қажеттіліктерін есепке ала отырып, 
бейімдеуге болады.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Әдістемелік нұсқаулықта бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және 
тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу жолдары көрсетілген. 
Құжатта төмендегідей ақпараттар берілген:
• бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын 
құрастыруға қатысты ұсыныстар;
• бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың балмен, 
дескрипторлармен бірге берілген тапсырмалар үлгілері; 
• тапсырмаларды құрастыру, рәсімдерді өткізу бойынша тоқсандық 
жиынтық бағалаудың спецификациясы;
• тоқсандық жиынтық бағалаудың балл қою кестесімен бірге тапсырмалар 
үлгілері.


12
4 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 
Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті 
жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және 
жиынтық бағалау (2-сурет). Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ 
тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі 
бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады. 
Критериалды бағалау
Қалыптастырушы бағалау 
Бөлім/ортақ тақырыптар
бойынша жиынтық бағалау 
Жиынтық бағалау 
Тоқсандық жиынтық бағалау
Білім беру деңгейлері 
бойынша қорытынды 
жиынтық бағалау 
2-сурет. Критериалды бағалаудың құрылымы
Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына 
қарай ерекшеленуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет