Баяндама Мектеп физика курсында белсенді оқыту әдістерін қолдану


Белсенді оқыту әдістерінің жіктемесі



бет2/5
Дата11.12.2022
өлшемі29.96 Kb.
#467007
1   2   3   4   5
Мектеп физика курсында белсенді оқыту әдістерін қолдану

Белсенді оқыту әдістерінің жіктемесі: жартылай кәсіби іс-әрекетті модельдейтін және іскерлік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық сұрақтар, іскерлік ойындар, кәсіптік жағдаятты талдау, тренинг; білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық есептер, жағдаяттар, «дөңгелек үстел», эвристикалық әңгіме, «миға шабуыл», оқу пікірталасы, «кейс-стади», өзіндік жұмыс. Аталған әдіс бірыңғай жоғары деңгейде оқу материалын меңгерген, бір-бірімен іс-әрекет стилі өте ұқсас бола тұра өздерінің жеке қасиеттері: дауыс ырғағы, үндестілік, сөйлеу екпіні, қимыл-қозғалыстары, мимикасы және т.б. арқылы ерекшеленетін пікірлес әріптестер арасында қолдау тапты. Оқытушы өз ассистентімен (бұл оның әріптесі, оқытушы-тәлімгер, жақсы даярланған студент те болуы мүмкін) бірлесіп дәріс оқиды. Студенттер аталған әдістің қолданылуымен өткен сабақты жоғары бағалайтынын практика жүзінен көруге болады.
Біріншіден, оқу материалы дайын күйінде берілмей, проблемаларды оқытушымен бірлесе шешу арқылы диалог құру нәтижесінде меңгеріледі. Сонымен қатар, көп көлемдегі ақпаратты азайтады, тек нақтылы фактілер келтіріліп, нақтылы теориялық материал беріледі.
Екіншіден, студенттердің аяқ астынан дәрістік сабаққа екінші оқытушы араласқан сәтте еріксіз түрде өз назарын бір субьектіден екінші субьектіге аудару сияқты психологиялық аспектілері өте құнды. Студенттер назары бақылау, салыстыру, оның іс-әрекетін талдауға ауады. Осылайша назарын басқаға аударудың психологиялық механизмі студенттің өз пайдасына жұмыс істей бастайды. Енді педагогиканы оқытуда жиі қолданылатын белсенді оқыту әдістерінің кейбіріне тоқталып өтейік.
«Жұптасқан дәріс» әдісі – бұл өн бойына оқу материалын репродуктивтік, проблемалық, интеграциялық, және диологтік баяндау элементтерін жинақтаған оқыту тәсілі. Жұптасқан дәріс» әдісін қолдану арқылы өткізілетін оқу сабағына даярлықты қарастырайық бір проблемаға ғалымдардың әр түрлі пікірлері қалыптасқан, мазмұнында қарама-қайшылықтары бар тақырыпты таңдап алу; дәрісті оқу сценарийін құру (негізгі сұрақтар, көрнекі құралдарды дайындау, оқу материалын уақытқа бөлу және т.б.); оқу тобының сабаққа даярлық деңгейін есепке алу. Оқытушылардың міндеті оқытылып жатқан тақырып төңірегінде пікірталас тудыру, сонымен қатар айтылған пікірлер, ұсыныстар шындыққа сай келмеуі де мүмкін, ал студенттер міндеті шындыққа жетудің тиімді жолдарын табу.Әдістің өз «артықшылығы» мен «кемшілігі» бар, соларды қарастырайық.
Әдістің «артықшылығы»: студенттердің танымдық іс-әрекетін арттырады; студенттердің эмоционалды және ынталану сезімдерін жетілдіреді;оқу материалын интеграциялау жүйелі ойлау мен жүйелі білімнің қалыптасуына себепкер болады.
Әдістің «кемшілігі»: алдын ала дайындық үшін уақыт пен арнайы жағдайларды қажет етеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет