Облыстың 2016-2020 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық
дамуының негізгі басымдықтары
Қазақстан Республикасының 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық саясаты «Қазақстан-2050 стратегиясын» орындауға, мемлекетті нығайтуға және оның дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін жағдай жасауға бағытталған.
Әлемдегі экономикалық өсудің баяулауын және геосаяси тұрақсыздықтың өсуін ескере отырып, орта мерзімді кезеңде негізгі күш елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін сыртқы факторлардың зардабын жоюға бағытталатын болады.
Орта мерзімді кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – бұл Қазақстан Республикасын дамытудың «Қазақстан-2050 стратегиясының» жаңа бағытын «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатын және жаңа құрылымдық экономика моделін қалыптастыруды ескере отырып, іске асыруды жалғастыру, экономиканың оң қарқынын сақтау, одан әрі өсу үшін жағдай жасау және әлемнің 30 дамыған мемлекеттер қатарына жылжытуды жалғастыру.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізуге және елдің экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясаттың орта мерзімді кезеңге айқындалған негізгі басымдықтары ықпал ететін болады. Олар:
макроэкономикалық және қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету;
нақты сектордың тиімділігін арттыру;
бәсекелестік пен жеке меншік капиталды дамыту;
қоғамды әлеуметтік жаңғырту және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту;
инфрақұрылымды дамыту.
2015 жылғы Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауы ғаламдық қаржылық-экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстан экономикасында құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталған жаңа ауқымды даму бағдарламасы болып табылады.
Сыртқы дағдарыстар алдында, соның ішінде табиғи ресурстарға баға төмендеген кезде негізгі міндеттер біздің экономикамыздың тұрақтылығын арттыру болып табылады.Жаңа экономикалық саясаттың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы негізгі құжаттың бірі болады.
Инфляцияны қолдау бойынша мөлшер кешені арқылы аталған дәлізде 2020 жылға қарай инфляцияның 3-4%-ға қол жеткізуді жүзеге асыру бағытымен макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Тұтыну нарығындағы бағалардың өзгеруіне әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар жедел тәртіппен қадағаланатын болады. Бәсекелестік ішкі нарықтардың дамуына, бағалық келісім мен жосықсыз бәсекелестікке қарсы күресуге жағдайлар жасау үшін азық-түлік тауарлары мен отын бағаларын ұстап тұруға бағытталған шаралар қабылданатын болады.
Азық-түлік нарығын реттеу және алыпсатарлық пен бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу, сондай-ақ мерзімдік ауытқуларды қалыпқа келтіру үшін азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек бағаларының шекті мәндерін белгілеу практикасы жалғасатын болады.
Нақты сектордың тиімділігін арттыру басымды салыстырмалы бәсекелестік артықшылықтары бар негізгі салаларды қолдау, негізгі-күш жігерді мұнай-газ және аграрлық секторларды дамытуға бағыттау арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттің экономикада қатысуын шектеу мен бәсекелестік пен нарықтың дамуы арқылы сапалы институционалды ортаны қалыптастыру арқылы бәсекелестік пен жеке меншік капиталды дамыту.
Өңдеу өнеркәсібінің дамуы, экономиканың ішкі сұранысқа бағдарланған шикізатсыз салалары үлесінің ұлғаюы өнеркәсіптің негізгі басымды бағыты болып белгіленді.
Алға қойған мақсатқа қол жеткізу экономиканың шикізатсыз секторы отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу және тікелей инвестициялар тарту арқылы жүзеге асырылады.
Индустриялды - инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады.
2016-2019 жылдары 246 жұмыс орнын құру арқылы 2,6 млрд.теңгеге 4 жобаны іске қосу жоспарлануда:
Зеленов ауданындағы бөтелкедегі ауыз су өндіретін кешен ("Родник" фирмасы ЖШС), жобаның құны 978,0 млн.теңге, қуаттылығы – жылына 11,4 млн. дана, жұмыс орны – 121;
мұнайды қайта өңдеу зауыты (ТООВN «Western MunaiGas LTD»), жобаның құны 900 млн.теңге, қуаттылығы - жылына 200 мың тонна, жұмыс орны - 40;
2013-2015 жылдарға арналған құрғақ салмағы 600 тоннаға дейін жаңа класты кемелер өндірісін игеру және ірі габаритті өнімдер шығару («Орал «Зенит» зауыты» АҚ) жобаның құны 458,8 млн.теңге, қуаттылығы - 4 жылда 1 кеме, жұмыс орны - 30.
шағын катерлер кеме жасау өндірісін кеңейту және жаңарту («Гидроприбор «ҒЗИ» АҚ), жобаның құны 300,0 млн. теңге, жұмыс орны – 55.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жұмыстар жалғасатын болады.
Халықаралық сапа стандарттарын енгізуге аса назар аударылатын болады.
Облыстың машина жасау саласын дамыту жөніндегі саясат ішкі нарық қажеттілігін барынша қанағаттандыру және жоғары қосымша құнды түпкілікті өнімді өндіруді ұлғайту есебінен экспортты кеңейтуге бағытталатын болады.
Облыстың машина жасау кешені едәуір даму әлеуетіне ие. Саланың кәсіпорындары арнайы өнімдер (катерлер, кемелер), мұнай және газды тасымалдау және өндіру үшін жабдықтар, энергетикалық жабдықтар, ауыл шаруашылығы машиналарын және тағы басқаларын шығарады.
«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» «ARTES VALVE & SERVICE GMBH» (Германия) компаниясымен бірге жаңа буынның реттегіш сырмаларын өндіруді жоспарлауда.
«Орал «Зенит» зауыты» алдағы уақытта «Бұлан» жобасының көп функционалды кеме құрылысын бастауды жоспарлауда.
«Насосэнергомаш» Сумский зауыты» АҚ-мен (Украина) бірге мұнай өндіру үшін ЦНС насостарды қалпына келтіру бойынша жинақтау цехын ұйымдастыру жоспарлануда. Сондай-ақ «Газпром автоматизация» ААҚ (РФ) бірге газ тарату тораптарын өндіру жоспарлануда. Бұдан басқа, зауытта қорғаныс өнеркәсібі және азаматтық өнімдер үшін өндірілетін өнімдердің номенклатурасын кеңейту үшін резервтер бар. Тапсырыстар болған жағдайда су сыйымдылығы 600 тоннаға дейін кеме, су тазалау құрылымын, сонымен қатар азаматтық өнімдердің басқа да түрлерін өндіру мүмкіндігі бар.
«Омега» прибор жасау зауыты» АҚ базасында электртехникалық жабдықтар өндірісі бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
«Гидроприбор «ҒЗИ» АҚ «ECA ROBOTICS» француз компаниясымен бірге суасты роботының базалық моделін игеруді жоспарлауда. 2015 жылғы ақпанда суасты роботының базалық моделін құрастыру бойынша ниет туралы бірлескен хаттамаға қол қойылды. «ECA ROBOTICS» компаниясымен роботтехникасының басқа да бағыттары бойынша ынтымақтастықты кеңейту көзделуде. Бұдан басқа, индустрияландыру шеңберінде жаңғырту және шығарылатын өнім өндіру номенклатурасын кеңейту бойынша «Гидроприбор «ҒЗИ» АҚ базасында шағын катерлер шығару жоспарлануда.
«Оралагрореммаш» АҚ базасында EVOРRО венгр компаниясымен бірлесіп жолаушылар автобусын шығаруды игеру бойынша уағдаластық бар. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. «Оралагрореммаш» АҚ базасында бірлескен құрастыруды 2016 жылдан бастау жоспарланып отыр.
Мұнай өңдеу саласында ең ірі кәсіпорын «Конденсат» АҚ болып табылады. Бүгінгі күні кәсіпорынның құрамына жылына 600 мың тонна шикізат өңдеу мүмкіндігі бар Қарашағанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының аумағында орналасқан отын шығаратын аз тоннажды зауыт кіреді. Өнеркәсіп экологиялық дәрежесі «Еуро-5» бензинін өндіру жобасын жүзеге асыруда, ол Қазақстанның батыс өңірін сапалы автомобиль бензинімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, облыстың Теректі ауданында «ВN «Western MunaiGas LTD» мұнай өңдеу және көмірсутегі шикізатын сақтау бойынша қуаттылығын жылына 200 мың тоннаға дейін кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
Кәсіпорын базасында құрылыс материалдарын шығару саласында өндірісті жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу жұмыстары жүргізілуде.
«Стеклосервис» ЖШС қыздырып шыңдалған шыны және әйнектен жасалған көп қабатты оқшаулағыш өндірісті ұйымдастырды. Өндіріс австриялық «Lisec» компаниясының жабдығында жасалады, шыныны қыздырып шыңдау «TamGlass» фин компаниясының желісінде жасалады.
«Стройкомбинат» ЖШС базасында керамзит өндіру жаңғыртылды, қуаты жылына 25 мың текше метр зауыт іске қосылды («Батыс Қазақстан құрылыс материалдар корпорациясы» АҚ). Жоба неміс технологиясы бойынша табиғи жағдайлар кезінде қатаю тәсілі арқылы (пенобетон) дайындалады.
«СВ-плюс» ЖШС, «Болашақ» ЖШС базасында қуаттылығы 40 және 50 мың шаршы метр индустриалдық үй құрылысы жобасы жүзеге асырылуда. Кәсіпорында «Elimatic» (фин компаниясы), «Elcon» (түрік), «Weiler» және «Vollert» (неміс) танымал шетелдік компаниялар технологиясы пайдаланылады.
Облыста 6 орта және ірі тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары жұмыс жасайды. Соның ішінде макарон бұйымдарын, ұн шығаратын «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ, «Ақ Қайнар» АҚ, «Белес Агро» ЖШС, қалбырдағы ет өнімдерін шығаратын «Кублей» ЖШС, қышқыл сүт өнімдерін шығаратын «Береке» ЖШС, сыра және квас өндіретін «Нұржанар» АҚ, шұжық бұйымдарын шығаратын «Жайық Ет» ЖШС, «Ибрагим» ЖШС. Индустрияландыру картасы аясында қуаттылығы тәулігіне 1400 бас қозы соятын, вакуумдық орамадағы ірі кесекті және блокты етті қайта өңдеу кешені пайдалануға берілді («Батыс Марка Ламб» ЖШС). Жоба экспортқа бағытталған.
Қайта өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінде тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсіпорындарының үлесі төмен болып отыр, ол 0,5%-ды құрайды. Аталмыш мәселе шикізат саласының және тұрақты өткізу нарығының болмауына және соның салдарынан қолда бар өндіріс қуаттарының толық пайдаланылмауына байланысты. Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында күш құрылымдарының, денсаулық сақтау және білім салаларының қажеттіліктері үшін жергілікті компаниялардың өнімін сатып алу мүмкіндігін қарастыру қажет деп санаймыз.
Энергетика саласындағы экономикалық саясат облыстың электр энергиясына деген қажеттілігін және энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Зеленов ауданы Белес ауылының маңында салынып жатқан қуаттылығы 100 МВт дейінгі газтурбиналы электр стансасын іске қосу есебінен электр энергиясын өндіру көлемі өседі деп күтілуде. 2015 жылы облысқа шамамен 75 МВт электр қуатын беретін ГТЭС бірінші кезеңін іске қосу жоспарлануда. Екінші кезеңін іске қосу 2018 жылға жоспарланды.
Президент өз Жолдауында ауыл шаруашылығы өніміне жаһандық сұраныстың өсу жағдайында ауыл шаруашылығын ауқымды жетілдіру жөнінде міндет қойды.
Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын болады.
2016-2020 жылдары облыстың ауыл шаруашылығының дамуы жұмыс өнімділігін арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетті нығайтуға бағытталады. Мемлекеттік қолдау көлемдерін ұлғайту ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Өсімдік шаруашылығының негізгі басымдықтары астық және майлы дақылдар тұқымын өндіру, суармалы жерлерде көкөніс және картоп, мал шаруашылығында – ет, сүт, жұмыртқа, мал азығы дақылдарын өндіру болып белгіленді.
Өсімдік шаруашылығын тұрақты дамыту мақсатында күздік дәнді, майлы дақылдарды арттыру есебінен өндірісті әртараптандыру жалғасатын болады. Мал шаруашылығы қажеттілігі үшін мал азығы өндірісін дамыту бағдарламасы іске асырылатын болады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру өңірдің құрғақшылық жағдайына бейімделген егін шаруашылығының аймақтық жүйесіне көшу, өндіріске ылғал және ресурс сақтаушы технологияларды, тамшылатып суаруды енгізу, жаңа жоғары репродукциялы тұқым сұрыптарын қолдану, ғылыми-негізделген егіс айналымын сақтау арқылы қол жеткізіледі.
