Баяндама тақырыбы


Жүсіп Баласағұн шығармаларындағы адамгершілік идеялары



бет3/4
Дата12.10.2023
өлшемі0.89 Mb.
#480531
1   2   3   4
баяндама, Ахмет Яссауи, Ахмет Иүгінеки, Жүсіп Баласағұн еңбектеріндегі әдеби сын.

3. Жүсіп Баласағұн шығармаларындағы адамгершілік идеялары.
Көне дәуірдің бір белгісі ретінде әлемнің асыл қазыналарының қатарындағы өшпес мұраның бірі- Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» атты дастаны болып табылады. Жүсіп Баласағұнның құнды мұрасы, мәні мен мазмұны зор «Құтты Білік» дастанының әр жолдарындағы тәлім - тәрбиелік толғамдар, әсіресе, бүгінгі ұрпаққа аса қажет. Ойшыл мұрасының өміршеңдігі осыда. «Құтты Білік» дастаны терең мәнін жолғалтпаған құнды шығарма. Оның таным- білігінің түпкі тамырына ой жүгіртіп, тәлім-тәрбиелік заңдылықтарын ашу - педагогика тарихын байытып, теориялық - практикалық мәнін арттырады.
Жүсіп Баласағұн –XI ғасырдың көрнекті ақыны, ойшыл-философ, бүкіл Шығыс елдеріне әйгілі ғалым-энциклопедист, аса ірі мемлекет қайраткері, араб және парсы тілдерін жетік меңгерген. Сол заманның беделді мәдени орталықтары – Фараб, Қашғар, Бухарада білім алған. Жүсiп Баласarұн Қарахандар мемлекeтiнiң хан сарайында бас министр қызметiн атқарған. Ол мемлекeттiк заңдар мен салт-дәстүpлерiнiң oрындалyын қадағалап, сарай маңындағы нөкерлергe, yәзipлерге(министpлерге) сарай қызметшiлерiне тапcыpмалар берген. Сoнымeн қатар, хаc хажиб елшiлеpдi қабылдап, реcми ic-шаралардың ұйымдастырылyын кадағалаған,жетім, кeдейлердiң арыз-өтiнштерiн тыңдап, Қараханид мемлекeтiнің әмiршici Табагач Кара Богра -ханға баяндaп отырған.
Ол түрлі білім салалары бойынша көптеген еңбектер жазған, бірақ бізге дейін оның әлемге танымал «Құтты Білік» шығармасы ғана жеткен. Бұл кітапты ол 462 жылы жаңа жыл есебі бойынша – 1070 жылы жазған. Жүсіп Баласағұн өзінің дастанында, оған дейін араб, парсы тілдерінде керемет жазбалар болғанын, бірақ Қараханид мемлекетінде түркі тілінде мұндай шығарманы алғашқы болып өзі жазғанын айтады. Шын мәнінде, парсы және араб тілдерінде ойлайтын және жазатын елде түркі тілінде дастан жазылуы зор жаңалық болды.
«Құтты Білікте» құтты қоғам құру, елді көркейту мақсаты үнемі алғашқы кезекке шығарылады. Жүсіп Баласағұн «Кедейді орташаға, орташаны байға» жеткізіп, бекті құтайтуды, халыктың әл-ауқатын жақсартып, ырысын арттыруды басты мiндет етіп ұсынады. Мәселен:
Жақсыларды көтер жебеп еңсесін.
Жамандардан бүтін сақта ел шетін.
Нәсіп көріп алма қарғыс,назаны,
Зұлым заңмен боларсың ел мазағы.
Ақылымды көкірекке түй, біліп,
Берік, ұзақ сонда бектік, билігің.
Қандай мәселе туралы толғанса да, дана oйшыл адамды бакытcыздыка ұшырататын зорлық-зомбылық атаулыға, қоpлаy мен арамдыққа, қулық-сұмдыққа қарсы шығып отыpады. Өзі дүниенің мәнді тұғыры деп бiлген acыл қасиеттердi насихаттап,
«...Бай бол, кeдей бол адамшылықтан айныма. Туған екенсiң, әйтеyiр өлетiнiң де айкын. Оған қapan түңілме, азғындама. Адам бол, адамшылық ғұмыр кеш», -дейдi.
Ақынның «Құтты білік» еңбегіндегі адамдарды жаман қылықтардан жирендіріп, жақсылыққа үндейтін ақыл, білім, тіл, жақсы мінез, сұлулық жайлы ойлары Алла тағала есімімен және Қасиетті Құран ғибратымен үндесе берілген.
Мәселен ғұлама:
Тәңірі адамдарды жаратты, үздік етті,
Оған өнер, білім, ақыл берді.
Көңіл берді, әрі тілін сайратты,
Ұят берді,(сондықтан) мінезі мен қылығы сының,- деп жырлап, мінезі сынық адамның жан дүниесінің бай келетіндігін меңзейді. «Адамдардың артықшылығы өнері, ақылы, білімі болса, ол- адамның өз қажеттіліктері үшін таптырмайтын қасиет»-дей отырып, адамдарды осы асыл қасиеттерді бойына жинақтауға шақырады. Бұл ойлардағы басты мақсат-адамның өзін-өзі тәрбиелеуі.
«Құтты Білікте» қоғам жетекші өкілдерінің шынайы ғылым мен еркін ойлауға ұмтылысын көрсеткен. Осыған байланысты ол өзінің замандастарының назарын білімсіз танымға қол жеткізу мүмкін еместігін айтады: әлемді терең тану үшін білім мен ілімді жүйелі түрде толықтырып отыру қажеттігін айтады. Адам іс-әрекетінде білім ол-денсаулық, жан тазалығы, денсаулық пен бақыт.
Шығарманың негізгі баптары–Ақыл-ойдың күші, Білімнің пайдасы, адамзат қоғамының дамуындағы Ғылымның орны туралы. Бұл трактаттың көп бөлімдері өміріндегі, бақыт туралы ойлар, жаман мен жаман қылықтар, сөздің жағымды және жағымсыз жағы, әр түрлі деңгейдегі басшылар мен әміршілерге қажетті қасиеттер туралы, әр түрлі қоғам өкілдерімен тіл табу туралы ойларға арналған. Дастанда отбасының жеке некенің мәселелері, жасұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасы негізгі орынға ие.
Жүсіп Баласағұн–түркілік ислам әдебиетіндегі мадақ жанрының негізін қалаушы. Ол өз шығармасында Аллаға иман, пайғамбарға сенім, сахабаларға құрмет, елін ойлаған қағанға ізет көрсетіп, ортағасырлық түркі әдебиетінде мадақ жанрының төрт түрін қалыптастырды. Адамзат қоғамына ең басты керегі - Аллаға иман және оның пайғамбарына сенім, сахабаларына құрмет, әрі Алланың жолын ұстанатын хан-қоғам бақытының іргесі екендігін шегелеп берді. Ойшыл ақын елдің бұл өмірде бақытының бастауы хан екендігін шығармасына таңдаған төрт кейіпкердің бейнелері арқылы ұқтырады. Онда қоғамға қажет әділдік (патша), бақ-дәулет (патша уәзірі), ақыл-парасат (патша уәзірінің баласы), қанағат-ынсап (патша уәзірінің туысы) – бәрінің бастау – қайнары-хан. Кейбір қазақ әдебиетінде ислам дінін дәріптеу мақсатында қазақ жырауларының жырларында Аллаға, пайғамбарға, сахабаларға мадақ қалыпты тақырыпқа айналды.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы адамгершілік ой-пікірлер мынадай негізде қарастырылған: 
Жақсылық пен жамандық–Жүсіп Баласағұнның ойынша, күн мен түн секілді адам өмірінде де жақсылық пен жамандық қатар жүреді. Бірақ бұл қасиеттер бала бойына не туа бітеді,не жүре қалыптасады. Сондықтан дүниедегі екі түрлі адамдар болады: біріншісі-жақсы адамдар. Олар тумысынан жақсы болып туғандар мен табиғи жамандығына қарамай өмірдің ықпалымен жақсы атанғандар. Екіншісі–жаман адамдар. Олар-не жман болып туғандар, не жүре келе жаман адамға айналатындар. Қазақ халқы осындай туа біткен игі жақсыларға «қас жақсының баласы тартпай қоймас негізге» деп сүйсінсе, қанына тартып «қарайып» туған жамандарға «жатырынан қағынған» деп күйінген. Дастанда бес нәрседен қашық болуын ескертетін:
Ұшқалақтық-бірі, екінші-сараңдық,
Үшінші-ашу, оған егіз-надандық.
Қырсығың-сор, бетті жер қып жүргізер,
Бесінші-өтірік, жерге тірі кіргізер!
Отбасы тәрбиесі (қыз балаға арналған үлгі-өнеге)
«Құтты Білік» дастаны түркітілдес халықтардың төл туындысы болғандықтан, онда айтылған тәрбиелік мәні зор ғибратты ой-толғамдарының қазақтың халықтық педагогикасымен сабақтасып жатқанына назар аудармау мүмкін емес. Жүсіп Баласағұн қыз-бозбалаларды мезгілімен отбасы болуға шақырады. Уақыт өтіп кеткен бозбала мен бойжеткеннің ел ішінде сөзге қалатындығын меңзеп, үйде бойжетіп отырған қызды тез бұзылып кетер жас етке теңейді:
Қыз да бір ет, сақта, бапта қалайда,
Сақтамасаң, ет бұзылар, не пайда?
Жалпы, автордың қыз бен жігітті отбасылық өмірге қалай даярлау керектігі туралы айтқан ой-толғамдары қазақтың «Қызға қырық үйден тыйым» деген ұлағатты сөзімен үндес. Баласағұнның балаға деген махаббаты «Ай маңдайлы ұл-қыз туса алдыңда, тәрбиеші ал ізгілікті, көшелі, ұл-қызыңа әдеп үйрет, білім бер» деп келетін ақылынан көрінеді. Ал әйелдің көркемдігін ақын «Қыз қылықпен қылымсыр, құлқы кербез, сүйіндіріп, ұмсынсаң-қолын бермесе»деген сөзімен өрнектейді.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар –мұрат, діни, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. Ғұлама ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет–от, су,ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімдік негізінде әділетті адмзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. «Құтты Біліктің» негізгі айтар ойы-адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам-өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт-береке мен бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырды. Ондағы «өзіңді ұмытпау» қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиет-адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағыттылған. Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең толғанады. Оның ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі жетегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет.
«Құтты Білік»–ежелгі түркі тіліндегі классикалық поэзияның тұңғыш шығармасы. «Құтты Білік» дастанының ғасырлар сынынан өткен,замандар бойы мәнін жоғалтпай жеткен түрлі әдеби, тарихи, этникалық, философиялық, көркемдік заңлдылықтары өзінше бір әлем.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет