Баяндама тақырып: “техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері” орындағАН: Әбдрақым м. Т топ: см 20 9К1


Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрлымы келесідей



бет2/2
Дата07.10.2022
өлшемі23.07 Kb.
#462172
1   2
БАЯНДАМА см20 9К1 Әбдрақым Марат

Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрлымы келесідей:
1) Қазақстан Республикасының үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдар;
4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер;
5) Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жжөніндегі ақпарат орталығы;
6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;
7) сәйкестікті растау жөніндегі органдар, зертханалар;
8) сәйкестікті растау, стандарттау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар;
9) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттаудың мемлекеттік қоры құрады.
ехникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары мен қағидаттары
1. Мыналар: 

1) адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта, оның iшiнде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi үшін өнiмдердiң, процестердің және көрсетілетін қызметтердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 

2) өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты сатып алушыларды (тұтынушыларды) жаңылыстыруға алып келетін әрекеттердің алдын алу, оның ішінде олардың сәйкестігін бағалаудың анықтығын, өнімдердің немесе өнімдер мен оған байланысты процестердің қадағалануын қамтамасыз ету арқылы алдын алу; 

3) саудадағы техникалық кедергілерді жою; 

4) сатып алушыларға, оның ішінде тұтынушыларға өнімдерді, процестерді және көрсетілетін қызметтерді біліктілікпен таңдауға жәрдемдесу техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары болып табылады. 

2. Техникалық реттеу мынадай қағидаттарға негізделеді: 

1) техникалық реттеудің және сәйкестікті бағалаудың бiрлiгi мен тұтастығы; 

2) техникалық регламенттерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын ұйымдардың техникалық регламенттерінде бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу; 

3) техникалық реттеу процестеріне қатысу үшін тең мүмкіндіктерді, мемлекет пен мүдделі тараптар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету үшін техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетімділігі; 

4) өзара байланысты стандарттардан таңдау еріктілігі

5) дайындаушының, импорттаушының, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның, сатушының өз өнімінің қауіпсіздігін декларациялауы; 

6) дайындаушының, импорттаушының, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның, сатушының техникалық регламенттерге және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес келмейтін өнімді айналысқа шығарғаны үшін жауаптылығы; 

7) техникалық реттеу субъектілерінің техникалық реттеу процестеріне қатысуының тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету; 

8) отандық және импортталатын өнім мен көрсетілетін қызметке қойылатын талаптардың теңдігі; 

9) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, техникалық регламенттердің және олар туралы, оларды әзірлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетімділігі; 

10) техникалық регламенттер мен өзара байланысты стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттер стандарттарын пайдалану; 

11) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының даму, материалдық-техникалық базасы және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі

12) аккредиттеу және сәйкестікті растау жөніндегі өкілеттіктерді бір органның қоса атқаруына жол бермеу; 

13) бiр мемлекеттiк органда сәйкестiктi растау және мемлекеттiк бақылау мен қадағалау функцияларының үйлеспеушілігі; 

14) сәйкестікті растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан, импорттаушылардан, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғалардан, сатушылардан тәуелсіздігі; 

15) сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыста бәсекелестiктi шектеуге жол бермеу

16) сәйкестікті бағалау рәсімдерінің анықтығы мен қадағалануы; 



17) өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру арқылы олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет