Негізгі бөлім
Оқуға ынталандыру мәселесі
Сынып оқушыларының құрамы әр түрлі болуына, олардың керекті оқу дағдылары мен біліктілігі әр түрлі деңгейде, жүйесіз болып келуіне байланысты әліппеге дейінгі кезеңде балалардың оқуға ынтасын арттырудың маңызы өте зор. Оқу және жазу сабақтарын балалар өз күштеріне сенімділігін сезінетіндей етіп, олардың оқуға, мектепке деген ынта-ықыластарын оятып, қызықтыратындай етіп ұйымдастыру қажет.
Ең бастысы, ата-аналарға мектеп балаларға не үйрететінін, қалай тәрбиелейтінін іс жүзінде көрсету үшін олардың өздері жасаған қол өнерлерінен көрме не балалардың күшімен концерт ұйымдастыру керек. Ата-аналарға мектепте еңбектің қандай түрлері оқытылатындығын айтып, кәсіптік бағыт беру кабинетін, балалар еңбегімен істеліп жатқан мектеп жанындағы тәжірибелік-бақшалық жерді, үй жануарларын күтіп-баптаудың тәжірибелік қалпын, тәтті тағам дайындайтын шеберханаларды міндетті түрде көрсету керек. Мектепті бітіргеннен кейін мамандықтар бойынша және қай бағытта жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар екенін айтып беру керек. Арнайы мектепте балалардың күшімен, мұғалім-тәрбиешілердің жетекшілік етуімен ән-күй, хор, фото бейнелеу, сурет-сызу, спорт, табиғаттану, жол ережелерін сақтау, тағам дайындау, үй ішін, өз бойын күтіп ұстау және тағы басқалар сияқты әр түрлі үйірмелер ұйымдастырылып, олардың арнайы ереже кестесі бойынша жаттығу – сабақ ретінде жүргізіледі. Ата-аналарға осы үйірмелердегі еңбектің жемістерін, сонымен бірге үздік оқитын балалардың жазу дәптерлерін, күнделіктерін көрсететін үлкен көрме ұйымдастырылады. Мектеп ұжымының жалпы күшімен ұйымдастырылатын бұндай оқу-тәрбие жұмысы ата-аналардың аз да болса көңіл-күйін орнықтырып, баласының келешегінен сенім жүрегіне жылу беретіні сөзсіз.
Бірінші талап, әліппеге дейінгі кезеңдегі оқуға ұсынылатын мағлұматтар мен дағдылар зияты зақымдалған бірінші сынып оқушыларының меңгеруіне сай болуы керек.
Орындауға әлі де болса шамасы келмейтін тапсырманы оқушыға беруге болмайды. Оқушының білімін және соған дағдылануын, сондай-ақ оларды меңгеру мүмкіндігін тексеру әліппе оқуына дейінгі кезеңде бірінші міндет болып есептеледі.
Келесі талап – сабақты дұрыс ұйымдастырудың қажеттілігі. Алғашқы сабақтар көбінесе ойын түрінде жүргізілуі керек.
Осыған байланысты әліппе оқуына дейінгі кезеңге, ал одан кейін жазып-оқып үйрену кезеңіне қойылатын үшінші талап – көрнекі және дидактикалық құралдарды пайдалану. Бұндай оқу құралдарына табиғи заттар, ойыншықтар, үлгілер, нұсқаулар, бейнелі суреттер (заттың, жағдай барысындағы, оқиға желісіндегі), үстелдің үстінде ойнайтын ойындар (домино, суреттер, лото, нақышты әшекей), кейбір техникалық құралдар (фильмоскоп, күйсандық, кинопроектор және басқалар) жатады. Сабақта көрнекі құралдарды пайдаланған кезде төртінші дидактикалық талапты сақтау қажет – барлық көрнекі құралдар қойылған мақсатқа сәйкес болуы керек. Сондықтан көрнекі құралдарды пайдаланған кезде олардың тұратын орнына, санына және көрсету уақытына өте көп көңіл бөлу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |