Қорытынды
Сауат ашу – аса күрделі де жауапты міндет. Оны ойдағыдай жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстар сан алуан. Олардың негізгілері мыналар:
1. Балаларды мектепке сауат ашуға даярлау;
2. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту арқылы сөздердегі дыбыстарды айқын естіп, анық айтуға үйрету;
3. Оқушылардың жалпы ой-өрісін дамытып, ойлауға, байқағыштыққа тәрбиелеу;
4. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, сөйлемдерді дұрыс, дәл жеткізе білуге үйрету;
5. Сөзді жеке дыбыстардан құрап, ежіктемей, дұрыс буындап түсініп, оқуға, одан әрі сөзді тұтас оқуға дағдыландыру;
Қорыта келгенде, бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдылары неғұрлым жылдам әрі сапалы қалыптаса, соғұрлым ол жоғары сыныптарда оқылатын ғылым негіздерін тез әрі саналы игеретін болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әуелбаев Ш. Бастауыш класс оқушыларының каллиграфиясын жетілдіру. Кітапта: Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1987.
С.А. Рахметова «Бастауыш сынып окушыларының жазу тілін дамыту», диссертация, Алматы, 1969- 314бет.
М.Жазыбаев «Бастауыш оқытудың тиімділігін арттыру» Алматы, 1968ж.
А.В.Кеменова «Обучение грамоте», Пособие для учетелия, М, 1972-144 стр.
B.C. Мухина «Шести летний ребенок в школе» М., 1986
Шипицина Л.М. и др. Реабилитация детей с проблемами в интеллектуальном и физическом развитии. СПб.: Образование, 1995.
Достарыңызбен бөлісу: |