Өсімдік шаруашылығы саласындағы бюджеттік саясат:
ауыл шаруашылық дақылдарының өндірісін субсидиялауға;
минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерді сатып алу бойынша шығындарды субсидиялауға;
ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын азайтуға;
жеміс-жидек дақылдарының көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіру бойынша шығындарын ішінара өтеуге;
тұқым шаруашылығына қолдау көрсетуге;
ауыл шаруашылығы дақылдары зиянкестерімен күрес шараларын жүргізуге бағдарланады;
Мал шаруашылығында құс фабрикасын, бордақылау алаңдарын, сүтті - тауарлы фермалар салу негізінде орта және ірі тауарлы мал шаруашылығы өнімінің өндірісін дамыту бойынша жұмыстар жалғасады, жайылымдық мал шаруашылығы, қой шаруашылығы және басқа да мал шаруашылығы саласын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру басталады.
Бюджеттік қаражаттар мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруға, сиыр еті, қой еті, шошқа еті, жылқы еті, сиыр сүті, қымыз өндірісін, асыл тұқымды мал шаруашылығын және мал азығын дайындауды қолдауға бағытталатын болады.
«Мүйізді ірі қара малы етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында асыл тұқымдық репродуктивтік - шаруашылық құру және бордақылау алаңдарын салу жұмыстары жалғасатын болады.
Мал шаруашылығын әрі қарай дамыту және жаңа шаруашылықтар құру мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мүйізді ірі қара малын сатып алу жұмыстары жалғастырылады.
Мал ауруларының пайда болуын және таралуын болдырмаудың алдын алу, адамға және малға ортақ аурулардан тұрғындарды қорғау мақсатында ветеринарлық - профилактикалық және диагностикалық шараларды жүргізуге бюджеттік қаражаттар бөлінетін болады.
Көлік саласының дамуына автомобиль жолдарының жағдайы келеңсіз әсер етуде, олардың 75,9% қанағаттанарлықсыз жағдайда. Бұл фактор жүк айналымы көлемі көрсеткіштерінің, тасымалдаушы кәсіпорындар табысының төмендеуіне, нәтижесінде инфрақұрылым жобаларына инвестициялық мүмкіндіктердің төмендеуіне әкеледі. Көлік саласының басым бағыты болып облыстың елді мекендері мен автомобиль жолдарының және жасанды құрылғылардың негізгі параметрлерін нормативке және елді мекендер арасында сапалы көлік байланысын қамтамасыз ету болып табылады.
Инвестициялық жобаларды республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржылық қамтамасыз ету ауылдардың автомобиль жолдарын барынша қайта жаңғырту және қатты жабынды жолға ауыстыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде облыстың жол жүйесінің өткізу және жүк тасымалдау қабілетін арттырады.
Ішкі сауда саясаты жергілікті өндірушілердің бәсекелестігін арттыруға және сауда саласында тиімділікті инновациялық технологияларды қолдану есебінен және инфрақұрылымды дамытуға бағытталатын болады.
Облыстың тұтыну нарығы тауар ресурстарының үлкен көлемімен сипатталады, тауар айналымы көлемінің одан әрі өсуіне қолайлы жағдай туғызады.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық тіршілігін жандандыруда шағын және орта кәсіпкерлік маңызды рөл атқарады. Елбасы «Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында ХХI ғасырда Қазақстанды индустриалдық және әлеуметтік жаңғыртуда шағын және орта бизнесті дамыту басты құрал болып табылатынын атап көрсетті. Сондықтан аталмыш секторды қолдауға баса назар аударылатын болады.
Ұзақ мерзімді кезеңде басты мақсат шағын және орта бизнестің бағдарын нығайту және кеңейту үшін жағдай жасау және ісін жаңа бастаған бизнесмендерге әдістемелік көмек беру тетігін құру болып табылады.
Бүгінгі күннің мақсаты – ұсақ кәсіпорындардың және жеке кәсіпкерлердің орташа топқа өтуі үшін қажетті алғышарттар мен жағдай туғызу.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы жұмыс істеуде, ол экономиканың шикізатсыз секторында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.
2010 - 2014 жылдары бағдарлама шеңберінде 49,0 млрд. теңгені құрайтын несиелер мен тартылатын инфрақұрылымның жалпы сомасына 396 жоба, соның ішінде ауылдық жерлерде 15,2 млрд. теңгеге 130 жоба мақұлданды.
Мақұлданған жобалар шеңберінде 3000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылды.
Облыста жаңа өнім түрлері шығарылады, жаңа технологиялар енгізілді, технологиялық жабдықтар, техника, көліктер жаңартылды.
2014 жылы жер ресурстарын жоғары дәлдікпен далалық өлшеу үшін жабдықтар («AйбекСервис» ЖШС), медициналық жабдықтар («Медициналық орталығы» ЖШС) сатып алынды.
Тұрғын үй-құрылыс комбинаты, кернеу сыныбы 6-10 кВ электр трансформаторлар шығару, қуаты 25 мың текше метр қуысты бетоннан жасалған бұйымдарды автоклавты қатайту цехы үшін жабдықтар сатып алу («БҚҚМК» АҚ) сияқты облыс үшін маңызды және ірі өндіріс жобаларына банк несиелері бойынша субсидия түрінде қолдау көрсетілуде.
«Пассажир-авто» ЖШС қалалық шағын автобустар паркі жаңартылды, 10 жаңа автокөлік сатып алынды («Автокомбинат» ЖШС).
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су және жылумен жабдықтау желілерінің инфрақұрылымын жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту арқылы халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту.
«2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік жалдамалы тұрғын үй құрылысы арқылы тұрғын үй қорын ұлғайту жоспарланып отыр.
Экономикалық өсімді қолдау саясатын жүргізу білім беру мен денсаулық сақтау салалары қызметтері сапасының тұрақты өсуін, жұмыссыздық және кедейшілік деңгейінің төмендеуін көздейді.
Орта мерзімді кезеңде білім беру саласындағы негізгі бағыттар Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық міндеттерін іске асыруға бағдарланатын болады.
Президенттің «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауына сәйкес 3 және 6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтылуын қамтамасыз ету жоспарлануда (облыс бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың қамтылуы 95,7% құрайды).
Мектепке дейінгі тәрбие саласында бос тұрған ғимараттарды жөндеу және қайта жаңарту есебінен мектепке дейінгі ұйымдар желісін қалпына келтіру, аз шығынды жаңа модельдерді дамыту: 10 сағаттық шағын орталықтар, «мектеп-балабақша» кешендерін, балалардың қысқа уақыт болуына арналған топтар ашу арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды қамту жұмысы жалғасатын болады.
Жалпы орта білім беру жүйесінде негізгі күш-жігер білім сапасын арттыруға және интеллектуалды, дене және жан дүниесі дамыған азаматты қалыптастыру үшін барынша жағдайлар жасауға жұмсалатын болады. Материалдық-техникалық базаны нығайту (орта және негізгі мектептердің пән кабинеттерін жабдықтау, спорттық құралдар және технологиялық жабдықтар сатып алу), күрделі жөндеу жүргізу және білім ұйымдарын салу жұмыстары жалғасатын болады.
12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу үшін база қалыптастыру және құру, жалпы білім беретін мектептердің жоғары саты оқушыларына көп деңгейлі бағдарлы білім беру жүйесін дамыту негізгі міндеттер болып табылады, оның нәтижесінде Қазақстан Республикасы әлемдік білім беру кеңістігіне енеді деп күтілуде.
Білім беру үдерісін ұйымдастыруда педагогика ғылымының қазіргі заманғы жетістіктерін кеңінен қолдану, білім берудің барлық аспектілерін жүйелі түрде жаңарту, оқу, психологиялық және дене шынықтыру жүктемелерін оңтайландыру, білім беру мекемелерінде оқушылардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға жағдай жасау мәселелеріне назар аударылатын болады.
Кәсіби-техникалық және жоғары білім беру, бірінші кезекте, экономиканың мамандарға ағымдағы және келешектегі сұранысын барынша қанағаттандыруға бағытталуы қажет. Бұл, көп жағдайда, халықты жұмыспен қамту мәселесін шеше алады («Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»).
