Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы оқу барысының ілгерілеуін өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, онда тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады. Тоқсандық жиынтық бағалауда бақылау-тексеру жұмыстарын әр түрлі өткізу қарастырылады. Жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру кезінде ойлау дағдыларының деңгейлерін, жетістігін көрсетуін, ойлау деңгейлерінің талдау, синтез және бағалау сияқты жоғарғы сатыларымен қоса әр түрлі тапсырмалардан тұруын есепке алу қажет. Бағалаудың аталған рәсімдерін ұйымдастыру, жоспарлау кезінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмалар үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы мазмұнын, құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады:
• тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;
• тоқсандық жиынтық бағалауға шолу: - жиынтық жұмыстардың ұзақтығы; - бағалау құрылымы; - тапсырмалар саны; - тапсырмалар бойынша балдарды бөлу.
• тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша нұсқау;
• тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;
• тапсырмалардың балл қою кестелері. Әр мектептің ұсынылған үлгілерді қолдануына немесе өз бетінше тапсырмалар құрастыруына мүмкіндігі бар. Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру спецификацияға сәйкес бір параллельдегі барлық сыныптарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады. Тапсырмалар әр түрлі болуы мүмкін: диктант, мазмұндама, эссе, тест, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, жобалар және т.б. Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер оқушылардың тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген. Модерация үдерісі бір қатар сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің қатысуымен өткізіледі. Мұғалім тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі мүмкін екенін ескеруі қажет. Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелерін мұғалімдер оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия және оқытудағы өз тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |