Негізгі бөлім
1. В.Гумбольдтың тіл туралы ілімі
Тілдің шығу тегі туралы мәселені көптеген ғалымдар қарастырған және ол ескі сұрақтардың қатарына жатады. Аристотель тілді адамдар жасаған деген қорытындыға келген. Бұл тақырып XVIII ғасырда өзіне үлкен қызығушылық тудырды. Осы кезде пайда болған әртүрлі теориялар тілдің табиғи шығу тегін көрсетуге тырысты. Э.Кодильяк адамдардың қарым-қатынасының салдары ретінде келісім-шарт нәтижесінде тілдің пайда болуы идеясын қорғады, ол әрекет ететін адамдар сөздердің мағынасын оңай келісе алады деп есептеді. Табиғат дыбыстарына еліктеу арқылы тілдің пайда болуы туралы да теория болған. Бұған, атап айтқанда, қазіргі "туынды" тілдер мен олардың негізін ажыратқан Лейбниц сенімді болды — "Адамның ақыл-ойы туралы жаңа тәжірибелер" еңбегінде ономатопея нәтижесінде пайда болған "бастапқы" тіл. Туынды тілдер бастапқы тілден алшақтай отырып, барған сайын табиғи сипатын жоғалтып, барған сайын шартты сипатқа ие болды, дегенмен оларда да сөйлеудің дыбысталатын заттармен байланысын көрсететін көптеген дәлелдер бар.[2]
Тілдің алғашқы негіздерін адамның пайда болуы процесімен байланыстыра қараған дұрыс екеніне көз жеткізуге болады. Ендеше тілдің қалыптасуы да адамның қалыптасуы тәрізді миллиондаған жылдарға созылған процесс. Және оның қалыптасуы адамның түр ретінде қалыптасуымен бірге жүріп, бұл жолда жетекшілік қызмет атқарғаны да рас. Тілдің пайда болып қалыптасу процесі глоттогенез деп аталады.
Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.
1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.
а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, оларды белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь).
б) «Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазіргі тілге негіз болады.
в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде «сөздермен» бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды.
1. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден ізделеді.
а) «Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі.
б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы» (Л. Нуаре, К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге «адамды адам еткен» факторларға енеді.
Қоғамдық теориялардың дұрыстығы – тілдің қоғамдық қажеттіліктен пайда болғаны шындық және ол қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда пайда болып, онымен бірге дамиды.
Жер шарында мыңдаған жеке тілдер бар. Олардың бәрінің бір-бірінен толып жатқан айырмашылықтарымен қатар өзара ұқсас, бәріне ортақ жалпы қасиет белгілері де бар. Әрбір тіл белгілі бір жеке халықтың, қауымдастықтың игілігіне қызмет етеді және сонымен бірге ол – қоғамдық-тарихи құбылыс. Ол – адамзаттың мәдени дамуының қажетті шарты, өзара қарым-қатынас орнатудың, ой-сананың қалыптасуы мен дамуының кұралы. Бұлар және бұлар сияқты басқа да мәселелер жалпы тілтанудың зерттеу объектісі болумен қатар философиялық проблемалар болып табылады.
Философия тілді ең алдымен қоғамдық-тарихи прогрестің нәтижесінде пайда болған табиғи-әлеуметтік құбылыс деп қарастырады, өйткені қоғамнан тыс сөйлеу тілі жоқ, болған емес және болмайды да. Екінші жағынан алғанда, тіл жоқ жерде қоғамдасу да прогреске жету де жоқ. Тіл мен қоғам айырғысыз бірлікте. Тіл - адамдардың бірлесе қимылдан, материалдық игіліктер өндірісінде белгілі бір табысқа жетуді, көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін өзара пікір алысып, түсінісіп әрекет етуінің құралы. Демек, тіл мен өндірістің айырғысыз бірлігінде, диалектикалық қарым-қатынасында, әрине, өндіріс алғашқылық, айқындаушы, шешуші фактор болып табылады. Дәлін айтқанда, адам өзінің тіршілік жағдайларын жақсарту үшін, табиғат жағдайларына және қоғамдық қатынастарға саналы түрде әсер ету үшін қарым-қатынас жасау және ой-пікір алмасу құралын, яғни сөйлеу тілін қажет етеді, ал бұл қажеттілік тілді тудырды.
Достарыңызбен бөлісу: |