Мектеп жасындағы баланың тәрбиесіне қатысты кеңестер
Мектеп жасындағы қыз бала мен ер бала тәрбиесін негізінен 3 кезеңге бөлуге болады:
Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты-тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақтылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру.
5-8 сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері әрі қарай дамытыла түседі. Бұл тұста жас ерекшелігіне қарай қыз бала мен ер бала анасынан ешнәрсе бүкпейді . Қит еткен нәрсенің бәрін анасына,әкесіне айтып береді. Сол шыншылдығымен ашықтығын пайдаланып баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру басты борыш.
9-11 сыныптарда әрбір қыз бала және ер бала ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап қадірлей білуді үйренсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жақсы көретін мейірімді ана, әке шығары сөзсіз.
Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ қыздарының бойында ізеттілік, ар-ұят, ұялшақтық,үлкенге қызмет көрсету, жанашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қызбалаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші — ол анасы.
Ата – аналарға өсиет
Адам азса, тәрбиенің жоқтығынан азады, қоғам азса адамдардың тәрбиесіздігінен азады. Балаға дұрыс тәрбие беру қоғамның болашақ дамуының кепілі. Сондықтан да баланың тәрбиесін мектепке тапсырып қоймай, ата-ана, бүкіл қоғам, ақпарат құралдары болып атсалысу қажет.
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |