Баяндама тақырыбы: Ғ. Мұстафин прозасындағи тарихи шындық Орындаған: Нуржанова И. К тексерген: Токсамбаева А. О 2022-2023 жыл Қазақ әдебиетінің кең оқырман қауымына атақты «Қарағанды»



бет2/2
Дата08.10.2022
өлшемі20.68 Kb.
#462207
1   2
тарихи шындық сро

абиден Мұстафин)
1930 Ғ.Мұстафин өзінің туған жеріне қайтіп барады. Онда жаңа ашылған өңдіріске орналасып, әр түрлі жұмыстар атқарады. «Мен келгенде Қарағандыға ағылшындардан қалған бес алты жаман барактар, 30-40 жұмысшы ғана бар еді. Олар темірді қайламен қазып сыртқа, темір шелекпен қол бұрау арқылы шығаратын. Шахта дегендері бір ғана құдық... жұмысты жер қазудан, темірдің тотын қырудан бастап, бірнеше сатылардан өткен соң, токарь болып шықтым», дейді ол. Осы отызыншы жылдар ішінде, жазушы бірталай уақыт Қарағандыда, Новосибирскіде, Алматыда баспасөз маңында істейді. Бұл оның жазушылық өнерге төселу, іздену жылдары іспетті.
Ал жазушы өмірінің нағыз творчестволық табысты жылдары 40-жылдардан басталады. Оның «Шығанақ» (1945), «Миллионер» (1947), «Қарағанды» (1952), «Дауылдан кейін» (1959), «Көз көрген» (1963) романдары осы жылдардың жемісі. Ғ. Мүсірепов өткен дәуірдегі қазақ поэзиясының даму тарихына байланысты әр жылдарда жазылған жазбаларында Сәкен, Ілияс, Сәбит, Әбділда, Қуандық, Қалихан, Берқайыр т.б. бүгінгі поэзия өкілдерімен қатар ұлы Абайға арналған «Қазақ әдебиетінің өркендеу жолындағы Абайдың тарихи орны» атты көлемді зерттеу мақаласын, өлең тілінің мәселелеріне арналған «Әдебиет тілі жайында» тақырыбында мәні мен маңызы жоғары, құнды еңбектер қалдырды. Ана тілінің тазалығы мен өркендеуінің күресушісі болған көркем сөз зергері Ғ. Мүсіреповтің өлең туралы пайымдары да өзінің өміршеңдігімен ерекшеленеді. Қазақ әдебиетінде сөз өнерінің, жанрлық жағының жетілуіне үлес қосқан Мұстафинның өзіндік стилін танытқан шығармалары қаншама. Халықтың бейнелі, қанатты сөздерін орынды пайдалана отырып, өз тарапынан да өткір, ықшам сөз тіркестерін жасай білген. Абай өнегесін бірнеше түрлі сипатта сабақтастыра алды. Бірінші, Ғ. Мұстафин де Абай сияқты тақырыпты өз дәүірінен, бірге тыныстап, қатар тіршілік жасап жүрген замандастарының іс- әрекетінен, көзімен керіп, бастан кешірген өмір шындығынан іздеп тапты Екінші сөз енері жайлы Абай қойған талап деңгейіне ден қойды. Абай өлеңіндегі көптеген жолдардың мақал-мәтелге айналып кеткені секілді.
Абай талантының қайнар көзі, даналық сипатының негізі жайлы ойынбылайша ербітеді: «Әрине, ешбір шың тек өзі ғана тіп-тік шығып кетерілмейді. Шың неғұрлым биік болса, солғұрлым оны қоршаған төбе, шоқылар да көп болмақ. Абайды Абай еткен - алдымен өзінің халқы. Тастақ жерге өсімдік еспейді. Абайды өсіретін ортасы- әріден келе жатқан халықтың мұрасы, Шығыстан, Европадан алған білім нәрлері». Аз сөзге көп мағына сыйдырып айтылған бұл жолдарда тарихи баға, терең түжырым жатыр. Біріншіден, Абайдың өз ортасына, кейінгілерге еткен ықпал, әсері пайымдалса, екіншіден. Ұлы ақынды өсірген құнарлы топырақ, қасиетті орта зерделенеді.
Ұлт прозасының (роман) майталман шебері Ғабеңнің қаламынан туған жазбалардың бірқатарын әдебиет мәселелеріне арналған еңбектері құрайды. «Ой әуендері» (1978) – жазушының мәдениет пен әдебиет саласына байланысты әр уақытта, әр кезеңде айтылған ой-пікірлері мен тұжырымдарының қорытындысы іспетті жинақ.
Кітапта көркем әдебиеттің өзге де жанрларымен қоса қазақ поэзиясының белгілі, көрнекті өкілдерінің шығармашылығына қатысты автордың эстетикалық ой-пайымдары топтастырылған. Айталық, Абай ақындығын, шығармашылық тұлғасын баяндауға арналған «Жұлдызы өлең-жырдың сөнбейтұғын» (1971) мақаласында ақынның ұлт әдебиетінде, оның поэзиясында алатын орнын анықтай келе: «Біз қазір қанша толдық десек те, бәріміз жабылып қазақ әдебиетіне бір Абай енгізген жаңалықтарды енгізе алдық па екен? Ғалым жазушы Ғ.Мұстафиннің қазақ әдебиеті сыншысы көзімен қараған сыни мақалаларында да поэзия туралы ұғым-түсінігі, өлең өнері хақындағы ойлары кең қанат жая түседі. «Поэзия ұғымды болуымен қоса әсерлі болсын, – дейді автор, – өйткені, ұғымдының бәрі әсерлі бола бермейді. Әсердің өзі әрқилы. Бір әсер – өмір бойы ойыңнан етпейді, бір әсер – сол арада қалып қояды. Поэзиядан біз ұмытылмайтын күшті әсер іздейміз»,-дей келгенмен поэзия ұғымын халыққа танытуда өзіндік, мол қырын танытқан классик жазушы Ғ.Мұстафиннің прозалық туындылары халықтық сипатын алған көркем туындылар. Ғ.Мұстафиннің алғашқы әңгімелерінің тақырыбы қазақ ауылындағы еңбек тақырыбы, кейіпкерлері төңкерістің арқасында теңдікке қолы жетіп, өздерін бұрын шексіз қанап келген үстем тап өкілдеріне қарсы күресіп, жаңа өмір құруға кірісе бастаған ауыл кедейлері. Қазақ ауылының еңбекшілдер ортасында бақытқа жету мұраттары. Нағыз шын мәніндегі еңбектің нәпақасын тауып, ерлік пен өрлікті қатар ұстаған халық мұраттарын терең жазады. «Кітапшаның мазмұнын», деп жазды жазушы «Ер Шойын» жинағының алғы сөзінде, ауылдың жалшы кедейлері көрсетті Мен соларды қорытып, көзге елестетуге тырыстым». Жинақ ішіндегі ең көлемді, әрі тақырыбы жағынан елеулі әңгіме – «Ер Шойын».
Бұл әңгімедегі бұрыңғы бай жылқышысы Шойынның таптық сезімінің оянуы, оның Күржікке қарсы шығуы, Күржіктің кәмпескеленуі мен теңдік алған кедейлердің ұйымдасып, еңбекке крісуі суреттеледі. Шойын әуелде өзін қанап жүрген езушілерге іштей наразы ғана болса, кейін байға қарсы басқаларды үндейді. Әңгімеде Шойынның сана сезімі тартыс, жауларға қарсы күрес үстінде өсіп, жетіле түседі. Шойын тап күресі жолында көптеген қиыншылықтардың бәрінде басынан кешіріп, бірақ ақырында жеңеді. Сол кездегі екі орта арасындағы таптық күрес тек «Ер Шойын» әңгімесі ғана емес, бұл жинақтағы басқа да көптеген әңгімелердің негізін құрайды. Екі орта арасындағы әлеуметтік күресте үстемдіктен тайып бара жатқан тап та аянып қалмайды, өздеріне қарсы шыққан кедейлерден кек аламын деп, мерт болған бай баласы («Кек» әңгімесі), қолына тиген теңдікті қара басының қамына пайдаланып, байығысы келген Шағатай («Шағатайдың жатағы») әрекеттері ауылдағы әлеуметтік өзгерістердің адамдар арасында әр түрлі психологиялық цитуациялар туғызғанын көрсетеді. Жазушы өткен заманның озбыр моралі мен үстем таптың зұлымдық әрекетін әшкерлей отырып, бай мен болыстың қаһарына ұшыраған жадау тіршілік иелерін анық көрсетеді.
