Баяр Күлшат абай шығармаларын интерактивті оқыту әдістемесі 7М01717- «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Қорытынды .......................................................................................................... 57  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет2/28
Дата27.08.2023
өлшемі1.44 Mb.
#476243
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
абайды оқыиу

Қорытынды .......................................................................................................... 57 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .................................................................... 60 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
Зерттеудің өзектілігі. Жаһандану үдерісі жүріп жатқан заман талабына 
сай жан-жақты қарастыруды қажет ететін өзекті мәселелердің бірі – білім 
беру. Ал заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың білімді игеріп 
қана қоймай, оларды өз өмірлерін жақсарту мақсатында орынды жерде 
қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Оқыту нәтижесі 
дегеніміз – оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты 
терең талдау, жаңа білімді өмірде қолдана алу машығын игеруге бағыттала 
құрылуы. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін 
дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі демократияландыру, 
оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, 
бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда 
мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі 
тиіп отыр. Қай кезеңде, қай заманда болмасын «мектептегі басты тұлға – 
мұғалім» десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре 
алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне 
жұмсай алатын қазақтың ой танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге 
үлес қосатын Абай шығармаларын интерактивті оқыту үдерісі оны 
ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктейді.
Білім беру жүйесінде интерактивті әдістерді қолдану негізінде мектепте 
қазақ тілі пәнін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру 
жүйелі түрде іске асады деуге болады. Оқу үдерісінде, оның ішінде 
практикалық сабақтарда интерактивті әдістерді қолдану мұғалімнің жеке 
тәрбиесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті әдістер 
оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, оқыту әдістеріне жаңа 
элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген 
қызығушылығын арттырады. Қазіргі таңда білім алушының түрлі ақпараттың 
толассыз ағынында бағытталуы қиынға түсіп отыр, ол үшін оның талдау, 
құрылымдау, жүйелеу, проблеманы шешу дағдылары жетік дамытылуы тиіс. 
Бүгінгі жаһандық сын-қатерлерге толы заманда ұлтымыздың ұлағатты 
ұстазы, хакім, ақын Абайдың бай мұрасын жас ұрпақтың санасына сіңіріп, 
рухани қазынасымен сусындату аса маңызды. Абай өлеңдерін түсініп, 
Абайды танып-біліп, зерделеп, оқып өскен жас ұрпақ бәсекеге бейімдер орын 
таба алатын бұл заманда нағыз елінің болашағын ойлайтын тұлға болып 
қалыптасады. Абай шығармаларын интерактивті әдістер арқылы оқыту білім 
беруде шығармашылыққа баулиды, тіл байлығын жетілдіреді, ізденушілік, 
ойлау мүмкіндіктерін қалыптастырады, ойлау деңгейлерін сонымен 
қатар, сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу, өзін-өзін
бағалауды анықтауға үйретеді. Абай шығармаларын заманауи технологиялар 
арқылы оқытудың тиімді де ұтымды жолын көрсету, айқындау 
жұмысымыздың өзектілігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет