Бастауыш сыныпта сын есімді оќыту



бет9/31
Дата07.06.2024
өлшемі433 Kb.
#502429
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Дип.-Бастауыш-сыныпта-сын-есімді-оқыту (1)

389- жаттығуда негізгі сын есімдерге –да, -деу, -пау, -пеу, -тау, -теу, -шыл, -шіл, -ғылт, -ғыш жұрнақтарын жалғап жазып, негізгі сын есімдердің мағынасында қандай өзгеріс болғанын айту.
Мысалы: Ақ-ақшыл, боз-бозғылт, жасыл-жасылдау, сары-сарылау, үлкен-үлкендеу, көк-көкшіл, ұсақ-ұсақтау
3-сыныпта сын есімге арналған күнделікті сабақ жоспарыың үлгісі:

  1. Сабақ тақырыбы: Негізгі және туынды сын есімдер.

  2. Сабақтың мақсаты: Негізгі және туынды сын есімдер туралы мағлұмат беру; олардың бір-бірінен өзгешелігін саналы түрде меңгерту.

  3. Тәрбиелік мәні: Оқушылырды имандылыққа, сауаттылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

  4. Сабақтың әдісі: әңгімелеу.

  5. Сабақтың көрнекілігі: кітап, кесте, сурет.

  6. Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру
- Оқушылардың кітап, дәптерлерін түгелдеу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Жаңа сабақ.

  1. Кіріспе, әңгімелеу.

Оқушылыдың назары тақтадағы плакатқа аударылады. Онда біраз мысалдар келтірілген.

Негізгі сын есім

Туынды сын есім

Талап, білім

Талапты, білімді

Ажар, әдеп

Ажарлы, әдепті

Сана, көңіл

Саналы, көңілді

Мұғалім кестедегі мысалдарды талдаудан бастайды.

  • Талап сөзіне сұрақ қойыңдаршы.

  • Не?

  • Талапты сөзіне сұрақ қойыңдар.

  • Қандай?

  • Талап – түбір, -ты – жұрнақ, Талантты – сын есім

Осы арада балалар туынды сын есім тек сын есімнің өзіне ғана емес, басқа сөз таптарынан да жасалатынын аңғартады.
Туынды сын есімдер зат есімдерден жасалады. Ол үшін –ты, - ті, -лы, -лі, -ды, -ді, -т, т.б. жұрнақтар жалғанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет