Ббк 5. А 36 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет26/38
Дата18.05.2022
өлшемі1.63 Mb.
#457004
түріМонография
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Лизинг КАЗ

5. 
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 
ШАРТЫ 
(ТАЛАБЫ) 
МЕН 
ЕСЕП 
АЙЫРЫСУЛАР ТӘРТІБІ 
 
5.1. Қаржыландыру Бағдарламалары шеңберлеріндегі Қор қаражаты
аталмыш Шарт бойынша қаржыландыру көзі болып саналады.
5.2. Лизинг Затының құны, сатып алу-сату Шартына сәйкес Лизинг 
берушінің Шотынан Сатушының есепшотына аудару жолымен төленеді.
5.3. Осы Шартқа қол қойғаннан кейін Лизинг алушы 3 (үш) жұмыс күні 
ішінде:
5.3.1. лизинг берушінің Шотынан негізгі қарыз сомасынан 20 % мөлшерде 
алғы төлемді төлеуге, ол 2 980 000 теңгені (екі миллион тоғыз жүз сексен мың 
теңгені) құрайды. 
5.3.2. ... мөлшерде лизинг Затын сақтандырудың бірінші жылы үшін 
сақтандыру төлемін төлеуге міндетті.
Лизинг алушының осы тармақта көрсетілген міндеттемелерді орындамауы 
кезінде, Лизинг беруші лизинг Затын төлеуді жүзеге асырмауға және осы Шарт 
бойынша міндеттемелерді орындауға құқы бар.
5.4. Лизингтік төлемдерді өтеу, осы Шарттың Б-қосымшасына сәйкес 
жүзеге асырылады. Лизинг берушінің Шотына ақшаның қабылдану күні 
лизингтік берешекті немесе оның бөлігін өтеу күні болып есептеледі.
5.5. Лизинг алушының лизингтік төлемдерді, жоғары сыйақыны өтеуі 
кезінде, Лизинг беруші ақшаны келесі кезектіліктерде берешектерді өтеуге 
бағыттайды:
1. Осы Шартпен көзделген тәртіпте Лизинг алушы өтемеген және Лизинг 
беруші көтерген шығыстар;
2. осы Шартта көрсетілген айыппұлдар; 
3. сақтандыру төлемі;
4. лизингтік төлемдер; 
5. жоғары сыйақылар. 
Лизинг беруші Лизинг алушының берешегін өтеу кезектілігін өзгерту 
құқығын өзінде қалдырады.
 
6. ЛИЗИНГ ЗАТЫН САҚТАНДЫРУ
 
6.1. Лизинг заты Лизинг беруші таңдап алған және Қормен келіскен 
сақтандыру компаниясында, қабылдау-өткізу Актісіне қол қойған күннен 3 
(үш) жұмыс күні ішінде міндетті сақтандыруға жатады. 
6.2. Сақтандыру шарты, кейін пролонгацияланумен, 1 (бір) жылдан кем 
емес мерзімге жасалады. Егер сақтандыру Шарты 1 (бір) жылға жасалса, сол 
жағдайда Лизинг алушы сақтандыру Шартының мерзімі өткенге дейін кем 
дегенде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын сақтандыру Шартының мерзімін 
пролонгациялау туралы сақтандыру компаниясымен қосымша келісім/Шарт


90
А-қосымшасының жалғасы 
жасауға міндеттенеді. Пролонгация жыл сайын осы Шарттың мерзімі 
аяқталғанға дейін жүзеге асырылады.
6.3. Лизинг алушының, жаңа мерзімге лизинг затын сақтандыруды 
пролонгациялаудан бас тартқан жағдайда, Лизинг берушінің, Лизинг беруші 
мен сақтандыру компаниясы (Лизинг беруші дербес таңдаған) арасындағы 
екіжақты сақтандыру Шартын жасаумен лизинг Затын дербес өз бетімен 
сақтандыру және Лизинг алушы үшін сақтандыру сыйлығын төлеуге құқы бар.
Бұл жағдайда, Лизинг берушінің Лизинг алушыдан, Лизинг берушінің 
тарифтеріне сәйкес айыппұлдарды төлеу және сақтандыру төлемдері түрінде 
шығыстарды өтеуді талап етуге құқы бар. Лизинг алушыдан сомалар түспеген 
жағдайда, Лизинг беруші келген шығыстарды, осы Шарттың 5.5-тармағына 
сәйкес белгіленген тәртіпте өтейді.
6.4. Пролонгациялау кезінде сақтандыру сомасын 6.5-тармаққа сәйкес 
Лизинг беруші дербес өз бетімен анықтайды.
6.5. Лизинг затын сақтандыруды пролонгациялау кезінде сақтандыру 
сомасы келесі түрде анықталады: сақтандырудың қолданыс мерзімі аяқталу 
кезіндегі негізгі қарыз бойынша ссудалық берешектің қалдығы + лизинг затын 
қаржыландырғанға дейін Лизинг алушы төлеген, алғы төлем төлеу сомасы. 
Кешіктірілген лизингтік төлемдер бойынша: сақтандыру мерзімінің аяқталу 
кезіне негізгі қарыз бойынша ссудалық берешек қалдығы + лизинг затын 
қаржыландыруға дейін Лизинг алушы төлеген, алғытөлем төлеу сомасы + 
негізгі қарыз бойынша кешіктірілген берешек сомасы.
6.6. Лизинг алушы жыл сайын сақтандыру төлемдерін жүргізеді.
6.7. Лизинг Затын сақтандыру содан жүзеге асырылатын тәуекелдерді 
Лизинг беруші анықтайды.
6.8. Сақтандыру оқиғасы болған жағдайда, я қандай да бір жойылу, 
бүліну, жоғалу және т.б. қатерден тұратын мән-жағдайлар туындаған жағдайда, 
Лизинг алушы осындай мән-жағдайлардың туындағаны туралы Лизинг 
берушіге және сақтандырушыға тез арада хабар беруге міндетті. 
6.9. Лизинг Затын сақтандыруға, сақтандыру өтемін төлеуге және 
өзгелерге қатысты тараптардың шарты мен бүкіл өзара қарым-қатынастары осы 
Шартпен және сақтандыру Шартымен реттеледі.
6.10. Осы Шарт бойынша лизингтік төлемдерді мерзімімен бұрын өтеген 
жағдайда, лизинг Затын сақтандыру шығыстарының сомасы қайтаруға 
жатпайды.
6.11. Лизинг алушы лизинг Затының сақтандырушысы болып саналады, 
Лизинг беруші сақтандыру Шарты бойынша пайда алушы болып қатысады. 
Сақтандыру сыйлықтарын төлеу ауыртпалығы Лизинг алушыға тиесілі, егер 
Лизинг беруші Лизинг алушы үшін сақтандыру сыйлығын төлесе, онда Лизинг 
алушы төлеуге Хабарлама алған күннен үш (3) банк күндері ішінде аталмыш 
берешекті өтеуге міндеттенеді, оған керісінше жағдайда Лизинг беруші 
аталмыш берешекті осы Шарттың 5.4-бабына сәйкес өтейді.


91
А-қосымшасының жалғасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет