96
А-қосымшасының жалғасы
9.2. Лизинг алушы міндетті:
9.2.1. Егер Сатушы Лизинг алушының осы өзгерістерге қоятын
талабымен келіссе, сол жағдайда, Лизинг Затын Сатушыдан Лизинг алушыға
беру шарттарының (жиынтықтық, жеткізу мерзімдері және т.б.) кез келген
өзгерісіне Лизинг берушінің жазбаша келісімін алуға.
9.2.2. Осы шарттың 5.3.1-тармағына сәйкес, алғы төлемді төлеуге;
9.2.3. Жыл сайын сақтандыру төлемдерін жүргізуге.
9.2.4. Осы
Шарт
бойынша
лизингтік
төлемдерді
5.4,
5.5-
тармақтарында анықталған сомада және мерзімде өтеуге. Лизингтік төлемді
осы Шарттың А-қосымшасында көрсетілген мерзімінен ерте өтеу кезінде,
лизингтік төлемдер қайта саналмайды.
9.2.5. Лизинг Затына мүлік салығы және/немесе көлік құралдарына
салынатын салық сомасын, Сатушыдан лизинг Затына сатып алумен
байланысты шығарылатын аккредитив бойынша шығыстарды, импорттық
кеден баж салығын ҚР салық заңнамасының нормаларына сәйкес төлеуге,
сондай-ақ егер осындай шығыстар лизинг Затының құнына енгізілмесе, осы
Шартпен байланысты кедендік шығыстар мен өзге шығыстарды өтеуге.
9.2.6. Лизинг берушіге лизинг Затын қайтару себебі бойынша (ерікті
немесе осы Шарттың 8.1.7-тармақтарына сәйкес талап ету жағдайында)
және/немесе лизингтік төлемдерді мерзімінен бұрын өтеу жағдайында, мерзімі
өткенге дейін Шарт бойынша міндеттемелердің тоқталуымен байланысты
Лизинг берушіде туындайтын немесе туындауы мүмкін шығыстарды Лизинг
берушіге өтеуге, атап айтқанда:
осы Шарт бойынша лизинг төлемдерінің кешіктірілген берешек
сомасын;
Лизинг берушінің осы Шарттың А-қосымшасындағы көрсетілген
лизингтік төлемдерінің алуға жататын бүкіл сомасы кіретін, мәмілелерді жабу
сомасын;
аталмыш шартты жасау кезінде қолданылатын және лизинг беруші алған
және/немесе алуға жататын сыйақы сомасын, сондай-ақ егер лизинг затын беру
Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке өзге міндетті төлемдер
туралы» Кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңның 49-бабына сәйкес, ҚҚС-
тан босатылса, сондай жағдайда негізгі қарыз сомасына қолданылған ҚҚҚ және
КТС (корпоративтік табыс салығы) мөлшерлемелері мөлшерінде, Шарт
бойынша міндеттемелердің мерзімінен бұрын тоқтатылуымен байланысты
туындайтын салық төлемдерін;
кешіктірілген лизингтік төлемдерге есептелген жоғары сыйақыны;
осы Шартта көзделген өзге де айыппұл санкцияларын өтеуге.
9.2.7. Заңды мәртебесі өзгерген, құрылтайшылық құжаттарға өзгерістер
мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, ҚР уәкілетті органдарда ілгеріде
көрсетілген өзгерістерді мелмекеттік тіркеуді жүзеге асырған кезден 15 (он бес)
күннен кешіктірмей Лизинг берушіге хабарлауға.
97
А-қосымшасының жалғасы
9.2.8. Қор мониторингі үшін қажетті құжаттарды сұрату, сондай-ақ
Лизинг
затының
бар-жоғын
және
жай-күйін
тексеру
құқығын
иеленетіндіктен, Лизинг алушы Қордың сұратуы бойынша оған (Қорға)
ақпаратты, оның ішінде банктік және коммерциялық құпияға жататын
ақпаратты табыс етеді.
9.2.9. Лизинг берушіге Шарттың қолданыс мерзімі ішінде келесі
құжаттарды:
бухгалтерлік есеп бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес
тоқсандық негізде қаржылық және статистикалық есептілікті;
Лизинг Затын қамтамасыз ету мен нысаналы пайдалануды тексеру
үшін қажет, есептеулерді және өзге де құжаттарды;
Лизинг алушының қаржылық жай-күйіне қатысты ақпарат алуға
мүмкіндік беретін, өзге де құжаттарды табыс етуге.
9.2.10. Лизинг Затын сублизингке бермеуге.
9.2.11. Лизинг берушінің жазбаша келісімінсіз лизинг Затының тұрған
жерін өзгерпеуге.
9.2.12. Лизинг алушының осы Шарттың талаптарын орындамауы
жағдайында:
оның меншік құқығына тиесілі өзінің бүкіл мүлкімен, оның ішінде
шоттардағы теңге және шетел валютасы түріндегі ақшалармен Лизинг беруші
алдында жауап береді;
кез келген банктердегі теңге және шетел валютасы түріндегі шоттардан,
Лизинг берушіге қайтарып алынбайтын ақшаны акцептсіз есептен шығару
құқығын береді.
9.2.13. Лизингтік
төлемдер бойынша кешіктірілген берешекке,
міндеттемелерді орындамау күнінен кейінгі келесі күннен (датадан) бастап,
кешіктірілген лизингтік төлемдер сомасын толық өтеу күніне дейінгі нақты
күндер санына сүйене отырып, жылдық 50% жоғары мөлшерлеме бойынша
сыйақы төлеуге.
9.2.14. Лизинг Затына меншік құқығының ауысуын тіркеуді өз
есебінен жүргізуге.
9.2.15. Лизинг берушінің алдын ала келісімінсіз:
1) өзіне қайта құруды, қайта тіркеуді жүргізбеуге, Лизинг алушының
атауын немесе тұрған жерін өзгерпеуге;
2) Лизинг алушының бизнесін немесе операцияларын үшінші тарап
басқаратындықтан, кез келген келісім жасамауға.
9.2.16. Сырттай жиналысты қоса алғанда, осындай жиналыстың күн
тәртібін табыс ете отырып, Лизинг алуға қатысушылардың жалпы жиналысын
өткізуге, сондай-ақ егер осындай Жиналыстарда қаралатын мәселелер лизинг
Затына қатысты болса, сондай жиналыстарға қатысуға Лизинг берушінің
өкілдерін жіберу туралы Лизинг берушіге хабарлауға.
98
А-қосымшасының жалғасы
9.2.17. ҚР «Бухгалтерлік есебі және қаржылық есептілігі туралы» Заңына
сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржы есептерін жасауға;
9.2.18. Мөрмен расталған және бірінші басшының қолы қойылған, есепті
кезеңдегі өз қаржылық есептерінің көшірмелерін, қаржы жылы аяқталғаннан
кейін 90 (тоқсан) күннен кешіктірмей Лизинг берушіге табыс етуге.
9.2.19. Соңғысы осы Шарт шеңберлерінде сұратуы мүмкін қажетті
ақпаратты Лизинг берушіге табыс етуге.
9.2.20. Оны келесі түрде берген кезде:
жеке қолына немесе курьер арқылы тапсыру күніне берген кезде;
телекспен жөнелткен кезде;
кейін Лизинг берушінің, тапсырыстық хатпен жөнелтілген Лизинг
алушының уәкілетті тұлғасының қолымен хабарламаның түпнұсқасын алу
жағдайы кезінде, факспен беру кезінде, кез келген хабарлама немесе өзге
ақпарат берілген болып саналады;
Лизинг алушы оның уәкілетті тұлғасы қол қойған, Лизинг берушінің
жазбаша келісімінің бар болуы кезінде ғана, осы тармақта көрсетілген
мәмілелерді жасауға құқылы, Лизинг алушының көрсетілген талапты кез келген
бұзуы, осы шартты біржақты тәртіпте бұзу үшін негіз болып саналады және
лизинг берушіге, Лизинг берушіден осындай талапты алғаннан кейін 10 (он)
күн ішінде Лизинг Затын қайтаруды талап ету құқығын береді.
9.2.21. Лизинг алушының келесі жағдайлардың әрбірі бойынша:
1) техникалық күтім жасауды өткізбеу;
2) сақтандыру Шарты бойынша сақтандыру төлемдерін төлемеу;
3) тұрған жерін рұқсатсыз өзгерту;
4) Лизинг берушіге хабарлаусыз Лизинг алушыны қайта өзгерту;
5) қабылдау-өткізу Актісіне қол қойған кезден 15 (он бес) күн ішінде,
Лизинг берушінің атына көлік құралын/техникалық төлқұжатты тіркеу туралы
куәлікті алу;
6) осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындамау бойынша өз
міндеттемелерін бұзуы жағдайында, Лизинг алушы, міндеттемелерді
орындамау туралы Хабарлама алған кезден 5 (бес) күн ішінде Лизинг берушіге
лизинг Затының құнынан 5 % мөлшерінде айыппұл төлейді.
9.2.22. Лизинг
берушінің өкілдеріне немесе Лизинг берушінің
өкілеттіктерімен бөлінген өзге тұлғаларға кез келген уақытта лизинг Затының
жай-күйін, оның пайдаланылуын қарап тексеруге, бақылауға және техникалық
қызмет көрсету жүргізуге, сондай-ақ осы Шартта көзделген өзге де әрекеттерді
жүзеге асыруға толық және күмәнсіз құқық беруге.
9.2.23. Егер ол оған жауап бермейтін мән-жағдайлардан, лизинг
шартында көзделген пайдалану талабы түбегейлі нашарлап кетсе, сондай
жағдайда лизингтік төлемдер сомасының тиісті азаюын талап етуге.
99
А-қосымшасының жалғасы
9.2.24. Лизинг алушы ҚР уәкілетті органдарында лизинг Затын тіркеу
бөлігі бойынша Лизинг берушінің алдында жауапкершілік көтереді. Лизинг
алушының аталмыш талапты орындамауы жағдайында, Лизинг беруші лизинг
Затын өз қалауы бойынша өзінің атына, я Лизинг алушының атына тіркеу
құқығын иеленеді, бұл ретте Лизинг алушы, лизинг затын мемлекеттік тіркеу
туралы куәлік алумен байланысты Лизинг берушінің бүкіл көтерген
шығыстарын төлеуге міндеттенеді.
9.2.25. Лизинг алушы, лизинг заты және немесе лизинг затын
пайдаланумен байланысты қызмет, қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан
Республикасының Заңнамасын бұзбайтынына кепілдік береді.
9.2.26. Лизинг алушы лизинг Затына осы Шартта көзделмеген қандай да
бір ауыртпалықтар, өзге де құқықтық санкциялар (тұтқындаулар) салуға жол
бермеуге міндеттенеді. Оған керісінше жағдайда Лизинг алушы лизинг Затын
өзінің иелігіне тез арада қайтаруға және уәкілетті орган салған ауыртпалықты
алып тастауға міндеттенеді.
9.2.27. Лизинг алушының осы Шарт бойынша, кезекті лизингтік
төлемдерді төлеуді 30 (отыз) күннен асатын мерзімге кешіктіруді қоса алғанда,
өз міндеттемелерін орындамауы және/немесе тиісті деңгейде орындамауы
жағдайында, сондай-ақ осы Шарттың 9.1.5 және 9.2.2-тармақшаларында
көзделген жағдайларда, Лизинг алушы, осы Шарттың №1 Қосымшасына
сәйкес,бүкіл лизингтік төлемдерді, сондай-ақ 2003 жылғы 19-наурыздағы №269
«Сол бойынша қосымша құн салығы 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салықтар
және бюджетке өзге міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республиксының
Кодексінде белгіленген тәртіпте есепке алу әдісімен төленетін, импортталатын
тауарлар Тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қаулысының талаптарына (шарттарына) сәйкес сатып алынған, лизинг Затына
ҚҚС-ты
қоса
алғанда,
Қазақстан
Республикасының
қолданыстағы
заңнамасында көзделген салық төлемдерін мерзімінен бұрын төлеуге
міндеттенеді.
9.2.28. Осы шарттың 3.2 және 8.1.14-тармағында көзделген негіздерде
лизинг Затының құны ұлғайған жағдайда, Лизинг алушы, лизинг Заты құнының
өзгеруі туралы осы қосымша келісімге қол қоюға міндеттенеді;
9.2.29. Лизинг
алушы 3.2 және 8.1.14-тармақтарында көзделген
жағдайларда лизинг Заты құнының ұлғаюына осы Шартқа қосымша келісімге
қол қоюдан бас тартқан жағдайда 9.2.27-тармақта көзделген, оның қабылдаған
міндеттемелерді орындамағаны үшін Шарт сомасынан 0,1% мөлшерде айыппұл
төлеуге міндетті.
9.2.30. Бұл ретте ҚР заңнамасында көзделген тәртіпте көрсетілген
мүлікке кепілзат Шартын тіркеуі және Лизинг берушіге кепілзатқа берілетін
мүлікке, осы Шартқа қол қойған кезден 15 (он бес) күннен кешікпейтін
мерзімде құқығын анықтайтын (белгілейтін) құжаттардың түпнұсқасын беруі
қажет.
100
А-қосымшасының жалғасы
9.2.31. Қордың бірінші талабы (талап етуі) бойынша, лизинг Затының қай
жерде тұрғандығына қатыссыз 5 (бес) жұмыс күні ішінде, кепіл салымға
лизинг Затын соңғыға беруді талап етуге.
9.2.32. Лизинг берушінің Лизинг алушының қызметіне жоспарлы
мониторинг жүргізуі, оның қаржылық жағдайына талдау жүргізуі, лизинг
Затының бар-жоғына және оның жай-күйіне тексеру жүргізуі, уақытында
осындай мониторингті жүргізуге жәрдемдесу. Осы Шарт талаптарын бұзу
фактілері анықталған жағдайда, Лизинг алушы, осы Шартты кейін бұзумен,
Шарт сомасынан әрбір күн үшін 0,01% (жүзден бір пайыз) мөлшерінде өсімпұл
төлеуге міндеттенеді.
9.2.33. Лизинг берушіге, осындай оқиғалардың болуы туралы Лизинг
алушыға белгілі болған күннен бір жұмыс күні ішінде лизинг Затының жоғалуы
(айырылуы) және/немесе зақымданғаны туралы хабарлауға. Егер Лизинг алушы
осы талапты бұзатын болса, сол жағдайда, ол Лизинг берушіге Шарт сомасынан
0,1% (оннан бір пайызы) мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндеттенеді.
9.2.34. Болашақта түсетін мүлікке кепілзат Шартын (№1 кепілзат
Шартын), осы Шартты жасаған күннен 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті
мемлекеттік органда өз есебінен, өзінің күшімен және қаражатымен тіркеуге.
9.2.35. Лизинг Затының кепілзат Шартын (№2 кепілзат Шартын)
қабылдау-өткізу Актісіне қол қойған күннен 5 (бес) жұмыс күні ішінде
уәкілетті мемлекеттік органда өз есебінен, өзінің күшімен және қаражатымен
тіркеуге.
9.2.36. Лизинг берушіден тиісті хабарлама алған күннен 3 (үш) жұмыс
күні ішінде, өзінің есебінен, өзінің күшімен және қаражатымен уәкілетті
мемлекеттік органда, осы Шарттың 9.2.34 және 9.2.35-тармақтарында
көзделген, кепілзат Шарттарынан ауыртпалықты алып тастау рәсімін жүргізуге.
9.2.37. 9.2.28-тармақты орындамау кезінде Лизинг алушы, осы Шарттың
9.2.28-тармағында көзделген мерзімнің кешіктірілген әрбір күні үшін осы
Шарттың сомасынан 0,01% мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндеттенеді.
9.2.38. Лизинг алушы, «БТА ORIX Лизинг» (БТА ОРИКС Лизинг) АҚ-қа
жасалатын мәміле және несие бюросы үшін/несие бюросынан алатын/беретін
өзге ақпараттар туралы, Лизинг алушы туралы мәліметтер беруге және алуға
келісім береді.
9.2.39. Қабылдау-өткізу Актісіне қол қойған кезден 15 (он бес) күн
ішінде, Лизинг берушінің атына көлік құралын/техникалық төлқұжатты тіркеу
туралы куәлік алуға.
Достарыңызбен бөлісу: |