Кәсіби білім беру ұйымдарын қажетті оқу жабдықтарымен және техникамен одан әрі жабдықтау, инженерлік-педагогикалық кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушыларының әлеуметтік қорғалуын күшейту, әлеуметтік әріптестіктің нақты тетіктерін құру қарастырылады.
2014 жылғы 17 қаңтардағы Президенттің Жолдауында денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту болып айқындалды. 2020 жылға дейінгі кезеңде денсаулық сақтау саласының негізгі міндеті профилактикалық медицинаны және денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағыттылығын неғұрлым нығайту, сапалы және қолжетімді медициналық қызметтердің ұсынылуын қамтамасыз ету болмақ.
Осы мақсатта қоғамдық денсаулық сақтауды қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл тиімділігі арттырылады, профилактикалық шаралар, скринингтік зерттеулер күшейтіледі, негізгі әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалау, емдеу және оңалту жетілдіріледі, электрондық денсаулық сақтау дамытылады.
Жоғарыда аталған шаралар ана мен нәресте және жалпы өлім-жітімді төмендетуге, күтілетін өмір сүру ұзақтығын арттыруға ықпал ететін болады.
Орта мерзімді кезеңде әлеуметтік қамсыздандыру саласының басты бағыттары масылдықты болдырмайтын, атаулы және тиімділік негізіндегі әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталады.
Көп деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі қазіргі заманғы стандарттарға және Қазақстандағы өмір сүру деңгейіне сәйкес болады. Базалық әлеуметтік төлемдерді арттыру, зейнетақы төлемдерінің кезеңімен өсуі, халықты әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту егде жастағы адамдардың, мүгедектердің, асыраушысынан айырылған адамдардың және әлеуметтік қамсыздандыруды қажет ететін басқа да азаматтардың лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етеді.
Мемлекет қоғамның әлеуметтік осал топтарын – мүгедектерді, зейнеткерлерді, еңбекке қабілетсіз адамдарды, ауру балаларды және т.б. атаулы қолдауға толық жауапкершілікте болады.
Жұмыспен қамтуға көмек көрсетудің белсенді шараларын одан әрі дамыту мен жетілдіру әлеуметтік басымдықтардың негізгілерінің біріне жатады және ол тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың, адам әлеуетін дамыту мен іске асырудың негізі болып табылады.
Кадрларды даярлау талап етілген мамандықтар бойынша облыс экономикасындағы кадрларға деген қажеттілік болжамына сәйкес жүргізілетін болады. Сәйкесінше, талап етілген мамандықтар бойынша экономиканың кадрларға деген қажеттілігі болжамына сәйкес оқытылатын мамандықтардың мемлекеттік тапсырысы түзетілетін болады.
Облыста іске асырылып жатырған мемлекеттік және салалық бағдарламалар, соның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» шеңберінде жұмыс орындарын құру және халықтың нақты жұмыспен қамтылуын арттыру бойынша шаралар қабылдануда.
Әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары мекемелерінің желісін кеңейту есебінен халықтың әлеуметтік қызметпен қамтылуын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Экономиканың әлеуметтік саласына жекеменшік сектордың қаржысын тарту үшін заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны жасау, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің қосымша тетіктерін енгізу бюджет шығыстарын азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ бизнес пен қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға мүмкіндік туғызады.
Жұмыссыздарды оқытудың және қайта даярлаудың нақты бағдарламалары болуы тиіс.
Халықтың мақсатты топтарын, сонымен қатар әйелдерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге ерекше назар аударылатын болады. Атаулы әлеуметтік көмек алушыларды әлеуметтік жұмыс орындарына барынша тарту жолымен әлеуметтік жұмыс орындарының санын қоғамдық жұмыстар санына баламалы ете отырып көбейту отбасы табысының деңгейін арттыруға септігін тигізеді. Жұмыспен қамту органдарының жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмысқа орналастыруға көмек көрсету бойынша өзара іс-әрекетін кеңейту, жұмыссыздықтың алдын алу тетігінің бірі ретінде әлеуметтік әріптестіктің үшжақты комиссиясын пайдалану қарастырылған.
Орта мерзімді кезеңге арналған өңірлік саясат «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасымен айқындалған басымдықтар негізінде қалыптастырылатын болады.
-
Облыстың 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері
Экономиканың 2016-2020 жылдардағы өсу қарқыны сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады.
Әлемдік қаржы нарығындағы жағдай облыс экономикасының өсуіне ықпал ететін сыртқы фактор болып табылады.
Экономиканың өсу қарқынына кедергі болатын ішкі факторларға мыналар жатады:
өңдеу саласындағы жабдықтардың жоғары тозуы;
мұнай-газ кешенінің пайдасына өнеркәсіптегі сәйкессіздік;
отандық тауар өндірушілердің өнімдеріне сұраныстың төмендігі;
қолданыстағы инженерлік желілердің тозуы;
автомобиль жолдарының техникалық жағдайының төмен деңгейі.
2016 жылы нақты жалпы өңірлік өнімнің өсім серпінінің 2015 жылғы бағалаумен салыстырғанда 2,0%-ға өсуі болжануда.
2016 жылы халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімнің көлемі 2714,7 мың теңгені, 2020 жылы 3493,4 мың теңгені құрайды.
2016-2020 жылдардағы экономиканың өсімі негізінен жеке және мемлекет қаражаттары есебінен индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларға салынатын ұлғаятын инвестицияларға бағдарлану арқылы ішкі сұранысқа сүйенетін болады.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2016 жылы 2015 жылғы бағалауға қарағанда 1,9%-ға, 2020 жылы – 10,9%-ға, соның ішінде тау-кен өндірісі – 9,4%-ға, өңдеу – 29,6%-ға өседі. Өнеркәсіп өндірісі көлемінің орташа жылдық өсімі 2016-2020 жылдары 2,1% құрайды.
2016 жылы табиғи газ өндірісі 20,4 млрд. текше метр, газ конденсаты – 13,0 млн. тонна, 2020 жылы тиісінше 20,8 млрд. текше метр және 13,3 млн. тонна көлемінде болжануда. Тау-кен саласы бойынша өндіріс көлемі 2016 жылғы бағалаумен салыстырғанда 2015 жылы 1,7%-ға, 2020 жылы – 9,4%-ға өседі.
2016 жылы өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 2015 жылғы бағалаудан 4,1%-ға, 2020 жылы – 29,6%-ға артады. Оң серпін металлургия өнеркәсібінің өнімдері өндірісі (7,0%-ға), мұнай өңдеу өнімдері (2 есеге), машина жасау саласы өнімдері (15,6%-ға), автокөлік өндірісі (10,4%-ға), жиһаз (9,8%-ға) көлемін ұлғайту есебінен қол жеткізілетін болады.
2016 жылы электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау көлемі 2015 жылғы бағалаудан 1,2%-ға, 2020 жылы – 8,3%-ға артады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2016 жылы ағымдағы бағалармен 86,3 млрд. теңге көлемінде болжамдалуда немесе 2015 жылғы бағалаумен салыстырғанда 14,0%-ға ұлғаяды, 2020 жылға қарай 105,9 млрд. теңгені құрайды немесе 21,6%-ға өседі. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінің орташа жылдық өсімі 2016-2020жылдары 4,1% құрайды.
2020жылға қарай дәнді дақылдар себілетін алқап шамамен 320 мың га, майлы дақылдар алқабы – 50 мың га құрайды. Картоп және көкөніс бақша дақылдары 2020 жылы 2015 жылғы бағалаумен салыстырғанда 8,6%-ға өсіп, 12,6 мың га құрайды. Мал азығы дақылдары себілетін алқап 1,3 есеге артады және 235,0 мың га құрайды.
Астықтың жалпы өнімі 2020 жылы 272 мың тонна көлемінде болжамдалуда немесе 2015 жылғы бағалаумен салыстырғанда 3,6 есеге артады, майлы дақылдар тұқымы 30 мың тонна өндіріледі, бұл 2015 жылдың күтілетін деңгейінен 2,5 есеге артық болады.
Картоп өндіру 71,0 мың тоннаға дейін (өсім 5,0%-ға), көкөніс – 62,0 мың тоннаға дейін (4,2%-ға), бақша өнімі – 29,0 мың тоннаға дейін (7,0%-ға) артады.
Мал шаруашылығында ІҚМ басы 2020 жылы 2015 жылғы бағалаудан 13,6%, қой – 17,2%, ешкі – 8,3%, шошқа – 3,1%, жылқы – 21,7%, түйе – 3,8%, құс – 3,2% өседі деп болжануда.
Мал шаруашылығында 2020 жылы мал және құс етін (сойыс салмағында) сату 2015 жылғы бағалаумен салыстырғанда 10,4%-ға өсіп, 41,3 мың тоннаны құрайды. Сүт өндіру 5,1%-ға (236,0 мың тонна), жұмыртқа – 7,0%-ға (164,8 млн. дана) артады.
Болжанып отырған өндіріс көлемдері облыс қажеттілігін толық қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруға мүмкіндік береді.
2016 жылы жүк тасымалдау көлемі 2015 жылдың деңгейінде болады.
2016-2020 жылдары байланыс қызметтерінің өсуіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бәсекеге қабілетті секторын қалыптастыру есебінен қол жеткізіледі.
2016 жылы көтерме тауар айналымының көлемі 2015 жылғы бағалаудан 1,0%-ға, 2020 жылы – 10,4%-ға артады.
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 2016 жылы 2015 жылғы бағалаумен салыстырғанда 2,0%-ға, 2020 жылы – 10,4%-ға артады.
Тұрғын үй құрылысына 2016-2020 жылдар кезеңінде барлық қаржыландыру көздері есебінен 85,9 млрд. теңге бағыттап, 1320,1 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарлануда.
Шағын және орта кәсіпкерлікті кеңейту және бағдарларын нығайту, кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру, шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау жұмыс істейтін белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің санын 2020 жылы 40,6 мың бірлікке дейін өсуін қамтамасыз етеді.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің шығаратын тауар өнімдері, көрсететін қызметтер болжамы 2016 жылы 2015 жылғы бағалауға қарағанда 1,0%-ға өседі және 1196,9 млрд. теңгені құрайды, 2020 жылы – 10,4%-ға (1221,0 млрд. теңге).
Облыстың экономикалық белсенді халқының жалпы санындағы шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндердің үлесі 2020 жылы 35,5%-ға дейін өседі.
Қазіргі әлеуметтік-демографиялық жағдай сақталған жағдайда облыс тұрғындарының саны 2020 жылы 660,5 мың адамды, соның ішінде экономикалық белсенді халық саны – 333,5 мың адамды құрайды.
Болжамды мәліметтер бойынша 2020 жылы экономика саласында жұмыс істейтіндер саны 315,2 мың адамға дейін артады, жұмыссыздар саны 16,5 мың адамды құрайды. Жұмыспен қамту бағдарламасының іс-шараларын іске асыру жұмыссыздық деңгейін 5,0% шамасында сақтауға мүмкіндік береді.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларын қолдану есебінен ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұратын халықтың үлес салмағын 3,0%-ға дейін төмендету жоспарлануда.
Орташа айлық еңбекақы 2020 жылы 123765 теңге деңгейінде болжамдалуда.
Басымдық ретінде экономикалық өсімді қолдау саясатын жүргізу халықтың өмір сүру сапасын және әлеуметтік стандарттарын арттыруды көздейді.
2020 жылы 2015 жылғы бағалаумен салыстырғанда:
денсаулық сақтау саласында:
халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын 71,16 жастан 72,20 жасқа дейін көбейту;
өлім деңгейін 8,81-ден 8,40-қа дейін төмендету;
сәби өлімін 10,80-нен 10,30-ғе дейін төмендету;
ана өлімін 14,9-дан 12,9-ға дейін төмендету;
туберкулез өлім деңгейін 4,59-дан 4,42-ге дейін төмендету;
қатерлі ісік ауруының өлім деңгейін 101,74-тен 101,2-ге дейін төмендету болжамдалып отыр;
білім беру саласында:
мектепке дейінгі балалар ұйымдарының санын 0,7%-ға көбейту;
3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды 97,99%-ға дейін жеткізу болжамдалып отыр.
2020 жылға қарай 89,3 мың оқушыны қамтитын орта жалпы білім беретін мемлекеттік ұйымдардың саны 355 бірлікті құрайды.
2020 жылға қарай техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдар желісін 2015 жылғы 16,4 мың оқушыны қамтитын 38 бірлік деңгейінде сақтау жоспарлануда.
Достарыңызбен бөлісу: |