Баяндама тақырыбы: В. фон Гумбольдтың тіл концепциясы Пән


В.Гумбольдт тұжырымдамасы



бет3/5
Дата04.12.2023
өлшемі2.03 Mb.
#485341
1   2   3   4   5
ҚТӘ-41 ЖАНБОЛАТ НАЗЕРКЕ СРСП

2. В.Гумбольдт тұжырымдамасы


Өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі Вильгем Гумбольдт болды. В.Томсеннің пікірінше «Германиядағы ұлы адамдардың бірі» - болып есептелінетін Гумбольдттің лингвисттикалық алымы кең. Лингвистикалық тарихында оны салыстырмалы-тарихи тіл білімінің философиялық негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт санскрит, қытай, малай, америка индеецтері, баск тілдері сияқты дүниенің әр бұрышында көптеген тілдерді зерттген. Көп тілдердің фактілерімен таныс болуы – оның лингвистикалық ой-өрісін мейлінше кеңейткен. Гумбольдт салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен роль атқарды. Осы әдістің принциптері, проблемалары шеңберінен тысқары да көптеген проблемаларды көтеріп, теориялық тұжырымдар жасады. Тілдің табиғаты, мәні, құрылымы, тіл мен мәдинет, тіл мен материалдық дүние тіл мен ойлау т.б. Гумбольдт зерттеген проблемалар қатарына жатады. Тұжырымдарын толық, айқын баяндайтын еңбектері: «Адамзат тілі құрлысының әр алуандығы туралы», «Ява аралығындағы Кави тілі туралы» деп аталатын туындылары. Гумбольдт өзінің лингвистикалық, философиялық концепциялары арқылы лингвистика тарихында жаңа бет бұрыс, жаңа дәуір жасаған адам. Дамудың әр түрлі сатысындағы түрлі халықтар тілдері мен олардың рухани өмірінен жиналған материалдарды өз замандастарының қай-қайсынан да көп және терең білетіндігінің арқасында бірінші болып, тілдің ішкі құрылымын, оның халықтардың рухани өмірімен, ой-санасымен, мәдениетімен, тарихымен байланыс дәрежесін жан-жақты талдады, өзіндік лингвистикалық, философиялық біртұтас сындарлы жүйе құрды. Тілдерді типологиялық жағынан топтауда ағайынды Август және Фридрих Шлегельдердің флективті, аффиксті, аморфты тілдер деп жіктеуін қабылдай отырып, аморфты тілдерді даралаушы тілдер деп атадыда және бұл үшеуіне төртінші етіп инкорпорптивті немесе полисинтетикалық тілдер тобын қосты. Соңғы топқа ол Солтүстік Америкадағы индеецтер мен Солтүстік Шығыстағы чукот тілдерін жатқызды. Инкорпоративті тілдер тобының ерекшелігі ретінде олардағы сөйлемнің сөзбен берілетіндігін атады. В.Гумбольдт әлемдік лингвистикаға «тілге таңбалық сипат тән», «ол жүйелі құбылыс», «тіл – халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрінеді», «тіл үнемі дамуда болады» деген сияқты иедялар мен концепциялар ұсынды. Тіл білімінің өзіндік философиялық базасы – тіл философиясы. Адам тілді неғұрлым жақсы меңгерген болса, соғұрлым тіл оның ойлауына әсерін тигізеді дейді. Тілдің қоғамдық сипатын ұлттық табиғат, адамдардың жанында, санасында болатын идеялық нәрсе деп біледі. Жалпы халықтық, тілдік ойлау. Тіл жеке адамдардың сөйлеуі арқылы көрінгенмен, ол – жеке адамның табысы емес, халықтың табысы. Г. Гегельдің идеалистік концепциясын басшылыққа алған, белгілі шамада болса да, И.Канттың философиялық принциптеріне еліктеген ғалым, сондықтан оның тіл философиясында қате тұжырымдарда аз емес. Канттың ізімен Гумбольдт та сананы материалдық дүниеге тәуелсіз деп санайды. Тілдің еңбек процесінде, қоғамдық қажеттіктен туғанына мән бермей, оны адам баласынның ішкі табиғи қажетінен туған, тіл адам табиғатына тән дейді. Тілдің ішкі формасы тек қана ұлттық рухпен, абсолюттік идеямен байланыста қарайды. Г-тің тілдік форма жөніндегі тұжырымдары оның лингвистикалық теориялары ішіндегі ең маңызды саласы. Тіл халықтың әрекетімен, ойлауымен байланысты болғанымен, оның өзіндік ерекшелігі, белгілі мөлшерде болса да, тәуелсіздігі, тұрақтылығы бар, сөйлеу әрекеті мен тіл өзара байланысты, бірақ тепе-тең емес, тілдік форма тұрақты, ал оның көрінісі әр түрлі. Тіл – форма, онан басқа т.к емес дейді. Г.тілді адам мен материалдық дүние арасындағы аралық категория деп түсіндіреді. 20 ғасыр лингвистикасында ең мәнді проблемалардың бірі болған тілдік жүйе, тілдік құрылым мәселелерін осы салада көрсеткен. Гумбольдт тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеу мәселесімен де айналысты. Ол қалыптастырған бірсыпыра теориялық, философиялық тұжырымдар бертінде идеалистік бағыттағы лингвистердің ұранына да айналды. В.Гумбольдт ілімінің өзінен кейінгілерге еткен әсері туралы профессор В.А.Звегинцев: «Лингвистердің кейінгі замандардағы дамуына тигізген әсерінің тереңдігі, күші жағынан онымен пара-пар келетін басқа бірде-бір ғалымды атау қиын», - деп жазды. Зерттеулерінде идеалистік философияны басшылыққа алғандықта Гумбольдттың теориялық тұжырымдарында кейбір қайшылықтар да болды. Бірақ соған қарамастан 19 ғасырдағы тіл білімі тарихында ол өзгелерден оқшау тұрды, ерекше жоғары бағаланды.[3]
«Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі», дейді А.Байтұрсынұлы. Яғни біріншіден тіл – адамның адамдық белгісі; екіншіден сол белгінің ішіндегі зоры; үшіншіден, жұмсайтын қаруының бірі. Қарапайым сөзбен өрнектелген бұл ғылыми ақиқатты біз В. фон Гумбольдт идеяларымен байланыстырар едік. Бәрімізге белгілісі, Гумбольдт ілімі тіл ғылымына үзілмейтін энергия әкелді. Жалпы тіл білімі мен тіл философиясының негізін қалаушы В. фон Гумбольдтың философиялық, лингвистикалық зерттеулері негізінде түзілген ғылыми көзқарастары мен тіл зерттеу тәсілдерінің жиынтығы – АДАМ идеясы екені белгілі. Гумбольдт теориялық әдіснамалық негізіне тілді зерттеудің антропологиялық ұстанымы алынған. Осыған сәйкес тілді зерттеу адамның ой-санасымен, ойлау қабілетімен, мәдениетімен және рухани өмірімен тығыз байланысты болуы қажет деп есептеуі арқылы еуропалық лингвистика ғылымын алға оздырды. Ал Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл-Құралда» «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі», дейді. Далалық дүниетанымда тіл туралы ой оздырған тағылымды ойлар мол. Алайда Ахмет әлемдік ойға ат ізін бұрып, адам баласының басты белгісі – тіл және оның ең зоры екенін алға тартады. Ахметтік ілімнің антропологиялық ұстанымы терең. Екіншіден, тіл – жұм­сайтын қару. Қару болғанда да қарым-қатынас құралы. Ғалым оқулықтарының «Тіл – құрал» аталуының да маңызын осыдан деп түсінеміз. Адам баласының қоғамда өмір сүруінің басты кілті де, сыры да – тілде. Бұл ілім Гердердің тіл табиғаты мен шығу тегінің, тіл мен ойдың, ой мен «халық рухының» байланысы туралы идеяларына, сонымен қатар Шлегелейдің тілдердің типологиялық (морфологиялық) жүйесі теориясына жақын келеді деуге толық негіз бар.