«Ер Шойын» жинағы жиырмасыншы жылдардағы шиеленіскен орта күресі жағдайында жазушының позициясын айқын көрсеткен елеулі әдеби мұра. Алайда көркемдік сапасы, тіл шеберлігі, образдарының жандылығы жағынан автордың тәжірбиесіздігі мен қаламының балаңдығы көрініп тұрғанымен, кітап сол кезеңнің күн тәртібін жырлауына елеулі үлес қосты. Осыдан кейін жазушы ізденіп, соның арқасында Ғ.Мұстафин жазушылық тәжірбиесін жинақтады. Болашақ эпикалық шығармаларына материал жинады. Соның нәтижесінде қырқыншы жылдардың ішінде ақ ол өзінің «Өмір не өлім», «Шығанақ», «Миллионер» сияқты көлемді туындыларын жариялап, романист есебінде танылады. Қырқыншы жылдар кезінде Ғ.Мұстафинің соғыс, майдан жайы, жауынгерлердің батырлық күрескерлігі, соғыс кезіндегі халықтық сипат жайынан хабар берер суреткерлік тұрғысынан қаншама туындыларын жарыққа шығарды. Соғыс кезінде жазылған кейбір шығармаларда тылдағы ауыр еңбекті, оның екпінді ерлерін көрсетті. Сондай шығармалардың бірі – «Шығанақ» романы. Белгілі әдебиетші ғалымдар М.Базарбаев, Ә.Нарымбетов «Қаһарлы күндер әдебиеті» атты еңбектерінде: ««Шығанақ» романы тылдағы совет шаруаларының Отан соғысы кезіндегі майдан үшін қажырлы еңбегін терең көрсете алған тәрбиелік маңызы көркем шығарма».
Шығарманың көркем образын жасауда Социалистік еңбек ері, соғыс жылдарында тарыдан дүние жүзілік рекордты мол өнім алған Шығанақ Берсиевтің шығармашылық ісін, еңбекқорлығын, ұйымшылдық бірлігін, еңбек қуанышқа толы қызықты өмірін көрсетті. Шығанақ романында: «Жанбота ауырып қалған Шығанақтың учаскесінде жұмыс істеп, ерлермен бірдей еңбек етеді. Осының нәтижесінде Шығанақтың ең соңғы рекорды гектарына 200 центнерден асады. Бұл хабарды естіген агробиолог ғалым, академик Т.Д.Лысенко «Бұрын-соңды дүние көрмеген, орасан егіннің мастері болған сізге кішілікпен бас иемін. Мәртебеңіз аса берсін. Денсаулығыңызды, ұзақ өмір сүруіңізді тілеймін» деп телеграмма береді».
«Миллионер» Шығанақтың заңды жалғасы тәрізді. Мұңда жазушы колхоздың, ауыл адамдарының Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірдегі жаңашыл дамуға бет алған жолын, бақытты өмірін суреттейді. Бұл повестегі тартыс жазушының бұрыңғы шығармаларындағыдай тап жауларымен күрес емес, ескі мен жаңаның күресі. Ғ.Мұстафин миллионер колхоз жайын романтикаға беріле, қызыға жазады. Повестегі колхоз жайы, еңбек көрінісі, адамдар, олардың ісі барығы да зор әсер қалдырады. Повестің кейіпкерлері де, ісі, сөзі, мінер, кескіні келбеті ойына қарай ажыратылатын әр түрлі адамдар.
«Қарағанды» романын жазушының өмірлік тәжірбиесінің шырынындай десек, артық бола қоймас.бұл тақырыптың жазушы үшін етенелігі сонда оның балалық жастық шағы сол ортада, Қарағанды жұмысшыларының ортасында өтті. Ескі жұмысшылардың қайта тууы мен жаңа қосылған ұрпақтың жұмысшылыққа тәжірбиеленуін өз көзімен көрді. Осы көзімен көргендерін көкейімен түйіндеп, романға арқау етті. «Қарағанды» романының материалдары жазушының өмір шыңдығы еді. Ғ.Мұстафин жаңа Қарағандының ашылу негізінде жаңа өңдірісте адамдар арасындағы туған жаңаша қарым қатынасты қоғамдық ой сананың жетілуін бір кездегі бейнет көрген қараңғы жұмысшылар ортасынан білімді маман интеллегенцияның өсіп шығуын суреттейді. Қарағанды өңдірісін игеру ісіне қатыысқан орыс, украина жұмысшыларының достық саясатын жүзеге асырып, республиканың жаңа бейнесін жасау романның басты тақырыбы болып есептеледі.
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы бір туар алыптары, ұлт сөз өнерінің көрнекті зергерлері Ғ. Мүсірепов және Ғ. Мұстафин сынды көркемөнер шеберлері тек қана әдебиетте ғана емес, сондай-ақ әдебиеттану ғылымында айтуға лайық толымды еңбектер туғызғанын айту – парыз. Тек өз шығармасына қатаң талап, үлкен жауапкершілікпен қарай алатын жазушы ғана күллі әдебиеттің жағдайына жаны ашып, болашағына қамқорлық жасай алады. Сондай тұлға, әдебиетіміздің тарихында өшпес ізін қалдырған Ғ.Мұстафин көркем проза оқитын, кітапсүйер қауымның шебер жазушысы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет