Бауыржан момышұЛЫ



бет3/3
Дата23.04.2024
өлшемі20.76 Kb.
#499652
1   2   3
Батырлар

ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВ
Шығыстан шыққан жалғыз ұшқыш әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюша» ұшағымен 1942 жылы майданға аттанады.
«Илюша» ұшағымен бас бүтін бауырбас көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Талғат мінген ұшақты жау жағы «Қара ажал» деп атаған екен. Талғат пойыз, эшелон, танктерді, зенит зеңбірегін және гитлерліктердің басқа да маңызды стратегиялық базаларын жойды.
1943 жылдың басында Талгат Бигелдинов он тоғыз мессершмиттке қарсы тұрып, тең емес күрес жүргізді. Сол кезде ол жау жеріне тоқтауға мәжбүр болып, жанындағы мергенімен бірге екі аптада кеңес әскеріне аман-есен жетеді.
Талғат өзінің алғашқы «Алтын жұлдыз» медалі мен Кеңес Одағының Батыры атағын 1944 жылы алды. Оның басшылығындағы ұшақтар Кировоград пен Знаменка қалаларын батылдықпен қорғады. Бигелдиновтың өзі сол кезде жаудың төрт шабуылдаушысын атып түсірді.
Маңызды немістік фашистін шабуылдап, атып жібергені үшін II-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденін алады.

НҰРКЕН ӘБДІРОВ
1942 жылы Орынбор авиация училищесін бітіргеннен кейін , 267-ші авиация дивизиясының 808-ші полкіне жіберілді. Шайқаста жаудың оқ-дәрі, қару-жарақ қоймаларын, адам күші мен ұрыс техникасын жойды. 16 рет әуе шайқасына қатысып, фашистердің 12 танкісін, 28 жүк автомобилін, оқ-дәрі тиеген 18 машинасын, жанармай құйылған 3 цистернасын, 3 зеңбірегін жойып, 50-ден астам неміс солдаты мен офицерін жер кұштырған. 17-жауынгерлік тапсырмасын алған. 1942 жылы 19 желтоқсан күні Н. Әбдіров жаудың Сталинград шебіне енетін Боков-Пономаревка аудандағы қорғаныс бекінісі мен шоғырланған танкілерін жою үшін әуеге көтерілді. Тапсырманы орындау кезінде Н. Әбдіров бірнеше дзотты, зенит артиллериясының 2 нүктесін, 6 танкті жойды, бірақ өзінің ұшағы да зақымдап, қаза тапты. 1943 жылы қаза тапқан соң Кеңес Одағының Батыры атағы беріліді
Иван Павлов 327 рет тапсырма орындаған.
Леонид Беда 316 рет тапсырма орындаған.
Сергей Луганский жеке өзі 37 ұшақ құлатты, топпен 6 ұшақ құлатты .

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 499 қазақстандық азамат Кеңес Одағының батыры атағын алған, 99-ы – этникалық қазақтар. Кеңес Одағының батыры атағын екі мәрте алғандар қатарында ұшқыштар Талғат Бигелдинов, Л.И. Беда, И.Ф. Павлов және ұшқыш-жойғыш С.Д. Луганский бар. Қазақ қыздарының ішінде екі адам – Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының батыры атағын алған. 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Ал ұшқыш Хиуаз Доспановаға «Қазақстанның Халық қаһарманы» атағы берілді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет