Ббк 5. А 36 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет20/38
Дата18.05.2022
өлшемі1.63 Mb.
#457004
түріМонография
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38
Лизинг КАЗ

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


79
ҚОРЫТЫНДЫ 
Қаржы лизингі олардың шамасына немесе даму деңгейіне қатыссыз
көптеген елдердегі кәсіпорындар үшін ұзақмерзімді және ортамерзімді 
қаржыландырудың маңызды көзі болып саналады. Лизинг тетігі, ішкі өндірістің 
ұлғаюына, активтерді сатудың өсуіне және кәсіпорындарға қолжетімді қаржы 
құралдарын дамытуға оң ықпал ете отырып, өндірістік секторға 
қаржыландырудың қосымша құйылуын қамтамасыз етеді. 
Қаржы лизингін дамыту мен Қазақстан кәсіпорындары қызметі 
жағдайының ерекшеліктерін, ұзақмерзімді материалдық активтердің жай-күйін, 
қозғалысы мен пайдалану тиімділігін, сондай-ақ нарықтық экономика 
жағдайларындағы олардың есебі мен талдауын ұйымдастыруды жетілдіру 
проблемаларын зерделеу келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: 
1. Халықаралық қаржылық есептілік стандартына (ХҚЕС) сәйкес есепті 
ұйымдастыру жағдайлары туралы жарияланған жұмыстарды талдау және 
қорытындылау, одан әрі теориялық және практикалық әзірлемелерді 
қажетсінетін лизингтік қызмет көрсетулер сияқты, қаржылық қызмет 
көрсетулер түрлерінің есебінде зерттелмеген мәселелердің бар екендігін 
көрсетеді. Қаржы лизингі есебі мен салық салудың өзіндік ерекшелігі сондай-ақ 
біздің еліміздің экономикалық әдебиеттерінде лайықты көрініс таппаған. Осы 
саладағы жекелеген зерттеушілер, негізінен, қаржы лизингінің теориялық есебі 
мен салық салуын ғана қарастырады, осы аядағы практиканы зерттеу 
тәсілдемелері жеткіліксіз әзірленген. Осылайша, лизинг беруші және лизинг 
алушы кәсіпорындар мысалында қаржы лизингі есебі мен салық салуды 
жетілдірудің 
ғылыми 
проблемаларының 
бар 
екендігі, 
сондай-ақ 
проблемалардың теориялық және практикалық жеткіліксіз әзірленгендігі, 
тақырыпты таңдауға, зерттеу бағыты мен құрылымына себепші болды. 
2. Лизингтік қызмет көрсетулерге, ең аз дегенде үш тарап қызығушылық 
танытады. Біріншіден, жеткілікті меншікті қаражаты жоқ болуынан, несиелер 
тарту кезінде қиындықтарды бастан кешетін шағын бизнес өкілдері, бұл жағдай 
жаңа ілгерінді жабдықтар мен технологияларды өніріске енгізуді жеделдетуі 
мүмкін. Екіншіден, лизингтік қатынатсарды пайдалана отырып, жабдықтарды 
шығарушы кәсіпорындар, лизинг компанияары тарапынан төлемқабілетті 
сұранысты кеңейту есебінен өз өнімдерін өткізуді жылдамдатуы мүмкін. 
Үшіншіден, инвесторлар үшін лизинг, клиенттің төлемқабілетсіздігінен 
пәрменді қорғау есебінен неғұрлым төмен тәуекел бойынша (әдеттегі 
несиелеумен салыстырғанда, салған (жұмсаған) капиталға қажетті пайданы 
қамтамасыз етеді. 
3. Лизинг затын анықтау және оны бухгалтерлік және салық есебінде тану 
мәселелері бойынша нормативтік заңнамалық база талданды және оны 
жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді. Қаржы лизингін анықтауды, сондай-ақ 
қаржылық есептіліктің анықтығын және бухгалтерлік және салық есебінің 
үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында, оны тану жағдайларын нақтылау 
бойынша қолданыстағы заңнамаға түзетулер жасау ұсынылды.


80
17 «Жалгерлік» Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша 
қаржылық жалгерлікті тану өлшемдері, ҚР «Қаржылық лизинг туралы» 
Ережелерін қанағаттандыратын, жалгерлікті тану және оның есебі бойынша 
салық заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді. Сондықтан лизингтік 
компанияларға неғұрлым серпінді қарқынмен дамуға және оларды әрі қарай 
кәсіпорындарға инвестициялау мақсатында елеулі түрде көбірек қаржы 
ресурстарын шоғырландыруға мүмкіндік беретін, қаржылық жалгерліктің 
құқықтық және нормативтік базаларын жетілдіру қажеттілігі туындайды. 
Осылардың барлығы экономикаға капитал инвестицияларының қосымша 
көлемін тартуға көмектеседі және бұл өз кезегінде, азаматтар өмірінің жалпы 
деңгейін арттыруға оң әсер ететін болады.
17 «Жалгерлік» Халықаралық қаржылық есептілік стандартына (IAS) 
сәйкес, жалгерлік қаржылық жалгерлік болып танылуы мүмкін, бірақ ол ҚР 
«Қаржы лизингі туралы» Заңға сәйкес қаржы лизингін тану өлшемдерін 
қанағаттандырмауы мүмкін (мысалы, мерзімі үш жылдан аз қаржылық 
жалгерлік). Қаржылық жалгерлік пен қаржы лизингін салыстыру нәтижелері 
бойынша, «қаржылық жалгерлік» пен «қаржы лизингі» анықтамасы мән-
маңызы бойынша да, сол сияқты тану өлшемдері бойынша да өзгешеленеді 
деген қорытынды жасауға болады.
Қаржы лизингінің салық есебі ҚР Салық кодексінің талаптарына сәйкес 
жүзеге асырылады. Ондағы қаржы лизингі ұғымы 78-баппен анықталады: үш 
жылдан асатын мерзімге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 
жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, қаржы лизингі деп аталады, егер 
ол: 

мүлікті лизинг алушыға меншікке беру және (немесе) лизинг шартымен 
анықталған белгіленген баға бойынша мүлікті сатып алуға лизинг алушыға 
құқық беру; 

қаржы лизингінің мерзімі қаржы лизингі бойынша берілетін мүліктің 
пайдалы қызмет мерзімінің жетпіс бес пайызынан артып кетуі; 

қаржы лизингінің бүкіл мерзіміндегі лизинг төлемдерінің ағымдағы 
(дисконтталған) құны қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік құнының тоқсан 
пайызынан артып кетуі сияқты талаптардың біріне жауап беретін болса.
ҚР Салық кодексіндегі қаржы лизингі ұғымы қаржылық жалгерлік 
ұғымына сәйкес келеді, халықаралық практика талаптарына сәйкес лизингті 
бухгалтерлік есепте және қаржылық есептілікте көрсетуді қисындатуға әкеледі. 
Сондықтан қолданыстағы ҚР Салық кодексіне, 17 «Жалгерлік» Халықаралық 
қаржылық есептілік стандартына (IAS) сәйкес, жалгерлікті қаржылық 
жалгерлік ретінде тануға қатысты қосымша ережелерді көрсету жолымен 
өзгеріс енгізуге ұсыным береміз, атап айтқанда: 

жалға тапсырылған активтерді елеулі түрлендірулерсіз жалгер ғана 
пайдалана алады; 

шартты 
бұзумен 
байланысты 
жалға 
берушінің 
залалдарын 
(шығындарын) оның өзі жабады;

оның қалдық құнымен салыстырғандағы, жалгердің иелігіндегі 
активтің әділетті құнының өзгеруі нәтижесіндегі пайда немесе залал (шығын); 


81

жалгердің, нарықтық мөлшерлемеден анағұрлым төмен мөлшерлеме 
бойынша жалгерлікті жаңа мерзімге созу мүмкіндігі.
Мұнан өзге, 17 «Жалгерлік» Халықаралық қаржылық есептілік 
стандартына (IAS): 

пайдалы қазбаларды және қалпына келтірілмейтін ресурстарды 
барлауға немесе пайдалануға қатысты жалгерлік шарттарын; 

кинофильмдер, бейнежазбалар, пьесалар, қолжазбалар, патенттер мен 
авторлық құқықтар сияқты осындай объектілер оның заты болып саналатын, 
лицензиялық келісімдерді қоспағанда, бүкіл жалгерлік шарттарының есебі үшін 
қолданылуы тиіс.
Материалдық емес активтердің кейбір түрлерінің жалгерлікті, мысалы, 
«ноу-хау» қаржылық жалгерлікке әлі келуі мүмкін және салық есебі мақсаттары 
үшін бұған жол беруге болмайды, сондай-ақ бұл жалгерлікке осындай 
активтерді алумен байланысты, қосымша салық жүктемесіне әкелуі мүмкін (бұл 
тезис егжей-тегжейлі негіздеуді қажетсінеді). 
Қаржылық лизинг қаржылық құрал болып саналады, демек қаржылық 
жалгерлік 
бойынша 
міндеттеме 
жалгердің 
есептілігінде 
қаржылық 
міндеттемелер ретінде көрсетілуі тиіс. Қазіргі уақытта қаржы лизингі бойынша 
міндеттемелердің қысқамерзімді бөлігі бухгалтерлік есепте қаржылық 
міндеттеме ретінде, ал ұзақмерзімді бөлігі кредиторлық берешек ретінде 
көрсетіледі және бұл ұйымның қаржылық жағдайы туралы ақпаратты лайықты 
түрде табыс етуге әкелмейді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру үшін, біздің 
пікірімізше, кәсіпорындардағы лизинг заттарының жұмыс істеуінің жалпы 
экономикалық стратегиясын әзірлеу және келесі шараларды жүзеге асыру: 

лизинг затын пайдалануға қарым-қатынасты өзгеру, оны басқарудың 
жаңа әдістері мен техникасын меңгеру; 

басқару құрылымын жетілдіру, өзін-өзі жетілдіру және лизинг 
заттарымен жұмыс жасау бойынша қызметкерлерді оқыту; 

лизинг заттарын басқаруды жоспарлаумен және болжаумен белсене 
айналысу; 

ҚР стандарттарына және нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес, 
лизинг берушінің де, сол сияқты лизинг алушының да лизинг операцияларының 
есебін жүргізу қажет.
4. Сараптамалық талдау нәтижесінде, лизингтің қаржылық-экономикалық 
және қоғамдық орындылығын талдау және бағалау, тәуекелдерді бағалау, 
қаржылық, еңбек, материалдық ресурстардың қамтамасыз етілушілік 
өлшемдерін анықтау, лизинг жобасын жүзеге асыру үшін инвестициялау 
көздерін іздеу және бөлу кезеңдері соған кіретін, лизинг тиімділігін бағалаудың 
кезеңдері анықталады. Тиімділікті бағалау тізбектілігінің осындай тәсілдемесі 
өзекті болып саналады, өйткені ол лизингтік инвестициялаудың жарамдылығын 
талдауға мүмкіндік береді.
Осылайша, лизинг, лизингтік жобаларды бағалау, модельдер мен әдістерін 
жетілдіруді шешу ретінде – инвестициялық қаржыландыру формасы ретінде – 


82
аналогпен (несиемен) салыстырғандағы ең жақсы нәтижелерге жетудің түпкі 
мақсаты болып саналады.
Көптеген 
факторлардың 
әсері 
қаржыландырудың 
экономикалық 
тиімділігін анықтаудың ерекшеліктерімен байланысты. Осы талаптарды 
орындау, лизинг пен несиенің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін есептеу, 
қаржы құралының ең жақсы нұсқасын таңдауды техникалық-экономикалық 
негіздей отырып жүргізілетін және нұсқалардың мүмкін сандарының ішінен ең 
жақсы нұсқасы таңдап алынатынын білдіреді. 
Сонымен 
бірге, 
инвестициялық 
қаржыландырудың 
тиімділігін 
салыстырмалы бағалау нұсқаларының мүмкін сандарының ішінен ең жақсы 
нұсқасын іріктеп алу үшін ғана емес, сонымен бірге лизинг берушінің және 
лизинг алушының шаруашылық қызметінің эконоикалық көрсеткіштеріне оның 
әсерін анықтау үшін де қажет.
Монографияда ұсынылған инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістері, 
лизинг берушінің және лизинг алушының тиімділігін анықтауға мүмкіндік 
береді. Осы әдістерге мәміледен алатын интегралды (жалпы) эффектіні 
көрсететін көрсеткіштер кіруі тиіс. Осындай тәсілдеме инвестициялық 
қаржыландыруға қорытынды (кешенді) баға беруге ғана емес, сонымен бірге 
инвестициялық қызметтің әрбір қатысушысының осы тиімділікке қосқан үлесін 
анықтауға мүмкіндік береді. 
Қазіргі уақытта кәсіпорындардың көпшілігінің капитал жұмсауды 
қаржыландыратын меншікті көздері бар. Бұл жағдайларда, инвестициялық 
жобалардың экономикалық тиімділігін бағалау және қаржыландыру үшін 
оларды іріктеп алу бойынша ғылыми негізді есептеулердің маңызы барған 
сайын арта түсетін болады. «Агро-думан» ШҚ-ның қаржылық жағдайына 
жүргізілген талдау нәтижесі көрсеткендей, біздің пікірімізше, жекелеген 
жобаны бағалау өлшемдерін пайдалану жеткіліксіз. Мұндай шешімдер 
кәсіпорынның және тұтастай алғанда лизинг затының, сол сияқты жекелей 
алғанда «Агро-думан» ШҚ-ның өтімділігін арттыру заңнамасын кешенді талдау 
көмегімен қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет