Ббк 5. А 36 Пікір жазғандар


 МӘЛІМДЕМЕ ЖӘНЕ КЕПІЛДІКТЕР



Pdf көрінісі
бет23/38
Дата18.05.2022
өлшемі1.63 Mb.
#457004
түріМонография
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
Лизинг КАЗ

1. МӘЛІМДЕМЕ ЖӘНЕ КЕПІЛДІКТЕР 
Лизинг алушы төмендегілер туралы мәлімдейді және кепілдіктер береді: 
1) ол, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, 
шағын/орта кәсіпкерлік субъектісі болып саналады; 


86
А-қосымшасының жалғасы 
2) өңдеуші өнеркәсіп, құрылтайшылық құжатқа сәйкес, қызметтің негізгі 
түрі болып саналады; 
3) ол осы Шарт бойынша лизинг заты Лизинг беруші мен Қор арасында 
жасалған, кепіл Шарты бойынша бірмезгілде кепілзат болып қатысатындығы 
туралы хабардар және келіседі;
4) ол Қордың сұрауы бойынша Лизинг алушының банктік және/немесе 
коммерциялық құпиясына жататын ақпараттар беруі мүмкін екендігінен 
хабардар және келіседі; 
5) ол Лизинг алушының жобаны жүзеге асыруына, сондай-ақ лизинг 
Затының бар екендігі мен оның жай-күйіне мониторинг жүргізуге Қордың құқы 
бар екендігінен хабардар және келіседі; 
6) осы Шарттың қолданыс кезеңінде Лизинг алушының құқықтық 
мәртебесі мен оның ұйымдық-құқықтық формаларын қайта тіркеу, қайта құру, 
тарату, оған Лизинг берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жүзеге 
асырылмайтын болады. Лизинг алушы оның заңды құқықтық мирасқоры, осы 
Шарт бойынша оның міндеттемелерін өзіне алу (қабылдау) үшін бүкіл қажетті 
әрекеттерді жасайды.
7) Бағдарлама бойынша бөлінген қаражаттардың нысаналы заңды және 
тиімді пайдаланылуына мониторинг жүргізу және бақылау мақсаттарында 
құрылған жұмыс тобына (органға) және оның құрамына кіретін мемлекеттік 
органдар мен ұйымдарға ақпарат беруге Қордың құқығын таниды және 
қабылдайды;
8) осы Шарттың қолданысы кезеңінде Лизинг алушы өзге лизинг 
компанияларымен қаржы лизингі шартын жасамауға міндеттенеді.
9) Қорды, яғни «БТА ORIX Лизинг» (БТА ОРИКС Лизинг) АҚ-ты 
қаржыландыру Бағдарламалары шеңберлерінде, Лизинг алушы онымен 
құқықтық қатынасқа түскен, бірден бір жалғыз лизинг компаниясы болып 
саналатын болады. Егер Лизинг алушы Лизинг берушіні әдейі адастыруға 
әкелсе/әкелетін 
болса 
және 
соның 
салдарынан 
Лизинг 
алушы 
қаржыландырудың осы Бағдарламасы бойынша өзге лизингтік компаниялармен 
құқықтық қатынастар орнатса, осы Шарт және Қормен жасалған келісім 
бойынша өзінің міндеттемелерін орындау үдерісінде соңғының (Лизинг 
алушының) көтерген бүкіл шығыстарын Лизинг берушіге өтеумен, осы Шарт 
біржақты тәртіпте бұзуға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет