Сел қаупінің белгілері:
- сел қаупі күшті аудандарда қатты нөсердің ұзақ жаууы;
- биіктегі сел қаупі бар өзендерде ауа температурасының күрт көтерілуі, бұл морендік өзендердің суға толып, арнасын бұзып шығуын тудырады;
- өзендегі су деңгейінің күрт төмендеуі немесе оның жоғарғы жағында өзен бөгеті бұзылуын көрсететін шұңқырдың пайда болуы;
-өзен бөгетінің бұзылуына алып келетін жер сілкінісі.
Сел тасқынының тікелей және жақын қаупінің белгілері:
- морендік-мұздақ кешендегі судың толғандығын айғақтайтын сел қаупі бар арнадағы ағынның тоқтауы немесе күрт бәсеңдеуі;
- биіктегі сел қаупі бар арнадан күшті гуілдің естілуі;
- сел айдаған тастың соққысынан топырақтың дірілдеуі;
- сел толқындарының соққысынан шаңдақ бұлттың пайда болуы;
- судың қатты лайлануын сипаттайтын сел алдындағы тасқынның пайда болуы;
Сел қаупі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіздік шаралары:
1. Таудағы жағдай туралы баспасөз хабарларын ұдайы қадағалаңыз.
2. Сел қаупі бар биіктікте қатты нөсер жауа бастаса жылдам кетіңіз.
3. Сел тасқынына 50-70 м артық жақындамаңыз.
4.Тік жартас пен құлама беткейдің жанына тоқтамаңыз, өйткені тасқынның соққысынан сырғыма мен опарылма түсуі мумкін.
5. Сел араларымен жүрген кезде адамдардың арасындағы қашықтық кемінде 20-30 м болға тиіс.
6. Сел қаупі бар арналардың, өзен бөгеттерінің жанына демалуға тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз.
7. Сел тасқынының белгісін сезген бойда арнадан қашығырақ кетіп, тау беткейі бойынша мүмкіндігінше жоғары көтеріліңіз.
8. Сел тасқыны өткеннен кейін селдік арнаға түспеңіз, өйткені ол қайталануы мүмкін.
9. Арнаға төмен түскен кезде және онымен жүрген кезде, әсіресе ой-шұңқырдан аса сақ болыңыз.
10. Морендік – мұздақтық кешенде және оның бойымен сел тасқыны қаупі болмайтын немесе өте сирек болатын кезеңде, ең жақсысы, ауа температурасы қалыпты кезде жүру ұсынылады.
11. Үйінділер бейберекет жатқан, сондай-ақ мұздақтан немесе қар көшкінінен пайда болған кедергілері бар өзен бөгеттерінің жанынан жүрмеңіз.
Дауыл жойқын күші бар және едуәір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел.
Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ асытнан бұзылуы әсер етеді.
Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, малдар шетінеп, материалдық залал келітреді.
Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салуға тыйым салынып, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қабылданған құрылыс нормалары енгізіліп, онда пайдаланылатын материалдардың қолайлы үлгілері көрсетілуге тиіс. Дауыл өзінің алапат күшімен инженерлік ғимараттарға жер сілкінісінен кем әсер етпейді. Дауылдың жақындағаны туралы хабар алған соң, мына іс-әрекетті жүзеге асыру қажет:
Панахананы, жертөлені әзірлеу; есікті, терезені, шатырдағы (желдеткіш) люкті нығыздап жабу; саңылауларды бекіту; төбеден, лоджиядан, самалдықтан жел ұшырып кету қаупі бар заттарды шығару; даладағы заттарды бекіту немесе үйге кіргізу; газды, электр жүйесін ажырату, суды жабу; пешті сөндіріп, қажет болса қорғаныс панаханаларына барып орналасу керек.
Өндірісте барлық сыртқы жұмыстарды тоқтату, қондырғыларды бекіту, агрегаттарды, механизмдерді ажырату және панаханаларға жасырыну, ауылды жерлерде фермалардағы мал үшін жемнің, судың қорын даярлау, панаханада радиоқабылдағышты тұрақты қосып қою керек. Ғимарат ішінде болған әйнек, шыны сынықтарынан және жарықшақтардан сақтанған жөн. Далада қалған кезде ең жақын шұңқырды, жел өтінен сақтайтын жерлерді іздеу керек немесе жерге етпетінен жатады. Орманда қалғанда ең жақсысы ашық алаңға шыққан жөн, нөсерлі дауыл, найзағай жарқылдаған кезде жалғыз тұрған ағашқа жасырынбаңыз, электр беру желілерінің діңгектеріне жақындамаңыз. Дауылды жел, қарлы боран кезінде үйден тек ерекше жағдайда ғана бірнеше адам болып шығады. Шаңдақ дауыл жақындағанда үйде есік пен терезені нығыздап жауып, ғимараттан шықпаған жөн. Үй хайуанаттарын қорға немесе ғимарат ішіне қамау керек. Егер шаңдық дауыл кезінде жапан далада қалсаңыз киімдеріңізді түймелеп, бас киімдеріңізді киіңіз. Көзіңізге шаң мен тас, қоқым түспес үшін арнайы көзілдірік киіңіз. Егер қандай да бір жамылғы болса, оны шаңнан, суық желден, дененің суынуынан қалқа ретінде пайдалануға болады.
Дауылдан, бораннан, буырқасыннан кейін құтқару бөлімшелері еңбекке жарамды тұрғындармен бірге жасырынған, жарақаттанған адамдарды шығарып, қауіпсіз жерге немесе емдеу мекемесіне апарады.
Достарыңызбен бөлісу: |