Адамды адам ететін күш – тіл. Адам өзінің тілдік қабілетін оята отырып, басқалармен тілдік қарым-қатынас жасау барысында, әр кезде өз күшімен өз тілін жасайды. Тіл – өлі жеміс емес, тудырушы процесс, өзі де туынды. Гумбольдтың пікірінше, тіл – адам рухының қызметі, адам жанының тереңінен шығып, оның бүкіл болмысына тарайтын халықтық қуат. Тіл – аяқталған іс не зат емес, ол – қызмет. Тілде рухани өмірдің нәтижелері ғана емес, өмірдің өзі көрініс табады.

Ал тілдің дүниеге келуі, Гумбольдтың пікірінше, ұғым мен дыбыстың тұтас­тығынан шығатын, дыбысты ойдың тірі көрінісіне айналдыратын жиынтық үде­ріске байланысты болады. Синтездің өзі екі логикалық жүйелі байланысы бар кезеңнен тұрады: 1) тұлғаланбаған дыбыс пен ойды бөліп қарастыру, айтылатын дыбыс пен тілдік ұғымды қалыптастыру; 2) осы екеуін тұтас бірлікке айналдыру. Тілдік жасалу және туындау ұғымдарымен тығыз байланысты тағы бір ұғым бар, ол – тілдік тұлға туралы ұғым. Гумбольдтың ойынша, тілдік тұлға – рухани бірліктегі жеке тіл бөліктерінің жиынтығы. Кез келген тілдің тұлғасы – сол тілде сөйлеуші адам­дардың рухани қасиеттерімен байланыста болатын қайталанбайтын жаратылыс. Гумбольдт «ішкі» және «сыртқы» тілдік тұлғаны бөліп қарастырды. «Ішкі тілдік тұлғаның» туындауы түбегейлі қағидаттарға байланысты болғандықтан, тіл құрылымының бүкіл ерекшеліктерін айқындайды, ал сыртқы тұлға – (дыбыс, грамматика) ішкі тұлғаның көрінісі.[4] Гумбольдтық осы ой ұшқыны Ахметте қазақ тілі деректері арқылы нақтыланып, жаңаша өріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет