3.2.2-тапсырма. 10-11 сыныптарда тыңдалым дағдысын жетілдіру бойынша жүргізілетін оқу әрекеттерін ескере отырып, тыңдалым бөлімі «Көркем шығармаларды тыңдау» бөлімшесі бойынша оқу мақсатын таңдап, тапсырма құрастырыңыз.
Бөлімше: Көркем шығармаларды тыңдау
Оқу мақсаты:
7.1.4.1 повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау
|
Бағалау критерийі: лирикалық поэзиялық шығармадан үзінді тыңдайды;
Тақырыбын ашады;
Идеясын ашады.
|
Мәтін
І. Жансүгі ров "Күйші" поэмасы (үзінді)
|
Қамаудың хан ауылы қыр жағында,
Аңқытып ақ орданың бір жағында.
Күйші отыр домбыраны дүрілдетіп,
Құмар қып тартқан күйдің ырғағына.
Буынсыз он саусағы күй қағуға,
Көңіліне тыңдағанның от жағуға.
Бал тамған бармағынан домбырашы
Жан терге түсіп отыр мынау дуда.
Күйшінің қошаметке көңілі тасып,
Бес бармақ маймаң қақты перне басып.
Толқынтып тоқсан күйді дүрілдетті,
Көңілді бірде шымшып, бірде қасып.
Екі ішек жүрек жарып көңіл ашып,
Бірде ойнақ, бірде баяу сыбырласып,
Зарлы күй, ащы күйдің, тәтті күйдің-
Бәрін де лақылдатып төгіп шашып.
Күңіренген бір мұңды күй даланы алды,
Табиғат тып-тыныш бола қалды.
Қырдағы қоян құлан құлақ тігіп,
Қамыстан жолбарыс та ыңыранды..
Күңіреніп «Асанқайғы» күй толғанды,
Желмая желе жортып жерді шалды.
Алатау, Алтай, Арқа, Қырды, Сырды
Аралап, қоныс таппай күй зарланды.
Алатау күй тыңдады ауылдай боп,
Тас балқып толқып жатты бауырдай боп.
Аңқылдап алтын күрек домбырадан
Құйып тұр жазғы жылы жауындай боп.
Қағылды кейде бір күй дабылдай боп,
Бұрқырап кетгі түтеп дауылдай боп.
Әлде күш, әлде дауыл, әлде ат шапқан,
Әйтеуір қырдан көшкен сарындай боп.
Мұз еріп, қатты аяздың кәрі қайтып,
Қас батыр көңілі жұмсап, зәрі қайтып.
Майрылып ақ семсерлер қалайы боп,
Қажытты мұзбалақты күй мұңайтып.
Құлпыртып бәйшешекті кетті шалқып,
Аққудай көкте күйлеп, көлде қалқып.
Ақтарып, лекілдетіп, лепілдетіп,
Талдырып, тамшылатып сығып сарқып.
Біресе ағытылып күй сылдырлап,
Тербетіп тыңдағанның көңілін ырғап,
Бұлақтай таудан тасып, тастан орғып,
Аңқылдап жатыр жосып сайды құлдап.
|
Тыңдалым алды тапсырмасы
|
Ілияс Жансүгіров кім?
Оның қандай шығармаларын білесіңдер?
Ілияс Жансүгіровтің қандай өлеңін жатқа айта аласыңдар?
|
Достарыңызбен бөлісу: |