Баяндама орындаған: а-м-22қ тобы магистранты Ешманов а қабылдаған: Оқытушы, Байсеит Г. А. Петропавл, 2023 жыл Мазмұны


Халықаралық тасымалдауда тасымалдаудың бірнеше түрі бар



бет3/8
Дата21.11.2023
өлшемі74.93 Kb.
#483994
1   2   3   4   5   6   7   8
Ешманов А ДОКЛАД

2. Халықаралық тасымалдауда тасымалдаудың бірнеше түрі бар:
1.Теңіз тасымалдауы.
2.Әуе тасымалдауы.
3.Теміржол тасымалдауы.
4.Автокөлік тасымалдауы.
5.Аралас тасымалдауы.
1. Жүкті теңіз арқылы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне жүк жөнелтуші сеніп тапсырған жүкті межелі портқа жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) беруге міндеттенеді. Осы Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жүк тасымалдау қағидасы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2- тармағының 23 тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жүк тасымалдау тәртібін анықтайды.
Ең күрделі құқықтық мәселелер халықаралық теңіз тасымалдауында туындайды. Бұл осы алдағы қатынастардың әр түрлілігімен және құқықтық қайнар көздердің әр түрлі сипатта болуымен түсіндіріледі.
Көптеген мемлекеттердің зандылықтарында жүкті теңіз тасымалдауына қай елдің заңы қолдану керектігін қарастыратын коллизиялық нормалар жоқ. Бұл мәселелер сот тәжірибесімен шешіледі. Ұлыбритания және Франция соттарында (француз зандылығына сәйкес) кеменің жалау заңы колданылады, ал Германия соттарында мүлікті қабылдаған жердің заңы қолданылады. Польша елінің зандылығына сәйкес тараптардың еркіндік заңы колданылады. Тасымалдау шарттарында еркіндік болмаса, тасымалдаушының заңы қолданылады.
Жүкті теңіз тасымалдауы әр түрлі негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер мұндай тасымалдау теңіз тасымалдаушысының бүкіл немесе жарты, яғни бір бөлігін беруді ұсынбайтын болса, онда тасымалдауға қатысушылардың арасындағы қатынас коноссаментпен рәсімделеді [3].
2. Әуе тасымалдауы — жаңа тасымалдаудың бір түрі. XX ғасырдың басы XIX ғасырдың соңында әуе тасымалдауына байланысты ең бірінші 1929 жылы конвенция қабылданды. Ол — «Әуе тасымалдауының кейбір ережелерін унификациялау» туралы Варшавалық конвенция.
1944 жылы «Азаматтық авиация» туралы Чикаго конвенциясы қабылданды. Осы конвенцияға Қазақстан Республикасы да косылған.
Қазақстан Республикасы мен Германияның арасында әуе қатынасы туралы келісім жасалды. Қазіргі таңда, әуе қатынасы бойынша Қазақстан Республикасы 20 мемлекетпен шартқа кол қойған.
Халықаралық әуе тасымалы дегеніміз – жүктің немесе жолаушылардың жөнелтілетін жері мен баратын жері тиісінше екі елдің аумағында орналасқан, сондай – ақ басқа мемлекетің аумағында қонып, жөнелтілетін жері бірінші елдің аумағында орналасқан әуе тасымалы.
Варшава конвенциясы мынадай жағдайларда қолданылмайды:
а) аралас тасымалдауында;
ә) пошталық корреспонденцияны тасымалдамайды.
Әуе тасымалдауында жүкке қатысты әуе жүкқұжаты қодданылады, оны жүк жіберуші үш данада толтырады. Әуе жүкқұжатында жүк женелтушімен тасымалдаушының қолы болуы керек. Қазіргі кезде «Штемпель» қолданылады.
Тасымалдаушы егер тауарды уақытында жеткізбесе немесе жоғалтып алса жауапкершілікке тартылады.
Жүк қабылдаушы тауарды қабылдап алғаннан кейін, тауар жетіспесе жеті күн ішінде хабарлауы керек. Егер тауар уакытында жеткізілмесе онда қосымша 20 күн беріледі.
Әуе тасымалдауында чартерлік тасмалдау қолданылады. Бұл шартта фрахтователь — тасымалдаушы, фрахтовщик — жүк жіберуші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет